Қазақ-неміс бірлескен кәсіпорны ОҚО-ға «жасыл экономиканы» ендіреді

ШЫМКЕНТ. 13 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына Германиядан «Рromodis energy» компаниясының директоры және меншік иесі Брентруп Бертхольд Франц бастаған делегация табан тіреді.

Аталмыш компания энергия үнемдеу саласында 300 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Неміс кәсіпкерлері ОҚО-да бірнеше ірі жобаны әзірлеуді көздеп отыр. Бұл мақсаттар үшін аймақта «Оңтүстік грин энерджи» атауымен жаңа кәсіпорын құрылды. Оның 49 пайызы «Шымкент инновация» ЖШС-ға, 51 пайызы «Promodis energy» компаниясына тиесілі.

Жоспар бойынша биылғы жылы облыста қуаттылығы 100 Мвт құрайтын фотовольтаикалық стансаның құрылысы қолға алынады. Жобаның құны 37,5 млрд.теңге. Сонымен қатар облыста қуаттылығы 88,32 кВт құрайтын күн стансасы іске қосылатын болады.

Айта кетейік, ОҚО әкімдігінде барлық жобалар өміршең болса, аймақ электр энергиясының тапшылығынан арылып, қазынаның миллиондаған қаржысын үнемдей алатындығы мәлімдеді.