АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Абадан қаласында өткен грек-рим күресінен әлем кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш додада Қазақстан құрамасы сегіз команданың ішінен тек жетінші орынды қанағат тұтты. Жарыстың бірінші раундында жерлестеріміз Ресей балуандарынан ойсырай ұтылса, екінші және үшінші раундтарда Иран мен Германия балуандарынан да айласын асыра алмады.
Нәтижесінде, отандастарымыз «B» тобында соңғы орын алған Беларусь мемлекетінің боз кілем шеберлерімен 7-8-ші орындар үшін күш сынасып, жетінші орынды қанағат тұтты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.