Ұлы ұстаздың рухани ілімі бағзы заманнан бері шынайы еркіндікке, тәуелсіздікке жеткізетін жол ретінде танылған. Кесененің көрік-келбетін қалпына келтіруге күш жұмылдырып, 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуге барлық жағдайды жасады. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында көне шаһардың шынайы шежіресін айқындау қолға алынды. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы Әмір Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи дүниеден өткен соң екі жүз жыл кейін кішкене мазардың орнына дүниежүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші салынды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Ясауидің қабырына зиярат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Ясыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Ясауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтан қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық - мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық - мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Ахмет Ясауи ескерткіші - Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Көлденең - 46,5 м, ұзындығы - 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 зал мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.
06:07, 10 Сәуір 2015
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - түркі әлемінің рухани орталығы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Киелі Түркістан қаласындағы Әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының айрықша құрмет етіп, тәбәрік тұтар мекені.