ҮКІМЕТ
19 тамызда Қазақтан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев Алматы қаласына сапармен барады.
ПАРЛАМЕНТ
19 тамызда елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді.
19 тамыз күні Астана қалалық әкімдігінде ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлаушылардың отырысы өтеді.
19 тамызда сағат 11.00-де Орталық сайлау комиссиясында ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру барысы туралы брифинг өтеді.
19 тамызда сағат 13.00-де Орталық сайлау комиссиясында ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру барысы туралы брифинг өтеді.
19 тамызда сағат 16.00-де Орталық сайлау комиссиясында ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру барысы туралы брифинг өтеді.
АСТАНА
19 тамыз күні Астана қалалық мәслихатында қалалық мәслихаттың алпыс сегізінші, кезектен тыс сессиясы өтеді.
19 тамызда сағат 10.00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бизнес, қоғам және мемлекет өкілдерінің қатысуымен І Спорт форумы өтеді. Ал сағат 14.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бизнес, қоғам және мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан І Спорт форумына арналып дөңгелек үстел өтеді.
19 тамыз күні ҚР Ұлттық мұрағатының ғимаратында «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздіктің, ұлттық бірліктің, бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
19 тамызда «Бәйтерек» Халықаралық медиа-орталығында «Нотариат туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.
АЛМАТЫ
19 тамыз күні қалалық әкімдікте ҚР Парламент Сенаты депутаттарының салауы болады.
19 тамыз күні «ІnterContinental Almaty» қонақүйінде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары төтенше жағдайда әрекет ету және апат қаупін төмендету туралы Орта Азиядағы Орталық құру туралы келісімге ресми түрде қол қояды.
19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақ ұлттық агротехникалық университеттің профессор-оқытушы құрамымен кездесу өткізеді.
СПОРТ
19 тамыз күні «Қазақстан» Спорт сарайында Қазақстан-2011 Кубогының басталуына арналып баспасөз мәслихаты өткізіледі.
15 тамыз бен 20 тамыз аралығында Алматыда теннистен Қазақстан жасөспірімдерінің жарысы өтеді. Жарысқа 12 жастан 16 жас аралығындағы жеткіншектер қатысады.
19 тамыз бен 28 тамыз аралығында Астанада ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы кубогы үшін тоғызыншы жарыс өткізіледі.
12 тамыз бен 23 тамыз аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 26-шы Бүкіләлемдік жазғы Универсиада өтеді, оған қазақ спортшылары да қатысады. Қазақстан құрамасының 103 спортшысы спортың 11 түрі бойныша өнер көрсетеді.
ҚОҒАМ
2011 жылдың 1 шілдесі мен 10 қарашасы аралығында «Зерде» Ұлттық Инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Электрондық үкімет» жұмысы тақырыбындағы ең үздік материалға журналистер арасында шығармашылық конкурс жариялады.
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикалық акция аясында Астанада «Мектепке барар жол» акциясы өтеді .
СЫРТҚЫ САЯСАТ
16 тамыз бен 21 тамыз аралығында Мәскеу облысы Жуковский қаласындағы «Раменское» аэродромында МАКС-2011 атты 10-шы мерейтойлық халықаралық авиациялық-ғарыш салоны өтеді. Қазақстан тарапынан авиафорумға «Фермер-500» маркалы жаңа ауыл шаруашылығы ұшағының үлгісін көрсететін «ҚазАвиаСПЕКТР» компаниясы қатысады. Отандық өнім ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді химиялық өңдеуден өткізуге арналған.
Санкт-Петерборда Ресей, Қазақстан, Украина, Норвегия, Финляндия, Германия, Франция, Италия, Беларусь, Латвия, Эстониядан келген 100-ден астам темірден түйін түйетін ұсталар мен суретшілер өз шеберліктерін көрсететін «Туфелька для Золушки» атты халықаралық байқау басталды. Фестивальдің өзі 10-11 қыркүйек күндері Кронштадта өтетін болады. Байқауға дейінгі бір айда барлық темір ұсталары шығармашылық тапсырманы орындап, темірден туфли мен басқа аяқ киім жасап шығарады.
АЙМАҚТАР
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
23 сәуір мен 10 қыркүйек арасында Ақтөбе облысында «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 20 екпінді апталық» деген ұранмен «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы өтеді.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
15 шілде мен 15 қыркүйек аралығында Қостанайда «мектепке жол» акциясы өтеді.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
15 тамыздан бастап Қарағанды облысында «Әрбір бала білім алуға құқылы» атты әлеуметтік SMS-акция жүргізіледі. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
27 тамыз күні Оңтүстік Қазақстандағы 20 альпинист Тәуелсіздік шыңына шығады.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ТАМЫЗДЫҢ 19-Ы, ЖҰМА
Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008-інші жылғы желтоқсанның 11-індегі арнайы қарарымен 63/139 жариялаған.
2009-ыншы жылғы наурыздың 5-інде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (A/RES/63/139 қарары) жариялады. Тамыздың 19-ынан атап өтіледі. 2003-інші жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза болды. Соның ішінде БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар.
Бас Ассамблеяның қарарында айтылғандай, Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні бүкіл әлемде гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға және осыған байланысты, сондай-ақ бүкіл гуманитарлық қызметшілерге, гуманитарлық мүдделерді өмірге енгізуге жәрдем жасаған Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметшілерін және олармен байланыстағы қызметшілерді де қоса есептегенде, және де, өз парыздарын атқару үстінде өмірлерін қиғандарға тиісінше оңды бағасын беруге көмектесуді көздейді...
2009-ыншы жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды.
Ауғанстанның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1919). Ауғанстан - Азияның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен, шығысында Қытай, Үндістанмен, шығысында және оңтүстігінде Пәкістанмен, батысында Иранмен шектеседі. Астанасы - Кабул қаласы. Мемлекеттік тілі - пушту, дари тілдері. Ақша бірлігі - афгани.
Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 12-інде орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мемлекет болып кірді.
13 жыл бұрын (1998) Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
8 жыл бұрын (2003) Оралда Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдардың бірінші конференциясы өтті.
7 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Туған жер» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Мақсаты - ауыл экологиясының мәселесін шешу, қазіргі ауылдық инфрақұрылым құру.
6 жыл бұрын (2005) Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің автокөлік қозғалысы ресми түрде ашылды.
Жаңа көпір алты жолақты қатардан тұрады. Бір бағыттағы жолдың ені - 11,5 метр, ал бір жолақтың ені - 3,83 метр. Жаңа көпiр негiзгi Үлбi көпiрiнен көлiк ағымын едәуiр жеңілдетеді.
4 жыл бұрын (2007) елорда бағының аумағындағы футбол алаңында халықаралық стипендияның иегерлері қатысқан «Болашақ-2007» тұңғыш спартакиадасы болып өтті.
Ұйымдастырушысы - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Командалар оқитын елдеріне қарай құрылды. Спартакиадаға «Болашақ» стипендиясының иегерлері ғана емес, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің командалары және де мемлекеттік қызметте жетекші лауазымдарды атқарып жатқан бағдарлама түлектерінің командасы қатысты. Жарыс бір мезгілде екі алаңда өтті. Олардың бірінде эстафета (кедергілер арқылы жүгіру), команданың үздік ұраны конкурсы, сонымен қатар жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстанның 6 мәрте чемпионы, Ұлттық құраманың халықаралық шебері Рүстем Садықовпен бір мезгілде ойналатын ойын сеансы ойналды, ал екінші алаңда футболдан турнир өтті.
Шараның мақсаты - стипендиаттар қатарын нығайту және салауатты өмір салтын уағыздау.
2 жыл бұрын (2009) Алматыда ислам негіздері бойынша жасалған мультимедиялық жобаның таныстырылымы өтті.
Бұқараға арналған ақпараттық-танымдық сипаттағы бұл басылымда Исламның 5 қағидасы мен діннің алты қағидасы жан-жақты көрініс тапқан. Әрбір бөлімнің мәтінді, дыбысты және бейне түсініктемесі мен намаз оқудың 3D пішіндегі техникалық сипаттамасы бар. Сонымен қатар Құранның мазмұндық аудармасы, Қадистер топтамасы, дін негіздері туралы еңбектер мен Пайғамбардың өмірі туралы жазылған материалдар топтастырылған. Нақтырақ айтқанда 2,5 сағаттық бейне файлдар, 34 сағаттық дыбыс фрагменттері, 5 кітап пен 100 шақты ғылыми мақала бар. Мультимедиялық бұл жоба жұртшылыққа DVD дискі пішінінде ұсынылып отыр.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңгені безендірушілердің бірі ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Суретші қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Ол тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітап, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакат безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», т.б. литографиялардың, «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сонымен қатар оның «Абылай хан», «Әбілхайыр хан», «Әйтеке би», «Қазбек би», «Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер топтамасы бар. Сондай-ақ «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Суретшінің туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған.
ТАМЫЗДЫҢ 20-СЫ, СЕНБІ
Венгрия Республикасының Ұлттық мейрамы - Венгер мемлекетінің негізін қалаушы әулие Иштван күні. Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды.
Тайванда махаббат күні.
Алжирде күрескер күні атап өтіледі. 1955 жылы тамыздың 20-сында Алжирде ұлт бостандығы үшін қарулы көтеріліс басталды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1999) Астанада «Қазақтардың тарихи-көркем мұрасы» атты бірінші ұлттық мультимедиялық оқыту бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті. Окулықтың компьютерлік үлгісі белгілі ғалым Ерлан Арынның бастамасымен жүзеге асты.
15 жыл бұрын (1996) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы екіге бөлініп, Шәкен Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық продюсерлік орталығы құрылды.
8 жыл бұрын (2003) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрі құрылды. Шығармашылық ұжымның алғашқы концерті 2004 жылғы наурыздың 21-інде Конгресс-холл сахнасында өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, танымал композитор Секен Тұрысбеков. Оркестр дирижері - Қазақ КСР-інің халық әртісі, Халық қаһарманы, дирижер-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, доцент Қарасай Сайжанов. Оркестр «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылық фестивалінің, «Дарын» сыйлығының және «Жігер» фестивалінің лауреаты болған.
7 жыл бұрын (2004) Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясында қазақстандық «SHYGYS» журналының таныстырылымы өтті.
Журналдың редакция алқасының төрағасы - Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов.
«SHYGYS» халықаралық ұлттық журналдың бірінші саны - қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде шықты
6 жыл бұрын (2005) Алматыда тамыздың 20-25 аралығында Шанхай қаласының (ҚХР) мәдени күндері өтті.
Шара аясында белгілі Лю Хай Су галереясы мұражай экспонаттарының көрмесі, «Шанхайские впечатления» атты фотокөрмесі, Шанхайдың халық аспаптар оркестрінің концерті өтті және «Жабайы зебра» балеті қойылып, төрт қытай фильмдерінің көрсетілімі болды.
Шанхай Шығыс-Қытай теңізіне құятын Янцзы өзенінің сағасында орналасқан. Экономикасы дамыған үлкен мегаполис ретінде танымал. Қаланың ауданы - 6 мың шаршы метр.
4 жыл бұрын (2007) Петропавлда қазақстандық атақты велошабандоз, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуровке Солтүстік Қазақстанның Құрметті тұрғынының куәлігі табыс етілді.
2006 жылдың қыркүйек айында, облыстың 60 жылдығы атап өтілген шаралар аясында, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Александр Винокуров тоғыз адамның қатарында «Солтүстік Қазақстанның Құрметті тұрғыны» атағына лайық деп танылған болатын.
1 жыл бұрын (2010) Минскідегі Әдебиетшілер үйінде Беларусь Жазушылар одағының төрағасы Николай Чергинецтің жалпы өңдеуімен шыққан «Бірге. Қазақстан мен Беларусь: байланыстардың жаңа көкжиегіне қарай» кітабының тұсаукесері болып өтті. Іс-шараға Беларусьте тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, шығармашылық атқамінерлері, Беларусь мемлекеттік органдарының, ТМД Атқарушы комитеті мен БАҚ өкілдері қатысты. «Мастацкая литература» баспасы шығарған жинаққа БССР министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Вячеслав Кебичтің, КСРО ұшқыш-ғарышкері Петр Климуктың, композитор, КСРО халық әртісі Игорь Лученконың, ТМД бұрынғы атқарушы хатшысы Иван Коротченидің, Минск және Слуцкінің митрополиті, бүкіл Беларусьтің Экзарх Патриаршиі Филареттің, Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасы өкілдері мен Минскіде оқып жүрген қазақ студенттерінің мақалалары басылған.
Н.Чергинец бұл шығарманы шығару идеясы кездейсоқ емес екенін атап өтті. Өйткен қазақстандық және беларус халықтарының тарихы ортақ, оларды экономикалық және саяси мүдделері жақындастыра түседі. Екі ел басшыларының, сондай-ақ қарапайым адамдар арасындағы тығыз өзара қарым-қатынастар байланыстырады. Беларус Жазушылар одағының төрағасы кітап қазақстан және беларус халқының достығына арналғанын, оның беттерінде әртүрлі мамандық иелері - беларустар Қазақстан және оның көшбасысы Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде өз әсерлерімен бөліседі, деп атап өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқының толық қолдауына ие бола отырып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөнінде дана саясат жүргізіп, қоғамды жаңартып, ішкі ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімді сақтап отыр», - деді ол. Оның айтуынша, Қазақстанның биылғы ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлануы елдің және оның басшысының әлемдік аренадағы жоғары беделін көрсетеді.
Өз кезегінде Қазақстанның Беларустағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов беларус достарға осы кітапты жарыққа шығарғандары үшін алғыс айтты. Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Беларус арасындағы қатынастардың сапалық жаңа деңгейге шығуы ең алдымен екі ел президенттерінің еңбегі екенін атап өтті.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1926) КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, отставкадағы полковник ХАТЕПОВ Нығмет дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. КСРО Ішкі істер министрлігі Алматы мектебін бітірген. Зейнет демалысына шыққанға дейін ішкі істер саласында, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасында еңбек етіп, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық басқармасының бөлім бастығының орынбасары, бастығы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Торғай облыстық басқармасының бастығы болған.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
75 жыл бұрын (1931-2007) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаныш Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы СӘТБАЕВА Мейіз Қанышқызы дүниеге келді.
Жезқазған облысында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. 1960 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Геология ғылымдары инситутында еңбек етеді.
Ол 2 монографияның, 78 ғылыми жарияланымның және 12 ғылыми-өндірістік есептің авторы.
ТАМЫЗДЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІ
Спорт және туризм күні. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Орыс актері, КСРО халық әртісі, РКФСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Никулин Юрий Владимировичті (1921-1997) еске алу күні.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
20 жыл бұрын (1991) Елбасы Жарлығымен республикада Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты еліміздің егемендігін, мемлекеттілігін, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді.
11 жыл бұрын (2000) Алматыда украин халқының ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) ескерткіші ашылды. Ескерткіш салмағы 12 тонна, биіктігі 3,5 метр. Авторы - украиндық мүсінші Виталий Рожик. Оңтүстік астанаға украин халқының сыйлығы Алматы әкімшілігі мен Украин елшілігінің бастамасымен жасалынды.
11 жыл бұрын (2000) Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
10 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысы жарық көрді.
7 жыл бұрын (2004) Әбілхан Қастеев мұражайында «ICOMOS Қазақстанда» атты жаңа қоғамдық ұйымның тұсаукесер рәсімі өтті. ICOMOS мақсаты - әлемдегі мәдени мұралардың сақталуына көмек көрсету. Әлемде 7 мыңға жуық жеке тұлға мен ұйым аталған ұйымның мүшесі. Олар өз қызметтерін 110 елде орналасқан ұлттық комитет желілері арқылы жүзеге асырады.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) мемлекет қайраткері НҰРҒАЗИНОВ Жақып Таутинович дүниеге келді.
Петропал қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жоғары курсын бітірген. Құрылыс ұйымдарында шебер, участок басшысы болып жұмыс істеген. 1971-1976 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Шымкент облыстық басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі. 1976-1981 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі, бөлімше бастығының орынбасары. 1981-1985 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасы бастығының кеңесшісі, кадр жөніндегі орынбасары. 1985-1988 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 1988-1991 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің кадр бөлімі бастығының орынбасары. 1992-1995 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Торғай облыстық басқармасының бастығы. 1996 жылы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас кадр басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 1997-1998 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаментінің бастығы. 1999 жылдан бастап зейнет демалысында.
Медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1951) техника ғылымының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі ДОСТИЯРОВ Абай Мұхамедиярұлы дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Николай Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін және аталмыш оқу орнының аспирантурасын бітірген. 1981-1991 жылдары - Алматы энергетика институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, деканы. 1991-1995 жылдары - Алматы автомобиль жолы институтының доценті, деканы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бөлім бастығы. 1996-2002 жылдары - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, бірінші проректоры. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары кәсіби білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 2003 жылдан Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры болған. 2006 жылдан - Астана қаласындағы «Спецтехсервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 2009 жылдың наурызынан - «Казтрборемонт» ЖШС-інің өндіріс және даму жөніндегі бас директорының орынбасары.
100-ден астам ғылыми еңбектің және 35 авторлық куәлік пен патенттің авторы.