Қазақ тілін ана тілдеріндей меңгерген өзге ұлт өкілдері

ПАВЛОДАР. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен аптада Павлодарда қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында байқау өтті,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. Ондағы 25 қатысушының 14-і үздік білімдерін көрсетіп, ақтық сайысқа өтті.

«Байқауға қатысушылардың барлығы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Олар - шетел тілдерінің оқытушылары, балабақшалардың тәрбиешілері, студенттер», - деп атап өтті мәдениет бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Мейрам Нұғыманов.

Бас жүлде мен облыстық байқауға жолдаманы қазақ тілінен, ел тарихынан және салт-дәстүрлерден үздік білім көрсеткен Инновациялық Еуразиялық университеттің бірінші курс студенті Артур Бартель иеленді.

Сайыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.