Бостандық аудандық прокуратурасы акционерлік қоғамға қарасты жер телімі аумағында жеке кәсіпкерлердің үш техникалық жөндеу стансасы мен бір автотұрағы бірнеше жыл заңсыз жұмыс жасап келгендігін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен «Қазақфильм» АҚ-ға жерді нысаналы мақсатта пайдаланбағандығы үшін ҚР ӘҚбК 339-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни 99 100 тенге айыппұл салынып, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65-бабына сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті.