ҮКІМЕТ
10 қарашада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Бүкіләлемдік банктің есебі: «Бизнесті ұйымдастыру 2010: кәсіпкерлер үшін жағдайлар жасау» шарасы өткізіледі.
ПАРЛАМЕНТ
10 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.
10 қарашада ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары М.Көпеевтың СҚО оқушыларымен кездесуі өтеді.
10 қарашада ҚР Парламенті Сенатында «ҚР қылмыстық-процессуалдық заңнамасында сот тергеуі институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.
Өзге мемлекеттік құрылымдар
8-10 қарашада республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев ресми сапармен Францияға барады.
10 қарашада ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» әділеттілік және құқық тәртібі кіші комитетінің 9-ыншы отырысы өткізіледі.
10 қарашада ТЖ Министрі В.Божконың қатысуымен апаттар қаупін басқару жөніндегі ОЭС-тің 5-інші халықаралық конференциясы өтеді.
10 қарашада «Гендерлі-сезімтал басшы» республикалық байқауына арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.
10 қарашада ҚР Ішкі істер министрлігінде апталық брифинг өткізіледі.
АСТАНА
10 қарашада Қазақстандағы Француз мәдениеті күндеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
10 қарашада «Қазақстан Республикасында Киото хаттамасын жүзеге асыру үшін парниктік газдар мен ауаға шығарындылар саласында заңнамалық реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.
10 қарашада Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің (ҚХСКК) төрағасы Цзя Цинлинь Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде студенттермен кездеседі.
АЛМАТЫ
10 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті - Қазақстан төрағалығының қорытынды сатысы» дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.
10 қарашада «ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь төңірегінде қалыптасқан жағдай туралы» тақырыбына баспасөз мәслихаты өтеді.
10 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш өтеді.
10 қарашада «Ұлт мұғалімі мұрасын насихаттау» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өтеді.
10 қарашада беделді марапатты тапсыруға арналған шара өтеді.
10 қарашада тұрғындар үшін қаржылық өнімдер көрмесін өткізу туралы баспасөз мәслихаты өткізіледі.
10 қарашада Диабетке қарсы күрестің дүниежүзілік күніне арналған баспасөз мәслихаты өтпек.
10 қарашада «Күзгі кездесулер» жыл сайынғы француз мәдениеті фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
10 қарашада «Б.Момышұлы оқулары» басталады.
ӘЛЕМДЕ
1-10 қарашада Қытайда алтыншы жалпыұлттық халық санағы өткізіледі.
10 ҚАРАША, СӘРСЕНБІ
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні2001 жылғы қарашаның 10-ында ЮНЕСКО-да құрылған және жыл сайын атап өтіледі. Мерекелі шараны өткізу идеясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ғылыми конференциясында және 1999жылғы Будапештегі (Венгрия) Бүкіләлемдік ғылым кеңесінде туды.
Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күніғылым мен технология кедейліктің көлемін қысқартуға және де қоршаған ортаны қорғауға, барлық елдің өмір сүру сапасын көтеруге көмек көрсете алады деген сұрақтарғаа назар салдыруға мүмкіндік береді..
Жастардың дүниежүзілік күні
1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күні Дүниежүзілік жастар федерациясы құрылды.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Ақмола облысы Ерейментау ауданында Сілеті өзеніне салынған ұзындығы 120 метрлік көпір пайдалануға берілді. Енді еліміздегі халықаралық және республикалық дәрежедегі «Астана-Петропавл», «Екатеринбор-Алматы», «Макин-Степногор-Торғай» және «Астана-Семей-Павлодар» күре жолдары бір-бірімен байланыстырылды. Бұл жүк және жолаушылар тасымалын жеделдетуге, ара қашықтықты едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда кезінде Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрі болған Мақан Есболатов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Бұл тақта отставкадағы генерал-майор Мақан Есболатұлының өмірінің соңына дейін 1993-2007 жылдар аралығында Абай көшесі бойында тұрған үйге орнатылды. Шараға марқұмның туған-туыстары мен ардагер әріптестері, шәкірттері мен қаладағы бірқатар жоғары оқу орындарының ұжымдары қатысты. Мақан Есболатұлы Есболатов 1928-ші жылы тамыздың 27-сі күні Алматыда дүниеге келген. Еңбек жолын 1946 жылы Алматыдағы Ішкі істер органдарында қатардағы сарбаздықтан бастаған ол 45 жылғы еңбек өтілінде өзі қызмет еткен саланың еліміздегі ең жоғары лауазымына дейін көтерілді. «Еңбек ардагерінің мұндай белестерге жетуіне оның аз сөйлеп, көп жұмыс істеуі ғана емес, сонымен қатар ақ-жарқын мінезі, әділ әрі адамгершілік қасиеттері тікелей әсер етті», деді салтанатты рәсім кезінде сөз алған әріптестері. Сақшы ардагерлердің пікірлерінше, М. Есболатұлы өзінің қызмет еткен кезінде қазақ милициясының заман талабына сай қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, оны КСРО мемлекеттері ішінде ең алдыңғы қатарға көтере білген. Сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл ту және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1982) домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі ҚҰБАЙЖАНОВ Бақтияр дүниеге келді.
Атырау облысы Қызылқоға ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. Белгілі күйші Есбайдың (Тазбала) шәкірті. 1935 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрамына қабылданып, бас домбырада ойнады, кейінен контрабас домбырашылар тобының концертмейстері болды. Ол оркестр репертуарынан басқа «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Дөң асқан», «Қызыл қайың», «Өтті-кетті», «Теріс қақпай», «Шалқыма», «Ел айырылған», «Ақжелең» күйлерін (100-ге жуық) асқан шеберлікпен жеке орындаған. 1936 және 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің құрамымен Қытайда, Румынияда, Венгрияда, Польшада, Финляндияда болып өнер көрсетті.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
100 жыл бұрын (1910-1970) қоғам қайраткері ДИЯРОВ Құрман дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында туған. Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
Еңбек жолын зоотехник болып бастаған. 1942-1943 жылдары - Қазақстан совхоздары халық комиссарының орынбасары. 1943-1944 жылдары - Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1944-1946 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1946-1952 жылдары - Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1952-1960 жылдары - Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. 1960-1965 жылдары - Қазақ КСР Совхоздар министрінің бірінші орынбасары, Тың өлкесі өлкелік басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1965 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы болған.
Көптеген ғылыми мақалалары, монографиялық еңбектері жарық көрген.
«Құрмет белгісі», 4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
80 жыл бұрын (1930-1985) түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты ӨМІРӘЛИЕВ Құлмат дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), және оның аспирантурасын бітірген.
1960-1962 жылдары - Атырау педагогикалық институтының оқытушысы. 1962-1972 жылдары - «Қазақстан мектебі» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі. 1972 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының түркітану және тіл тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, қазақ поэзиясының тілі, көне дәуір ескерткіштері, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі, текстология, этимология және емле мәселелерін қамтиды. Ол «Оғызнаманы» қыпшақ тілінен аударып, зерттеді. 4 монография еңбегі мен ғылыми мақалалары жарық көрді. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы мен Дулат ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі Дулат Бабатайұлының орнын дәйектеді.
Аягөз қаласындағы көше мен өзі оқыған мектепке Өмірәливтің есімі берілген.
11 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ
Дүниежүзілік сапа күні
Сапа жөніндегі еуропалық ұйымның ұйымдастыруымен және БҰҰ-ның қолдауымен 1989 жылдан бастап жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Социология» жаңа оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті. Оқулықтың авторы социология ғылымдарының докторы, профессор, 200 астам ғылыми еңбектің авторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің проректоры Қанапия Ғабдуллина және социология ғылымдарының докторы Ермұхан Райсов. Оқулық Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес орындалған. Қазіргі уақытта социология Қазақстандағы барлық жоғарғы оқу орындарында оқытылуда.
5 жыл бұрын (2005) «AWARD-2005» Халықаралық байқауында «Мәдениет және өнер, тарих, өлкетану» номинациясы бойынша Қарлаг тарихы жөніндегі сайт екінші орынды иеленді. Сайттың авторы журналист, әрлендіруші Екатерина Кузнецова және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Вячеслав Бахарев. Сайтта документалдық материалдар, «халық жауы» атанғандардың естеліктері, саяси-қуғын сүргінге ұшырағандардың тізімі, тағы да басқа көптеген деректер берілген.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар қаласында белгілі жерлестері Қанат Болатұлы Даржұмановқа кейінгі жылдары тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық тақта орнатылды. Қанат Болатұлы Даржұманов Павлодар өңірінің аудандық, облыстық комсомол, партия комитеттерінде басшылық қызметтер атқарып, облыстың гүлденіп өсуіне көптеген еңбектер сіңірген. Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының алғашқы басшыларының бірі болды. Павлодар-Ертіс өңірінде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін сақтап, одан әрі дамытуды қолдап, ұлтаралық татулықты нығайтуды көздеген. Қанат Болатұлы көптеген ордендер мен медальдармен марапатталып, 2000 жылы Павлодар облысының «Жыл адамы» атағына ие болған.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұлттық валютаның «Алтын барыс» және «Күміс барыс» инвестициялық теңгелік шақаларды айналысқа шығарды. Инвестициялық күміс шақалар ел тарихында алғаш рет шығарылып отыр.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1945) Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым атқару комитетінің директоры, Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының құрметті қызметкері, генерал-лейтенант ЖҰМАНБЕКОВ Жеңісбек Мұхаммедкәрімұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын, КСРО ҰҚК Жоғары курсын бітірген.
1972-1974 жылдары - Қазақ КСР ҰҚК 5-ші басқармасының жедел уәкілі. 1974-1976 жылдары - Алматы облысы бойынша ҰҚК басқармасының аға жедел уәкілі. 1976-1982 жылдары - ҰҚК 5-ші басқармасының аға уәкілі, бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары. 1982-1994 жылдары - Қазақ КСР ҰҚК басқармасының Қарағанды облысы бойынша бастығы, Ақтөбе облысы бойынша бастығының орынбасары, Жамбыл облысы бойынша бастығы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰҚК-інің төрағасы. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰҚК «Барлау» қызметі директорының орынбасары. 1993-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰҚК өкілі - Қазақстан Республикасы дің Өзбекстандағы Елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2004-2010 жылдары - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым атқару комитеті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап - қазіргі қызметінде.
2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты эндоскопия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор БАЙЖАНОВ Сәбихан Шынарбекұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
1973-1977 жылдары - Жезқазған облыстық ауруханасының хирург-дәрігері. 1977-1981 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші бас басқармасы орталық ауруханасының дәрігер-эндоскописі, бөлімше меңгерушісі. 1981-1985 жылдары - КСРО Медицина ғылымдары академиясы Бүкілодақтық онкологиялық ғылыми орталығының ординаторы, аспиранты. 1985-1989 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының ассистенті қызметтерін атқарған. 1989 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициалық орталығының орталық клиникалық ауруханасының эндоскопия және литотрипсия бөлімшесінің меңгерушісі. 1996 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының профессоры. 2006 жылдан бастап -қазіргі қызметінде.
70-тен астам ғылыми еңбегі бар.
60 жыл бұрын (1950) ақын, аудармашы ЖҰМАҒАЛИЕВ Мұхамедия дүниеге келді. Ақмола облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1977 жылдан бері «Жазушы», «Өнер», «Балауса» баспаларында қызмет істеп келеді. Алғашқы өлеңі «Тың өлкесі» газетінде 1965 жылы жарық көрген. Республикалық баспасөз бетінде 1967 жылдан бастап көріне бастады. Армян жазушысы Х.Гюльназарянның «Нағыз саяхатшылар» атты әңгімелер жинағын аударған. Орыс, эстон, қарақалпақ поэзиясы антологияларын аударуға қатысқан. Бірқатар өлеңдері жас ақындардың орыс тілінде жарық көрген жинағына (Разбег. «Жалын», 1986) енді.
«Сырымды айтам», «Гүлдәурен», «Қанатым», «Сағыныш саздары», «Әл-Фараби», «Бақыты үшін басқаның», «Сәлем айт, Көкшетаудың биігіне» атты өлеңдер жинағының авторы.
12 ҚАРАША, ЖҰМА
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы халықаралық әуе қатынастарындағы транзит туралы келісімге қосылды.
Мақсаты - уағдаласушы мемлекеттер арасындағы олардың аумағы арқылы қонбай ұшу және жүйелі халықаралық әуе қатынастарына қатысты коммерциялық емес мақсаттарда қону артықшылықтарын беру, өзара келісім жасаушы елдер арасындағы тұрақты әуе қатынастары кезінде оларға өзара ұшып өту және коммерциялық аялдама жасау құқықтарын жан-жақты алмасу мүмкіндіктерін беру болып табылады. Қазақстанның аталмыш келісімге қосылуы, сондай-ақ халықаралық әуе рейстерінің ел аумағы арқылы транзитінен қосымша кірістер алуға да мүмкіндік береді.
1 жыл бұрын (2009) Қарағанды облысының Жастар бастамалары орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қарағандыда «Жас көшбасшы мектебі» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты - белсенді жастармен жұмыс істеу, келешекте олар жастар саясаты саласында жұмыс істеулері үшін олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту және психологиялық мәдениетін қалыптастыру.
1 жыл бұрын (2009) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде - (ол кездегі Қазақ тау-кен металлургия институты) білім ордасының бірінші басшысы болған Әшір Бүркітбаевқа ескерткіш-мүсін қойылды. Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын үздік бітірген маман. Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кейіннен Риддер қалалық партия комитетінің хатшысы болып істеген. Әшір Жаналыұлы Қазақстан тарихындағы бірінші инжеиерлік-техникалық институтты, іс жүзінде жоқтан ұйымдастырылған институтты басқара отырып, өте ауыр жұмыспен яғни, республикадан сыртқары «шығып», Одақтың ірі өнеркәсіп, жоғары оқу орны мол аймақтарынан танымал ғалым-педагогтарды институтқа тарту ісімен айналысқан.
1 жыл бұрын (2009) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шердебаевтың орыс тілінде жарық көрген «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Кітаптың таныстырылымы ҚазҰТУ-дің 75-жылдық мерейтойының шеңберінде өтті. Шара аясында кітаптың авторы еліміздің техникалық жоғары оқу орнындарының кітапханалық қорына салтанатты түрде тапсырды.
Равиль Шердебаев - экономика ғылымының докторы, профессор, халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, халықаралық инженерлік және экономикалық еуразия академияларының академигі. Мұнайшылар отбасынан шыққан ол Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, «Теңізшевройл» біріккен компаниясының тұңғыш президенті қызметтерін атқарған.
ОҚИҒАЛАР
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1981) композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы БРУСИЛОВСКИЙ Евгений Григорьевич дүниеге келді.
Ресейдің Дондағы Ростов қаласында туған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) консерваториясын бітірген.
1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933-1934 жылдары - Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті. 1934-1938 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі, 1939-1956 жылдары - Қазақстан композиторлар одағы басқармасының төрағасы, мүшесі. 1944-1951 жылдары - Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі. 1944-1970 жылдары - Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, «Кеңестік Қазақстан» атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстанның бірінші әнұранының музыкасын (М.Төлебаев және Л.Хамидимен бірге) жазып, қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Сонымен қатар 250-ден астам қазақ ән-күйін жазып алған. «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» сияқты алғашұы қазақ операларының авторы. 1970 жылдан Мәскеуде тұрып, қазақ тұрмысы тақырыбына 8-ші және 9-шы симфонияларын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» балетін жазды. Оның шәкірттері Бақытжан Байқадамов, Анатолий Бычков, Кенжебек Күмісбеков, Құдыс Қожамияров, Нағым Меңдіғалиев, Қапан Мусин, Сыдық Мұхамеджанов, Еркеғали Рахмадиевтер - Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде «Естеліктер» атты кітабы жарық көрген.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Алматы қаласында Брусиловскийдің атында көше бар.
50 жыл бұрын (1960) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ӘБДІЛМАНОВ Болат Мәзімбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1985-1992 жылдары - Қазақ жастар мен балалар театрында жұмыс істеді. 1992 жылдан - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрынның ұжымында қызмет атқарады.
Ол Мұхтар Әуезовтің «Абайында» Абай, «Айман-Шолпанында» Арыстан, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар, У.Шекспирдің, Петручио, Г.И.Гориннің т.б. (50-ден астам) қазақ және шет ел классикалық драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді ойнады. Сондай-ақ, «Бойся, враг, девятого сына» (Жомарт) «Сағыныш» (Боранбай), «Заман-ай» (Есет), «Ақын арманы» (С.Торайғыров), «Аллажар» (Тергеуші), «Застава» (Шейх), «Қош бол, Гүлсары» (Прокурор) «Біржан сал», «Прыжок Афалины» (Қйрат Мерекен) атты көркем фильмдеріне, «Қарашегіртке» (Дастанов), «Ағайынды» (Айбар), «Арман қала» (Мансұр), «Откройте дверь - я счастье!» (Аманжол) телесериалына түскен. Гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық қалаларында, Өзбекстан мен Қырғызстан, т.б. елдерде болып өнер көрсеткен.
Медальдармен марапатталған.
13 ҚАРАША, СЕНБІ
Зағиптардың халықаралық күні
1784 жылы Парижде зағиптарға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашушы, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұсынан Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды.
Енді бұл көпір арқылы дарияның арғы бетіндегі ондаған ауылдың мыңдаған тұрғыны еркін қарым-қатынас жасайды, бұрын осы жерден халық паром мен қалқымалы көпір арқылы өтетін.
3 жыл бұрын (2007) Астанада ТМД-ға мүше елдердің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің Астанада өтіп жатқан ІІ форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Фолиант» баспасынан шыққан «Бабалар сөзі» қазақ фольклоры көп томдығының алғашқы кітаптары таныстырылды.
100 томдық жинақтың алғашқы 35 кітабында халқымыздың батырлар жырлары мен тарихи жырлары, хикаялар, ғашықтық және діни дастандары топтастырылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарыққа шығып отырған «Бабалар сөзі» шығармалар жинағының алғашқы 35 томы Қазақстанның және шетелдің мұрағаттарынан алынған тарихи қолжазбалардың негізінде үш жыл бойы басылып келген. Енді жинақтың қалған 65 томын алдағы 5 жылдың ішінде шығару жоспарланып отыр»,- дейді «Фолиант» баспасының редакторы Раушан Тұрлынова. Сондай-ақ іс-шара барысында «Аударма», «Раритет» және «Балалар әдебиеті» баспаларынан шыққан жаңа кітаптардың таныстырылымы болды.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қор басқармасының мүшесі, Орталық Азия Халық академиясының академигі, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры ХАСАНҒАЛИЕВ Ескендір Өтегенұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1965-1968 жылдары - Қазақ радиосының музыка редакциясынның редакторы. 1968-1970 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы әрі «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болды. 1970 жылдан - Қазақстан Телевизия және радиохабар жөніндегі комитетінің әншісі.
Оның алғашқы әні 1961 жылы «Анаға сәлем» деген атпен елге танылып, одан кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау» т.б. жұртшылық сүйіп айтар әндер жазды. Сонымен қатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне «Студенттер» спектакліне музыка жазды. Композитордың 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалары бар. Әндері бірнеше рет үнтаспаға және компак-дискіге басылып шыққан.
«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Комсомолы сыйлығының иегері.
55 жыл бұрын (1955-2002) Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы АЛЕКСАНДРОВ Борис Викторович дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Ол Өскемен хоккей мектебінің ең жақсы хоккейшісі болды.
«Торпеда» (Өскемен) жасөспірімдер құрама командасында ойнаған. Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.Тарховтың шәкіртті. ЦСКА командасының құрамында КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.
1980-1983 жылдары - «С» командасында (Мәскеу). 1983-1989 жылдары - «Торпеда» командасында. 1989-1991 жылдары - Италияның, 1991-1992 жылдары - Венгрияның жоғары лигасының клубында өнер көрсеткен. 1993-1994 жылдары - «Торпеда» командасында. 1994 жылдан - «Торпеда» командасының аға жаттықтырушысы. 1997 жылдан - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Өскемен қаласындағы Спорт сарайына Александровтың есімі берілген.
50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі КАМАЛИЕВ Берік Сайлауұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
1982-1984 жылдары - Жезқазған қаласындағы 21636 ә/б құрылыс-монтаждау учаскесінің прорабы. 1984-1987 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының екпінді құрылыс секторының меңгерушісі. 1987-1992 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының студенттік отрядтар штабының командирі. 1992-1993 жылдары - «Мерей» ЖШС-інің директоры, Қарағанды қаласы. 1993-1995 жылдары - Қарағанды облыстық күрделі құрылыс жөніндегі «Казагропромтехника» бірлестігі төрағасының орынбасары. 1995-2001 жылдары - «Самал» сауда үйінің бас директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2004-2005 - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2006-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2009-2010 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылғы сәуірдіен бастап - қазіргі қызметінде.
14 ҚАРАША, ЖЕКСЕНБІ
Қант диабетіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның 2006 жылғы желтоқсанның 20-дағы арнайы қарарында №А/RES/61/225 жарияланған. 2007 жылдан бастап, 14 қарашада жыл сайын аталып өтеді.
Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күні 1991 жылы IDF пен ДДҰ өткізілген. Оның мақсаты дүниежүзін диабетке қарсы келтіру болды. Бұл жаһандық диабетикалық қоғамдарының бірігуінің бастауы болды. Дүниежүзілік диабет күнін жыл сайын инсулин гормонын бірлесе ашқан канадалық физиолог Фредерик Грант Бантингпен және профессор Джон Маклеодтың дүниеге келген күнге орай атап өтіледі. Бүгін дүниежүзілік диабет күні IDF мүшелері мен оның серіктестерінің қызметінің арқасында 145-тен аса әлем елдері миллиондаған адамдарды диабетикалық бірлестікте қамтып отыр. Бұл күн адамдарға диабет меселесі бар екенін естеріне түсіре отырып мемлекет пен қоғам ұйымдарын, фармацевтикалық компанияны, дәрігерлер мен емделушінің жағдайларын жақсарту керек.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Қостанайда әр уақыттағы жергілікті соғыстарда қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш облыс орталығының Жеңіс саябағында орнатылды.
Ескерткіштің салтанаты ашылу рәсімі барысында әскери бөлімнің командирі Сәбит Тасдәулетов атап айтқандай, ескерткіш тек ауған соғысының ардагерлеріне ғана емес, сонымен қатар - Корея, Вьетнам, Куба, Чехословакия сынды елдерде болған соғыстардың қатысушыларына да арналған.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалиннің «Жүрегімді жұлқиды тәңір сөзі» атты таңдамалы 3 томдығының және «Жүрекжарды», «Жасыл от» туындыларының тұсаукесері болып өтті.
Нұрлан Оразалин Алматы облысы Ұйғыр ауданынында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық үниверситеті) филология факультетін бітірген. Оның бірінші «Беймаза көңіл» атты кітабы 1977 жылы жарық көрді. Ақынның «Сырнайлы шақ», «Жетінші құрлық», «Ғасырмен қоштасу», «Жүрек жарды», «Жасыл от» («Зеленый огонь» орыс тілінде) сынды жыр жинақтары жарық көрген. «Азаттық айдыны» атты көркем публицистикалық эссе-толғаулар кітабы, «Қырғын» атты драмалық шығармалар жинағы да оқырман талғамына ұсынылған. Сондай-ақ пьесалары ел театрларында қойылып келеді. Ол - жүздеген әдеби көркем сын, публицистикалық мақалалар авторы. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, болгар, түрік, молдаван, өзбек тілдеріне тәржімаланған.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1979) ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі ЖОЛАЕВ Рахмет Жанғазыұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген.
1935-1945 жылдары - Шымкент, Алматы қалаларында оқытушы, ғылыми қызметкер. 1945-1956 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының Энергетика институты зертханасының меңгерушісі. 1956-1962 жылдары - осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1962-1973 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының ректоры. 1973-1979 жылдары - Қазақ мемлекеттік су шаруашылығын жобалау-зертеу институтының (Казгипроводхоз) ғылыми кеңесшісі.
Оның негізгі ғылыми зерттеулері гидротехникалық құрылыс және су шаруашылығы мәселелеріне арналған. Ол тау өзендерінен су тартқыш құрылғылардың тиімді түрлерін зерттеп, олардың Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның гидротехникалық құрылыстарында пайдалануына ұйытқы болды. Сондай-ақ, күріш егістігіне су жіберуді реттеу әдістерін ұсынып, суды бөлудің теориялық негіздерін зерттеді.
15 өнертапқыштың авторы.
Қазан Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) жазушы, аудармашы СӘУКЕТАЕВ Тұрысбек дүниеге келді.
Алтай өлкесінде туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1975-1989 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясында аударма фильмдер бірлестігінде аудармашы. 1989-1999 жылдары - «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қазір «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметтін атқарады.
Оның «Ұстаз» деп аталатын алғашқы өлеңі 1965 жылы Күршім ауданы «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланған.
«Сүткенже», «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар», «Көлеңкелер патшалығы» атты прозалық кітаптары, және «Ай қараңғысы», «Желқайық» атты романдары жарық көрді. Сонымен қатар аударма саласында да жемісті еңбек етіп, 200-ден астам киносценарий мен Ги де Мопассанның, Амброз Бирзстің новеллалары, Голдо Мейердің «Менің өмірім» атты ғұмырнамалық повесін тәржімалаған.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін медалімен» марапатталған.