«Бүгін Қарқара шекарасында сұмдық кезек. Мұндай жайт бірінші рет орын алуда. Шекарашылар жетіспейді. Қазақ тарабы әдеттегідей әр машинаны мұқият тексеруде, отбасылардың балаларымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқаны көрініп тұрса да. Қырғыз тарабы өте тез өткізуде», - деді Миргүл Өмірзақова.
Оның айтуынша, кезекте сағат 10-00-ден бастап, 16-00-ге дейін тұрған.
«Алдымда 84 машина кезекте тұрды. Ал менен кейін тағы 120 машина болды. Балаларым шыдай алмады. Мен тіпті өзімізбен бірге тамақ та алып шықпаппын. Бір сағаттық жол ғой, қажеті бола қоймас деп ойлап едім. Қаракөлге қоңырау шалып, туыстарым балаларды алып кетті. Мен кезекте өте ұзақ тұрдым», - деп шағымданады ол.
Өмірзақованың сөзіне қарағанда, кезекте тұрған көліктерде, емшектегі балалар, жүкті әйелдер бар.
«Кеген арқылы жол қысқа. Шекарадан өту 5 минут уақыт алды. Көпшілігі демалыс күндерге байланысты Алматыдан Ыстықкөлге бет алды. Шекара ашылғанға дейін, таңертеңгі сағат 7-де кезекте 20 көлік болды. Шекара ашылған кезде, сағат 8,30-да көлік саны 60-қа жетті. Дәл сол уақытта адамдардың мұнан да көп келетіндігі түсінікті болған еді. Сондықтан қандай да бір шаралар қабылдау керек еді. Біздің шекараларымыз барынша сыпайылық танытқанымен, ештеңе жасай алмады. Бұл олардың басшылығы жіберген олқылық», - деген ол жексенбі күні туристердің барлығы кері қайтатындығын, сол кезде мұндай жағдайда жол бермеу қажеттігін қазірден бастап ескеру керектігін атап өткен.