Қазақ азаматы Қытайда үздік модель атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қазақ азаматы Қытайда үздік модель атанды - Қытайдың «Орталық халықрадиосы» (CNR)

Қазіргі күні әлемде сәнөнері қарқынды дамып жатыр. Сондықтан да осы салада жұмыс істейтін бойшаң әрі сымбаттымодельдерге деген сұраныс та жоғары. Міне, осындай өнер жолында бағын сынап жүргенсері жігіттердің бірі - Қытайдың үздік моделі атанған қандасымыз СержанБағдатұлы, деп жазады Қытайлық kazakcnr.com сайты.

Аталған дереккөздіңмәліметінше, Қытайда тұратын қандасымыз Сержан Бағдатұлы 2018 жылы Қытайдың Кайфың қаласында өткен мемлекеттік«Жұлдызды модельдер» бәсекесінеқатысқан. Қытайдың әр облысынан сайдың тасындай іріктелген 60-қа жуық қатысушыарасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған. Кескін-келбетіменҚытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы 191 см.

«Сержан Бағдатұлы Шыңжаң әскериинститутында білім алған. Ол кейін Уханьқаласындағы жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығы бойынша білімінжетілдірген. Қажырлы еңбек, үздіксіз талпынысының нәтижесінде Қытайдың үздікмоделі атағына қол жеткізген. Қазіргі күні Сержан - Шыңжаң сәнгерлер (модельдер)қоғамының мүшесі. Бүгінде ол Шыңжаңдағы түрлі модельдер бәсекесінде қазылықжасайтын, білікті маманға айналды. Сондай-ақ, әлеуметтік желіден жеке парақшаашып, осы салаға бейімі бар жастарға үздік модель болудың қыр-сырын да үйретіпжүр», - деп жазады CNR.


Байырғы Ахлат қаласындағықазба жұмыстары кезінде «Оғыздардың таңбасы» табылды - TRT

«Түріктердің Анатолыға кірерқақпасы» деп танылған Битлистің Ахлат ауданындағы Байырғы Ахлат қаласының ішкіқамалында қазба жұмыстары барысында «Оғыздың таңбасы» табылды, деп жазадыТүркия Радио Телевизия порталы.

«Жыл сайын көп қонақкелетін ауданда Байырғы Ахлат қаласының ішкі қамалында қазба жұмыстары жүріпжатыр. Харабешехир аумағындағы үңгірлердегі жартастардан Оғыздарға тән таңбаларанықталды. Байырғы Ахлат қаласындағы қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі МехметКулаздың айтуынша, қамалдың шығыс жағындағы кіреберісінде екі мұнара табылған. Олардыңарасын және үстіңгі бөлігін зерттеу кезінде оғыздардың Анатолыға келгеніндәлелдейтін ежелгі дәуір мекендері мен ескерткіштер табылған», - деп жазадыTRT.


Тарбағатайда өткен ақындарайтысының жүлдегерлері анықталды -Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Тарбағатай аймағының Дөрбілжінауданы Қызылбұлақ жайлауында ХХІІ кезекті ақындар айтысы және Мәдени-танымдықтуризм мерекесі өтті, деп хабарлайды қытайлық kazakcnr.com сайты.

Ақпарат көзініңмәліметінше, аймақтық ақындар айтысы екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Биылғымәдени шарада 31 киіз үй «70» санын білдіретін формада тігілді. Бұл ҚХР-дың 70жылдығына орайластырылып отыр. Аталған іс-шарада концерт нөмірлерімен қоса, атбәйгесі, балуандар күресі, веложарыс сынды спорттық ойындар ұйымдастырылып,қазақтың алуан түрлі қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті.

«ҚХР-дың Тарбағатайаймағына қарасты 6 аудан мен қалаларынан 20 ақын қатысқан аламан айтыс өзмәресіне жетті. Ақындар айтысының бас жүлдесін Дөрбілжін ауданының ақыныАйыпқан Баймоллаұлы мен Шағантоғай ауданының ақыны Гауһар Ниғыметқызы жеңіпалды. Ал Тарбағатай аймағының келесі ақындар айтысы Шәуешек қаласында өтетінболып белгіленіп, «айтыс туы» қала акіміне табысталды», - деп жазады CNR.


Өзбекстанда шетелазаматтары мен азаматтығы болмаған адамдарға мәртебе беріледі - «ӨзА» ақпараттықагенттігі

Өзбекстан РеспубликасыМинистрлер кабинетінің «Құрметті азамат» мәртебесін беру тәртібі туралы қаулысышықты, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«Аталған құжатқа сәйкес,бұл мәртебе экономика, ғылым, мәдениет және өнер, білім, денсаулық сақтау,сонымен қатар әлеуметтік саланың дамуына үлкен инвестиция салған, ӨзбекстанРеспубликасында қайырымдылықпен айналысып жүрген шетел азаматтары меназаматтығы жоқ тұлғаларға берілетін болады. Мұндай құжатты Сенат қабылдайды,арнайы куәлікке Сенат төрағасы қол қойып тапсырады. Егер бұл бастамаға мемлекеттікжәне экономикалық басқару органдары қолдау білдірсе, онда әрі қарай шешім ҚарақалпақстанРеспубликасының Жоғарғы кеңесінде, халық депутаттарының облыстық және Ташкентқалалық кеңестерінде қабылданады. Бұлмәртебе Өзбекстан Республикасының азаматтығын алу үшін негіз болыптабылмайды»,- деп хабарлайды ӨзА.


Қазақ ауылында Бейжің Денешынықтыру және спорт университетінің орталығы ашылды

Бейжің Дене шынықтыру жәнеспорт университеті мен Қытайдың Футбол институты бірлесіп Санжы қаласының Ашылыауылындағы мектепте жастарға білім беретін орталықтарын ашты, деп жазады қытайлықkazakcnr.com сайты.

Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, бұл Бейжің Денешынықтыру және спорт университеті мен Қытай Футбол институтының Шыңжаңдағыауылдық жерде ашқан алғашқы білім орталығы екен. Аталған жоғары оқу орындарыШыңжаң өлкесінде осындай 21 орталық ашуды жоспарлаған.

«Ашылы қазақ ұлттық ауылындағыбұл орталыққа Бейжіңдегі жоғары оқу орны білікті мамандарын жіберіп отырады.Олар ауылда тұратын футболға бейімі бар талантты балаларды іріктеп алып, оларғасапалы білім беруді көздеп отыр. Мамандар дене шынықтыру сабақтарымен қоса,ағылшын тілін, басқа да түрлі пәндерді оқытпақ. Үздіктер мектеп бітіргенненкейін бірден жоғары оқу орнына қабылданады. Осы арқылы Бейжің Дене шынықтыружәне спорт университеті мен Қытай Футбол институты болашақ студенттерін мектепқабырғасынан тәрбиелеп, сапалы түлектерді даярлап шығуға ниеттеніп отыр.Осылайша аталған оқу орындары ел намысын қорғайтын келешек футбол жұлдыздарынталантты ауыл балаларының арасынан іздеп жүр», - деп жазады kazakcnr.com сайты.

Қазақстанда тағы бір үлкенмұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды - «Фарс » ақпарат агенттігі

Қазақстанның БатысҚазақстан облысында тағы бір үлкен мұнайөңдеу зауытының құрылысы басталды, деп жазады parstoday ақпарат агенттігі.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұлзауытты салу құны 420 млн доллар деп есептелген. Зауытты салуға Қазақстанүкіметі тарапынан 59,8 га жер бөлінген. Кәсіпорында автомобиль бензині, дизельотыны, керосин және битум өндіріледі.

Зауыт 2021 жылы іскеқосылады деп жоспарлануда. Зауытты салу үшін 500 жұмыс орны, ал зауыт жұмысістей бастаған соң 200 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, мұнай өңдеузауыты жылына 750 мың тонна мұнай өнімдерін, соның ішінде бензин, дизель менотынның басқа түрлерін өндіретін болады.

Жоспар бойынша, бұл зауытөнімдерінің 80 пайызы ел ішінде, 20 пайызы ТМД елдеріне экспортталады.



Соңғы жаңалықтар