Қазақ елі Мұхтар Шахановты ертең ақтық сапарға шығарып салады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жаназасы ертең өтеді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұл туралы әлеуметтік желіде Құдияр Біләл жазды. 

— Марқұмның жаназасы 21 сәуір (сейсенбі), сағат 09:00–де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында шығарылады. Асы 13:00–де LuxHall банкет залында (Достық даңғылы, 341/1) беріледі, — делінген жазбада.

Еске салайық, Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұған дейін ақынның денсаулығына байланысты жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.

Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.