Қаза тапқан қырғызстандықтардың туыстары өздерін трагедияға кінәлілерге қатысты қылмыстық істі тергеу жөніндегі комиссияның құрамына кіргізуді талап етуде

БІШКЕК. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Сәуірдің 7-інде қаза тапқан қырғызстандықтардың туыстары өздерін трагедияға кінәлілерге қатысты қылмыстық істі тергеу жөніндегі комиссияның құрамына кіргізуді талап етуде.

Қаза болғандар туыстарының адвокаты Шолпан Темірбаеваның сөзіне қарағанда, жаңа үкімет қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы төлеумен қатар жетім қалған балаларды жәрдемақымен, ал студенттерді стипендиямен қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың отбасылары өте ауыр жағдайда. Олардың кейбірі өздерінің асыраушысынан айырылып отыр.

«Сонымен қатар зардап шеккендерді парламент сайлауы барысында сайлау комиссиясының құрамына қосу қажет. Сол бір оқиғаларда қаза болғандарды аяқ асты етуге болмайды. Біз құқық қорғау органдарының тергеу барысы туралы тұрақты ақпараттандырып тұруын да талап етеміз», деп атап өтті өз сөзінде Ш.Темірбаева.

Бүгінгі таңда қаза болғандардың туыстары «Мекен шейиттери» қоғамдық бірлестігін құрып отыр, оның құрамында қазірдің өзінде 40 адам бар. Сонымен қатар бұл ұйым алдына саяси мақсаттар қойып отырған жоқ.