«Кишварда» ресми сайтының хабарлауынша, клуб УЕФА-дан екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны Кишвардадағы «Варкерт» стадионында өтеді деген ресми хабарлама алған.
УЕФА делегаты маусым айының басында Варкерт стадионындағы алаңды тексеріп, бірнеше кемшілікті жөндеу қажет деген ұйғарым шығарған болатын. Осы кемшіліктер жойылып, енді стадион еурокубок ойынын қабылдауға мүмкіндік алып отыр.
Еске сала кетейік, командалардың алғашқы ойыны 21 шілдеде Алматының орталық стадионында өтеді.
Фото: sports.kz