Жыл басындағы қолайсыз ауа-райының болғандығына қарамастан, мыс пен қосарлы өнімдер өндірісінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. Электр энергиясына деген жоғары сұраныс әлі де сақталуда. Бұл әрине қызметіміздегі осы бағытты дамыта түсу үшін жағымды экономикалық жағдайларды көрсетіп отыр», - дейді Қазақмыс тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук. Оның айтуынша, 6 айда мырыш өндірісі 76 мың тоннаны құрады. Ал күміс 4.43 мың унцияға, алтын 36.6 мың унцияға жетіп, өндіріс ауқымы 90 пайызға артты. Екінші тоқсанда күміс пен алтын өндірістерінің елеулі өсімі Балқаштағы бағалы металдар зауыты жұмысының қалпына келтірілуімен байланысты болып отыр.
Бірінші жартыжылдықтың ішінде электр энергиясының өндірілімі 19 пайызға артып, 6,395 ГВт/сағатты құрады. Оған Қазақстан мен Ресей нарықтарындағы электр энергиясына деген сұраныстың тұрақтылығы оң ықпалын тигізуде. Екібастұздың ГРЭС-1 станциясының қолданыстағы таза қуаттылығы 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 39 МВт-қа артты. Бұған 5 энергоблогта электр статикалық сүзгінің пайдалануға берілуі мен 6-энергоблогта тиімділеу жабдықтар орнатылуының арқасында қол жеткізілді.