ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 12-17 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 12-17 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ЕЛБАСЫ

15 және 16 сәуірде
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің Астанаға ресми сапары өтеді

ПАРЛАМЕНТ
12 сәуірде
ҚР Парламенті Сенатында екінші оқылымда "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Комитет отырысы өтеді.

ҚОҒАМ

15 сәуірде елімізде «Өнімділік - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы іске қосылады.

АСТАНА

9 сәуірден 15 маусымға дейін Астананың Жеңіс және Иманов көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

12 сәуірде «Бір әлем - Бір кітап» республикалық акциясы басталады.

12 сәуірде «Үйлену тойлары. Салтанатты шаралар. 2011» көрмесі өтеді.

12 сәуірде Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» ХДП АҚФ-ның қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» ХДП АҚФ-мен жасалған Меморандумның аясында Ашық есіктер күнінөткізеді.

12 сәуірде "Астана" баскетбол клубын құруға және аталмыш клубтың ВТБ Бірегей лигасына енуіне арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.

12 сәуірде Кеден органдарының 2011 жылдың 1 тоқсанындағы қызмет нәтижелеріне арналған брифинг өтеді.

12 сәуірде Астана Ішкі істер департаментінде апталық брифинг болады.

12 сәуірде Қорғалжын тас жолының бойындағы Фемида алаңында Елбасы Н.Назарбаевтың ұлықтау рәсімінің құрметіне арналған жастардың республикалық форумы өтеді.

12 сәуірде «Бәйтерек» монументінде Ю.Гагариннің алғашқы ғарышқа сапарының 50 жылдығына арналған фотокөрме ашылады.

12 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Қазіргі заманғы космонавтиканың проблемалары және перспективалары: Қазақстаннан көзқарас» деген тақырыпта брейн-ринг зияткерлік турнирі болады.

12 сәуірде Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде қала мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездеседі.

12 сәуірде Мәскеу-Киев-Астана-Алматы мультимедиялық бейнекөпірі болады. Бұл басқосу «Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті іске қосу: перспективалар және тәуекелдер» тақырыбына арналады.

12 сәуірде Қазіргі заман өнері мұражайында Космонавтика күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

АЛМАТЫ

11-12 сәуірде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

12 сәуірде Алматыда «Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатқа 25 жыл» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді

12-14 сәуір аралығында Алматы қаласында стратегиялық жоспарлау бойынша семинар өткізіледі. Оның жұмысына Оңтүстік, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының 14 көшбасшысы қатысады.

Алматыда 12 сәуірде Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің студенттері У.Шекспирдің «Король Лирін» ағылшын тілінде сахналайды.

12 сәуірде «Алатау» шипажайында Мүгедек әйелдер ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен стратегиялық жоспарлау мәселелеріне арналған семинар өтеді.

12 сәуірде Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Әл-Фараби» олимпиадасының жабылу рәсімі өтеді.

12 сәуірде Қазақтың Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық книверситетінде «Сәтбаев оқулары» өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

СӘУІРДІҢ 12-І, СЕЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Сәуірдің 12-інде Дүниежүзілік авиация және космонавтика күнін тойлайды. 1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген.

Бұл ерекше күн - қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды. Тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды. Байқоңыр басты ғарыш айлағына айналды, ол жерден совет кемелері, сосын ресей мен шетел кемелері ғарышқа аттанды.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: оған дейін ешкім ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.

ОҚИҒАЛАР

20 жыл бұрын (1991) Байқоңырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Ғарыш, спорт, эстрада жұлдыздары» атты халықаралық фестиваль өтті.

16 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.

16 жыл бұрын (1995) Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларында Абай Құнанбаевтың (1845-1904) туғанына 150 жыл толуы аталып өтті.

6 жыл бұрын (2005) ИНТАЛЕВ-Қазақстан серіктестігі менеджмент және кәсіпорындарға басқару жүйесін орнату сұрақтары бойынша онлайн-кеңестік көпшілік қолданалатын желіні ашты.

Сайттағы тегін сервистің көмегімен кейбір ресейлік кәсіпорындарға автоматтандырылған басқару жүйесін орнатудағы нақты жобағы қатысушы серіктестіктердің мамандандырылған кеңесшілерінен өздерінің сұрақтарына толық жауап алады.

5 жыл бұрын (2006) Байқоңыр ғарыш айлағына еуропалық "Метоп" жерсерігін ұшыруға қажетті құрал-жабдық жеткізілді. Метеоспутник тиеген "Союз-2" зымыран- тасығышын 30-шы маусымда ұшыру жоспарланған. Отандық ғарыш саласы бұдан өзге тағы бір оқиғаны атап өтуге дайындалып жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағына еуропалық "Метоп" жерсерігін ұшыруға қажетті құрал-жабдық жеткізілді. Метеоспутник тиеген "Союз-2" зымыран- тасығышын 30-шы маусымда ұшыру жоспарланған. Отандық ғарыш саласы бұдан өзге тағы бір оқиғаны атап өтуге дайындалып жатыр. Қазақстанда Юрий Гагариннің ғарышқа сапарының 45-жылдығына арналған мерекелік шаралар басталуда. Сәуірдің 12-сінде Байқоңырда Гагарин мен Королев ескерткіштерінің жанында салтанатты шеру өтеді. Алматыда тұңғыш ғарышкер саяхатының мерейтойын атап өту сәрсенбіге межеленіп отыр. Бұл күні Қаланың жоғарғы бөлігінде "Қазғарыш" саябағының іргетасын қалау рәсімі өтеді. "Қазкосмос" ұлттық компаниясының қызметкерлері мен ардагер-ғарышкерлер болашақ бақтың алғашқы ағаштарын егеді деп күтілуде. Алдағы төрт жылда балабақша, мектеп пен кәсіби училищелердің саны едәуір артпақ. Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Хафиза Утеулина мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс. Жалпы республикада 240-тан астам мектеп тұрғызылмақ. Олардың басым бөлігі - республикалық бюджет есебінен бой көтереді. Бұл мақсатта 15 миллиард теңге бөлініпті. Былтыр Қазақстанда жаңа 50 мектеп ашылып, мыңға жуық орта білім ордасы жөнедеуден өткен болатын. Алдағы екі жылда тағы 27 Кәсіби-техникалық училище мен техникалық кадрларды әзірлеу бойынша төрт орталық ашылмақ. Биыл мемлекет қазынасынан балабақшалар құрылысына 1 миллиард теңге бөлінген.

5 жыл бұрын (2006) елордадағы балалар кітапханасының оқу залында «Астана - қазақтың шаңырақ қаласы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. «Астана жазушыларының кітапханасы» сериясымен жарық көрген тарихи-танымалдық жинақтың маңызы мен мәні хақында Қазақстан Жазушылар Одағы Астана бөлімшесінің директоры Алдан Смайыл жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді. Кітапқа Астана тарихы мен оның елорда ретінде қалыптасуына қатысты белгілі ғалымдардың публицистикалық зерттеу мақалалары, Ақмола ? Қараөткел өңірінің тарихи тұлғалары туралы ғұмырнамалық шығармалар, атақты ақын-жыраулардың өлең-поэмалары топтастырылған. Тұсаукесерде сөз алған Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарихшы Қойшығара Салғара, жазушы Әнес Сарай және басқалар аталған кітаптың Астананы елорда ретінде төрткүл дүниеге таныту үрдісіне зор үлес қосатындығын, алда оның орыс тіліндегі басылымының жарық көруге тиіс екендігін атап көрсетті.

5 жыл бұрын (2006) Жезқазған қаласының әкімдігі қалалар мен аудандар әкімдіктерінің арасында облыста бірінші болып өз сайтын ашты. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана Қарағанды облысы әкімінің сайты ашылған болатын. Бұл электронды үкімет құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындаудың алғашқы қадамдары. Жуырда журналистермен болған кездесуде облыс әкімі Нұрлан Нығматулин «кері байланысқа» шығып, сайтқа кірушілермен «сұрақ-жауап» түрінде жеке қатынас орнатуға уәде берген болатын. Жезқазған әкімдігінің ? www.jezkazgan.kz ? сайтында қаланың картасы, көрікті жерлерінің фотосуреттері орналастырылған. Оған кірушілер қалалық әкімдік және «Қазақмыс» корпорациясы» мен басқа да ұйымдар туралы деректер ала алады. Ауыл әкімдеріне арналған бет бар және қалалық газеттердің сайттарына сілтеме берілген. «Кері байланыс» та ескерілген, қала әкімі мен аппарт қызметкерлеріне сұрақ қоюға болады.

4 жыл бұрын (2007) Павлодардағы көшелердің біріне Социалистік Еңбек Ері Яков Геринг есімі берілді.

Яков Геринг (1932-1984) - 1959-1984 жылға дейін ширек ғасыр бойы «Қазақ КСР 30 жылдығы» ұжымшарын басқарған. Павлодар облысында ол озат ауыл шаруашылығы өндірісін қалыптастырған. Жергілікті өлкетану мұражайында оның жеке заттарының, фотосуреттерінің көрмесі ашылған. Константинов ауылының орта мектебіне шаруашылық төрағасының есімі берілген.

3 жыл бұрын (2008) Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде «Орталықазиялық оқулар» жобасы аясында «Қазақстан Республикасының ребрендингі» тақырыбында халықаралық конференция өтті, конференция аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың (2007 жылғы қаңтардың 11-інде - Қазақстан Респуюликасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды) ресейлік оқырмандардың айрықша назарын аударған «Жарық пен көлеңке» кітабының таныстырылымы өтті.

Жиынға қатысушылар, бұл шығарманы егемен Қазақстанның даму тарихын баян ететін туыныды ретінде атап көрсетті. «Жарық пен көлеңке» - мемуар жанрында жазылған кітап. Онда Қасымжомарт Тоқаев «жоғары дипломатияның» жұртшылыққа кең танылмаған парақтары туралы баян етеді.

3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елші - Ауғанстанға көмектесу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы өкілі Асхат Оразбаевтың басшылығымен Ауғанстан Ислам Республикасына мекеме аралық делегация сапармен болып қайтты. Сапардың мақсаты 2007-2008 жылдардағы Ауған Ислам Республикасына көмектесу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаларын кезеңді іске асыру механизмдерін өндіру болып табылады. Сапар аясында Қазақстанның өкілдері Ауған Ислам Республикасының қоғамдық жұмыс, ағарту ісі, денсаулық сақтау министрлерімен, сыртқы істер министрінің орынбасарымен және қаржы министрімен кездесулер өткізді. Екі жақты кездесулердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім министрлігінің және Ауған Ислам Республикасының Ағарту минстрлігінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің және Ауған Ислам Республикасының қоғамдық жұмыстар министрлігінің, сонымен қатар екі елдің денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы мекеме аралық хаттамаға қол қойылды.

1 жыл бұрын (2010) Павлодарда қазақ халқының ғұлама ұлы, еліміздің Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай ескерткіші ашылды. Қ.Сәтбаевтың қола мүсіні Жерді бейнелейтін жасыл тасты жартылай сфераға сүйенген, Қордай жерінен алынған гранит тұғырға орнатылған. Баспалдаққа қаланған тастар әртүрлі, олар ғалымның жер қойнауы байлығымен жүріп өткен жолын символды бейнелейді. Монументтің биіктігі 8,5 метр. Ескерткіштің авторы - мүсінші, Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атынағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Ольга Прокопьева. Тұрғырнама жобасын белгілі сәулетші Владимир Кацев жасаған.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) - Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. 4 мәрте Ленин, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Юрий Алексеевич Гагарин дүние жүзінде бірінші болып «Восток» кеме-спутнигімен ғарышқа ұшты. Ол Жерді бір айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін қайта қонған.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1926-1994) қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші БАЙДІЛДАЕВ Мардан Келдібайұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті) бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болып, қазақ халқы әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігерін жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жаңғыруына өз үлесін қосты. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған «Шаһнаманың» 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынған, «Рүстем дастан», «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарын шығаруға қатысқан. Оның «Ақындар творчествосы», «Ақын-жыраулар» атты зерттеу кітаптары жарық көрген.

75 жыл бұрын (1936-1998) техника ғылымдарының докторы, профессор ЖАУҒАШТИН Қазбек Есенжанұлы дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетін және осы аталмыш оқу орнының аспирантурасын бітірген. 1963-1980 жылдары - Ленинград Жоғары әскери-теңіз инженерлік училищесі физика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, техникалық жылу физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері, бөлімше бастығы. 1980-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Теориялық және қолданбалы математика институты қолданбалы гидродинамика зертханасының меңгерушісі. Сонымен қатар институт ғылыми кеңесінің және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі арнаулы кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының сарапшысы. Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі бар, оның 30-ы шет елдерде жарияланған. Ол гидродинамика, аэродинамика, атмосфералық үрдістерді математикалық үлгіге түсіру, гидрология жөніндегі айрықша курстардың авторы. 12 ғылым кандидатын, 1 ғылым докторын даярлаған ғалымның негізгі ғылыми еңбектері турбуленттілік, магниттік гидродинамика мәселелері мен шекаралық қабат теориясына арналған.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі вице-ректоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының, Халықаралық ғылымтану академиясының, «Еуразия» Халықаралық экономика академиясының академигі ЖОЛАМАН Рүстем Қабидоллаұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті), Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1983-1985 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының оқытушысы. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңесінің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету перспективалары мен мәселелерін зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы вице-президентінің көмекшісі. 1994-2000 жылдары - Қазақстан даму институтының директоры, бірінші вице-президенті, кейіннен президенті. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 2002-2003 жылдары - «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» ААҚ вице-президенті. 2003-2004 жылдары - Астана қаласының экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасының инспекторы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бірінші вице-министрі. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқарма бастығы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметшілерді Еуразиялық оқыту орталығының директоры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2009 жылдың наурыз айынан бастап істейді.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 13-І, СӘРСЕНБІ

Үндістанда Жаңа жылдың басы. Бұл күн үндістер жаңа жылдың басы деп белгiленген. Бірнеше мың жылдар бұрын үндістердің құдай анасы Ганга дәл осы күні аспаннан жерге түсті деп сенеді, сол үшін олар сәуірдің 13-де қасиетті Ганг өзенінің жағалауында суға түсу үшін жиналады.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда бірінші кәсіби ProPR.kz порталдың тұсау кесер рәсімі өтті. Портал PR-саласындағы ақпараттың әмбебап көзі және бiртұтас ақпараттық алаң болып табылады. Кез келген адам ProPR.kz-тың ынталы тобына кiруге және оның мазмұнына ықпал ете алады. Кәсiби PR-портал 2005 жылғы сәуірдің 14-інен өз жұмысын бастады.

4 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі ұйымның Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектілерінде, сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

4 жыл бұрын (2007) Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Сапар Ысқақовқа Меценаттық халықаралық академиясының нақты мүшесінің мантиясын және төс белгісін, дипломын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Оны Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің Кеңесші-Өкілі Валерий Швец табыс етті.

Сапар Ысқақов әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс атындағы қоғамдық қайырымдылық қордың президенті. Сирия мен Мысырдағы аталған тарихи тұлғалар жерленген мемориалдық кешенді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын өткізген.

2 жыл бұрын (2009) Семейдегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «Шәкәрімтану» және «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және Жаңа тарихи құжаттама орталығының қызметкерлері бірлесіп Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) жаңа фотосуретін тауып алды.

Фотосуретте Шәкәрім батыс жақтағы Шыңғыс тауының баурайында түскен.

Фотосурет Қазақ Автономды Кеңес Социалистiк Республикасының Семей губерниялық жер басқару Наркомземның арнайы комиссиясының 1924-1925 жыл ұйымдастырылған жұмыс туралы есеп берудің қосымшаларынан табылған. Бұл фотосурет мұрағат қызметінің қосымшаларында №37 тiркелген. Фотосуретте жазылған жазу: «№37 Шыңғыс жотасы. Өзеннің бас жағы. Алдыңғы жақта қазақтың ақыны және жазушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы». Жазушы Бақанас, Байқошқар өзендерінің бойымен саяхаттаған және онымен бірге әрдайым батыс жақтағы Шыңғыс тауларын қоса жүріп отырған.

Тарихи мәліметтер бойынша, Шәкәрім қажы экспедициялық топ мүшелеріне табиғи кілттердің орналасқан жерлерін, таудан аққан өзендерді қолдану мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріп отырған.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республиксының Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулы жобасы мақұ

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын бекітуді көздейді. Іс-шаралар жоспарының жобасы құпталды және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, әкімдермен келісілді.

Осы құжатқа қол қойылғаннан кейін оны іс жүзіне асыру қажет. Себебі бұл нақты маңызы бар құжат. Оны әкімдермен, бизнеспен, сондай-ақ кеше селекторлық кеңесте талқыладық. Бұл жоғары деңгейде қарастырылған құжат.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстанның Ұлттық Банкі символикалық «Жолбарыс» атты номиналы 100 теңгелік күміс шақасын айналымға шығарды.

Шақа 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамнан сәл асады, диаметрі - 38,61 мм, екі асыл таспен көмкерілген. Шақаның сырт жағының орталық бөлігінде алтынмен қапталған жолбарыстың бейнесі, көзіне диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар тас орнатылған, дайындалу сапасы - «proof». «Жолбарыс» шақасының бет жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Сол жақ бөлігінде тауар белгісі және шақа дайындалған металды және оның сынамасын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында - монетаның массасын білдіретін «31,1gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 теңге» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Шақаның жиегінде «Қазақстан Ұлттық Банкі» деген жазуы бар. Монетаның төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Айналдыра ағылшын тілінде «Tiger», латын тілінде - «Panthera tigris» деген жазуы бар, соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі КҮРІШБАЕВ Ақылбек Қажығұлұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1983-1997 жылдары - Қазақ жер өңдеу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агрономы, директорының орынбасары. 1997-2002 жылдары - А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.

100-ден аса ғылыми басылымдардың, 4 монографияның авторы. Аграрлық ғылым саласындағы үздік еңбегі үшін А.И.Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты берілген.

30 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы, қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi ЖИТКЕЕВ Асхат Расулұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Ілияс Жансүгіров атындағы кентте туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Алғашқы бапкері - Саяхат Құдайбергенов, кейіннен Жексенбай Саламатов пен Саян Хамитжанов басшылығымен жаттыққан. Он жылдан бері Астана қаласының атынан сынға түскен. Қазақстанның бiрнеше мәрте чемпионы, 2001 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерi, «Әлемнің супер кубогының» күміс жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы (2003, 2004, 2008), 2005 жылғы Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi, Азия ойындарының қола жүлдегерi - (2002, 2006), 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi атанған. Афинада өткен ХХVIII Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын көтерiп шығып, жетінші орынға ие болған. Астана қаласындағы «Астана батыры» жекпе-жек клубының мүшесі болып табылады. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бастап істейді.

«Барыс» орденiмен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 14-І, БЕЙСЕНБІ

Украинаның Ішкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автокөлік инспекциясының күнi.

ОҚИҒАЛАР

50 жыл бұрын (1961) «Казахстанская правда» газеті Қазақ КСР Ғылым академиясының география бөлімі қызметкерлерінің Сарқант алабындағы Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздыққа және Іле Алатауының солтүстік бөлігіндегі Қарғалы тау сілеміндегі шыңға КСРО-ның тұңғыш ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин есімін беру туралы шешімін жариялады.

11 жыл бұрын (2000) Алматы қаласындағы №162 қазақ орта мектебіне жазушы Сапар Байжанов (1930-1999) есімі берілді.

10 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғанға ауыстырылды.

6 жыл бұрын (2005) студенттердің І Жиналысында Қазақстан студенттерінің Альянсы құрылды.

Қозғалыстың басты мақсаты білім сапасын жоғарылатудағы мемлекетке қолдау көрсету, студенттердің құқығы мен қызығушылығын қорғау.

5 жыл бұрын (2006) Павлодар қаласындағы №1 көркемсурет мектебіне Халықаралық ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді. Мұғалімдік ұжымның оқушыларда шығармашылық қабілетті дамыта білуі, халықаралық көрмелер мен байқаулардағы жас суретшілер жетістігінің нәтижесі көркемсурет мектебіне халықаралық ұйымның айрықша бағасын әкелді.

5 жыл бұрын (2006) Румыния Мәдениет және діндер министрлігінде Астана қаласында жаңадан ашылатын Бейбітшілік және ауызбірлік сарайындағы құрылуы жоспарланып отырған кітапханасы қорына Румыния Мәдениет және діндер министрлігі мен Патриархиясы тарапынан сый ретінде Румынияның мәдениеті, діни өмірі мен діни ағымдары туралы 46 кітап пен баспасөз басылымын - Қазақстан Республикасының Бухарестегі Дипломатиялық өкілдігіне тапсыру ресми рәсімі өтті. Кітаптарды тапсыру кезінде Румыния Мәдениет және діндер министрлігінің дін мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Андриан Лемени Румыния Қазақстанның және Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік конфессияаралық диалогтың ұйытқысы болып, әлемдік діндердің рухани және өсиетті потенциалын ізгілік пен бейбітшілік үшін пайдалануға бағытталған әрекеттерін жоғары бағалайтынын атап көрсетті. Румын Мемлекеттік хатшысы румын Патриархиясы және Рим-католик шіркеуі өкілдерінің Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің Екінші съезіне қатысқаны өте орынды болар еді деген пікір білдіре отырып, Қазақстан халқына береке, бейбітшілік және өркендеу тіледі.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Шығыс-Батыс» институты бекіткен Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы тапсырылды.

«Шығыс-Батыс» институты 1980 жылы халықаралық қатынастарда «қырғи-қабақ» соғыстың келеңсіз салдарларын еңсеру, еуроатлантикалық аймақта шиеленісті бәсеңдету, азаматтық қоғам құндылықтарын алға жылжыту мақсатымен құрылған болатын.

«Шығыс-Батыс» институтының Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы АҚШ-тың ең беделді наградаларының бірі және ол мемлекеттік басқару, қауіпсіз әлем құру саласындағы ерекше жетістіктері үшін әртүрлі елдердің саяси және мемлекеттік қайраткерлеріне беріледі. Бұдан бұрын бұл наградамен АҚШ Президенті Дж-Буш-үлкен, Чехия президенті В.Гавел, Германия канцлері Г.Коль және басқалар марапатталған болатын.

1 жыл бұрын (2010) Алматы Халықаралық әуежайында бизнес-джет өндірісі саласындағы дүниежүзілік көшбасшы Нawker Beechcraft Corporation компаниясы Қазақстанда өзінің бірегей әзірлемесі - Hawker 4000 ұшағын таныстырды.

10 жыл бойғы ерен еңбектің нәтижесінде Hawker Beechcraft компаниясы Hawker 4000-дің мүлдем жаңа үлгісін жасап шығарған. Бұл композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ. Әлемге танымал Robb Report журналы бұл бизнес-джетті «2010 жылдың ұшағы» деп атап өткен еді. Hawker 4000 қауіпсіздіктің үш еселенген жүйесімен жарақтандырылған және 9 орынға есептелген. Қазақстанда ұсынылған жаңа ұшақтың құны 20 миллион АҚШ доллары шамасында.

1 жыл бұрын (2010) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік интернет-порталы іске қосылды, аталмыш жоба еліміздегі жоғары оқу орындарындағы 20 мың студентінің басын қосып отыр.

Порталда университет ішінде немесе одан тыс болып жатқан оқиғалар, түрлі мерекелік шаралар, маңызды тақырыптарда өткен дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар және тағы басқа мәліметтер жинақталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті сайтта 25 Гб көлемінде өзінің Live&Edu атты жеке поштасын аша алады. Бұл құрал университет студенттеріне алыс және жақын елдердегі достарымен, ғылыми әріптестерімен online жүйесі негізінде сөйлесуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ студенттер «Форум» бөлімінде ойларын ашық айтып, кез келген сұрақтарды талқылап, қоғамдық шешім қабылдай алады.

Ал Free soft бөлімінде Microsoft бірлестігінің лицензиясы бар MSDN бағдарламалық құралдарды үздік студенттердің тегін алуына жағдай жасалған.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1911-1990) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы, аудармашы ШАЛАБАЕВ Белгібай дүниеге келді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген. Жазушы Коммунистік журналистика институтында, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситетінде жемісті еңбек еткен. Тырнақалды «Тайжеген тауында» атты повесі 1932 жылы қазіргі «Жұлдыз» журналында жарық көрген. Кейін «Жекпе-жек» повесі, «Өмірде не болмайды» әңгімелер мен фельетондар жинағы жарық көрген. Сондай-ақ аударма саласында да қалам тартып, В.Белинскийдің мақалаларын, Короленконың «Мылқау» повесін, М.Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» жинағын тәржімалаған. Ол 1948 және 1960 жылдары шыққан «Қазақ әдебиет тарихының» бірінші томы авторларының бірі. Жазушының «Қазақ прозасының тарихы. «Сюжет және характер», «Қазақ романының тарихы» атты монографиялары жарық көрген.

1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

100 жыл бұрын (1911-1993) жазушы МАКЕЕВ Леонид Владимирович дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, қазақстандық 8-ші гвардия дивизиясының «За Родину» әскери газетінің жауапты редакторы болған. Соғыстан кейінгі жылдары «Советский Казахстан» журналының бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің аға редакторы қызметтерін атқарған. Оның «Жұмысшы іскерлігі үшін» атты алғашқы очерктер кітапшасы 1932 жылы жарық көрді. Содан бастап «Ақмола далаларында», «Қаһарманның бейнесі», «Асыл кетпен», «Иван Шапшаев», т.б. кітаптары жарық көрген. Макеевтің аударуымен «Қазақ ертегілері», «Қазақ және ұйғыр ертегілері» және Қалқаман Әбдіқадыровтың «Келес қызы», Ғабдол Слановтың «Кең өріс», Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повестері сонымен қатар басқа да жазушылардың шығармалары орыс тілінде басылды.

Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 15-І, ЖҰМА

Ресейдiң радиоэлектронды күрестер бойынша маманының күнi. Бұл мереке 1904 жылдың 15 сәуірінде, орыс-жапон соғысы кезінде алғашқы рет жапон кемелерінің радиохабарламарын қасақана радиобөгеттермен бөгегені анықталған кезден бастау алады. Осы тарихи жайт Ресей Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күрестің қалыптасуының және дамуының бастаушысы болды.

Босния мен Герцеговина Республикасы әскері күні. 1992 жылдан бастап Республика әскерiнiң негiзi қаланған күнi атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

616 жыл бұрын (1395) Кавказдың Терек өзені бойындағы болған шайқаста Тоқтамыс ханның қолы Әмір Темір әскерінен жеңіліс тапты.

86 жыл бұрын (1925) Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңесінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсыновтың халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйледі.

65 жыл бұрын (1946) Ұлы Отан соғысы жылдары Ақтөбе қаласына көшірілген поляк балаларына арнап ашылған балалар үйі, осында тәрбие алып жатқан 117 жасөспірімнің өз отанына қайтарылуына байланысты жабылды.

20 жыл бұрын (1991) Лондонда Еуропалық жаңару және даму банкінің ресми ашылу рәсімі өтті.

6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

6 жыл бұрын (2005) Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылу салтанаты өтті.

5 жыл бұрын (2006) Түркия Республикасының беделді азаматтық ұйымдарының бірі Түркия жазушылар және өнер қайреткерлер қоғамы (ТҮРКСАВ) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 2005 жылғы «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығымен марапаттады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтемие жасап. Түркияның астанасы Анкара қаласында сәуірдің 15-і күні республикалық Ататүрк атындағы Түрік тілі және тарих ұйымында түркі әлеміне қызметі үшін лайықты деп табылған беделді тұлғаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Н..Назарбаевқа тапсырылуы үшін Түркия экс-Президенті Сүлеймен Демирел тарапынан «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атты сыйлық Қазақстанның Анкарадағы Елшілігінің жетекшісіне берілді. Түркияда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанның 18-індегі халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, Орталық Азия мемлекеттері одағын құру бастамасы мен Елбасының бұдан бұрынғы бауырлас мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған қызметтері түрік қоғамында жоғары бағаға ие болып отыр

3 жыл бұрын (2008) тарихта алғаш рет «Шоқан Уалиханов» атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхиттын шарлап өтті.

Яхта командасы үш апта ішінде Атлант мұхиты арқылы жер шарын шарлап шықты. Қазақстандықтар мұхитты арқылы өтуді 2008 жылғы наурыздың 25-інде Канар аралдарынан бастады. Орталық Азия Жағрафия қоғамының кеңсесіне сәуірдің 15-інде қазақстандық кеме Барбадос жағалауына келгенде жорықтың аяқталғаны туралы хабарлама келді. Экипаждың барлық төрт адамы да ІІІ дәрежелі Полярлы жұлдыз сыйлығына ұсынылды. Tyres автомобиль дөңгелектерін шығарушы Алматыда алғаш рет Vianor автомобиль дөңгелектері орталығын ашты.

Nokian Tyres (Финляндия) концерні негізінен жеңіл автокөліктер, жүк көлігі мен өнеркәсіпті техникалар үшін дөңгелектер шығарып, әзірлеумен айналысады.

Дәл қазіргі уақытта Nokian Tyres заводтары Нокиа, Лиекса (Финляндия) және Всеволожскіде (Ресей) орналастырылған.

2 жыл бұрын (2009) Ақтөбелік режиссер Серік Айжановтың «Өмір сүруге тыйым» картинасы ойнақы фильмдердің Бүкілресейлік «Вяткадағы кездесулер» 6-фестивалінде бас жүлдеге ие болды.

Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына Ресей, Украина және Балтық бойы елдерінің 42 аймағынан 70-тен астам фильм қатыстырылды. Бұл картинаның ерекшелігі, Василь Быковтың «Сотников» деген әңгімесінің желісімен Ақтөбе облысында түсірілген, ондағы рөлдердің барлығында әуесқой әртістер ойнайды. Фильмнің режиссері, сценарий авторы және операторы бір адам, «Патриот-Sinema» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Серік Айжанов. Қазылар алқасы қазақстандық жалғыз картинаны жоғары бағалап, оған кинофестивальдің бас жүлдесін - «Алтын лада» мүсіншесі мен бірінші дәрежелі диплом беруге бірауыздан шешім қабылдады.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда «Қазпошта» АҚ Жеңістің 65 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.

Маркада мәңгі алаудың аясында Мәскеу қаласын қорғау кезінде соғыста ерлік көрсеткен 28 панфиловшыларға арналған саябақтағы Даңқ мемориалы бейнеленген.

Төрт бояулы офсетті баспа әдісімен орындалған марканың номиналы - 32 теңге. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.

60 жыл бұрын (1951) Лондонда бірінші рет «Әлем аруы» атты сұлулық байқауы өтті.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1896-1938) қоғам және мемлекет қайраткері, күйші БӨКЕЙХАНОВ Ғабдол-Хакім Нұрмұхамедұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасында дүниеге келген. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан ашқан мектепті, Орал әскери училищесін, Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1921-1922 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің және Семей, Ақмола губернияларының Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы болған. 1925-1932 жылдары - Жер халкомының алқа мүшесі, Қарақалпақ атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ мақта комитеті төрағасының орынбасары. 1933-1937 жылдары КСРО мақта-трактор орталығы тресінің өкілі, Оңтүстік Қазақстан облысы Жер басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанның 25-де атылды. Ол 1957 жылы толығымен ақталды. Ол дәстүрлі халық мәдениетінің қамқоршысы болған. А.В.Затаевичке қазақтың «Шалқыма», «Қос алқа», «Мерген», «Соқыр Есжан» күйлерін, «Екі жирен», «Атырау», «Қарашаш», т.б. жалпы саны 27 әнін жаздырып, Дәулеткерей, Салауаткерей және өзі тәрбиесін көрген Әлікей, Макар сынды халық композиторлары туралы құнды деректер берген.

65 жыл бұрын (1946) ақын, аудармашы, филология ғылымының кандидаты, Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Жыл Адамы - Алтын Адам» сыйлығының иегері САРИЕВ Шөмішбай Нағашыбайұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті) бітірген. Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. Кейіннен «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған.

Алғашқы өлеңі 1974 жылы сол кездегі жас ақындардың «Балауса» өлеңдер жинағына енген. Ақынның «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» авторлық бейнетаспалары және «20 ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы поэзиясы» атты монографиясы және қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы жарық көрген. 300-ден астам өлеңдердің авторы. Ол Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, Ф.Алиева, тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. «Теңізден соққан жел» атты өлеңдер жинағы кітабын хинди тіліне Варьям Синх аударды.

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы академиясының академигі, Жетісай және Мақтарал аудандарының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ҮМБЕТАЕВ Ибадулла Изатуллаұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мақта институтының аспирантурасын бітірген. 1972-1978 жылдары - Пахтаарал мақта шаруашылық тәжірибе стансасы зертханасының зерханашысы, ғылыми қызметкері, меңгерушісі. 1978-1979 жылдары - Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мақта институтының аспиранты. 1979-1982 жылдары - Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, аудандық партия комитеті бөлімінің меңгерушісі, совхоз директоры. 1982-1988 жылдары - Келес аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктің төрағасы. 1988-1991 жылдары - Шымкент облыстық агроөнеркәсібі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, Бөген аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1997 жылдары - Жетісай аудандық әкімшілігінің басшысы, әкімі, Мақтаарал су шаруашылық жүйесі басқармасының бастығы. 1997-1999 жылдары - Мақтаарал ауданының әкімі. 1999-2006 жылдары - Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры. 2006-2007 жылдары - «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. Бүкілодақтық ауылшаруашылығы жетістіктерінің (үш мәрте), «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ұлы Отан соғысы жеңісіне 60 жыл» медалдарымен, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің дипломымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, аудандық , облыстық мәслихаттардың құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, А.Бараев атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері. «Оңтүстік Қазақстан облысының жыл адамы» құрметті атағына ие болған.

СӘУІРДІҢ 16-Ы, СЕНБІ

Болгарияда Конституция күні. Сәуірдің 16-да Болгарияда Заңгер күнін және Бірінші Болгар конституциясының мерекесі атап өтіледі (1879 жылы елдiң Бiрiншi Ұлы Халық жиналысында қабылданған Тырнов Конституциясы).

Арменияда полиция қызметкерлерінің күні. 2001 жылдан «Полиция туралы» заңы қабылданған күннен бастап атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

93 жыл бұрын (1918) Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды. Газет Әлібек Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.

6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автоколік қозғалысы Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарулы күштерді бірігіп қолдану Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы тауарларды автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасы аумағынан транзиттік қозғалыс Келісімін ратификациялау туралы» Заңдарына қол қойды.

4 жыл бұрын (2007) Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың бекітілгеніне 15-жыл толуына байланысты Кубаның Қазақстандағы Елшісі Тересита Капоте Камачо Қазақстанның жазушысы Роллан Сейсенбаевты латын-американ әдебиетін насихаттаудағы қосқан үлесі үшін «Достық» орденімен марапаттады.

3 жыл бұрын (2008) Ресейдің Омбы қаласында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының таныстырылымы өтті. Бұл шараны өткізудің басты мақсаты - бірлескен коммерциялық жобаларды жүзеге асыруға инвесторлар тарту және Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумақтардың кәсіпкерлерімен әріптестік байланыстар орнату болды. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының таныстырылымына қатысқан жергілікті билік органдарының өкілдері, кәсіпорындар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, кәсіпкерлер корпорацияның қызметімен және оның активтерімен танысты. Омбылық компаниялар, атап айтқанда, «Большой дом древесины» ААҚ, «Электроточприбор» сауда компаниясы» ЖАҚ, «Омсктехторг» ААҚ «Тобылдың» активіндегі пайдалы қазбалар кеніштерін игеруге атсалысуға мүдделілік білдірді.

2 жыл бұрын (2009) Пекиндегі Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайдың Олимпиада комитетінің жоғарғы сыйлығын марапаттау рәсімі болып өтті.

Қытайдың Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң құрмет белгісі 2008 жылдың тамызында бекітілген және олимпиадалық қозғалыстың дамуына, спорт пен салауатты өмiр салтына өз үлестерін қосқаны үшін берiледi.

1 жыл бұрын (2010) Қостанайда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мұражайлар кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Кешеннің құрамына университеттің және Ахмет Байтұрсыновтың мұражайлары кірді.

Университеттің бас корпусында орналасқан мұражайда білім ошағының барлық тарихына қатысты деректер шоғырландырылған.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.

Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

1 жыл бұрын (2010) Елордада мұсылман әйелдерге арналған «СалНұр» рухани-танымдық журналы жарық көрді.

Бұл Қазақстандағы мұсылман әйелдерге арналған тұңғыш журнал. Басылымды жарыққа шығаруымыздың негізгі мақсаты - қазақстандық қоғамда рухани адамгершілік қағидаларын жаңғыртумен қатар мұсылман әйелінің сұлулығын, әзиз ұлылығын паш ету», дейді басылымның бас редакторы әрі құрылтайшысы Гүлнәр Адамова. Қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет 3000 дана таралыммен жарық көретін журналдан исламша өмір сүру деген не, қазіргі замандағы мұсылман әйелдерінің дүниетаным қандай, оның отбасы мен бала тәрбиесіндегі алар орны сияқты сауалдарға мол мағлұмат алуға болады.

50 жыл бұрын (1961) Кубада Коммунистік партия құрылды.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) КСРО және Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, 3-ші санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі ӘШЛЯЕВ Төлеген Әшләйұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Ағадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті) бітірген. 1965-1988 жылдары - Қарағанды облысы Октябрь аудандық прокуратурасының аға тергеушісі, облыстық прокуратураның аға тергеушісі, прокуроры, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, Саран қаласының прокуроры, Қарағанды қаласы прокурорының орынбасары. 1988-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бөлім бастығының орынбасары, басқарманың аға прокуроры, бөлім бастығы. 1992-1996 жылдары - Жезқазған облысының прокуроры. 1996-2004 жылдары - Алматы қалалық көлік прокуроры, Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуроры. 2004 жылдан бастап зейнет демалысына шыққан.

«Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) «НұрОтан» ХДП Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары АҚБЕРДИН Рүстем Александрұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Мәскеудің болат пен қорытпа институтын және осы институттың аспирантурасын бітірген. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Химия-металлургиялық институтының ғылыми қызметкері. 1992-1995 жылдары - «Паритет» жекеменшік кәсіпорнының директоры. 1995-2001 жылдары -Қарағанды аймақтық пенсионерлер мен аз қамтылған халықты қорғау жөніндегі қайырымдылық қорының президенті. 2001-2003 жылдары - «Шаруашылық басқармасы» жабық акционерлік қоғамының президенті. 2003-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп саласы департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі департаменттің директоры, Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бастап істейді.

65 жыл бұрын (1946) өзбек әншісі, композитор, Өзбекстанның, Қазақстанның, Қырғызстанның халық әртісі, Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЗӘКІРОВ Фарух Кәрімұлы дүниеге келді.

Өзбекстанның Ташкент қаласында туған. Ташкент консерваториясын бітірген. 1969-1971 жылдары Өзбекстан эстрада оркестрінің әншісі болған. 1971 жылдан «Ялла» ансамблінің әншісі, 1976 жылдан көркемдік жетекшісі. «Ялла» ансамблінің дүние жүзіне танылуы Зәкіровтың шығармашылығымен тығыз байланысты. Ол «Түнгі жұлдыз», «Бәйшешек», «Көңілді шайхана», «Үшқұдық», «Лола», т.б. әндердің авторы, әрі орындаушысы.

Бірнеше медальдармен марапатталған.