ҮКІМЕТ
1 наурызда Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысы өтеді. Онда үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланады.
1 наурызда Орал қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловтың қатысуымен Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтпек.
ПАРЛАМЕНТ
1 наурызда Парламент Мәжілісінде «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі» бойынша «дөңгелек үстел» отырысы болады.
ҚОҒАМ
3 наурызда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталады.
АСТАНА
1 наурыз күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Республикалық «Ұлан» гвардиясы күндері басталады. Шара наурыз айының 1-і мен 4-і аралығында өтеді.
1 наурызда Астана қаласының мемлекеттік циркінде тамаша дауыс иесі, әнші Маржан Арапбаеваның жеке концерті өтеді.
1 наурызда Орталық сайлау комиссиясында халықаралық байқаушыларды аккредитациялау мәселесі бойынша комиссия отырысы өтеді.
1 наурызда «Іскер» бизнес орталығында «Жекеменшік сот орындаушылар институты» тақырыбына арналған семинар өтеді.
1 наурызда М.Горький атындағы орыс драмалық театрында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құру мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты болады.
1 наурызда Тұңғыш Президенттің Зияткерлік мектебінде мектеп оқушыларына арналған қиял-ғажайып әңгімелердің «Байқоңыр-2011» І республикалық әдеби конкурсының тұсаукесер рәсімі болады.
1 наурызда «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде «Жастар халық бірлігін қолдайды» деген тақырыпты конференция болады.
2 наурызда Медициналық университетте «Қазақстандағы медициналық білім: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.
5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы өтеді
АЛМАТЫ
1-2 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Өмірбек Жолдасбековтың 80 жылдығына орай І халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді.
1 наурызда «Қазжол» қонақүйінде үкіметтік емес ұйымдар үшін адам ресурстарын басқару мәселесіне арналған тренинг өтеді.
1 наурызда «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» акционерлік қоғамының кеңсесінде баспасөз мәслихаты болады.
1 наурызда Алматы әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімов «Қайрат» футбол клубының мүшелерімен кездеседі.
1 наурызда «Метро» ойын-сауық орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының арасында боулинг турнирі болады.
АЙМАҚ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
21 ақпаннан бастап Таразда «Жолдау: жастар-жастарға!» атты ақпараттық-мәдени автокеруен басталды. Автокеруен бағдары Жамбыл облысының 10 ауданын аралып, 1 наурыз күні Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында өз мәресіне жетеді.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
1 наурыз күні Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылады
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
2011 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА:
НАУРЫЗДЫҢ 1-І, СЕЙСЕНБІ
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. 1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.
АҚШ-та түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күні. 1986 жылы түрлі-түсті әйелдердің Ұлттық институты АҚШ-тағы түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күнін бекітті.
Оның мақсаты - Африка, Индия, Аляска, Азия, Испания, Латын Америкасы және Тынық мұхиты аралдарын мекендейтін әйелдердің достастығын құрып, олардың құқығын қорғап, орын алған мәселелерін шешу болып табылады.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Қазақстанда таудағы агробиоәралуандықты сақтау in-situ» жобасы ұсынылған семинар өтті. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы Тянь-Шан тауының екі телімінде орналасқан ауыл шаруашылығы үшін маңызы бар in-situ сақтау және биологиялық әралуандықты тұрақты пайдалану болып табылады. Жобада алманың, өріктің басқа да сирек кездесетін жабайы өсімдік түрлеріне ерекше назар аударылып отыр.
1 жыл бұрын (2010) Астанада Мемлекет тарихы институты жанынан докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды.
Бұдан былай елордада тарих саласы бойынша докторлық диссертацияларды екі мамандық бойынша - отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы) және тарих жылнамасы, дереккөзтану және тарихи зерттеулер әдістемесі мамандықтары бойынша қорғауға болады.
2011 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғанда енді бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.
Бүгінге дейін елімізде тарихшылар өз ғылыми жұмыстарын қорғай алатын жеті диссертациялық кеңес жұмыс істеп келді. Жаңадан ашылған диссертациялық кеңестің құрамына Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларының жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдарының 14 өкілі кіріп отыр.
1 жыл бұрын (2010) Варшавада «Қазақ киіз үйі». Владыслав Соколовски. Өнер, мәдениет, білім, халықаралық консалтинг және сауда орталығы» жаңа ұйымы ашылды. Оны поляк дипломаты және қоғам қайраткері, Польшаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі (2003-2006 жж.), поляктың «Менің Қазақстаным» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Владыслав Соколовски құрды.
Қазақстан мәдениеті мен өнерін бағалай білетін ол қазақ киіз үйінің ішін жасаулап, қазақ музыкалық аспаптарын, бас киімдерді, керамика мен қоладан жасалған шеберлердің көне жәдігерліктерін қойды.
«Қазақ киіз үйі» ұйымы Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1921-1983) қоғам және саясат қайраткері ӘШІМБАЕВ Тұтқабай дүниеге келді.
Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Фрунзе индустралдық техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және Бүкілодақтық инженер-құрылыс институтын сырттай бітірген.
1940 жылы Үлкен Шу арнасы құрылысында аға техник болып істеген. 1940-1946 жылдары Ұлы Отан соғысы майданына қатысқан. 1946-1957 жылдары - Түркістан-Сібір темір жолы құрылысының аға инженері, құрылыс комитетінің төрағасы, бөлім меңгерушісі, Ауыл шаруашылық қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің хатшысы. 1957-1959 жылдары - «БасАлматықұрылыс» тресі өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, «Түрксібтрансқұрылыс» тресінің бөлім бастығы, Алматы халық шаруашылық кеңесінің бөлімше бастығы. 1959-1960 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1960-1965 жылдары - Текелі қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1965-1969 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1969-1971 жылдары - Қазақ КСР Ауыр индустрия кәсіпорны құрылысы министрінің орынбасары. 1971-1973 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1973-1980 жылдары - Маңғышлақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1980-1981 жылдары - Қазақ кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 1981-1983 жылдары - Қазақ КСР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің директоры қызметтерін атқарған.
«Богатство недр и щедрость души», «Творчество миллионов» атты кітаптарының авторы.
Қазан революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
80 жыл бұрын (1931-1999) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Құрметті профессоры. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖОЛДАСБЕКОВ Өмірбек Арысланұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1954-1958 жылдары - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы, аға оқытушысы, механика факультетінің деканы. 1958-1962 жылдары - Мәскеу тоқыма институтының аспиранты, ассистенті. 1962-1970 жылдары - Қазақ политехника институтының (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры. 1970-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ректоры. Қазақ мемлекеттік университеті қалашығының салынуына ұйытқы болып, көптеген жаңа кафедралардың ашылуына басшылық жасады. 1986-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі. 1988-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Механика және машинатану институты зертханасының меңгерушісі, директоры, құрметті директоры. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ғылым, блім және жаңа технологиялар жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ол 1991 жылы Халықаралық инженерлік академияның вице-президенті, 1993 жылы Ислам елдері инженерлік академиясының вице-президенті, 1997 жылы Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі болып сайланған. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды. Ол жазық рычагты жоғарғы класты механизмдер кинематикасы, кинетостатикасы, серпінді буынды механизмдер динамикасы салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жазық және кеңістіктік жоғарғы класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде оның басшылығымен әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейдерлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғылар жасалып, өндіріске енгізілді.
Ол қазақ ғалымдары арасында бірінші болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасап, машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазды. Аталған ғылым салалары бойынша ғалымның 400-ден аса ғылыми еңбектері, 12 монографиясы жарық көрген. 30-дан аса оқулықтары мен оқу құралдарының, 126 авторлық куәлік пен шетелдік патенттердің авторы.
Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендарымен, бірнеше медальмен, оның ішінде Халықаралық және ресейлік ғылыми-инженерлік бірлестіктердің Г.В.Шухов атындағы алтын медалімен, әл-Хорезми атындағы халықаралық фестивальдің алтын медалімен, Халықаралық инженерлік академияның күміс медалімен марапатталған.
Өмірбек Жолдасбековтың есімі Механика және машинатану институтына, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығындағы Студенттер сарайына, университет мұражайына, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларындағы көшелерге берілген.
70 жыл бұрын (1941) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ИМАШЕВА Баян дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын бітірген.
Өнер жолын Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры сахнасынан бастаған. 1965 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.
Сахнада сомдаған рөлдері Валя Панфилова (Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің «Намыс гвардиясында»), Бибіш (Құдаш Мұқашевтің «Дала дастанында»), Алма (Есенжол Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде»), Бөрте, Нұрғаным (Иран Ғайыптың «Шыңғыс хан», «Мен ішпеген у бармасында»), Рахия (Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде»), Қаракемпір (Мағжан Жұмабаевтың «Ғашық дертінде»), тағы да басқа бір-біріне ұқсамайтын айқын бояулы рөлдері оның алуан қырлы дарын иесі екенін көрсетеді.
60 жыл бұрын (1951) Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор ОМАРОВА Мария Нұрғалиқызы дүниеге келді.
Алматы облысы Панфилов ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
1974-1995 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты, асистенті, аға оқытушысы, экология және жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ғылым бөлімінің меңгерушісі - Ғылым, білім және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті медицина ғылымы бөлімінің бастығы. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарған. 2000 жылдың қарашасынан бастап - қазіргі қызметінде.
70-тен астам ғылыми және ғылыми-методикалық жарияланымдардың авторы.
55 жыл бұрын (1956) «Цесна» Корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы ЖАҚСЫБЕКОВ Серік Рыскелдіұлы дүниеге келді.
Қостанай облысы Қарабалық ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.
1978-1980 жылдары - Целиноград облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ақпараттық есептеу орталығының инженер-электригі. 1980-1987 жылдары - Краснознаменский аудандық «Ауылшаруашылықэнерго» кәсіпорнының аға, бас инженері, Целиноград электр желісі Теңіз аудандық желісінің бастығы, Теңіз аудандық электр желісінің бастығы. 1987-1990 жылдары - кеңшар партия комитетінің хатшысы, Шортанды аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Шортанды аудандық арнайы шаруашылық бірлестігі партия комитетінің хатшысы. 1990-1992 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі, Ақмола қалалық әкімшілігі басшысының кеңесші-консультанты. 1992-1997 жылдары - Ақмола облыстық Кеден басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1997-2007 жылдары - «Цесна» Корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. 2007 жылдың наурызынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталған.
35 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесінің ғылым, білім, мәдениет және жастар саясаты мәселелер жөніндегі комиссиясының тең төрағасы БЕРДІОҢҒАРОВ Тәңірберген Маратұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1994-2001 жылдары - «31-ші арна» ТРК-ның журналисі, жастар телебағдарламалары редакциясының жетекшісі, компания президентінің көмекшісі, «Х-телевижн» ЖШС-інің бас директоры, «Шахар» ТРК» «Звездопад.kz» жастар жобасының жетекшісі. 2001-2003 жылдары - «Отан» партиясы төрағасының жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі. 2003-2008 жылдары - «Отан» Республикалық саяси партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының республикалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы тамыздың 18-інен - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымының депутаты, 2007 жылдың қыркүйегінен - Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі.
2001 жылдың сәуірінен бастап - «Отан» («Нұр Отан» ХДП) партиясының саяси кеңесінің мүшесі.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 15 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 2-І, СӘРСЕНБІ
Эфиопиядағы Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңiс күні. Эфиопия - Африкадағы өзінің бүкіл тарихында біреудің отары болып көрмеген жалғыз ел. 1869 жылы Суец каналы ашылғанда, Италия өзінің назарын аударды. 1872 жылы италияндықтар Ассаб портын, 1885 жылы Массауаны басып алды. Төрт жыл өткен соң Италия мен Эфиопия келісімшартқа қол қойып, бірақ италияндық нұсқасының амхарлықтан айырмашылығы болды және соған сәйкес Эфиопия Италияның протектораты болып қалды. Нәтижесінде, 1895 жылы кем дегенде бір жыл ішінде Италияның жеңілісімен біткен соғыс басталды. Сол кезден бастап Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңіс Эфиопияның тарихынан нық орын алды және бұл мерекені эфиоптар жыл сайын атап өтеді.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2001) Алматыда Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры құрылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты қарқынды мақсатты бағытталған саяси реформалау жағдайында стратегияны таңдау, жаңа прогрессивті көзқарастардың басты қоғамдық тасымалдауышы мен бағытын айқындау - негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстандағы берілген аспектілерді саралай әрі түсіне келе жас буынға үлкен сенім артылды. Құрылғаннан бастап Қорда белгілі бір жүйелер мен біршене бағыт бойынша жастар саясатын іске асыру механизмдері өндірілді: Қала жастары үшін әлеуметтік инфроқұрылым объектілерін құру; ерекшеліктерімен көзге түскен түлектердің оқуын ынталандырып әрі оларға стипендия түрінде материалдық жәрдем көрсету; жастарды еңбекпен қамту; жастар шығармашылығы, спорт, ғылым және т.б. салаларындағы ірі жобаларды іске асыру. Жастар саясаты аясында бастамалар мен түрлі жобаларды іске асыруда өзара тиімді әріптестік орнату - Мемлекеттік қор қызметінің ұстанымдарының бірі.
5 жыл бұрын (2006) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң жауапкершілікті күшейтуге және қоғамға қауіпті осы іс-қимылдарға қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағыттылған.
5 жыл бұрын (2006) Америка Құрама Штаттары 10 долларлық жаңа банкноты айналымға шығарды.
Жаңа ақшаны жасауда ерекше қорғаныс белгілері қолданылған көрінеді. Атап айтқанда, жаңа банкноттар оң жақта орналасқан ерекшелік белгілермен, Александр Гамильтонның кішірейтілген портретінің қайталамасымен, сондай-ақ, банкноттың қасбетіндегі микромөрлермен қорғалған.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Барыс» монетасын айналымға шығарды.
Монетаның бет жағының орталық бөлігіндегі ою-өрнектің аясында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «100 ТЕҢГЕ» деген жазумен оның номиналы басылған. Сондай-ақ оның сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін (Ag 925) белгі жазылған, ал оң жағында оның салмағын айқындайтын(31,1 gr) белгі басылған.
Мұнымен қоса монетаның сыртқы бетінде тау шатқалының бейнесінде екі барыстың суреті бейнеленіп отыр.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Диаметрі 38,67 мм. , таралымы 7000 дана (3 мың данасы еліміздің ішкі нарығы үшін).
1 жыл бұрын (2010) Астанада Қазақстанда бала құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум басымдықты бағыттарының бірі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау болып табылатын 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдарының 2009-2012 жылдарға ұлттық жоспарының баптарын жүзеге асыру аясында жасалып отыр.
Аталмыш құжат бала құқықтарын қамтамасыз ету, осы бағыттағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру саласындағы омбудсмен мекемесінің әлеуетін дамытуға бағытталған.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-2003) Халық қаһарманы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері ХРИСТЕНКО Александр Фёдорович дүниеге келді.
Украинаның Киев қаласында туған. Харьков механика техникумын, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген.
1954-1957 жылдары - Таллин қаласындағы зауыттың шебері, шеберхананың меңгерушісі, Прежевальский атындағы кеңшарының бригадирі. 1957-1972 жылдары - «Киевский» кеңшарының директоры. 1972-1975 жылдары - Нұра аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1975-1981 жылдары - Киров атындағы совхоздың директоры. 1981-1982 жылдары - Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1982-1991 жылдары - Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры. 1991-1998 жылдары - Қарағанды ғылыми-зерттеу совхоз-институтының бас директоры. 1998-2001 жылдары - Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры. 2001 жылдан зейнет демалысына шыққан.
60-тан астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы.
Ленин, Қазан революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 3-І, БЕЙСЕНБІ
Жазушылардың дүниежүзілік күні. 1986 жылғы қаңтардың 12-і мен 18-і аралығында өткен Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі.
ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - поэттер, essayists - очеркистер, novelists - романистер аббревиатурасы. Бұл жағдайдың аббревиатурасы ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзінің сәйкес келуін ескерте кету керек.
Қазақстанда 750 отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлы жазушыларының қауымдастығы құрылды, ал 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.
Бұл ұйымды 80 жыл бойы біздің республикамызда Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоқжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Диқан Әбілев, Әбділда Тажибаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шарипов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбаев басқарды. Қазіргі таңда Нұрлан Оразалин төрағалық етеді.
Бүгін Жазушылар Одағы - Қазақстанның бұрыннан келе жатқан бірлестіктерінің бірі. Жазушылар одағының құрамында - қазақ, орыс, ұйғыр, немiс және кәрiс әдебиетінің шығармашылық секциялары, Қарағандыда, Семейде, Оралда, Астанада, Шымкентте 5 облысаралық бөлiмшелері бар.
Қырғызстанда мемлекеттік байрақ күні. Қырғызстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы маусымның 10-дағы «Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік байрағы туралы» Жарлығымен бекітілді.
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1921) канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг (1891-1941) инсулин гормонын ойлап тапты. Осы жаңалығы үшін ол 1923 жылы Нобель сыйлығын иеленді.
1 жыл бұрын (2010) қазақстандық жазушы Герольд Бельгерге Германия мен Қазақстан халықтарының арасындағы өзара түсіністікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Федеративтік Германия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін табыс етілді.
Бұл орден - Герольд Бельгердің халықтар достығына қосып отырған еңбегіне Германия тарапынан берілген жоғары баға. Марапаттау рәсімінің Германияның Қазақстандағы жылының аясында өтіп отырғаны да ерекше маңызға ие.
Герольд Бельгер 1934 жылы қазанның 28-інде Саратов облысы, Энгельс қаласында туған. Неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1958). 1958-1960 жылдары - Жамбыл облысының Байқадам кеңшарындағы орта мектепте мұғалім, 1960-1963 жылдары - Абай атындағы ҚазПИ-дің аспиранты, 1963-1964 жылдары - «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста, 1992 жылдан неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары. «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар» (1976), «Алты асу», «Тас өткел» (орыс, қазақ, неміс тілдерінде), «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Үндестік», «Уақытпен бетпе-бет» (неміс тілінде), «Үш әуен сарыны», «Гете және Абай», «Родство», «Земные избранники» атты зерттеу еңбектері, және басқа да шығармалары жарық көрген.
Бейімбет Майлин, Хамза Есенжанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Жиырмадай жинақтың құрастырушысы және жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-тей жинақтары бар. Қазақстан Жазушылар одағының Бейімбет Майлин атындағы сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстандағы ПЕН-клуб сыйлығының иегері.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы., профессор, Экономика институтының директоры, Қазақстан ғалымдар одағының президенті Оразалы Сәбденнің «Экономика» атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Ғалымның айтуынша бұл еңбекке Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері жөніндегі таңдаулы жұмыстары енгізілген.
Шара барысында еліміздің дамуының жаңа сапасын қамтамасыз ететін және дағдарыстан кейінгі экономиканың өзекті мәселелерін шешетін монография мен мақалалар топтастырылған 10 томдық жан-жақты талқыланды.
«Жалпы, қазіргі біздің бастан кешіріп отырған жағдайымыз өте күрделі кезең десек болады. Бұл кезең бүкіл дүниежүзінің экономикалық дағдарыстан кейінгі жандану, жаңғыру кезеңі. Осыған байланысты ғылым, техникамыз жедел дамуының арқасында инновациялық үрдіс дүниеге келіп жатыр, экономика жаңа пәрмен алуға тиісті. Осы тұста экономика ғылымының рөлі өте маңызды, сондықтан теориялық қолданбалы негіздер, стратегиялық жоба жасауымыз керек. Ал бүгінгі Оразалы Сәбденнің 10 томдығы осы стратегиялық жоба мен тұспа-тұс келіп отыр», дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Аманжол Қошанов.
1 жыл бұрын (2010) Астанадағы «Астана-Тауэр» ғимаратында Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды.
Финляндияның президенті Тарья Халонен 2009 жылғы сәуірдің 3-інде Астана қаласында Елшілікті ашу туралы тапсырма берді және Микко Киннуненді Қазақстан Республикасындағы бірінші Елші етіп тағайындады.
Бұл шешімнің мақсаты фин компанияларының Қазақстанға деген қызығушылығы болып табылады. Финляндия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылғы желтоқсанның 30-ында мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1931) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР халыққа білім берудің үздігі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚҰНАНТАЕВА Күләш Құнантайқызы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген.
1952-1954 жылдары - орта мектептің мұғалімі. 1954-1959 жылдары - Ленин аудандық комитеті бөлімінің меңгерушісі. 1959-1964 жылдары - БЛКЖО Орталық комитетінің хатшысы. 1964-1967 жылдары - Қазақ КСР жоғары және орта арнайы білім министрінің орынбасары. 1967-1968 жылдары - Алматы педагогикалық шет тілдер институтының проректоры. 1968-1984 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарған. 1984 жылдан - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, 1990 жылдан бастап - педагогика кафедрасының меңгерушісі. «Пионерия Казахстана», «Воспитание учащихся на революционных и трудовых традициях», «Внеучебные объединения учащихся», «К вершинам знаний», «Развитие народного образования в Казахстане» атты кітаптарының және 170-тен аса ғылыми жарияланымдардың авторы
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-10 шақырылымындағы депутаты.
Халықтар достастығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдарымен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.
75 жыл бұрын (1936-2008) экономика ғылымдарының докторы, профессор, аграрлық-егін шаруашылығы менеджменті және шаруа саясаты аймақаралық академиясының корреспондент-мүшесі СМАҒҰЛОВ Шаймұрат дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Омбы облысында туған. Омбы ауылшаруашылық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1959-1961 жылдары - машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, кеңшардың аға инженері. 1961-1963 жылдары - БЛКЖО Полудинск аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1963-1964 жылдары - кеңшардың бас инженері. 1965-1968 жылдары - БЛКЖО Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1968-1969 жылдары - Бескөл аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері. 1969-1973 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, кеңшардың бас инженері, директоры. 1973-1978 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1978-1981 жылдары - Возвышенск аудандық атқарушы комитетінің төрағасы. 1981-1992 жылдары - Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Жамбыл аудандық әкімшілігінің басшысы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Экономикалық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Сиданко» акционерлік қоғамы өкілдігінің директоры. 1998 жылдан өмірінің соңына дейін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, «Қожаберген жырау» қорының президенті қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты. Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті 1-ші шақырылымының депутаттығына үміткер.
Екі дүркін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 4-І, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани келді.
Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелер кешенін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар келіссөздерде Доханың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің үдерісіне қосылуы, Катар өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына және Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерлету шараларына қатысуы жөніндегі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, келіссөздердің экономикалық бөлігіне сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, Қазақстан-Катар іскерлік кеңесін құру, екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форумдар ұйымдастыру. Мұнымен қоса Қазақстан астығын Катар нарығына жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері кірді.
3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметінің арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге, Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Бірлескен инвестициялық қор құру мәселелері бойынша «Қазына» орнықты даму қоры АҚ мен Катар мемлекеті өкілетті органының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
1 жыл бұрын (2010) Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігі жанынан Корей мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды.
Орталық жаңа заманғы сандық және IT технологиялардың соңғы үлгілерімен жабдықталған. сонымен қатар онда кітапхана, көрме және концерттік залдар, демалыс бөлмелері, танымал корейлік ақпараттық-технологиялық жүйелерін шығарушы электрондық компаниялардың өнімдерімен танысуға мүмкіндік беретін аудиториялар бар.
IT технологиялар залында келуші қонақтар сапалы бейнелі сандық тележүйенің арқасында Корея еліне сапар шеге алады. Ондағы пейзаждарды, қыс, жаз, күз және көктем жыл мезгіліндегі Кореяның жерін көруге болады.
Сонымен қатар, видеоматериалдар арқылы Кореяның дәстүрлі өнерімен, әртістердің қойылымдарымен және корейлік сериалдар мен фильмдер ұсынылды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының қазіргі бес сайыс және биатлон федерациясының құрметті президенті. Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері АСАНОВ Тұрарбек Мәжілұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Нарынқол ауданында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
1975-1979 жылдары - Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі Конструкторлық бюросының инженері, аға инженері. 1979-1982 жылдары - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-технологы. 1982-1989 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Фрунзе аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1989-1992 жылдары - Фрунзе аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1992-1997 жылдары - Фрунзе, Медеу ауданы әкімшілігінің басшысы, әкімі. 1997-2004 жылдары - Алмалы ауданының әкімі. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылымның депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 18 тамызынан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымның депутаты, 2007 жылдың қыркүйегінен - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, бес медальмен және «Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы» құрмет грамотасымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1951) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының «Жеміс-жидек дақылдары және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының Құрметті инженері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі ІЗБАСАРОВ Дүйсебай Сайлаубайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Астрахан балық өнеркәсібі технологиялық институтын, Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының аспирантурасын, Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірістік академиясының докторантурасын бітірген.
1973-1976 жылдары - Шымкент балық комбинатының инженері, аға инженер-механигі. 1976-1978 жылдары - Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрлігінің Орталық жоба конструкторлық бюросының жетекші құрылымдаушысы, сектор меңгерушісі. 1978-1980 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты Алматы филилалының ассистенті. 1980-1984 жылдары - Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1984-1996 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты Алматы филилалының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, аға ғылыми қызметкері, кафедра меңгерушісі, профессоры. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының республикалық ғылыми-инженерлік технологиялық орталығының директоры. 1997-1998 жылдары - «Алмалы» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1998-2007 жылдары - Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Апорт» бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және шарап жасау ассоциациясы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұқсату және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығының директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың желтоқсанынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Инфракрасное облучение и сушка растительного сырья», «Теория, технология и техника сушки пищевых продуктов», «Технология хранения плодов, ягод и винограда», «Формирование и прогнозирование лежкоспособности и качества плодов яблони и винограда» атты кітаптарының авторы.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы, Генерал-майор ЖАҚСЫЛЫҚОВ Руслан Фатихұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Қаскелен қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.
1987-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап - қазіргі қызметінде.
КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 5-І, СЕНБІ
Әзірбайжанда дене шынықтыру және спорт күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2005 жылғы наурыздың 4-дегі Жарлығымен бекітілді. Жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын (1946) Миссури штатындағы Фултон қаласында Уинстон Черчилль сөз сөйлеп, «Балтикадағы Щециннен Адриатикадағы Триестке дейін Еуропаның үстінен темір шымылдық жабылды», деді. Содан бері «темір шымылдық» тіркесі тоталитаризмнің балама атауы ретінде қолданысқа еніп кетті.
3 жыл бұрын (2008) «Қазақстан» телеарнасының тарихына арналған кітаптар жарық көрді.
Қазақ теледидарының дәуірі 1958 жылдың 8 наурызынан басталады. Дәл сол күні телеарна хабар тарата бастаған.
Оның тарихынан сыр шертетін үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді. 1958 жылы 5 сағаттық бағдарламамен эфирге шыққан телеқұрылым бүгінде бағдарламасының 80 пайызын қазақ тілінде көрсетеді. Республика халықтың 93,05 пайызына телехабар, ал 80,17 пайызына радио хабарын тарататын еліміздің бас арнасы деңгейіне көтерілді. Құдайберген Тұрсынның «Қазақ теледидары», Қайнар Олжайдың құрастыруымен жарық көрген «Ұлттық арна ұлағаты», Ұлбосын Айтөленнің «Әріптестерім менің» атты туындыларында бағдарламалардың тарихынан, көрермен көңілінен орын алған Сағат Әшімбаев, Нели Омарова, Ләзиза Аймашева, Ласкер Сейітов сияқты тұлғалардың өмірінен сыр шертіледі.
1 жыл бұрын (2010) Palgrave Macmillan баспасы Анюшэ Ансари менХомер Хикэмнің «Жұлдыздар туралы арманым: Иран қызынан ғарыш пионеріне дейін» (My Dream of Stars: From Daughter of Iran to Space Pioneer) атты кітабын басып шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, құрамына Михаил Тюрин, Майкл Лопес-Алегриа және Анюшэ Ансари кірген «Союз ТМА-9» ғарыш кемесінің экипажы 2006 жылы қыркүйектің 18-інде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Шыққан тегі ирандық американдық Анюшэ Ансари ханым сөйтіп ғарышқа ұшқан алғашқы турист әйел және ғарышта болған алғашқы ирандық атанды. Халықаралық ғарыш стансысында болған сегіз күнде Ансари бірнеше ғылыми тәжірибе жасады. Ол сондай-ақ ғарыш сапары кезінде өз блогын жүргізген алғашқы адам болды.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1916-1989) Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті ЖҰМАҒАЛИЕВ Бижан дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогоикалық институтын, Жоғары партия мектебін бітірген.
1941-1942 жылдары - орта мектеп директоры. 1942-1943 жылдары - Фурманов педагогикалық училищесінің директоры. 1943-1945 жылдары - Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1945-1948 жылдары - Қазақстан коммунисттік партиясы Орталық комитетінің дәріскері. 1948-1952 жылдары - Қазақстан коммунисттік партиясы Орталық комитеті жанындағы Республикалық партия мектебі директорының орынбасары. 1952-1989 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тарих кафедрасының меңгерушісі, деканы, доценті, проректоры қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрметті грамоталарымен марапатталған.
«Развитие КПСС марксистско-ленинского учения о партии» атты кітабының авторы.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары Комитеті төрағасының орынбасары, Генерал-майор ӘЛІМОВ Руслан Сәдуақасұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Благовещенск қаласындағы жоғары командалық танк училищесі, Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1977-1986 жылдары - танк взводының, ротасының, батальонының комадирі. 1986-1989 жылдары - Әскери академиясының тыңдаушысы. 1989-1993 жылдары - Штаб бастығы- танк полкі командирінің орынбасары. 1993-1995 жылдары - мотоатқыштар полкінің командирі. 1995-1999 жылдары - Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясынның тыңдаушысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел қимылдау департаменті бастығының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің қарамағында болды. 2002-2004 жылдары - Штаб бастығы - «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары. 2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары Комитетінің жедел
қимылдау департаментінің бастығы, бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын», «Даңқ» ордендерімен және 8 медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ОСПАНОВ Нұрлан Елеусізұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1997 жылдары - «Терминал» ақпараттық-талдау орталығының директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы департаментінің директоры. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары. 2007 жылдың мамырынан бастап 2007 жылдың қазанына дейін - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың қазанынан бастап - қазіргі қызметінде. «ҚазМақта» АҚ директор кеңесінің төрағасы.
НАУРЫЗДЫҢ 6-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Балалардың теледидары мен радиохабарларының халықаралық күні. Бұл мерекелі күнді Каннда 1994 жылы сәуірде БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері жариялады. Сол кезден бастап жыл сайын наурыздың алғашқы жексебісін дүниежүзінің барлық теледидар және радиокомпанияларының жүргізушілері эфир уақытын балаларға және балалар бағдарламаларына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Телерадиокешенінің дәуірі 1958 жылдың 8 наурызында басталды. Дәл осы күні Алматы студиясында алғашқы бағдарлама өтті. Сосын бұл студия тұрақты апта сайынғы бес сағаттық хабарға айналды. Содан кейінгі жылдарда телестудиялар республикамыздың басқа да қалаларында пайда бола бастады, телехабарлар бүкіл Қазақстанға тарады. Баспа мен киноның бай тәжірибесіне, ерекше сапаның қабілеттілігіне сене отырып теледидар әр үйге еркін кіріп және әр отбасының мүшесі болды.
60-жылдары футбол матчтарының, концерттердің, мерекелік шаралардағы репортаждардың тікелей хабарлары басты орын алды.
Қазақ теледидарының бастауында көрнекті, дарынды инженер Виктор Иванович Тюленев, қазақстандағы алғашқы әйел-инженер Гүлжан Төлегенқызы Балфанбаева, радиотелеорталықтың алғашқы директорларының бірі Рамазан Сағадиұлы Файзуллин және тағы да басқалары тұрды.
Барлық кезеңде де теледидардың бетке ұстарлары дикторлар болған. Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Нелли Омарова, Зульхия Жұматова, Лязиза Аймашева, Орынбала Оразбаева болды. Содан кейін Ласкер Сейітов, Мәриям Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тельменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтеубаев келді. Қазіргі күнге дейін сол кездегі алғашқы дикторлар үлкен кісілердің есінде, олар жаңалықтарды да, концертерді де және сұхбаттарды да өздері жүргізген.
Гана Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Гана Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Астанасы - Аккра. Ресми тілі - ағылшын тілі. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығару органы - бiр палаталы парламент.
Гана Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Ақтөбе облысының Қандыағашы стансасында локомотивтерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық бұрынғы локомотив депосында орналасқан, «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы жүргізген қалпына келтіру жұмыстарынан кейін толығымен өзгерді, және заманауи жабдықтармен қамтылған, тепловоздарға техникалық көрсетуге және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Орталықтың бірінші кезектегі мақсаты - маневрлік локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Жөндеу жұмыстарына арналған жабдықтар Германияда, Ресейде және АҚШ-та жасалған.
1 жыл бұрын (2010) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Кітаптың авторы филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов. «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты екі бөлімнен тұратын кітаптың тиражы 2 мың дана. Монографияның бірінші бөлімінде әдебиеттану ілімінің өзекті мәселелерімен қатар, Шәкәрімнің әдеби-жарияланымдық еңбектері зерттелген. Кітаптың екінші бөлімінде Сұлтанмахмұттың шығармашылығында Абай мен Шәкәрімнің енгізген поэзия, проза, публицистика бағыттарына арналған.
Арап Еспенбетовтың монографиясын «Шәкәрім тану» ғылыми-зерттеу орталығы басып шығарған. Орталық «Шәкәрім әлемі» топтамасынан 4 кітапты шығарды: Ғарифолла Есімнің «Наука совести», Әбдіғазы Балтабайдың «Шәкәрім әлемі», Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім және Алашорда» және Шанбай Тұрдықұлдың «Культура понятий».
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-1983) ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері ҚОЖАМҰРАТОВ Өмірзақ дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасының Бұқар облысында туған. Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Тарихи отаны Қазақстанға келгеннен кейін Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды.
Шығармалары елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастаған. «Жиделі Байсын», «Таңғы дауыс», «Ой кешу», «Күн астында - құдірет», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.
Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.
70 жыл бұрын (1941) Қазақ-британ техникалық университетінің энергетика және мұнай газ инженериясы факультетінің деканы, профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы ДӘУКЕЕВ Диас Кенжебекұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін бітірген.
1964-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Ядролық физика институтының инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары, Талдау орталығының жетекшісі. 1999-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Қарашығанақ департаментінің үйлестірушісі. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-ының менеджері. 2004 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Радиационно стимулированная сегрегация в металлах и сплавах» (бірлесіп шығарған), «Идентификация моделей диффузии в дефектных средах по экспериментальным данным послойного анализа» (бірлесіп шығарған), «Новый подход к исследованию отжига дефектов» (бірлесіп шығарған) атты кітаптарының авторы.
55 жыл бұрын (1956) «Рауан» Баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері ҚАЗЫҒҰЛОВ Шархан Нағметұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1981-1986 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің аудармашысы. 1986-1990 жылдары - Балқаш аудандық газетінің редакторы. 1990-1994 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің редакторы. 1994-2002 жылдары - ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің консультанты. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің бас менеджері. 2004-2007 жылдары - «Нұр-Астана» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ШЕГЕНОВ Моряк Смағұлұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1983-1989 жылдары - Жезқазған облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы, Жезқазған көлік прокурорының көмекшісі. 1989-1992 жылдары - Жезқазған қалалық сотының судьясы. 1992-1995 жылдары - Жезқазған облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы. 1995-2009 жылдары - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы, судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап - қазіргі қызметінде.