ҚазАқпарат: 2011 жылғы 17-22 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат: 2011 жылғы 17-22 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Осы жылдың 28-30 қазан күндері Бакуде түркі тілдес елдердің екінші медиа-форумы өтеді. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Болгария, Ресей Федерациясының түркі тілдес республикалары - Татарстан, Башқұртстан, Алтай өңірі, Саха Республикасы (Якутия), Тыва, Хакас, Қабардин-Балқар, Қарашай-Шеркеш, Қырым Автономиялық Республикасы, Украина медиа-құрылым өкілдері қатысады.

ТМД

8-24 қазан аралығында Киевтің Brucie Collections галереясында әлемге танымал фотосуретші Говард Шатцтың көрмесі өтеді.

ҚОҒАМ

1 қаңтардан 25 қарашаға дейін ҚР Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласында «Шаңырақ» атты бірлескен конкурсы өтуде.

АСТАНА

17 қазан күніСыртқы істер министрілігінің апталық брифингі өткізіледі.

17 қазанда Рухани мәдениет дүниежүзілік форумының төрағаларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

17 қазанда «Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша алматылық сарапшылар клубы» жобасының жүзеге асырылу нәтижелерінің тұсауы кесіледі.

17 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «VIVAT, Қазақстан!» әскери-патриоттық әндердің қалалық фестивалі өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚАЗАННЫҢ 17-І, ДҮЙСЕНБІ

Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні

Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күнінің тарихы 1987-інші жылғы қазанның 17-сімен тығыз байланысты. Сол - 1948-інші жылы Жалпыға ортақ адам құқы декларациясына қол қойылған - күні асқан қайыршылық, күш көрсету және аштық құрбандарын еске алу мақсатымен Париждегі Трокадеро алаңына жүз мыңнан астам адам жиналды. Жиналғандар қайыршылық адам құқын бұзу болып табылады деп мәлімдеді және осы құқықтарды сақтауға бірлескен қимыл таныту қажеттігін атап көрсетті. Осы мазмұндағы тиісті мәлімдеме сол күні ашылған Естелік тасына қашап жазылды.

1992-нші жылғы желтоқсанның 22-сінде қабылданған қарарында Бас Ассамблея қазанның 17-сін Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні деп жариялады және барлық мемлекеттерді, әр елдің өз өзгешіліктеріне қарай, осы күні қайыршылық пен кедейшілікті жоюға байланысты нақты шаралар өткізуге және насихат жұмыстарын жүргізуге арнауға шақырды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Х.Есенжановтың есімі берілді. Бұрын А.Гайдар атын иеленіп келген кітапханаға жерлес жазушы есімін беру туралы облыстық «Орал өңірі» газетінде мәселе көтерілген болатын. Бұл ұсыныс ономастика комиссиясы мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан да қолдау тапты.

Есенжанов Хамза Ихсанұлы (1908-1974) - жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) Мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, Қазақ педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары республикалық басылымдарда қаламгердің «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке ? күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады. Жазушының басты шығармасы ? «Ақ Жайық» трилогиясы. Бұл үлкен еңбекте жазушы Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қозғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойғы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты бағасын алды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов трилогияға «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма» деп баға берді. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Жазушы өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушы көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-ші және 4-ші кітаптарын, И.Тургеневтің «Рудин», И. Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Ақын Сағат Әбдуғалиевтің «Хамза Есенжанов» атты өлеңінде зұлмат жылдардың құрбаны болған қаламгердің тартқан азабы, көрген қиындығы, сатқындардың құнсыз тірлігі баяндалған. Орал қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қаламгердің есімі берілген.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы МҰХТАРОВ Нұртас Мұхтарұлы дүниеге келді.

Атырау облысының Индер ауданында туған. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1967 жылы «Гурьевсельстрой» тресінің №904 жылжымалы -механикалық колоннасының тас қалаушысы болып бастады. 1975-1976 жылдары - Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының Махамбет аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1976-1986 жылдары - әскерге, авиацияға және флотқа жәрдемдесетін ерікті қоғамның Махамбет аудандық комитетінің төрағасы. 1986-1988, 1991-1994 жылдары - Агроөндіріс кешені қызметкерлерінің Махамбет аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1988-1991 жылдары - Махамбет аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 1994-1995 жылдары - Махамбет ауылдық округі әкімдігінің басшысы. 1995-1999 жылдары - Махамбет ауданы әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары. 1999-2001 жылдары - Исатай ауданының әкімі. 2001-2002 жылдары - «Агросервис» коммунальдық мемлекеттік кәсіпорының директоры. 2002-2005 жылдары - Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі. 2005-2010 жылдары - Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың наурыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.

Медальмен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Батыс Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы ДҮЙСЕМБАЕВ Ғұмар Ислямұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.

1979-1982 жылдары - Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы. 1982-1995 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жеңіс ұжымшарының бас инженері, партия комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары, төрағасы. 1995-1996 жылдары - «Бөрлі» (Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы) агроқауымдастығының төрағасы. 1996-1997 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997-2001 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі. 2001-2002 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының отын-энергетикалық кешені және құрылыс бөлімінің меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының директоры, Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары - Батыс Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

«Құрмет» орденімен және «Астана», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ҚОЖАН Төлебай Әжібекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1982-1983 жылдары - Торғай (қазіргі Қостанай) облыстық сотының стажері. 1983-1990 жылдары - Гурьев (қазіргі Атырау) қалалық сотының судьясы. 1990-1995 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1995-1996 жылдары - Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

ҚАЗАННЫҢ 18-І, СЕЙСЕНБІ

Рухани келісім күні

1992-нші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-інші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-інші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі.

Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991)

Әзербайжан Республикасы - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғары органы - парламент (меджлис).

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қазақстанның Ұлттық банкі сатуға «Шабандоз» деп аталатын коллекциялық күміс шақа шығарды. 500 теңгелік шақа 925-шы сынамалы күмістен жасалған. Салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм. Бүйірі - тегіс, жазулар мен бұдырлар жоқ. Таралымы - 5 мың дана. Шақаның алдыңғы бетінде (аверс) шауып бара жатқан төрт атты бейнеленген, ал сыртқы жағындағы (реверс) ортасында - салт атты түріндегі көне алтын белгінің алтын жалатылған суреті. Шақаның құны - 5 мың теңге.

3 жыл бұрын (2008) Алматы облысының Қаратал ауданындағы Қаныбек ауылында мешіт ашылды. Мешіттің құрылысы жомарт жандардың қаржыларына салынды.

1 жыл бұрын (2010) Жоңғар Алатау тауының етегінде орналасқан Алтынемел асуына жақын жерде қазақ халқының біртуар ұлдары Тезек төре сұлтан мен Бөлтірік шешенге арналып ескерткіш белгі орнатылды.

Тарихи деректерге сүйенсек, дәл осы ескерткіш орнатылған жерде Тезек төре мен Бөлтірік би Ұлы жүз қазақтары жер мәселелерінің әділ шешімін айтқан. Жобаның сәулетшісі Қазбек Жарылғапов. Ескерткіш тұғырдың биіктігі 7,4 метр, аумағы 2,3х2,8 метр.

1 жыл бұрын (2010) Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі этнограф-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің алты томдық шығармалар жинағаның таныстырылымы болды.

Жинақтың бірінші томында ғалымның көркем туындылары, очерктері және ән-күйлері берілсе, екінші томда - қазақ халқының мәдениеті, өнері, фольклоры мен этнографиясына арналған еңбектері, үшінші томда - «Қазақтың күй өнері» монографиясы, төртінші томда - «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі, бесінші томда - А.Сейдімбектің әр жылдары жазған мақалалары, ал алтыншы томда автордың аударма еңбектері топтастырылған. Осы жинақты жүйелеп, баспаға әзірлеу жұмысына кезінде Ақселеу Сейдімбеков өзі атсалысқан.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Атырау облысы Қаржы басқармасының бастығы ЖАНТЕМІРОВ Бауыржан Ересұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.

1972-1973 жылдары - Батыс Қазақстан облысындағы жеміс-көкөніс кеңшары консерві цехының бухгалтер-экономисті. 1973-1976 жылдары - Ақтөбе облыстық қаржы бөліміндегі штаттар бөлімінің тексеруші-инспекторы. 1976-1980 жылдары - Ақтөбе қалалық қаржы бөліміндегі штаттық бөлімінің бастығы. 1980-1987 жылдары - Ақтөбе қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы. 1987-1990 жылдары - Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, бөлім меңгерушісі. 1991-1993 жылдары - КСРО Зейнетақы қорының Ақтөбе облыстық филиалы басқармасының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Ақтөбе облыстық тұрғын халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тексеру комиссиясының бастығы, басқармасы бастығының орынбасары. 1995-2002 жылдары - Ақтөбе облыстық қаржы бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары - Атырау облыстық Қаржы басқармасының бастығы. 2005-2008 жылдары - Атырау облыстық Қаржы департаментінің директоры. 2008 жылдың наурыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы САҒЫНОВ Замир Садықұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Өскемен жол-құрылыс институты (қазіргі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.

1990-1994 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық автожолының шебері, прорабы. 1994-1997 жылдары - Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал өндірістік жол телімінің бас инженері. 1997-1999 жылдары - «Оралавтодор» қазыналық кәсіпорының бас маманы, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының Батыс Қазақстандық бөлімшесінің бас инженері. 2000-2001 жылдары - Батыс Қазақстандық автожолдар мекемесінің директоры. 2001-2002 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары - Қазталов ауданының әкімі. 2004-2006 жылдары - «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорын бас директорының орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфраструктурасын дамыту комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфраструктурасын дамыту комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрметті жолшы» белгісімен, «Ерен енбегі үшін» медальмен марапатталған.

40 жыл бұрын (1971) «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымының кандидаты, доцент БІРТАНОВ Елжан Амантайұлы дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік медицина университеті) бітірген. Америка Құрама Штатарында, Ресей Федерациясында, Бразилияда, Түркияда, Германия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Швейцарияда еңбек өтілінен өткен.

1994-1998 жылдары - Алматы қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының токсиколог дәрігері, Ақпараттық-консультативтік токсикология орталығының басшысы. 1998-1999 жылдары - Алматы қалалық токсикология орталығының басшысы. 1999-2005 жылдары - Республикалық токсикология орталығының басшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласының бас токсикологы. 2005-2008 жылдары - «Денсаулық сақтауды дамыту институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың наурызынан бастап - қазіргі қызметінде.

Еуропалық клиникалық токсикологтар қауымдастығының мүшесі. 2009 жылдың наурыз айынан бастап - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

ҚАЗАННЫҢ 19-Ы, СӘРСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Астанададағы ҚР Президентінің Мәдениет орталығында танымал фототілші, Шүкір Шахайдың «Тәуелсіздік: Қас-қағым сәт» атты альбом кітабының тұсаукесері болды. Еңбек жолын аудандық басылымда тілшілік қызметтен бастап, еліміздің беделді басылымдарында қызмет еткен Ш.Шахай - кәсіби фототілші. Ал оның 451 беттен тұратын кітабында Қазақстанның 1986-шы жылдардан бергі өміріндегі түрлі сәттер бейнеленген. Онда еліміздің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ант қабылдау рәсімінен бастап, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа сапар шегетін сәттері, халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған әйгілі тұлғалардың суреттері көрініс тапқан. Кітап «Атамұра» баспасынан 1000 данамен шыққан.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында үндінің «Дхаммапада» кітабының қазақша нұсқасының таныстырылымы болды.

Бұл шығарманы қазақ тіліне ақын, аудармашы, Падма Шри сыйлығының лауреаты Әубәкір Нілібаев тәржімалады. Ә. Нілібаев осыған дейін үнді әдебиетінің бүкіл әлемге танымал «Маһабһарата», «Ригведа», «Бхагавадгита», «Рабиндранат Тагор» кітаптарын аударған. «Дхаммапада» - қасиетті жазу ғана емес, ежелгі буддизмнің көрнекті әдеби туындысы. «Мұнда буддизмнің ізбасарлары бұрын пайдаланған және күні бүгінге дейін есте тұтып келе жатқан моральдық-этикалық негізгі қағаидалар баяндалған», деді аудармашы.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 100 теңгелік ескерткіш алтын шақаны айналымға шығарды.

Номиналы 100 теңгелік алтын шақа 999 сынамалы алтыннан жасалған, таралымы 8 мың дана. Шақаның беткі жағында - шаңғы мен шақа шығарылған «2010» деген жазу бейнеленген. Шақаның сол жақ шетінде тянь-шань шыршасы бейнеленген.

Шақаның келесі жағының орталық бөлігінде мұз тәрізделіп жасалған көрініс үстінде 2011 жылғы 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылып, қысқы спорт түрлеріне арналған идеограммалармен көмкерілген.

Қазақстан Ұлттық банкінің осы шақаның түпнұсқалығы кепілдендірілген сертификатында мынадай техникалық сипаттамалар көрсетілген:

Аталымы: « 7-нші қысқы Азия ойындары 2011 ж.» Номиналы: 100 теңге, Металы: алтын, Сынамасы: 999/100, Салмағы: 1,24 г, Диаметрі: 13,92 мм, Шығарылған жылы: 2010, Сапасы: пруф, Таралымы, дана: 8000. Шақа Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылады.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 500 және 5000 теңгелік ескерткіш күміс шақаларды айналымға шығарды.

Номиналы 500 теңгелік күміс шақа он екі қырлы етіп жасалған. Шақаның беткі жағында - қармен көмкерілген петроглиф бейнеленген.

Шақаның келесі жағында ортасында 2011 жылғы VII Азия ойындарының логотипі голографиялық түрде орналастырылған.

Қазақстан Ұлттық банкінің осы шақаның түпнұсқалығы кепілдендірілген сертификатында мынадай техникалық сипаттамалар көрсетілген: Аталымы: « 7-нші қысқы Азия ойындары 2011 ж.», Номиналы: 500 теңге, Металы: күміс, Сынамасы: 925//1000, Салмағы: 31,1 г, Диаметрі: 38,61 мм, Шығарылған жылы: 2010, Сапасы: пруф, Таралымы, дана: 13000.

Шақа Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылады.

Номиналы 5000 теңгелік күміс шақа 225 тараыммен шығарылып, сынамасы осындай күмістен құйылған, салмағы - 1000 грамм, диаметрі - 100 мм. Беткі жағында шаңғы, жоғарғы бөлігінде қазақстандық теңге сарайының тауар белгісі, сол жағында тянь-шань шыршасы бейнеленген.

Шақаның келесі жағында мұз үстінде 2011 жылғы VII Азия ойындарының логотипі қысқы спорт түрлерінің көрінісімен идеограмма түрінде көмкерілген.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1926-1977) эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, профессор КЕРЕЕВ Нұрғазы Идашұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Әскери-теңіз академиясын бітірген. 1948-1957 жылдары кеңес армиясы қатарында әскери дәрігер. 1957-1958 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Өлкелік патология институты эпидемиология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері. 1958-1964 жылдары - Қазақ эпидемиология, микробиология және гигиена ғылыми-зерттеу институты эпидемиология бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1964-1977 жылдары - Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты эпидемиология кафедрасының меңгерушісі болған.

Негізгі ғылыми еңбектері табиғи ошақты аурулар эпидемиологиясына арналған. Ол бөртпе, сүзек, кене арқылы жұғатын энцефалит, орнитоз сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтану жүйесін жасаған.

80 жыл бұрын (1931-2000) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылым академиясының академигі ҚАСЫМЖАНОВ Ағын Хайроллаұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және оның аспирантурасын бітірген. 1957-1976 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері, доценті, философия тарихы және Қазақстанның қоғамдық ой-пікірі бөлімінің меңгерушісі. 1976-1978 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті философия-экономика факультетінің деканы. 1978-1982 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтының директоры. 1982-1987 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің философия тарихы кафедрасының меңгерушісі. 1987-2000 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әл-Фараби орталығының директоры қызметтерін атқарған.

Ол Әл-Фараби мұраларын зерттеу мақсатында 1993 жылы Қазақ мемлекеттік университеті жанынан Әл-Фараби ғылыми орталығын құрды. Ғалымның жетекшілігімен Әл-Фарабидің «Философиялық трактаттары», «Әлеуметтік-этникалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық трактаттары», сондай-ақ, «Птолемейдің «Алмагестіне» Әл-Фарабидің түсіндірмесі», т.б. шығармалар жарық көрді. Оның бірқатар еңбектері ағылшын, араб, француз, финн, чех, т.б. тілдерге аударылған. Ғалымның жетекшілігімен 7 ғылым докторы, 70 ғылым кандидаты даярланған.

65 жыл бұрын (1946-1992) Қазақстанның ұлттық кәсіпқой қолданбалы қолөнері негізін қалаушылардың бірі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі ӨТЕП Батырбек Туғанбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтын бітірген. Ол Қазақстандағы қолданбалы өнер саласын, соның ішінде тоқыма саласын енгізген кәсіпқой суретші. Оның «Түркі дастаны», «Бозторғай», «Той» атты туындылары халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып, дипломдармен марапатталған. Бұл туындылары Астана қаласындағы Президент резиденциясында ілінген. Сонымен қатар жұртқа танымал «Өскен өңір», «Өркен», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Білектесу», «Атамекен», т.б. туындылары бар.

1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Өтеп Батырбек атындағы қайырымдылық қоры құрылды. Ал 1997 жылы Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне, 2006 жылы шілденің 1-де осы қаладағы өнер мектебіне суретшінің аты берілді.

ҚАЗАННЫҢ 20-Ы, БЕЙСЕНБІ

Дүниежүзілік остеопороздан алдын-ала емдеу күні

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ұлыбританияның Ұлттық остеопороз қоғамының ұйымдастыруымын 1999 жылдан бастап аталып өтіледі.

Әуәдиспетчердің халықаралық күні

1961 жылғы қазанның 20-ында Амстердамда Әуәдиспетчер одағының халықаралық федерациясы құрылды - бұл жағдай әуе көлігінің даму тарихының маңызды белгісі болды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ақтөбенің құрметті азаматтары туралы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл басылымда 1969 жылдан 2004 жылға дейінгі 35 жылдық кезеңде қаланың құрметті азаматы атағы берілген ақтөбеліктердің өмірбаяны берілген. 1969 жылғы мамырдың 30-ында жазушы Тахауи Ахтанов қаланың тұңғыш құрметті азаматы атағын алған. Содан бері осынау жоғары атақты 90 адам алған, бірақ 35 жылдық мерзімді қамтуына байланысты жинаққа олардың 84-і ғана енген. Көптеген деректерді мұрағаттан іздеуге тура келді. Кітап 2 дана болып шықты, оған бюджеттен 300 мың теңге қаражат бөлінді. Басылымның бір данасы мұражайда, біреуі қалалық мәслихатта сақталатын болады.

5 жыл бұрын (2006) Семейде «Геохимиялық экология мен биохимияның мәселелері» атты журналдың таныстырылымы болды. Биогеохимияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми басылым үш тілде жарық көріп отыр. Оны шығарудағы басты мақсат - экологиялық биогеохимия білімі саласындағы тәжірибеге сүйене отырып, қоршаған ортаны қорғаудың нақты ғылыми-техникалық жолдарын табу, сондай-ақ табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Семей мемлекеттік педагогикалық институты қаржыландырып отырған басылым жылына 4 рет 1000 данамен алыс және жақын шетелдерге таратылады.

5 жыл бұрын (2006) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ғимаратының маңайында «Мұнайшы» саябағы ашылды. Астаналық саяжайдың жалпы аумағы 1,5 гектарға тең. Мұнда 702 түп ағаштың 18 түрі отырғызылған. Астана қаласы әкімдігінің арнайы тапсырмасымен ашылып отырған «Мұнайшы» саябағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын «Астана - Зеленстрой» АҚ-ы атқарған болатын.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «НАТО байланыс офицерінің Қазақстан Республикасында болуы және қызметі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Солтүстікатлантикалық ұйым арасындағы нота алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қалыптастыру және ұйымдастыру мәртебесін, тәртібін айқындайтын «Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

3 жыл бұрын (2008) Люксембургтегі «Cercle Münster» іскерлік клубында Қазақстан Елшілігі Қазақстанның Құрметті консулы Джое Леммермен бірлесіп «Қазақстандық жол» деген тақырыпта конференция өткізді. Бұл шараға герцогтықтық сыртқы істер министрлігінің орынбасары Николя Шмит, Парламент депутаты, НАТО парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы Марк Ангел, ел Премьер-Министрінің дипломатиялық кеңесшісі Майк Хенчес, Экономика министрлігі Сыртқы сауда департаментінің директоры Лоик Бертоли, адвокаттық кеңселер мен бизнес-топтың өкілдері, журналистер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстанның Еуропалық қоғамдастықтар жанындағы, НАТО жанындағы, Бельгия мен Люуксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов жиналған қауымға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың француз тіліне аударылған «Қазақстандық жол» кітабын таныстырды. Елші өз сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жолына тоқталып, халықаралық сахнадағы республиканың тқрақтандырушы рөлін атап көрсетті және Астананың көпвекторлы сыртқы саясатының, оның ішінде Еуропалық Одақпен, НАТО-мен және Люксембургпен қарым-қатынасының дамуының талдамасын таныстырды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына алдағы төрағалығына да тоқталған К.Жигалов жиналғандарды осынау жауапты миссияны атқаруға дайындық жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Елбасының бастамашылығымен әзірленген «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасына да ерекше назар аударылды. Люксембург Премьер-Министрінің дипломатиялық кеңесшісі М.Хенчес өз сөзінде екіжақты байланыстардың дамуын оң бағалап, Министрлер кабинетінің басшысы Клод Юнкердің ағымдағы жылдың маусым айында Астана мен Алматыға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің осынау байланыстарға жаңаша серпін беріп отырғанын айтты. Бұл жиын бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Оған «Luxemburger Wort» және «Tageblatt» газеттері мен «RTL Group» телерадиоарнасының тілшілері қатысты.

1 жыл бұрын (2010) Астанада Германия Бундестагының депутаты Вольфганг Бёрнзеннің «Халық қалаулылары» атты кітабы таныстырылды.

«Бұл кітап халықаралық парламентаризмге арналған және Германиядағы парламенттік үдерістер туралы баяндайды. Сондай-ақ онда депутаттар атқаруы қажет міндеттер де қарастырылған»,- деді В.Бёрнзен мырза кітаптың таныстырылымында.

Автордың айтуынша, кітап елдегі парламенттік үдерістерді жақсартуға қатысты ойларға жақсы серпін бола алады.

Басылым Қазақстанның Германиядағы елшілігінің бастамашылығы бойынша қазақ тіліне аударылды. Кітап әлемнің жеті тілінде, оның ішінде украин, болгар, испан, қытай тілдерінде жарық көрген. Кітаптың қазақ тіліндегі тиражы - 3 мың дана.

ЕСІМДЕР

35 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесі Басшысының орынбасары ТӨЛЕУХАНОВ Дәурен Айтмұхаметұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Монтана штатының университетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін, Лондон университетінің магистратурасын, Лондон дипломатиялық академиясын бітірген. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екі жақты ынтымақтастық департаментінің референті. 2000-2006 жылдары - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы елшілігінің атташе, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті. 2008 жылдың қараша айынан бастап - қазіргі қызметінде.

2009 жылдың сәуір айынан басатап - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

35 жыл бұрын (1976) Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала мен ішкі саясат мәселелері бойынша орынбасары ҚЫРЫҚБАЕВ Арман Оразбайұлы дүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінде атташе. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы. 2000-2002 жылдары - академиясының тыңдаушысы. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД Комитетінің Орталық Азия және Кавказ елдері бөлімінің екінші хатшысы. 2002-2004 жылдары - «Корпорация ABE» ЖАҚ стратегия және маркетинг департаментінің директоры. 2004-2005 жылдары - «К-МАРТ» ЖШС бас директоры. 2005-2006 жылдары - Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық қатынастар және қоғамдық-саяси жұмыстар департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап - қазіргі қызметінде.

2008 жылдың маусым айынан бастап - «Қазақфильм» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

ҚАЗАННЫҢ 21-І, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Жерлестері спортшының туған ауылындағы көшеге дзюдодан павлодарлық тұңғыш жаттықтырушы Батырбек Сейсембаевтың есімін берді. Спорт қайраткерінің есімі ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша мәңгі есте қалдырылды. Осы Ленин ауылында спорт күресін ашқан, жас балуандарды айтулы сайыстарда жеңіске жетуге үйреткен, өзінің бар күш-жігерін күрес өнерін дамытуға арнаған адамды оның шәкірттері, әріптестері, достары мен жерлестері естерінде мәңгі сақтайды. Оның ізбасарлары да осы ауылда екі зал ашқан, онда балалар дзюдо және бокспен шұғылданады. Павлодарда Батырбек Сейсембаевтың есімі «Батыр» спорт мектебіне берілген.

3 жыл бұрын (2008) Таразда Ықылас Дүкенұлы туралы кітап жарық көрді. «Ықылас - күй шебері» деп аталатын туынды Тараздағы «Сенім» баспасынан шығып отыр. Атақты күйші туралы көркемдік-биографиялық очерктің авторы - жамбылдық жазушы Пернебай Дүйсенбин. Басылым Ықылас Дүкенұлының 165 жылдығы құрметіне арналып отыр. Күйшінің туған жерінде - Жамбыл облысының Сарысу ауданында мерейтойы кеңінен атап өтілді.

ДҮКЕНҰЛЫ Ықылас (1843-1916) - халық композиторы, күйші, қобызшы, қобыз мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Қарағанды облысы Жаңаарақа ауданында туған. Ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста адам болған; ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақсы тарта білген. Ал өз әкесі Дүкен күйшілік өнерді ұстанған. Ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып, 7-8 жасынан қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді тез игеріп алған. 15 жасынан ол үлкен жиындарда өнер көрсете бастаған. Кезінде Ықыластың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар жас өнерпазға батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған. 18 жасында ол әкесінен үйренген күйлерге өзгеріс енгізіп, оларды классикалық деңгейге көтерді; бақсылардың жүйесіз сарын түлеткен қобыз үніндегі абстракцияны жойып, оны адамның шабытына, ой-толғауына бағындырды, сөйтіп, қобызды халықтық музыкалық аспапқа айналдырды. Ықылас алғашқы күйлерін халықтық фольклордағы оқиғалар негізінде құрды; эпостық жырларды, аңыз ертегілерді қыл қобыз үнімен шертті және қыл қобыздың үн көлемін байытып, тереңдетті. Оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы күйшілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. Ол толғаған «Қорқыт» - бақытты өмірді аңсау, тәтті қиял; «Кертолғау» («Тоғыз тарау ? Кертолғау» деп те аталады) ? замана келбеті, мезгіл туралы ой; «Қоңыр» - адам сезімінің шаттанған, шуақты сәті, жарқын лиризм; «Ықылас» - шабыт шарықтауы; «Қазан» - елдің батырлық салтын ардақтаған салтанатты шеру; «Қамбар-Назым» - махаббат жыры; «Жезкиік» - кең дала табиғаты, еркіндік жыры; «Шыңырау» - зұлымдық қасіреті; «Аққу» - өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу; «Жалғыз аяқ» - әділет үшін оптимистік құлшыныс; «Ерден», «Жарым патша», «Бестөре» - отаршылдық жүйе, Ресей өкіметіне беріле қызмет еткен қазақ ақсүйектері, тағы басқа Ықыластың азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар күйлер. Ықылас Омбы, Қызылжар (қазіргі Петропавл), Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында, жәрмеңкелерде қобыз тартуда алдына жан салмаған. Оның Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты талантты шәкірттері болды. Өз ұлы Түсіпбек те қобызда өте шебер ойнады, ол әкесінің көптеген күйлерін Д.Мықтыбаевқа үйретті. Қобызшы Ж.Қаламбаев Сүгірден Ықылас күйлерін үйреніп, оларды нақышына келтіре орындады. Ықыластың көптеген күйлері Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде де орындалады. Жамбыл облысы Байқадам ауылында Ықылас атында музыкалық мектеп, Алматы қаласында музыкалық аспаптар мұражайы бар. Ықыластың қобызы Жамбыл облысы Жайлаукөл ауылында тұратын немерелерінде сақтаулы.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956) экономика ғылымының докторы, профессор ЕРТІЛЕСОВА Жаннат дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының ғылыми қызметкері болып бастады. 1992 жылы экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып тағайындалған. 1993-1994 жылдары - ҚР Экономика минстрлігі Қаржы-несие саясаты басқармасының бастығы, министрдің орынбасары. 1995-1997 жылдары - ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық реформалар орталығының жетекшісі, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары. 1997-2000 жылдары - ҚР Қаржы вице-министрі, бірінші қаржы-министрі. 2000 жылы - «Қазақтелеком» ААҚ-ының вице-президенті. 2000-2001 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2001-2003 жылдары - «Сана-консалтинг» ЖШС-інің бас директоры. 2003-2004 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ының корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры болған. 2005 жылы Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы болған. 2007 жылы «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (қазіргі Самұрық-Қазына), және ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшi болған.

2009 жылдан бастап 7 каналда «Профессиональный разговор с Жаннат Ертлесовой» бағдарламасының жүргізушісі.

ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының алғыстарына ие болған.

41 ғылыми еңбектің авторы.

ҚАЗАННЫҢ 22-І, СЕНБІ

Дағыстанның Мемлекеттік мейрамы - Ақ тырналар мерекесі

Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен, поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус үшін «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысында бағдарламаның негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіру мақсатында еліміздің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері баяндама жасады. Бағдарламының мақсаты - Қазақстан мен Еуропа елдерінің ынтымақтастығын дамыту, технологиялар мен энергетика, көлік, техникалық реттеу және метрология саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру, сондай-ақ 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үшін жағдай қалыптастыру.

3 жыл бұрын (2008) Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласы мен оған жақын Аташ, Баутино ауылдарының аумағына жедел археологиялық қазба жұмыстарын жасап жатқан маңғыстаулық археологтар 70-тен астам тарихи ескерткіш кешендері мен жекелеген нысандарын тапты. Шұғыл жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары елді мекеннің экономикалық тұрғыдан қарқынды игеріліп жатқандығына байланысты ескерткіштердің жойылып кету қаупінің алдын алу мақсатында қолға алынып отыр. Археологтар тапқан ірі нысанның бірі - көлемі 15 га. аумақты алып жатқан шамамен ХІV ғасырға жататын Кетік қаласы. Жартысына жуығы техногендік себептермен жойылып кеткен тарихи жәдігердің орталық бөлігі сақталып қалған. Ішінара жүргізілген қазба жұмыстарында қаланың жертөлелері мен үйлерінің, мәдени кешендерінің орындары анықталды. Табылған керамикалық ыдыстар, диірмен тастары мен алтын, күміс теңгелер қаланың сауда-шаруашылық орталығы болғандығын айғақтайды. Теңіз жағалауындағы бухталар Кетік қаласының, тарихи деректерде айтылатындай, портты қала болғандығын дәлелдей түседі. Қалған ескерткіштердің барлығы визуалды түрде тіркелді. Соның бірі ? археологтар шамамен Алтынорда кезеңіне жатқызып отырған Қорғантас қаласы. Көлемі 15 га. аумақты алып жатқан қаланың үш метрлік шошақтасты табыну орындарының болғандығына қарап, мамандар оның іргесін ХI-ХII ғасырларда оғыздар қалаған болуы мүмкін деп отыр. «Жалпы біз есепке алған 70-тен астам ескерткіштің дені болжаммен Моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңге немесе Алтынорда кезеңіне жатады. Бұл осы кезеңдерде Бозашы түбегінің сауда орталығы ғана емес, мәдениет ошағы болғандығына да меңзейді. Ендігі мақсатымыз ? ескерткіштерді түгелдей қорғауға алу үшін облыс әкімі жанындағы арнайы кеңеске ұсыну», дейді археолог Андрей Астафьев. Бүгін экспедициялық топ кезекті барлау жұмыстарын жалғастыру үшін Шақпақ ата мешітіне аттанып кетті.

3 жыл бұрын (2008) Чехиядағы Қазақстан Республикасы елшілігі Прага қаласында ЧР СІМ жанындағы халықаралық қатынастар институтында қазақстандық «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Оған осы елдің мемлекеттік, академиялық және қоғамдық жұртшылық өкілдері, сондай-ақ Прагада оқитын қазақстандық студенттер қатысты. Карл Енглиш институтының проректоры, басқарушы Азаматтық демократиялық партияның белгілі өкілі Ярослав Юречка қабылданған бұл бағдарламадан Қазақстанның қазіргі ығыттарға жауабын, бағдарламаның өн бойынан қазақстандық өкімет орындарының, Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары айқын да келешегінің зор екенін байқауға болады, деген пікір айтты.

1 жыл бұрын (2010) Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының (FILA) президенті Рафаэль Мартинетти ұлттық күрес спортының түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Журналистер одағы мен «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы «Даму» журналистік сыйлығын тағайындады.

Сыйлық Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика және қаржы тақырыбына жазылған үздік аналитикалық материалдар үшін берілетін болады.

1 жыл бұрын (2010) С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік медициналық университетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдарының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шармановтың 80 жылдығына арналған «Өмір аллеясы» атты ескерткіш ашылды.

Төрегелді Шарманов ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Платиналық Тарлан» сыйлығының лауреаты, 2005 жылы әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі үшін ДҰҰ-ның ең жоғары сыйлығы - Леон Бернард атындағы медалін алды. Ол 1951 жылдан бері дүние жүзі бойынша 41 адам иеленген сыйлықтың 42-шісі болды. Ол сонымен қатар Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаушысы болып табылады. Оның жетекшілік етуімен ТМД жерінде теңдесі жоқ Балалар тағамының орталығы құрылды.

1 жыл бұрын (2010) Швейцарияның Люцерн қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен құрылған «Швейцария-Қазақстан» Сауда палатасының салтанатты ашылуы болды.

Оның ашылу рәсіміне Швейцария сауда палаталарының, осы елдің экономиканы дамыту ұйымдарының, сыртқы саясат ведомстволарының және дипломатиялық корпустың , сондай-ақ Конфедерацияның бірқатар компаниялары мен банк мекемелерінің өкілдері қатысты.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ы көмір шикізат жөніндегі халықаралық бас сарапшы, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық тау-кен (горный) академиясының академигі, Нью-Йорк тау-кен академиясының мүшесі, Қазақ КСР көмір өндірісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының және Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Шахтинск қаласының құрметті азаматы ПРЕЗЕНТ Григорий Михайлович дүниеге келді.

Ресейдің Саратов облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1964-1993 жылдары - Костенко атындағы шахта телімі бастығының орынбасары, бастығы, директордың орынбасары, бас инженері, директоры. 1993-1995 жылдары - «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1995-1996 жылдары - «Қарағандышахтакөмір» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1996 жылдан бастап «Испат-Кармет» ААҚ Көмір департаментінің атқарушы директоры болған.

Құрмет, Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің ТөрағасыМӘДИНОВ Ромин Ризаұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан (Коқшетау) облысында туған. Омбы мемлекеттік университетін бітірген.Еңбек жолын Омбы қаласында «Омскгидропривод» зауытында фрезерші болып бастады; және де «Омскгидропривод» зауытының БЛКЖО Комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды; БЛКЖО Омбы обкомының нұсқаушысы; «Контакт» коммерциялық орталығының директоры; «Агроорталық» астық компаниясының директоры; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 1999 жалдын бастап кезге дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Екі кітаптың авторы:

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, марапатталған.