«Қазақмыс» жұмыскерлерінің жалақысын 42 пайызға, ENRC компаниялар тобы - 18 пайызға, «АрселорМиттал Теміртау» - 10, 4 пайызға көтерді

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 тамызда Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті, оның барысында ағымдағы жылы жасалған жұмыстардың қорытындылары бойынша аймақ әкімі Әбілғазы Құсайынов есеп берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақ басшысы жалпы алғанда, облыс бірінші жартыжылдықты табысты аяқтағанын атап өтті. Бұл ретте басты бағыттардың одан әрі жеделдете дамытылуына ерекше назар аударылды. Олардың арасында жаңа жұмыс орындарын құру, облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мәселелрі бар.

Кен-металлургия кешені кәсіпорындарындағы еңбек дауларының мәселесі арнайы әңгіме болды.

Басты нәтиже - «Қазақмыс» бірлестігі жалақыны 42 пайызға, ENRC компаниялар тобы - 42 пайызға, «АрселорМиттал Теміртау» - 10,4 пайызға көтерді.

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамытуындағы қол жеткізілген табыстардың көпшілігі депутаттық корпустың қолдауының арқасында іске асырылғанын атап өтті.