Бүгін Өскеменде «Шериаздан Елеукенов және әдебиеттанудың өзекті проблемалары» деген тақырыпта коференция өтеді, одан кейін шығармашыл зиялылармен кездесу болады. Кеше көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері құрметті туған күн иесін облыстық әкімдікте құттықтады.
08:47, 04 Қыркүйек 2009
Қазақ журналистикасының және әдебиетінің ақсақалы Шериаздан Елеукенов 80 жасқа толды
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Шериаздан Елеукенов қыркүйектің 3-інде 80 жасқа толды. Осы оқиғаға байланысты оның туған жері Шығыс Қазақстанда бірқатар іс-шаралар өткізілуде.