ҚазАқпарат-Анонс: 19 қараша мен 21 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 19 қараша мен 21 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

19 қараша күні «Қайта жаңғырту - үдемелі индустрияландырудың негізгі факторы» атты халықаралық конференция болады.

19 қарашада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде алқа отырысы болады.

19 қараша күні Бейжің-Палас қонақ үйінде «Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы: гендерлік аспект» тақырыбы бойынша халықаралық баспасөз конферециясы өтеді

19 қарашада Астана қаласы әкімдігінің алдында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен «Сарыарқа» таксомотор компаниясының таныстырылымы өтеді.

19 қараша күні «Нұр Отан» ХДП-да Кеңес отырысы өтеді.

19 қарашада ҚР сыртқы істер министрлігінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров пен АҚШ энергетика министрінің көмекшісі Энн Харингтонның кездесуі өтеді.

19 қараша күні «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджет жоспарын талқылау жөніндегі кеңейтілген кеңес өтеді.

19 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де сервис орталығының таныстырылымы мен салтанатты ашылуы болады. Іс-шараға Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов қатысады.

ПАРЛАМЕНТ

18-19 қараша күндері ҚР Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырысы өтуде.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

12-27 қараша аралығында Гуанчжоу қаласында XVI жазғы Азиада ойындарын өтуде. Онда 393 спортшыдан тұратын Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша сайысқа түсті.

ЭКОНОМИКА

1 қарашадан бастап бастап Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобына ауысады.

АЙМАҚ

19 қарашада Павлодарда «Балалармен тату қала» атты халықаралық жобаға қатысушы Қазақстан қалаларының алғашқы саммиті өтеді

АСТАНА

19 қараша күні Астанадағы «Іскер» іскерлік орталығында «Қазақстандағы өмір бойы бас бостандығынан айыру институты: реформалау мүмкіндіктері» атты конференция өтеді.

19 қарашада Қазақ Гуманитарлық заң университетінде «2010 жылдан 2020 жылға дейінгі ҚР құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнамаларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

19 қарашада Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында публицист С.Әбдірахмановтың «Қашаған құрықтаған Қазақстан» атты кітабының тұсаукесері болады.

19 қараша күні сатирик Мыңбай Рәштің 80 жылдығына арналған «Қызығым да шыжығым да - өзімде» атты шығармашылық кеш өтеді.

АЛМАТЫ

15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтуде. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.

19 қараша күні ҚР Тұңғыш Президентінің Қорында «Бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін факторлар» атты 5-ші халықаралық форум өтеді.

19 қарашада Алматы қалалық әкімдігінде «Азиада 2011- бизнес мүмкіндіктері» атты бизнес-конференция өтеді.

ЕЛЕУЛІОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫКҮНДЕР. ЕСІМДЕР

ҚАРАШАНЫҢ 19-Ы, ЖҰМА

Дүниежүзілікәжетханакүні

2001 жылы Сингапурда өткен, әжетхана мәселелеріне арналған Халықаралық конференциясында қарашаның 19-ын «Дүниежүзілік әжетхана күні» деп жариялады. Азияның, Еуропаның және Солтүстік Американың 200-ден астам делегаттары, 17 ұлттық әжетхана одағының өкілдері әжетхана істерінің дамуы туралы жаңа концепциясын қарап талқылады. Дүниежүзілік әжетхана ұйымының кездесуі осы ерекше мейрамды құрудың бастамасы болды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Атырау-Ақтау автожолында Қарабатан-Доссор тарауындағы қозғалыс ашылды.

Бұл автокөлік жолы халықаралық транзиттік дәліз болып табылады.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1960) «Бәйтерек бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары - атқарушы директоры КУМАМБЕТОВ Владимир Романович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

1982-2004 жылдары - «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының инженер-реттеушісі, аға инженер-реттеушісі, І-дәрежелі инженер-электр реттеуші, бас инженері, Арнайы конструкторлық бюро бастығының бірінші орынбасары, Арнайы конструкторлық бюроның бастығы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, департамент бастығы, Президенттің кеңесшісі, Бас директордың дамыту жөніндегі орынбасары. 2004-2008 жылдары - «Кадар» сауда орталығы ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдың қаңтарынан бастап -қазіргі қызметінде.

ҚАРАШАНЫҢ 20-Ы, СЕНБІ

Африканың индустрияландыру күні

1990 жылғы қарашаның 20-ында жыл сайын атап өтіледі. Африканың индустрияландыру ісіне халықаралық бірлестіктердің демеу болуына уәдесін алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған (№А/RES/44/237 қарары).

Бүкіләлемдік балалар күні

1954 жылғы (836 қарарда (IX) Бас Ассамблея барлық мемлекеттерге Бүкіләлемдік балалар күнін бар әлемдегі балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған балалар туыстығы мен өзара түсіністігінің әлемдік күні ретінде атап өтуді өздерінің тәжірибесіне енгізу туралы ұсыныс жасады.

1959 жылғы қарашаның 20-ында Ассамблея Балалар құқығы декларациясын қабылдады, ал 1989 жылы- Балалар құқығы Конвенциясын қабылдады.

ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана-Бурабай» автомагистраль құрылысының аяқталуына байланысты салтанатты рәсімге қатысты.

Ұзақтығы 224 шақырым болатын еліміздегі алғашқы үлкен жылдамдықты Астана-Бурабай автомагистралінің құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Алты жолақты жаңа жол техникалық санаты 1-А параметрлеріне сәйкес келеді. Жолдың есепті жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрайды. Таратылған мәліметтерге қарағанда жобаның құны 115 млрд. теңгеге жуық қаржы көлемінде. Жобаны жүзеге асыруға 5 жол-құрылыс компаниялары қатысты. Нысандағы жұмыстарға 1,4 мың дана техника және 3,5 мың адам жұмылдырылды. Олардың 500-і шетел адамдары. Қазіргі уақытта Астана-Бурабай жолында жобаны жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстар толық аяқталған. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдаланушы қызмет тарапынан жағдайды шапшаң бақылау және жүргізушілерге үнемі хабарлап тұру мақсатында аталған жолда ауа райы мен жол қозғалысы жағдайын бақылайтын жүйемен қамтылған соңғы буынды зияткерлік-электронды жабдықтар орнатылатын болады.

1 жыл бұрын (2009) Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Республикасы Кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Әріптестердің жоспары бойынша, қордың қаражаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған жекелеген бағдарламаларға, салалардың бірі үшін кадрларды дайындау бойынша нақты тапсырмаларды шешуге және жаңа оқу бағдарламаларын жасауға жұмсалады.

Сонымен қатар осы форум барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі корпорациясының, GEMCO INTERNATIONAL BV голландық компанияның және FONTYS Қолданбалы ғылымдар унверситетінің ( Голландия) арасында келісімдерге, ниет хаттамаларына және меморандумға қол қойылды.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан мен Ресей әртүрлі салалардағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

Темір жол, энергетика, мұнай және атом өнеркәсіәбі, автомобиль индустриясы салаларындағы екі елдің әріптестігін тереңдетуге қатысты құжаттарға қол қою Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Владимир Путиннің қатысуымен өтті.

Қол қойылған құжаттар арасында: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасында Ресей аумағындағы қазақстандық жүктерді және Қазақстан аумағындағы ресей жүктерін тасымалдауға қолайлы жағдайлар туғызу туралы келісім; «Соллерс» ЖАҚ пен «АзияАВТО» ЖШҚ арасында Қазақстан аумағында бірлескен автомобиль өндірісін құру ниеті туралы меморандум; Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасындағы Ресей мен Қазақстан бірыңғай энергия жүйесінің жарыспалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім; Екібастұздық ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысын қаржыландырудың индикативтік шарттары туралы келісім; және басқа да маңызды құжаттар бар.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-2010) ақын, аудармашы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы ӨМІРБЕКОВ Жаппар дүниеге келді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Жамбыл мұғалімдер институтын, Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында және КСРО Жазушылар одағының жоғары әдеби курсында білім алған.

1944-1951 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі. «Әдебиет және өнер» журналы редакциясы бөлімінің меңгерушісі. 1951-1952 жылдары ? жауапты хатшысы. 1952-1957 жылдары - «Жазушы» баспасының аға редакторы, поэзия редакциясының меңгерушісі. 1959-1965 жылдары - Алматы телевизия студиясының, Қазақ КСР Телевизия мен радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы. 1965-1977 жылдары - «Жұлдыз» журналы ғылым және өнер бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің жауапты хатшысы. 1977-1981 жылдары - «Жазушы» баспасы КСРО халықтары әдебиеті редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Өлеңдері мен поэмалары орыс тілінде бірнеше рет жеке кітап болып басылып шыққан «Алғашқы сөз», «Жиырма төрт сағат», «Мың терезе», «Ерлік пен махаббат» (дастан), «Жер ұшқындары», «Атыңнан айналайын», «Шуақты күндер», «Батырдың қалыңдығы» жыр, дастан, поэмаларының, «Елеусіз», «Замандас сырласым», «Көңілімнің құстары», «Қызыл су», «Перзенттерім», «Тас түйін» атты әңгімелері мен повестерінің авторы. «Невеста героя», «Про тётю Аню», «Голубинный свет» атты еңбектері орыс тілінде жарық көрген. . Сонымен қатар Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуға қатысқан. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен және 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

65 жыл бұрын (1945) жазушы, публицист, тарих ғылымының кандидаты, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт дүниеге келді. Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Сол жылы Байқадам селолық кәсіптік-техникалық училищесінде сабақ берді. 1969-1971 жылдар Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің республикалық «Қазауылшаруашылықтехника» бірлестігінде жаңа техника енгізу басқармасының рационализаторлық пен өнертапқыштық бойынша инженері, жаңа техника енгізу жөніндегі аға инженері қызметтерін атқарған. 1971-1975 жылдары Алматы облыстық комсомол комитеті кәсіптік-техникалық білім беру секторының меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті насихат бөлімінің лекторы болған. 1975-1980 жылдары «Қазақстан пионері» (Ұлан) газетінің жауапты хатшысы, редакторы, 1980-1983 жылдары «Білім және еңбек» (Зерде) журналының бас редакторы, 1983-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1987 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының аппаратында аға редактор, 1987-1988 жылдары шығармашылық жұмыста, 1988-1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990-1991 жылдары «Денсаулық» журналының бас редакторы, 1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, «Тіршілік» журналының бас редакторы. 1996-1998 жылдары - «Әдеби қор жаршысы» газетінің бас редакторы, «Zaman-Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Автор құқықтарын қорғау агенттігінің бас басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары - «Діл» газетінің тілшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақ энциклопедиясы Ғылыми бақылау редакциясының жетекші маманы, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы, «Тарих және саясат» газеті бас редакторының орынбасары. 2003-2005жылдары - «Заңгер» журналының жауапты редакторы, 2006-2008 жылдары - «Жаңа ғасыр» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, «Ана тілі» газетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері қызметін атқарады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұлттық қозғалыстар («Азат», «Ұлт тағдыры») қызметіне атсалысуда. Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басқарма мүшесі, президенті, қоғам төрағасының бірінші орынбасары. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Құрметті азаматы

«Ленин өсиеттеріне берікпіз», «Жастардың Коммунистік интернационалы және оның революциялық дәстүрлері», «Интернационализм - біздің туымыз», «Талтүске дейін», «Ар - Қуат», публицистикаларының, «Кемпірқосақ көк аспан», «Бақытты болғым келеді», «Ай нұры», «Алтын діңгек», «Комсомол ордендері», «Киелі мұра», «Қара алтын қайдан шығады?», «Шаг к любви», «Жақсы көрем», «Жас қалам», «Дүние-кілт», «Біз табысар қиырлар», «Саттар Ерубаев», «Әлихан Бөкейханов» «Сен ғана», «1905 жыл», «Ұлт театры шаңырағын көтеруші» романдары, повестері мен әңгімелері мен «Жазықсыз жапа шеккендер», «Рух» зерттеулерінің, «Бақытжан Қаратаев», тарихи миниатюраларының, «Рух-Сарай», танымды туындылар топтамасы-3 кітабының, «Сұлтанбек Қожанов» ғұмырнамалық деректі хикаяттың авторы.

Ольга Гумирова, Татьяна Аладьиналардың, тағы басқалардың туындыларын қазақ тіліне аударған.

«Құрмет» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚАРАШАНЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіләлемдік күні

БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы қазанның 26-дағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл күнің мақсаты жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алып және оның отбасына көңіл айту, тағы да жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мемлекеттің есіне түсіру болып табылады.

Телеарналардың бүкіләлемдік күні

БҰҰ Бас Ассамблея (А/RES/51/205 қарарының) ұсынысымен жыл сайын қарашаның 21-інде атап өтіледі.

1997 жылғы ақпанның 28-інде Бас Ассамблея өзінің қарарында Бүкіләлемдік телеарна күнін телебағдарламалардың алмасуына қолдау көрсету, ең алдымен бейбітшілік, қауіпсіздік және мәдениет алмасуының дамуы мен кеңейтілу мәселелеріне арналған мақсатта атап өтуді ұсынды.

Қарашаның 21-і күні 1996 жылғы БҰҰ-да алғаш рет өткен бүкілдүниежүзілік телефорумның құрметіне сәйкес таңдалған.

Дүниежүзілік құттықтау күні

1973 жылдан бастап атап өтіледі. Мерекені жер бетінде халықаралық шиеленістің күшейіп кетуіне тосқауыл шарасы ретінде Американың Небраска штатының тұрғындары ағайынды Майкл мен Брайан Маккормактар ойлап тапқан.

Дүниежүзілік иммигранттар күні

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде тойланады.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Таразда жерлесіміз ислам ойшылы, дін зерттеушісі, ақын, ағартушы Саид Махмұд ат-Таразиді есте қалдыру шаралары болып өтті.

Ғалым тұрған үйге ескерткіш тақта орнату және облыс орталығында бір көшенің атын беру туралы шешім 1995 жылы қарашада Саид Махмұд ат-Таразидің туғанына 100 жыл толуына арналып Тараз қаласында Қазақстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен өткен ғылыми-практикалық конференцияда қабылданған болатын. Атақты ғалым 1923-1930 жылдары тұрып еңбек еткен Тараздағы медресе мен Әбдіқадыр көне мешітінде салтанатты жағдайда ескерткіш тақта орнатылды. Қаладағы бұрынғы Пролетар көшесі енді Саид Махмұд ат-Таразидің есімімен аталады. Ғалымды есте қалдыру шараларын өткізуге қаладағы өзбек ұлттық орталығы атсалысты.

3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының І-дәрежелі «Қос ақ крест» орденімен марапатталды. Бұл орденді Братиславада Н. Назарбаевтың аталған елге мемлекеттік сапары аясында Словакия Президенті Иван Гашпарович табыс етті.

Бұл орден басқа мемлекеттердің азаматтарына Словакиямен әртүрлі салаларда ынтымақтастықты орнатып, дамытуға қосқан айрықша еңбектері үшін беріледі. Орденнің азаматтық және әскери екі түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі дәрежеден тұрады. Ең жоғарғысы І-дәрежелі болып табылады. Өз кезегінде Словакия Президенті И. Гашпарович те Қазақстанның І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.

3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың Словакияға сапары аясында екі елдің Үкіметтері арасында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Словакия Үкіметі арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге, Қазақстан Үкіметі мен Словакия Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыспен, лаңкестікпен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, психотропты заттармен және олардың прекурсорларымен және басқа да қылмыс түрлерімен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словакияның Мәдениет министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Словакияның Денсаулық сақтау министрлігі арасында медицина саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

3 жыл бұрын (2007) Братиславада Қазақстан мен Славакия арасында Қарағанды облысындағы биоэтанол өндіретін зауыт құрылысы туралы келісімге қол қойылды.

Бұл құжатқа «Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы мен «Корлея инвест» словакиялық компаниясы «Қазақстан - Словакия: инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты бизнес-форумда қол қойды.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Словакия Республикасының «Алтын Биатек-2007» құрметті мерейтойлық наградасымен марапатталды.

Елбасыға бұл награданы бүгін Братиславада өткен қазақ-словак іскер топтарының бизнес форумынның барысында салтанатты жағдайда табыс етілді.

1 жыл бұрын (2009) Минскідегі орта мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.

М.Әуезов атындағы №143 орта мектеп Минскінің Заводской ауданындағы қазақ жазушысының атындағы көшеде орналасқан. 2005 жылы мектеп аумағына Беларус елінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған болатын.

2009 жылдың маусым айында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Беларус Республикасына жасаған ресми сапарының барысында осы мектепте М.Әуезовке арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1910-1996) тілтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым акдемиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЫСҚАҚОВ Ахмеди Ысқақұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы КСРО халықтарының тілі және жазба институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалімдіктен бастап, «Ленин туы» газетінің әдеби қызметкері, педагогикалық училищенің оқытушысы болды. 1942-1947 жылдары - Қазақ педагогикалық және мұғалімдер институттарының оқытушысы. 1947-1951 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы. 1951-1953 жылдары -Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл, әдебиет институтының директоры. 1953-1955 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар институтының кафедра меңгерушісі. 1955-1961 жылдары - Қазақ ССР Ағарту Министрлігі Педагогика ғылымдарының Қазақ КСР Ағарту министрлігі Педагогика ғылымдарының Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1961-1996 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен қазақ тілінің морфологиялық құрылымын зерттеу мәселелеріне арналған. «Абай тілі сөздігі» мен 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» жалпы редакциясын басқарған. Орысша-қазақша, Қазақша-орысша сөздіктерінің авторы және бірлесіп шығарған редакторы.

Халықтар достығы, Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

40 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің форумы кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» холдингі компанияларының Директорлар кеңесінің төрағасы БАТАЛОВ Райымбек Әнуарұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.

1992-1998 жылдары - «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары -- «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде.