ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан cияқты 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.
Онда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.
Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.
Осыған дейін Қазақстандық студенттің әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект байқауында бірінші орын алғаны туралы жаздық.