Қазақ күресі болғандықтан намысқа тырыстым - Айбек Нұғымаров

Фото: None
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабадта Азия чемпионатында қазақ күресінен Айбек Нұғымаров қырғыз палуаны Назар Дурдиевтен басым түсіп, чемпион атанған болатын . «ҚазАқпарат» тілшісі палуанның өзімен тілдесіп, қуанышымен бөлісті.

- Айбек, жеңіс құтты болсын! Азия чемпионы атандың. Жалпы, жарыс өзің үшін қалай болды?

- Шүкір дейміз. «Әлем барысы» турнирінен кейін, есімізді жиып үлгермей, осында келдік. Сәл ауырлау болған сияқты. Қарымды қарсыластар жолықты. Финалдағы белдесу оңайға соқпады.

- Жеңімпаз атанғаннан кейінгі көңіл-күйің қалай?

- Алтын алып жатырмыз. Қуаныштымын. Қазақ күресі болған соң, намысқа тырыстым.

 - Ұйымдастыру жағы, жарыс туралы не айтасың?

 - Ризамыз. Түрікмен бауырлар жоғары деңгейлі жарыс ұйымдастырып жатыр. Бәрі көңілімізден шықты деп сеніммен айта аламыз. Көрші елге алғыс білдіреміз.

- Көп рахмет, Айбек!  

Сұхбаттасқан Асқар Ағатаев

Соңғы жаңалықтар