ҮКІМЕТ
17 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ мен Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның «Көші-қон мәліметтерін саясатты қалыптастырудың берік негізі ретінде жинау» тақырыбындағы кеңесі өтеді.
17 ақпан күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы спартакиада бойынша өтетін жарыстарының ашылуы болады.
17 ақпанда «Астаналық» іскерлік орталығында Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің қатысуымен «ҚР тұрғын үй құрылысын қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы» онлайн желідегі конференция өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
17 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Петр Дмитриенко «Азық-түлік бағаларын қалай ұстап тұруға болады» деген тақырыпта сұхбат береді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
17-18 ақпан күндері Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің келісілген әлеуметтік және демографиялық саясат Тұжырымдамасы жобасын соңына дейін дайындау мен келісу мәселесі жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді.
АСТАНА
17 ақпан күні сағат 10.00-де Конгресс-Холлда Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовтің елорда тұрғындарына есеп беру кездесуі өтеді.
17 ақпанда Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Аужанұлы мемлекеттік сыннан өтетін болады.
17 ақпан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсила Советқазы мемлекеттік тілден емтихан тапсыратын болады.
17 ақпанда ҚР Кәсіподақтар федерациясында кәсіподақтардың Н.Назарбаевтың кандидатурасын алдағы сайлауға ұсынуға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
17 ақпан күні Ұлттық Академиялық кітапханада С.Зимановтың 90 жылдығына арналып «Заң ғылымы және Зиманов қолтаңбасы» атты дөңгелек үстел болады.
16-18 ақпан күндері Конгресс-Холл сарайында «ХХІ ғасырдағы білім беру мен ғылым» атты VІІІ Қазақстан халықаралық көрмесі өтеді.
АЛМАТЫ
17 ақпан күні Алматыда «Қаламызға - Таза ауа» атты айлық шарасының қорытындысын шығаруға арналған дөңгелек үстел өтеді.
17 ақпанда ҚР Тұңғыш Президентінің қорында М.Әуезовтің «Манас» кітабының тұсаукесері өтеді.
АЙМАҚ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
18-19 ақпанда Павлодарда «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» деген атаумен облыстық педагогикалық олимпиада өтеді.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
АҚПАННЫҢ 17-І, БЕЙСЕНБІ
Мейірімнің риясыз көріну күні. Бұл мейрамның жалпы дүниелік мағынасы бар, бұл мейрамды дүниежүзі азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Бұл күні ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жәй ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу керек.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Алматыда «Баррельге ынтықтық» атты деректі фильмнің таныстырылымы болды.
Авторлардың айтуынша, экономикалық және әлеуметтік жағынан дамушы мемлекеттердің басты факторы: саясаттың ашықтығы мен халық алдындағы есеп беруі болу керек. Фильм сценарийінің авторы, танымал журналист Светлана Крымованың айтуынша, фильм қазақстандықтардың және әлем жұртшылығының назарын осы саладағы, яғни мұнай өндіру саласындағы ақпараттың аздығына аударуды мақсат еткен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, «Мұнай табысы - қоғам бақылауына!» коалициясының өкілдері және мұнай өндірілетін аймақ тұрғындарының пікірлері өзек болған фильмді «Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасы аясында «Сорос-Қазақстан» қорының гранты бойынша «Гала ТВ» телекомпаниясы түсірген.
5 жыл бұрын (2006) Астанада Қауіпсіздік бағыты» атты бағдарламаның таныстырылымы өтті.
Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардың жасөспірімдердің арасында таралуының алдын алуға бағытталған. «Қауіпсіздік бағыты» деп аталған ақпараттық-танымдық көрменің шартты түрде алынған бес «бекеті» бар. Оның біріншісінде оқушылар жыныстық аурулардың берілу жолдары туралы ақпарат алса, екінші «бекетте» АҚТҚ, ЖҚТБ туралы негізгі сұрақтарға жауаптар беріледі. Ал үшінші «бекетте» оқушылар өзара сенім мен сыйластық туралы дәріс алып, төртінші және бесінші «бекеттерде» «қажетсіз» жүктіліктен сақтанудың амалдарымен танысып, денсаулықты күтудің қаншалық маңызды екендігін түсінеді.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Осы жүйені әзірлеу үшін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығына министрлік тарапынан тікелей тапсырма беріліп, соған орай тиісті жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобына елімізге белгілі лингвист ғалымдармен қатар жас мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілге үйретіп жүрген мамандар қатысқан. «Олардың атқарған ауқымды жұмыстарының арқасында бүгін мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелінің тұсауын кесіп отырмыз. Бұл бұрын соңды елімізде жасалмаған ауқымды, жүйелі, толыққанды, жан-жақты әдістемелік жүйе. Оның құрамында бүгінгі заманға сай аудио, видео сияқты барлық технологиялармен қамтылған 19 оқу-әдістемелік құрал бар.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақстандағы ұлттық идея туралы кітап жарық көрді.
«Қазақстандағы ұлттық идеяны» зерттеу барысына барлық басылымдар атсалысты. Сараптауға түскен қазақ тілді, түрлі позициядағы мерзімді басылымдар арасында ортақ компоненттер кездесті, қазақ тілі мәселесіне келгенде барлық БАҚ, мемлекеттік те, оппозициялық та басылымдар бірдей үн қатты. Қазақ тілі мәселесі бүгінгі күні ең өткір мәселе болып отырғандығы анықталды.
«Ұлтаралық бірлік, ұлттардың тең құқықтығы сияқты мәселені әр позициядағы БАҚ теңдей қарап отыр. Олар әр қырынан жазып, әр тараптан қарағанымен де, бұл салада бірыңғай консенсус байқалды. Отансүйгіштік, патриотизм мәселесі, былай қарағанда жабық, жасырын сипаттағы құбылыс сияқты, дегенменде бұл орайда БАҚ - ұлттық идеяны қалыптастырушы, басты факторлардың бірі ретінде танылды.
Оқу құралы журналистерге, гуманитарлық факультеттің студенттеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа мәселелері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрудың негізгі принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1931-1992) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты СҮЛЕЙМЕНОВ Рамазан Бимашұлы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының аспирантуарсын бітірген.
1959-1988 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология жәнее этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры. 1986-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұйғыртану институты жанындағы Шығыстану орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.
Бірнеше кітаптың авторы, 240-тан астам ғылыми еңбектері жарияланған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальмен марапатталған.
70 жыл бұрын (1941-2006) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі, қоғам қайраткері САҒИТЖАНОВ Серік Қабдыхалықұлы дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген.
1965-1967 жылдары - Гурьев машина жасау зауытының шебері, инженер-технологы, аға инженері. 1967-1970 жылдары - «Байшонас» мұнай өндірістік басқармасының механигі, бас механигі. 1970-1976 жылдары - «Жайықмұнай», «Доссормұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бас механигі. 1976-1977 жылдары - Доссор елді-мекеніндегі өндірістік қызмет көрсету орталық қоймасының бастығы. 1977-1983 жылдары - Новобогатинск аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1983-1985 жыдары - Новобогатинск аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1985-1988 жылдары - Мақат аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1988-1990 жылдары - Гурьев қалалық Халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - «Гурьевмұнайгазгеология» бас директорының орынбасары. 1992-1993 жылдары - Мақат ауданы әкімшілігінің басшысы. 1993-1994 жылдары - Атырау облысы әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1999 жылдары - «Теңізмұнайгаз» АҚ-ының бас директоры, президенті. 1999-2000 жылдары - «Қазақойл-Ембі» ААҚ өндірістік қызмет көрсету орталық қоймасының бастығы. 2001-2002 жылдары - «Жігермұнайсервис» ЖШС-інің директоры қызметтерін атқарған. 2002 жылдан зейнеткерлік демалысында болған.
Құрмет орденімен және медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры ТҮЙМЕБАЕВ Байсейіт Қансейітұлы дүниеге келді..
Оңтүстік Қазақстан Алғабас ауданда туған. Қазақ химиялық технологиялық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген..
1979-1987 жылдары - Шевченко пластмас зауытының шебері, инженері, аға инженері. 1987-1988 жылдары - Маңғышлақ облыстық атқару комитетінің жетекші маманы, төраға орынбасарының референті. 1988-1989 жылдары - «Қаражан-бастерммұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының басқарма бастығы, Шевченко қаласындағы облыстық тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығының бөлім бастығы. 1989-1992 жылдары - Шымкен облыстық атқару комитеті төрағасының экономикалық кеңесшісі, комитет төрағасы бірінші орынбасарының көмекшісі, комитет төрағасы орынбасарының көмекшісі. 1992-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан әкімшілігі басшысы орынбасарының референті, жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан әкімі бірінші орынбасарының аға референті,бас маманы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, басқарма бастығы. 2007-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аймақ аралық инспекциясының бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - қазіргі қызметінде.
Медалмен марапатталған.
АҚПАННЫҢ 18-І, ЖҰМА
Гамбияның ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. 46 жыл бұрын (1965) Гамбия тәуелсіздік алғанымен де Британ Достастығының құрамында қалды. 1588 жылы Африканың нақ осы аумағында ағылшындардың алғашқы колониясы пайда болған еді.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Алматыда Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы актуарий мектебі ашылды.
Оны Қазақстан актуарийлер қоғамы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қаржылық тұрақтылық үшін әріптестік» бағдарламасы аясында East West menegment Institute мен бірігіп ашып отыр. Игі іске Варшава жазғы актуарий мектебін ұйымдастырушылар да атсалысты. Мектеп Орталық Азия мен Кавказдағы сақтандыру компанияларына арналған. «Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия сияқты елдердің тәуекелді бағалаушы мамандары қатысуда. Бұл Қазақстан актуарийлерінің үлкен жетістігі. Өйткені біз өзіміздің ғана емес аймақтағы басқа елдердің де тәуекелді басқарушы мамандары оқытуға үлес қосады.
1 жыл бұрын (2010) Жас сот орындаушылары үшін Павлодар облысының Сот әкімшілігінің жанында құрылған оқу-әдістемелік орталық ашылды.
Жұмысқа қабылданған заң оқу орындарының түлектері, университет бағдарламасында «сот орындаушысы» деген курстың болмауынан өз қызметтерін тәжірибе барысында игеруге мәжбүр.
Орталық жас мамандарға өз қызметтерінің қыры мен сырын үйренуге көмектесетін болады.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда «Деніңіз сау болсын» деген атпен орыс тіліндегі отбасылық жаңа журнал жарыққа шықты.
Басылым Медеу аудандық шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығының көмегімен жарық көріп отыр. Журналдың басты бағыты денсаулық саласын, салауатты өмір салтын насихаттау.
Басылымның ерекшелігі - тегін таратылатындығында. 10 мың данамен шығатын журналды қоғамдық орындардан табуға болады.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты ИСАБАЕВ Исатай дүниеге келді.
Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Мәскеу полиграфиялық институтын бітірген. Қазақ халқының «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларының желісі бойынша салынған көркем туындыларымен танымал болды. Оның көрнекті шығармаларының бірі - «Мұхтар Әуезов - жазушы» атты линогравюрасы. Абай шығармаларының желісі бойынша жазған автолитографиялық еңбектері терең философиялық толғанысымен, суреткерлік тілінің нәзіктілігімен, айқындылығымен ерекшеленеді. Оның туындылары халықаралық көрмелерге қойылып, түрлі жүлделерге ие болды.
65 жыл бұрын (1946-2004) жазушы, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ Мұқадес дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған. Орал педагогикалық институтын бітірген.
1976-1979 жылдары - Орал облыстық радио-теледидар комитетінің аға редакторы. 1979-1983 жылдары - «Жалын» баспасының аға редакторы. 1983-1984 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі. 1984-1990 жылдары - республикалық телеарнада «Тамаша» ойын-сауық хабарының бас редакторы. 1990-1993 жылдары - «Денсаулық» журналы бас редакторының орынбасары. 1993-1995 жылдары - «Жазушы» баспасының жетекші редакторы. 1998 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Жазушының «Аққу сазы», «Екінші тыныс», «Қайырлы таң», «Екі басқа дүние», атты повестері мен әңгімелері, «Толқын мен ағын», «Тұман ішіндегі көш» атты романдары, тағы басқа кітаптары бар. Сондай-ақ «Төле би», «Партизан Қасым Қайсенов», «Ақ бата», «Тамаша», «Жаһанша Досмұхамедов» атты жинақтар құрастырған. В.Распутин, В.Шукшин, т.б. шет ел жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Оның «Жазықсыз тамған жас» атты пьесасы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында және облыстық театрларда қойылған. 2001 жылы қаламгерге «Тұман ішіндегі көш» романы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген.
65 жыл бұрын (1946) «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, ҚҰЛНАЗАРОВ Анатөлі Қожекенұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен қаласындағы педагогикалық институтты бітірген.
1974-1979 жылдары - Өскемен қаласындағы балалар спорт мектебі директорының орынбасары, директоры. 1979-1985 жылдары - Алматы қаласындағы Қажымұқан атындағы республикалық спорт мектеп-интернаты директорының орынбасары. 1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Оқу министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1987-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрінің бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт Қазақстан Республикасы министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2000-2006 жылдары - Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәрбие орталығының директоры. 2006-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың наурыз айынан - қазіргі қызметінде.
2002 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің бірінші вице-президенті, 2007 жылдың тамыз айынан - Футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі, КСРО-ның жеңіл атлетикадан спорт шеберлігіне кандидаты. Петровск ғылым және өнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Оның «Білім жүйесінде футбол клубтарын дамытудың тұжырымдамасы», «Күш-қуаттық жеңіл атлетика», «Қазақстан Республикасындағы балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі бағдарламасы», тағы басқа оқу әдістемелік кітаптары бар.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және медальмен марапатталған.
АҚПАННЫҢ 19-Ы, СЕНБІ
Бүкіләлемдік киттер күні. Бүкіләлемдік киттер күні - 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы ақпанның 19-ында Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау өнеркәсібі мен кит етін сатуға тиым салған. Бірақ, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүт қоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді толығымен жоғалып кету үстіндегі бірегей бір сүт қоректіні қорғауға арнайды.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Керлинг ойыны бейнеленген жаңа пошта маркасы айналымға енді.
Олимпиада ойындарының жаңа спорт түрінің бірі керлинг ойынының барысы бейнеленген, «33х27,5 мм көлеміндегі пошта маркасын Ринат Жапалов безендірді. Ол Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылды.
3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен Мәскеудегі аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы осы қаладағы Ұлттар үйінің ғимаратында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы «Өмірге айналған ерлік» кітабының таныстырылымы өтті.
Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерен ерлігі Қазақстан мен Ресей халықтары достығының мәңгілік символына айналды. Кітап авторлары Ғалымжан Байдербес пен Ұзақбай Қауыс бір кездегі жас бойжеткеннің тағдыры туралы баян ете келіп, оның қайсар мінезінің қалай қалыптасқаны туралы толғандырады.
3 жыл бұрын (2008) Алматыда Жоңғар және Іле Алатауындағы жоғалып кету үстіндегі өсімдіктердің түрлері туралы БҰҰ Даму Бағдарламасы басып шығарған кітаптың таныстырылымы болды. Кітап «Растения Джунгарского и Заилийского Алатау, нуждающиеся в охране» деп аталады. Кітап 60 өсімдіктің қысқа анықтамасынан және фотосуреттерден тұрады. Кітаптың мақсаты табиғатты сүйетін көпшіліктің назарына өсімдіктердің құндылығы туралы ақпаратты жеткізу болып табылады. Кітап Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жаһандық экологиялық қордың және БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасы қызметінің шеңберінде шығарылды.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1921) «Интеллектуал-Парасат» ЖШС-нің президенті, қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЗИМАНОВ Салық дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. Бүкілодақтық заң институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1944-1945 жылдары - дивизион, миномет полкі, артилерия полкі командирі болып, полковник шенімен әскери қызметтен босаған. 1946-1947 жылдары - Гурьев облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1947-1948 жылдары - Қазақ КСР Прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші. 1948-1952 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі. 1952-1958 жылдары - Алматы мемлекеттік заң институтының директоры, Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы. 1958-1969 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының директоры. 1969-1976 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі болған. 1976-1977 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Төралқасының бас ғылыми-хатшысы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Конституциялық заңнама және адам құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-2005 жылдары - «Парасат» академиялық университетінің ректоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - қазіргі қызметінде. Атырау облысының Құрметті азаматы.
Зимановтың ғылыми зерттеу еңбектері мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне және басқа да өзекті мәселелерге арналған. Сонымен қатар ғалымның қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген. Зиманов «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ғалым 2001-2002 жылдары 1-ші және 2-ші томдары жарық көрген 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасаған.
«Парасат», екі мәрте 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.
АҚПАННЫҢ 20-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен 2007-інші жылғы желтоқсанның 18-інде жарияланған.
Қарарда халықаралық қауымдастық кедейшілікті жою саласында, еңбекпен толық қамтамасыз етуде, лайықты жұмыс тауып беруде, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтауда, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыруда күш-жігерді одан әрі арттыру қажеттілігі мақұлданады.
ОҚИҒАЛАР
25 жыл бұрын (1986) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Мир» орбиталдық ғарыш станциясы ұшырылды, ол күрделі көп мақсатты ғылыми-зерттеу кешені болып табылады. 1986 жылғы ақпанның 20-ында кешен орбитаға шығарылды. Содан кейін 10 жыл ішінде алты модуль түйістірілді
1995 жылдан бастап станцияны шетелдің экипаждары қона бастады. Сонымен қатар станцияға 15 экспедиция қонды, оның 14 халықаралық Сирия., Болгария, Ауғанстан, Франция (5 рет), Жапония, Ұлыбритания, Австрия, Германия (2 рет), словакия, Канада сынды елдердің ғарышкерлері қатысты. Станцияда барлығы 12 елдің 104 ғарышкері жұмыс істеді. «Мир - Шаттл» бағдарламасының шеңберінде «Атлантис», «Индевор», «Дискавери» кемелерінің көмегімен 44 ғарышкер жеті қысқа мерзімді саяхатта болды.
2001 жылғы наурыздың 23-інде станция Тыңық мұхытында суға батырылды.
5 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Секьюритилендіру туралы» Заңға қол қойды.
Аталған Заң экономиканың нақты секторын қаржыландырудың қазіргі бір түрі ретінде секьюритилендіру институтының қызметі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді. Сондай-ақ Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне секьюритилендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес Қазақстанда секьюритилендіру институтын енгізуге байланысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілді.
5 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заң сақтандыру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.
3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Американ мәдениетінің орталығы ашылды.
Жобаның мақсаты - оқырмандарды АҚШ мәдениетінен хабар беретін кітаптармен, мерзімінді басылымдармен, теледидар бағдарламаларымен және интернетпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, осы елдің мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, арнайы дәрістер мен тренингтер өткізіліп тұратын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында әлем халықтарының 50-ден астам тілінде жазылған кітаптардың бай қоры бар. Ағылшын тіліндегі әдебиеттердің саны 100 мың данадан асады.
ЕСІМДЕР
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесі индустралды-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары БАСЕКЕЕВ Әділбек Әлімжанұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласында туған. Ленинск байланыс электр техникумын, Мәскеу байланыс және ақпараттандыру техникалық университетін, Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін бітірген. 1987-1993 жылдары - Ленинск телеорталығының аға электр механигі. 1993-1994 жылдары - Ленинск қалалық әкімшілігі басшысының көмекшісі. 1994-1995 жылдары - Ленинск қалалық Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы. 1995-1999 жылдары - Ленинск қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік дамыту және кадр жөніндегі бөлімінің бас инспекторы. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - қазіргі қызметінде.
Медальдармен марапатталған.