Құжатқа ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен корпорация төрағасы Эдуард Огай қол қойды. Бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 1,200 млрд. теңгені құрады. Меморандум аясында корпорация облыстың әртүрлі аудандарындағы медициналық және білім беру мекемелерін, соның ішінде ауруханалар, мектепалды даярлық мекемелерін жөндеуден өткізуге инвестиция салуы керек.
Сондай-ақ компания облыстың бірқатар елді мекендеріндегі жылу және электр желілерін қайта құрастыру мен су желілерін күрделі жөндеуден өткізуге де қажет қаражатты бөледі.