Шараға облыс пен аудандық әкімдіктердің өкілдері, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, сондай-ақ шуашылықтар мен аймақтың агроқұрылымдар басшылары қатысты. Айта кетерлігі, 2016 жылғы көктемгі егіс жұмыстары қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды. Аталған қаражат қарыз түрінде холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлінетін болады.
Сонымен қатар, жиында «ҚазАгро» холдингі бастама жасаған шаруашылықтарды біріктіру мәселесі де сөз болды. Мамандардың пікірінше, қазіргі таңда кооперациялар қағидатына сәйкес, аграрлық шаруашылықтарды біріктіру өзекті болып табылады. Бұл қағидатқа келсек, ол бойынша шаруалар бірігу арқылы несие қаражаттарына қол жеткізеді, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердің мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігіне жүктеледі.
«Бірлестіктер кооперация және ынтымақты жауапкершілік принципінде ұйымдастырылады. Олардың қатысушылары алғашқы кезеңде астық өндірушілер болып табылады. Кооперация принципі өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және оның қатысушыларының барлығының теңдігі («бір қатысушы - бір дауыс») негізіне сүйенеді. Ал «Азық-түлік корпорациясы» АҚ осындай бірлестікпен белгілі бір бидай көлемін сатып алу шартын жасайды. Шартта белгіленген бағадан бидайдың нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, Бірлестіктің бидайды көп пайда алу үшін нарықта сатуға құқығы бар. Егер, нарықтағы баға шарт бойынша белгіленген бағадан төмен түссе, онда Бірлестік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізеді», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, бидай өндіретін шаруашылықтарды біріктіруге ұсынылып отырған нұсқаны Ауыл шаруашылығы министрлігі де, «Атамекен» ұлттық палатасы да, Қазақстанның фермерлер одағы да қолдаған.
15:40, 27 Қаңтар 2016
«ҚазАгро» холдингі Павлодар облысында шаруашылықтарды біріктіру мәселесін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері мен Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өңірдің аграрлық шаруашылықтарын кооперацияларға және ортақ жауапкершілік қағидатына біріктіру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында алдағы көктемгі егу жұмыстарын қаржыландыру мәселелері сөз болды. Бұл туралы ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.