ҮКІМЕТ
25 ақпанда «Астаналық» бизнес-орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттар» тақырыбында он-лайн желідегі конференция өтеді.
25 ақпан күні Астанадаға «Риксос» қонақ үйінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелері жөніндегі халықаралық конференция өтеді.
25 ақпанда ҚР Жоғарғы сотында «Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференция өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
25 ақпан күні Парламент Сенатының пленарлық отырысы өтеді.
СЫРТҚЫ САЯСАТ
24-25 ақпан күндері Австрияның Хофбург сарайында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы өтеді. Қазақстан делегациясының жұмысын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассмамблеясының вице-президенті, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады.
СПОРТ
25 ақпан күні Бакуде өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің екінші күнінде Қазақстан құрамасы мен Испания құрамасы кездеседі. Еуропа чемпионатына барлығы 6 топқа бөлінген 24 команда қатысып жатыр.
21 ақпан күні Астанада Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты басталды. Жарыстар 26 ақпанға дейін Ұлттық теннис орталығында өтетін болады.
АСТАНА
25 ақпанда «Ана мен бала» орталығында денсаулық сақтау саласында Бельгия Корольдігімен ынтымақтастық орнату жөніндегі Бірлескен үйлестіру кеңесінің 2-ші отырысы өтеді.
25 ақпан күні «Дипломат» қонақ үйінде «Қазақстанның аймақтық жекеменшік (тәуелсіз) телеарналары. Болған. Бар. Болады» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
25 ақпанда Астанадағы «King Hotel Astana» қонақ үйінде туристік семинар болады.
25 ақпан күні «Нұр Отан» ХДП-да елордадағы және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жария» журналистер клубының І отырысы өтеді.
25 ақпанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да «Болашақ» бағдарламасының түлектері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қызметкерлерімен кездеседі.
25 ақпан күні Конгресс-Холл сарайында Ұлттық Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша «Шаттық-2011» V қалалық байқауының гала-концерті өтеді. Іс-шараның басталуы сағат 17.00.-де.
АЛМАТЫ
25 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде белгілі ғалым М.Барманқұловқа арналған дөңгелек үстел өтеді.
25 ақпанда Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жүнісовтің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналып брифинг өтеді.
АЙМАҚ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
25 ақпан күні ауыл оқушылары үшін он-лайн режиміндегі қашықтықтан оқыту сабақтары өтеді.
25 ақпан күні Павлодарда студенттерге мемлекеттік білім беру гранттары салтанатты түрде табыс етіледі. Білім гранттарына ақылы білім алып, өте жақсы оқыған студенттер ие болмақ. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары да тегін білім алу қуанышына кенеліп отыр.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
21 ақпаннан бастап Таразда «Жолдау: жастар-жастарға!» атты ақпараттық-мәдени автокеруен басталды. Автокеруен бағдары Жамбыл облысының 10 ауданын аралып, 1 наурыз күні Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында өз мәресіне жетеді.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
АҚПАННЫҢ 25-І, ЖҰМА
Куәйт мемлекетінің ұлттық мерекесі - Ұлттық күн. 1961 жылы ақпанның 25-інде Куәйт әмірі Абдалла ас-Салем ас-Сабахты таққа отырғызудың құрметіне белгіленген.
Қазақстан Республикасы мен Куәйт Мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылы қаңтардың 1-інде орнаған.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Тараз қаласындағы ұлттық-мәдени орталықтары «Виза» атты демалыс орталығының жанынан Достық Аллеясын салды. Бастапқысында ұлттық-мәдени орталықтардың санына сәйкес 21 қылқан жапырақты ағашы отырғызылған болатын, бірақта Достық Аллеясының кеңейуіне бірден-бір себеп бар, өйткені облыста жүзге тарта ұлт өкілдері тұрады және жылдан жылға ұлттық-мәдени орталықтардың саны өсіп келеді.
5 жыл бұрын (2006) Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстандық облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған Солдатские монологи, Московское время» атты өлеңдер жинағының таныстырылымы болды. Кітаптың авторлары Александр Курленя және Василий Коноплев кәсіпқой емес ақындар, бірақ та олардың өлеңдері республикалық «Нива» журналының және жергілікті газеттердің беттерінде жарияланып жүрді. Александр Курленя Сорос қоры ұйымдастырған ақындық конкурстың лауреаты атанып және гранты ұтып алды. Кітап жергілікті «Солтүстік Қазақстан» баспасынан шығарылған, ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі - «Солдатские монологи» Василий Коноплев жазған өлеңдерден, ал екіншісі - «Московское время» атты Александр Курленяның поэмасынан тұрады.
1 жыл бұрын (2010) Алматыдағы Қазақ-Британ университетінде республикадағы алғашқы мұнай мұражайы ашылды.
Қазақстанның мұнайгаз саласын насихаттаудың ғылыми, білім мен мәдени орталығы болуға тиісті бұл мұражайдың жәдігерлерін қазір оны құрушылар өз күшімен жинауда. Оған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «Мұнайшы» қоры үлкен көмек көрсетті. Қазіргі таңда қолда бар барлық жәдігерлер «Мұнайгаз саласының тарихы», «Мұнайгаз ісінің геологиялық - геофизикалық негізі», «Мұнай кәсібінің құрал-жабдықтары» деген 3 секцияға топтастырылып отыр.
1 жыл бұрын (2010) Талғат Мұсабаев Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы академигі ғылыми атағына және Халықаралық ғарышкерлікке қолдау көрсету қоғамдық қайырымдылық қорының «Ғарышкерлікке сіңірген еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі» дипломын, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының академигі куәлігін және Ресей ғалымы В.И.Вернадский бейнесі белгіленген алтын кеуде белгісін тапсыру рәсімі 2010 жылғы ақпанның 25-інде Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының халықаралық конференциясының аясында өтті.
Сонымен қатар, Талғат Мұсабаев «Ғарышкерлікке сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1916-2008) әнші, Қазақстанның халық әртісі КЕНЖЕТАЕВ Кәукен дүниеге келді.
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген.
1942-1946 жылдары аралығында Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Ол Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Демон (А.Г.Рубинштейннің «Демонында»), Амонастро (Дж.Вердидің «Аидасында»), т.б. партиялары оның әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды. Ол 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түсіп, режиссер («Жерге қайта оралуда»), әнші-әртіс («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Қазанғап («Боранды бекетте»), Базарбай («Қыз Жібекте»), тағы басқа рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», т.б. операларын қойды. Сонымен қатар «Алдар Көсенің айласы», «Қалқаман - Мамыр», «Сапар», «Баян жүрек», «Құсни - Хорлан», т.б. опреалар либреттоларының авторы. «Сильва», «Тыныш шаңырақ», «Фигароның үйленуі» опреаларының либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», «Высокий дар призвания» атты кітаптары жарық көрген. Оның репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, укран, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен КСРО-ның қалаларында және көптеген шетелдерде болған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) Қазақ-Британ техникалық университеті Математикалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, Жоғары және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар Серқұлұлы дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылым жөніндегі даярлау комитетінің төрағасы болды. 1995-2002 жылдары Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік ҒА-ның Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік степендияларын, Швеция корольдік Ғылым академиясының грантын алған. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.Ол 12-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ші санаттағы Төтенше және Өкілетті елші ӨТЕМБАЕВ Ерік Мылтықбайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын бітірген. 1990-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, экономика және социология факультеті деканының орынбасары, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі. 2005-2006 жылдары - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша келіссөздерде Қазақстан Республикасының өкілі. 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың мамыр айынан - қазіргі қызметінде. 15 ғылыми жарияланымның және бірнеше кітаптың авторы.
АҚПАННЫҢ 26-Ы, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті.
Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады.
Профессордың айтуынша, соңғы жылдары Батыс Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығын ұғына бастады. Бірақ қатардағы оқырман мен студент үшін ағылшын тілінде жазылған қолжетімді әдебиет жоқтың қасы. «Мен дәл осы кемшіліктің орнын толтыруға тырыстым. Кейде, телебағдарламаларды көріп отырғанда немесе газет мақалаларын оқығанда, қоғамдық пікірталасқа қатысушы көптеген американдық шешендер географияны, шекаралардың және елдердің пайда болу тарихын, мәдениетін білмейді ме деп қаламын.
Р.Абазовтың 2007 жылы жарық көрген «Орталық Азия республикаларының мәдениеті мен дәстүрлері» деп аталатын бұған дейінгі туындысы Қазақстанның және Орталық Азияның әдебиеті мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы үздік шетелдік еңбек деп танылып, Қазақстанның Журналистер академиясының сыйлығын алған болатын.
3 жыл бұрын (2008) Павлодар облысының Қашыр аудан орталығында «Нас породнила качирская земля» атты жинақтың таныстырылымы болды. Кітаптың жетпіс бетінде мұрағат құжаттары, суреттер және аймақтың әлеуметтік инфақұрылымына және ауылшаруашылықтың дамуына өз еңбектерін қосқан ардагерлердің еске түсірулері жарияланған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары облыстың үздік аудандарының бірі болды. Мұнда егін егіп, жаңа агротехникалық әдістерді қолданды, малшаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудан орталығында мектептер,медициналық мекемелер, мәдениет үйлері және кітапханалар салынды.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да қазақстандық кәсіпорындар мен «Шнейдер Электрик» ЖШС француз компаниясының қатысуымен энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар даярлау жөнінде алғашқы Қазақстан-Француз орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1961) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ТӘУКЕБАЕВ Серік Шауенұлы дүниеге келді.
Түркістан қаласында туған. Қазақ химико-технологиялық институтын бітірген, Шымкент университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 1983-1996 жылдары - Жамбылдық басқармасы «Казстальконструкция» трестінің шебері, «Средазтрансстрой» СМП-194 трестінің инженері, құрылыс шебері, құрылыс жұмысының басшысы, құрылыс жұмысының бас басшысы, бас инженердің орынбасары, бас инженері, бастығы, 1996-2001 жылдары - «Туркестанстроймонтаж» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, директоры, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары. 2001-2008 жылдары - құрылыс, сәулет және аумақты салу департаментінің бастығы, жер қатынастары басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі. 2008-2009 жылдары -Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қазан айынан - қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1961) «Тұран-Астана» университетінің даму жөніндегі директоры МАДЕЕВ Сабыржан Маратұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1984 1986 жылдары - Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика кафедрасының инженері, Кеңес Армиясы қатарында. 1986-1992 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 93 орта мектептің мұғалімі. 1991-1994 жылдары - Қарағанды қаласындағы жеке меншік мектептің мұғалімі, директоры. 1994-1995 жылдары - Қарағанды қаласындағы № 88 орта мектептің директоры, Астана қаласындағы облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының директоры.1995-1996 жылдары - Астана қаласындағы № 27 орта мектебінің мұғалімі, әдіскері, ғылыми кеңесшісі. 1996-1998 жылдары - Астана қаласындағы «Лицей «Столичный» мемлекеттік емес мекемесінің оқытушысы, директоры. 1998-2003 жылдары -Астана қаласындағы «Тұран» университеті филиалының оқытушысы, директоры. 2003-2005 жылдары - Тұран-Астана» университетінің бірінші проректоры, ректоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - қазіргі қызметінде. 2004 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы білімберу мекемелері Ассоциациясының вице-президенті. 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының туризм дамуына үлес қосқан үшін» төс белгісімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық басқармасының бастығы ҚАЛИЖАНОВ Бағдат Уәлиұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Экономика және құқық академиясын бітірген.
1989-1990 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімі салық инспекциясының салық тексеруші-инспекторы, салық тобының тексеруші-инспекторы.
1990-1993 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, бас мемлекеттік салық инспекторы. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығы. 1996-1997 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы. 1997-1998 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік салық комитетінің төрағасы. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің салық комитеті Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министірлігінің салық комитеті Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2002-2004 жылдары - Алматы қаласындағы «Қазтелерадио» ЖАҚ-ның қаржы жөніндегі директоры - төрағаның орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті Ұйымдастыру және қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бастығы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі салық комитеті «Ақпараттық технологиялар паркі» Алматы қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.2010 жылдан - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
АҚПАННЫҢ 27-І, ЖЕКСЕНБІ
Доминикан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1844 жылы доминикандықтар гаитяндықтардан өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Олардың қол астында доминикандықтар 22 жыл өмір сүрді. Доминикан Республикасының табиғаты аса көркем, Латын Америкасының қайталанбас мәдениеті, ежелгі тарихы және ғажайып сымбат өнерлері бар. Астанасы - Санта-Доминго. Ресми тілі - испан, католицизм дінін ұстанады. Мемлекет Гаити аралының шығыс бөлігінде орналасқан.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Орал қаласының 30 көшесі атауларын өзгертті. Бұл шешім қалалық мәслихатың отызыншы сессиясында қабылданды. Отырыс барысында қалалық әкімшілік жанындағы ономастикалық комиссияның ұсынысы қаралды. Енді Орал қаласының орталық магистральды көшелерінің тізіміне кіретін Фурманова және Кутякова көшелеріне қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының және көрнекті саясат қайраткері Әбіқайыр ханның есімі берілді. Батыс Қазақстан облысы әкімшілік орталығының картасында аты аңызға айналған батыр қыздарымыз Мәншүк Мәметова және Алия Молдағұлованың, академик Асан Таймановтың, профессор Мәтжан Тілеужановтың және Всеволод Ивановтың, атақты домбырашы Дина Нүрпейісованың, ақын Әбубәкір Кердерінің, Жұбан Молдағалиевтің және Қасым Аманжоловтың, жазушы Никита Савичевтің, ойшыл Ғұмар Қараштың және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімдері берілді.
3 жыл бұрын (2008) Алматыда Ұстаздардың құқығы мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестік құрылды. Ұстаздар мен билік арасында көпір болу міндетін атқаратын бірлестіктің ұстанған мақсаты - мұғалімдерге құқықтық жағынан кеңес беріп, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету. Ұстаздар қауымы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтың біріне жатады. Олардың көпшілігінде баспана жоқ. Қоғамдық бірлестік республика аумағы бойынша өз бөлімшелерін ашты, олар қордаланып қалған мәселелерді шешеді.
1 жыл бұрын (2010) Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Алматының «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының еліміздегі кәсіподақ ұйымдары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп дайындаған «Әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім» атты кітабының тұсауы кесілді.
Аталмыш жобаны ұйымдастырушылардың сөздеріне қарағанда, қазір еліміздің көптеген тұрғындары үкімет, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында арнайы келісімнің бар екендігін білмейді және білетіндерінің өзі оны жете түсінбей отыр. Үшжақты келісімге қатысты алдын ала арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер мен қоғамдық пікірге қатысты жасалған әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі осыны көрсетті. Осыған қарай кітапта үкімет, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы келісім негізінде елде атқарылып жатқан жұмыстардың жайы мен оған қатысты проблемалар, сондай-ақ олардың шешілу жолдары жөнінде ақыл-кеңестер мен келісім негізінде қалыптасып отырған жағдайға қатысты жаңа, тың деректер көрсетілген.
Осының барлығы үшжақты келісімге қатысушы тараптардың бір-бірімен байланыстарын әлі де болса жетілдіру қажет екендігін көрсетті», деді жобаның жетекшісі тарих ғылымының докторы, профессор Ләйла Ахметова.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚОЗЫБАҚОВ Момбек Жамалбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы Шардара ауданында инженер болып бастаған. 1975 жылдан бастап ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметтер атқарып келеді. 1975-1977 жылдары - Қазақ химия-технологиялық институты машина жабдықтары кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Қолданбалы механика» кафедрасының инженері. 1977-1980 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1981-1984жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің машиналар механикасы ғылыми-зерттеу зертханасының аға инженері, Шымкент педагогикалық институтының Жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 1984-1993 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы. 1993-2000 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының еңбек және өнер мамандығы бойынша оқу-ғылыми кешенінің жетекшісі - проректоры, еңбек және өнер мамандықтары бойынша оқу-өндірістік кешенінің директоры, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің проректоры, өндіріс және техникалық жабдықтар негіздері кафедрасының доценті, кәсіптік оқу теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 1999-2001 жылдары - «Әулие-ата» университеті Шымкент филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдың сәуірінен Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарады.
2007 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласында Түркі әлемінің жазушылары мен өнер қайраткерлеріне табыс етілетін «Түркі әлеміне қызмет еткендігі үшін» марапатына ие болды. 2007 жылы Англияда Оксфорд университетінде Европалық бизнес ассамблеясының халықаралық қоғамдық серіктестік корпорациясының халықаралық «Сократ» марапаты табыс етілді. 2008 жылы еліміздің «Мекке-Медине» діни бірлестігінің төралқасы мен Д.А.Қонаев мешітінің Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың атындағы ізгі құрмет дипломына ие болды. 2009 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «ХХI ғасырдың көш басшылары» бағдарлама аясындағы Халықаралық марапатын иеленді. Педагогика тарихының келелі мәселелері бойынша Республикалық және Халықаралық конференцияларда көптеген баяндамалар жасаған. 1-монография, 14 оқу-әдістемелік құрал, 10 оқу-әдістемелік нұсқау, 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы, 6 патент иегері. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық, 8 магистрлік диссертацияларқорғалған.
45 жыл бұрын(1966) Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі МУСИН Қанат Сергейұлы дүниеге келді.
Ебіней Букетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылдан Целиноград қаласы прокуратурасында бастап, тергеу бөлімінің аға тергеушісі, арнайы істер жөніндегі тергеушісі, Ақмола облысы Целиноград қаласы прокуротурасының криминалдық прокуроры болды. Кейіннен Жамбыл облысының, Ақмола, Астана қалалары прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бес жылдан астам Қаржы полициясында қылмыстарды іздестру жұмыстарымен айналысып, әр түрлі лауазымды қызметтерді атқарып, Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаменті бастығының орынбасары болды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, бас сарапшы қызметтерін атқарған.
2010 жылдың 17 ақпанынан - қазіргі қызметінде.