ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 6 қаңтар - 9 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 6 қаңтар - 9 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

Елбасы

6 қаңтарда ҚР Президентінің өкілеттілік мерзімін ұзартуға арналған референдум өткізу туралы бастаманы қолдау үшін ұйымдастырылған «Қазақстан 2020: жаңа онжылдықтағы - жаңа Қазақстан» конференциясы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

6 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өткізіледі.

6 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатында ҚР «Ғылым туралы», «ҚР ғылым мәселелері бойынша кейбір заң шығару актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесері өткізіледі.

АСТАНА

6 қаңтарда «Ғарыш адамзаттың игілігі үшін - болашаққа көз салу» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.

АЛМАТЫ

6 қаңтарда зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың республикалық «Зерде» байқауының салтанатты жабылу рәсімі өткізіледі.

6 қаңтарда «Азиада-2011 Елшілері» жобасының басталуы» баспасөз мәслихаты және оларға мандаттар тапсыру рәсімі болады.

6 қаңтарда «Казахстанский путь в дилемме: Восток или Запад» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

6 қаңтарда «Гүлстан» ғылыми-танымал журналдың «Жетісу жастары» жастар орталығымен берлесе ұйымдастырған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға - жиырма мың ағаш» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Польшадағы «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты жүзеге асырып жатқан жергілікті ұйымдастыру комитеті жанкүйерлер арасында «Біздің құрама үшін жанкүйер бол - біз тарихты бірге жасаймыз» байқауын жариялады. Оның жеңімпаздары «Еуро-2012 достары» атанады. 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын байқауға 16 жасқа толған адамдар қатыса алады.

2011 жылдың 1 қаңтарында Кеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.

ҚҰРМЕТТІ ЖАЗЫЛУШЫЛАР!

«ҚАЗАҚПАРАТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СІЗДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ !

ЖАҢА 2011 ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН !

2010-2020 жылдары Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онжылдығы

Халықаралық жастар жылы: сұхбат және өзара түсіністік (2010 жылдың тамыз айының 12-нен 2011 жылдың тамыз айының 12-не дейін)

Халықаралық орман жылы

Халықаралық химия жылы

БҰҰ Бас Ассамблеясы мүше-мемлекеттерге 2011 жылы Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының жиырма жылдығын ядролық сынақ зардабы адам денсаулығы үшін және қоршаған орта үшін зиян екені туралы халықаралық қоғамдастыққа жеткізу үшін шаралар мен кездесулер арқылы атап өтуді ұсынды.

Сонымен бірге 2010 жылдың тамыз айының 12-нен 2011 жылдың тамыз айының 12-не дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық жастар жылы өтеді. Халықаралық жастар жылының негізгі тақырыбы «Сұхбат және өзара түсіністік» деп аталады. Халықаралық жастар жылының басты мақсаты - әлем мұраттарының серпінді ілгері басуы, бостандық, ынтымақтастық сияқты идеялар мен жастар құқықтарының іске асуына кепілдік беру және интеллектуалды әлеуетіне жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарлама 15 бағыттан тұрады (білім, жұмыспен, қамту, аштық пен қайыршылық, денсаулық, қоршаған орта, есірткі қолданудың алдын алу, балалар қылмыстық ісі, бос уақыт пен демалыс, жаһандану, СПИД және т.б.).

2011 жыл Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерi арасында Мәдени мұра жылы болып жарияланған, осыған байланысты ақпарат агенттіктері жетекшілерінің кеңесі өзінің іс-шаралық бағдарламасын жасап шығару керек. Атап айтқанда «Достастыққа - 20 жыл» атты бірлескен фотокөрме ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл хабарландыру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттік ақпарат агенттіктері жетекшілері кеңесінің ХІІ отырысында айтылды.

Сонымен бірге 2011 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласы Бүкіләлемдік кітаптар астанасы болады.

Буэнос-Айрес қаласы Бүкіләлемдік кітаптар астанасының он бірінші қаласы болып жарияланды. Оған дейін бұл атақ Мадрид (2001), Александрия (2002), Нью-Дели (2003), Антверпен (2004), Монреаль (2005), Турин (2006), Боготе (2007), Амстердам (2008), Бейрут (2009) және Люблян (2010) қалаларына берілген. Буэнос-Айрес қаласы ұсынған бағдарламалар тізімі алуантүрлі болғандықтан және ол сапа белгісі ретінде де іріктеліп алынды. Құрметті атаққа жеті үміткердің арасынан африкадағы Сахараның оңтүстігінде орналасқан Лагос және Порто Ново қалалары үміт артқан болатын. Бүкіләлемдік кітаптар және авторлық құқық күні (23 сәуір) шешім өз күшіне енеді, және бір жыл ішінде жеңімпаздың атағы сақталады.

2011 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА:

2011 жыл Қазақстанда тәуелсіздіктің 20-жылдығы шеңберінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Алдағы мерейтой Қазақстан тарихында айтулы оқиға болып, мемлекеттілікті нығайтуы, халықты құндылықтар төңірегінде шоғырландыруы тиіс. Біздің жақын жылдардағы басты міндетіміз Қазақстанды серпінді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға болады. Экономиканы инновациялық жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті - бұл болашақта елдің мызғымастығы мәселесі. Бұл - Тәуелсіздіктің синономі. Бұл - көптеген ондаған жылдар бұрынға арналған ұлттық күн тәртібінің мәселесі. Міне, нақ осындай ойлармен және істермен біз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қарсы алып, жаңа ғасырдағы жолымызды жалғастыруға тиіспіз» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алматыдағы Республика сарайында 1991 жылдың желтоқсан айының 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант берді. Анттан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті деп есептелінді. Дәл осы күні Жоғарғы Кенестің Жетінші сессиясы Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасына өзгерту туралы шешім қабылдады. Қазақстанда желтоқсан айының 16-ында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың және Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл крест және Қызыл жарты ай, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сынды көптеген халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналды. Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болып, 120-дан астам мемлекетпен мойындалды және олармен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстан 40-тан астам көп жақты және 700 екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарына қосылды

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада және дүниежүзілік экономикалық жүйе арасында сенімді орын алды.

Сонымен бірге 2011 жылы Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жылы өтеді.

Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бактың айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жылы аясында, екі ел халықтарының өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әр түрлі шаралар өткізіледі.

«2012 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толады, осы орайда екі ел арасындағы байланыс жоғары дәрежеде дамитынына сенемін», - деді Ли Мен Бак.

2011 жылы Қазақстанда өтетін атаулы оқиғалардың бірі VІІ қысқы Азия ойындары.

Қысқы Азия ойындары 1986 жылы басталған. Қысқы олимпиадалық ойындарды күні бүгінге дейін тек Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдер ғана ұйымдастырып келген. Ең алғашқы І Қысқы Азия ойындары жапондық Саппоро қаласында 1986 жылы басталған. Оған әлемнің жеті елінен командалар сайысқа түскен. ІІ Қысқы Азия ойындары екінші рет 1990 жылы Саппорода өткен. Үшінші қысқы Азия ойындары 1996 жылы қытайлық Харбин қаласында өтті. ІІІ Қысқы Азия ойындарына Қазақстан мен Өзбекстан командалары алғаш рет қатысты. Осы жолы қазақстандықтар қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды. ІV Қысқы Азия ойындары 1999 жылы Оңтүстік Кореяның Кангвон провинциясында өтті. Бұл жолы қытайлықтар басымдық танытып, қазақстандық команда үшінші орынға ие болды.V Қысқы Азия ойындары 2003 жылы Жапонияның Аомори қаласында өтіп, бұл жылы да Қазақстан құрама командасы үшінші орынды иеленді.

VІ Қысқы Азия ойындары 2007 жылы қытайлық Чангун қаласында өтіп 26 елдің 1100 спортшылары қатысқан. Бұл қысқы ойындарда Қазақстан құрама командасы төртінші орынды иеленді.

2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

2006 жылдың 4 наурызында Азиялық Олимпиада Кеңесі, Қазақстан Республикасының

Ұлттық Олимпиада комитеті және Алматы қаласы әкімдігі арасында Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында VІІ қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі Азиялық Олимпиада Кеңесіне VІІ қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.

2010 жылдың қаңтар айында Астана қаласы әкімдігінің №35-25т қаулысымен 2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды. Оның құрамына барлық қалалық құрылым басшылары кіреді. Қаланың Азия ойындарын өткізу жөніндегі дайындығы бойынша елордалық құрылымның жоспары жасалынып, бекітілді. Ойын дайындығы жөніндегі жалпы үйлестіру жұмыстары қысқы Азия ойындарының астаналық Дирекциясына жүктелді.

VІІ қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы 30 қаңтар мен ақпанның 6-сы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді.

2011 жылғы 11 қаңтарда Эл-Кувейтте Азиада алауы тұтанып. 12 қаңтар күні Алматы қаласына әкелінеді. Алау Эстафетасын салтанатты қарсы алудан соң Оңтүстік астананың көшелерін бойлай жүріп, онан соң аймақтарға жіберіледі. Алау 20 күн бойы Қазақстанды аралап, соңында Астанаға - Азия ойындарының ашылу салтанатына жеткізіледі.

Алау құтысының дизайны біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-І ғасырға жататын сақтардың жарықтандырғыш құралы негізінде жасалған. Оны айнала Азиада символы болып табылатын - қанатты барстардың мүсіндері бедерленген.

VІІ қысқы Азия ойындары барысында 69 медаль сарапқа салынатыны белгілі. Медальдар Қазақстанның монета сарайында жасап шығарылды. Оларда ойындардың логотипі бейнеленген, ал жібек асқышында ұлттық нақыштар суреттелген.

Астаналық Дирекция Астанада «Мәдени Азиада» деп аталатын үлкен жоба бойынша қосымша мәдени шаралар өткізгелі отыр.

Мәдени Азиада - бұл жарыс емес. Бұл Ойын идеясын одан әрі жандандыра түсетін локомотив және де барлығына мәдениеттің түсінікті тілінде спорттық басты оқиғаларды жүргізеді.

Мәдени Азиада қазақтың мәдени мұралары мен Қазақстанның жаңа мәдениетінің алға басуындағы жоба болып қалмақ. Мұның барлығы Республикамызды және оның астанасын барлық елге таныту үшін жасалынуда.

Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.

Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады.

2011 жылы болатын VІІ Қысқы Азия ойындары барысында 11 спорт түрі сайысқа түсіп, 69 комплект медаль жасалмақ. Аталған ойынға әлемнің 31 елінен 1000-нан астам спортшылар, 700 тарта жаттықтырушылар, 1000 Бұқаралық ақпарат өкілдері, 700-ге тарта волонтерлер, 1500 қызмет көрсетуші тұлғалар, 60 мыңға жуық туристер қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.

Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына кіріп, оның көпқырлы қызметі мен шараларына қатысуда, Ислам Конференциясы Ұйымының рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен ілгерілеушілік діні ретінде таныту

барысында Ислам Конференциясы Ұйымының мұсылман әлемінің тиімді әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз.

1926 жылы «Дүние жүзі ислам конференциясы» құрылып, оның алғашқы отырысы Мекке қаласында өткізілгені белгілі. Одан кейінгі сессиялар Иерусалим, Карачи және Могадишо қалаларында болды. Мұндай форумдардың өткізілу жиілігі тұрақты болмағанымен, олардың барысында болашақ ұйымның сипаты мен беделді ұстанымы анықтала бастады. 1953 жылы бұл ұйымның орнына «Ислам конференциясы форумы» құрылды. Содан кейін, 1955 жылы «Жалпы ортақ ислам конференциясы» құрылып, Конференция шеңберінде бірқатар өзге ұйымдар мен құрылымдар пайда болды. Дегенмен, құрылған ұйымдардың бір де біреуі бірқатар объективті себептерден халықаралық саяси үдерістерге тиісті ықпал ете алмады. Бұл кезең ұйым қызметінің рәсімдерін келісу және өзара әрекеттесу тетіктерін іздестіру мен қалыптастыру кезі болды.

1962 жыл Ұйым тарихында маңызды оқиғаларға бай болды. Белгісіз біреулер Иерусалимдегі барша мұсылман үшін қасиетті Әл-Ақса мешітін өртеді. Бұл жағдай бүкіл ислам әлеміне әсер етіп, сол жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясының Королі Фейсалдың бастамасымен Рабатта (Марокко) 26 мұсылман елінің басшылары жиналды. Олар қасиетті мешітке жасалған қастандықты әшкерелеп, бүкіл әлемде Исламды қолдау, Палестина халқының, сондай-ақ жалпы мұсылман Уммасының құқықтарын мен мүдделерін бірігіп қорғау мақсатымен жаңа құрылымды құру туралы шешімге келді. Қиын келіссөздер қорытындылары бойынша, 1970 жылғы отырыс барысында жаңа халықаралық құрылым ресми түрде бекітіліп, Ислам Конференциясы Ұйымы деп аталды.

Ислам Конференциясы Ұйымының негізгі мақсаттары қандай? Олар ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша біріккен әрекеттер мен ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы кең ауқымды ынтымақтасуы, ислам құндылықтарын сақтауға бағытталған және оның негізгі ережелерінен шыққан бейбіт сүйгіш саясатын жүргізуі, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздікті сақтаудағы мұсылман халықтарын қолдауы болып табылады. Палестина халқына өзінің тәуелсіз мемлекетін құрып, қасиетті жерлерін сақтау ісінде қолдау көрсету де осы мақсаттардың қатарына кіреді. Баршаға белгілі болғандай, бұл мәселелер әлі күнге дейін өздерінің өзектілігін жоғалтпай, қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық күн тәртібінің төрінен орын табуда. Ислам Конференциясы Ұйымының негізгі ұстанымдары Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің негізгі қағидаларымен үйлеседі, олар: толық тепе-теңдік, әр халықтың өзін-өзі билеуге құқығын сыйлау, ішкі істерге араласпау, мемлекет егемендігін, тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын қадірлеу, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөздер, делдалдық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу, күш немесе күш қолдану қатерін қолданбау. Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Қазіргі кезде ол халқы 1,4 млрд.-тан астам адам санын құрайтын 57 елді біріктіреді. Ислам Конференциясы Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымытарапынан мойындалып, ол Бас Ассамблеяның жұмысы мен отырыстарына бақылаушы ретінде шақырылған болатын. Екі ұйым ынтымақтастығының бас аспектілерінің бірі біріккен бітімгершілік шараларына қатысу болып табылады.

Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі саяси шешімдер қабылдап, саммиттер үшін құжаттар мен қарарлар дайындайтын Ұйымның негізгі әрекет етуші органы болып табылады. Сол себепті, Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық ету маңызды, әрі құрметті іс. Ол үлкен жұмысты талап етеді, әрі бұл жұмыс Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында орналасқан Бас хатшылық арқылы үйлестірілуі тиіс.

Ислам Конференциясы Ұйымына Ұйым қарарларында көрінісін тапқан халықаралық күн тәртібінің барлық өзекті мәселелері бойынша мұсылман елдердің көпшілігінің топтастырылған ұстанымы болып табылатын саяси пікірді әзірлейді.

Угандада болып өткен министрлердің соңғы кеңесі барысында мұсылман елдерінің бірауызды қолдауымен 38-ші Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Астанада өтіп, республикамыз 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық ететін болды.

2011 жылғы 7-9 маусым күндері Астана қаласында VII Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумы өтеді.

Астаналық форумның тақырыбы - «Жаһандандыру: мұсұлман және мұсұлман емес елдерді қарым-қатынастың ашық арналары мен жан жақты стратегиялық ынтымақтастығы арқылы үлкен экономикалық тәуелсіздікке жұмылдыру үшін өзара байланыс, бәсекелестік, ынтымақтастық».

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР

2011 ЖЫЛЫ:

ОҚИҒАЛАР

500 жыл бұрын (1511) Қазақ хандығы билігіне Қасым хан келді. Оның тұсында қазақтар Батыс Еуропаға дербес этникалық қауым ретінде танылып, Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы басталды. Сондай-ақ қазақтардың «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдары Қасым ханның есімімен байланысты айтылады.

285 жыл бұрын (1726) Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолы біріктіріліп, бас қолбасшылыққа Кіші жүз ханы Әбілхайыр баһадүр сайланды. Ұлы жүз сарбаздарын - Ошақты Саңырақ, орта жүзді - Қанжығалы Бөгенбай, Кіші жүзді - Тайлақ батыр басқарды.

100 жыл бұрын (1911-1915) Троицк қаласынан «Айқап» қоғамдық-саяси және әдеби журналы жарыққа шықты. Алғашқы редакторы - Мұхаммеджан Сералин. «Айқап» қазақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Журналда қазақ ауылындағы оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі, отырықшылық тұрмысқа көшу, т.б. тақырыптар мен Мемлекеттік Думаға қатысу сияқты саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығаруға Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Беймбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев сынды қаламгерлер қатысты. Журналда Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларымен бірге ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс, орыс және Еуропа халықтарының туындылары да басылып тұрған.

90 жыл бұрын (1921) Әулиеатада (қазіргі Тараз қаласы) Қосшы одағы құрылып, оның құрамына ауыл, қыстақ кедей шаруалары кірді. Одақтың Ташкент қаласында өткен 1-ші өлкелік съезінде оның міндеттері белгіленіп, Орталық комитеті сайланды. Қосшы ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру үшін кедейлерді таптық тұрғыдан тәрбиелеу, кооперацияға біріктіру, оларды құрал-сайманмен жабдықтап, малмен қамтамасыз ету, азық-түлік салығын жинау, т.б. мәселелермен шұғылданды. Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп, кеңес мекемелерінің жұмыстарына араласты, ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеуге қатысты. 1930 жылғы қаңтардың 17-індегі Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы бекіткен «Кедей одағын ұйымдастыру жөніндегі ережеге» сәйкес сол жылғы қаңтардың 29-ында Қосшы одағы өз қызметін тоқтатты.

90 жыл бұрын (1921) Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады. 1927 жылдың 23 наурызында эфирде бірінші рет қазақ тілінің дауысы естілді.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі жүйесі болып табылады. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыстанның шекаралық аймақтарына жетеді. Қазақ радиосының хабарларын Он-лайн режимінде де тыңдауға болады.

Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болып саналады. Тәуелсіз мемлекеттің жаңа бейнесін жасау Қазақ радиосының негізгі міндетіне жатады. Бұл арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді мекендердің барлығына, алыс түпкірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр. Сол сияқты көпшіліктің ой-пікірлері мен ұсыныстарын билік басындағы құрылымдарға батыл жеткізу де жұмысымыздың негізгі арқауына айналған.

Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты әңгімеленеді.

Қазақ радиосынан қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.

Бұл радио әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция болып отырғаны радиотыңдаушы қауымға белгілі. Тек қазақ радиосында ғана саясат, экономика, халықаралық келісім, мәдениет және білім тақырыбына байланысты бағдарламаларды екі тілде тыңдай алады.

Қазақ радиосы - журналистер кадрының ұстаханасы: бұл жерде көптеген қазақстан журналистер саңлақтары тәрбиеленген.

Қазақ радиосының музыкалық форматы - ұлттық және Қазақстандық музыкадан тұрады. Бұл формат қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.

80 жыл бұрын (1931) Алматы қаласында Алматы мәсі-аяқ киім фабрикасы құрылды. Алғашында шәркейлер, балалар және әйелдер аяқ киімі, спорттық аяқ киімдер, былғары қолғаптар және тағы басқа тауарлар шығарды. 1940 жылы фабрика өнімі 3 есе өсіп, Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлерге арналған аяқ киімдер шығарды. 1975 жылы «Жетісу» аяқ киім өндірістік бірлестігі болып атауы өзгерді. 1990 жылы бірлестік құрамында өзгерістер басталып, 4 филиалдың орнына 3 фабрика бөлініп шықты. Өндіріс цехтары тиімді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа технологиялар енгізілді. Кәсіпорын өнімдері Франция, АҚШ, Англия, Жапония елдерінде көрмелерге қойылды. Нарықтық қатынастарға байланысты үш акционерлік қоғамға бөлініп, соның ішінде «NAR» акционерлік қоғамы алты жыл тоқтап тұрған өндірісті іске қайта қосып, жаңа үлгідегі аяқ киім шығару үшін жаңа материалдар мен қалыптар сатып алды.

80 жыл бұрын (1931) Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы қорығы құрылды. Ауданы 73,34 мың гектар. Оның құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 метр биіктікте орналасқан Талғар тау жоталары кіреді. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40, құстардың 200-дей түрі бар.

75 жыл бұрын (1936) Алматы қаласында «Ковровщица» артелі негізінде кілем және тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорын құрылды. 1960 жылы Алматы кілем-тоқыма фабрикасы, 1972 жылы Алматы кілем фабрикасы болып өзгертілді. Фабриканың 7 негізгі және қосалқы цехтары бар. 1962 жылы қол тоқыма станоктары механикалық тоқыма станоктарымен алмастырылды. Негізгі өнім түрлері машинамен тоқылатын ірі өрнекті кілемдер, қолмен тоқылатын түкті кілемдер, төсеніш кілемшелер. Сондай-ақ арнайы тапсырмалар бойынша Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, т.б. әдебиет және өнер қайраткерлері бейнеленген портретті кілемдерді де шығарып келеді. Кәсіпорын 1992 жылы «Алматы кілем» акционерлік қоғамы

болып қайта құрылды. Өнімдері шет елдерге де шығарылады.

ЕСІМДЕР

435 жыл бұрын (1576-1656) мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би, Әйтеке бидің үлкен атасы ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР Сейітқұлұлы дүниеге келді.

Әкесі Сейітқұл өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан сайланғаннан кейін, алғыр да зерек Жалаңтөс баһадүрді Нұратадағы мешітке оқуға береді. Мешітте батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының зеректігін байқаған әкесі оны Бұқар ханы Абдулланың жоғары дәрежелі әскери мектебіне жібереді. Осы жерде үш жыл оқып, түменбасылық лауазым алады. 1626 жылы Имамқұл хан Бұқар хандығынан тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған бас қолбасшысы Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп тағайындайды. Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы болған. Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырып, 1646 жылы осы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы 1660 жылы ол қайтыс болғаннан кейін ғана аяқталған.

205 жыл бұрын (1906-1867) халық ақыны, Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушы ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ Шернияз дүниеге келді.

Оның жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алған. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлап, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған «Па, шіркін Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б өлеңдері бар. Оның «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай, жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы, Шернияз поэзиясы мазмұндық сипаты, стильдік айқындығы көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдері үш нұсқада (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) кездеседі.

125 жыл бұрын (1886-1948) классикалық күрестің шебері, қазақтың атақты палуаны МҰҢАЙТПАСОВ Мұқан (Қажымұқан) дүниеге келді.

1904 жылы цирк труппасының құрамында өнер көрсетіп жүрген орыстың танымал палуандарының бірі А.Н.Злобинмен танысып, соның тікелей көмегімен Петербургтегі циркке палуан даярлайтын И.В.Лебедевтің мектебінде оқиды. Оны бітіргеннен кейін дүние жүзіне есімі белгілі палуан Георг Лурих ұйымдастырған цирк труппасына қосылып, көптеген қалаларда күш өнерін көрсетті. «Ямагата - Муханура», «Қара Мұстафа», «Махмут», т.б. бүркеншік есімімен французша және еркін күрестен халықаралық жарыстарға қатысты. 1908-1916 жылдары Саратов, Қазан, Омбы, Троицк, Уфа, т.б. қалаларда өткен турнирлерде, Мәскеу, Киев, Рига, Минск, Париж, Варшава, Харбин қалаларында болған халықаралық чемпионаттарда жеңімпаз, жүлдегер атанды. Америкада, таяу және Орта Шығыс елдерінде болып, ондағы палуандармен күш сынасқан. 1909 жылы Швецияның Гетеборг қаласында французша күрестен өткен дүниежүзілік біріншіліктің алтын медалін жеңіп алған.

Қазан революциясынан кейінгі жылдары Қазақстанның мәдени өміріне белсенді араласып, көшпелі цирктер ұйымдастырған. 1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті

Төралқасының арнайы шешімімен оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілген. Отан соғысы жылдары жасының егде тартып қалғанына қарамастан ел аралап, өнер көрсетті. Одан жиналған қаржыны Қорғаныс қорына аударып, ұшақ жасатты. Қажымұқан жайында 1978 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Қажымұқан» атты екі бөлімді деректі фильм, ал 1985 жылы «Күш атасын танымас» атты көркем фильм түсірілді.

Алматы, Астана, Семей қалаларының орталық көшелеріне және стадиондарына есімі берілген. Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан елді-мекенінде мемориалдық мұражай-үйі бар. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

125 жыл бұрын (1886-1982) шежіреші ҚҰЛБАЙҰЛЫ Ыбырайым аһун дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Ол Батыс Қазақстан өңірі мен Шымкент, Жамбыл, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және қарақалпақ еліне кеңінен танымал тұлға болған. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Оның «Адам-ата - Әнес сахаба», «Қазақ шежіресі», «Кіші жүз қазақтарының шежіресі», «Қазақ тегі», «Маңғыстау тарихы» секілді ірі тарихи дастандары бар. Өз шығармаларында халық өмірін, тарихы мен әлеуметтік хал-ахуалын, мәдениетін, өнерін, демографиялық өсіп өркендеуін, этнографиясы мен салт-дәстүрін зерттеген. 37-ші жылдары Ыбырайым аһун қудалауға ұшырайды. Кудалау кезінде Ауғанстан, Иран арқылы жер ауып, Өзбекстан жеріне келіп тұрақтаған. Өзбекстан Республикасы Жызақ облысының Гагарин қаласындағы бір көше аһун атымен аталады. 1994 жылы «Арыс» баспасынан «Алтынды орда конған жер» атты жинағы жарық көрді. Туған ауылы - Жарлы ауылында бір көшеге аты берілген.

120 жыл бұрын (1891-1970) қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математика саласы бойынша қазақ зиялылары арасынан шыққан тұңғыш профессор ЕРМЕКОВ Әлімхан Әбуұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Томск технология институтын бітірген. Ол қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда ерекше рөл атқарған. 1921-1924 жылдары - Семей губерниялық атқару комитеті, губерниялық жоспарлау басқармасы, Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, өнеркәсіп секциясының меңгерушісі, 1927-1935 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының оқытушысы, доценті, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының профессоры және математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1935 жылы қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» атты кітабын жариялап, 1936 жылы өзінің ұстаздық тәжірибесі негізінде «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін шығарды. 1935-1937 жылдары Алматы кен-металлургия институты математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі болды. 1930-1947 жылдары аралығында ол «ұлтшыл», «контрреволюцияшыл», «халық жауы» аталып, үш рет сотталған. 20 жылдан астам өмірін абақты мен саяси қуғын-сүргінде өткізіп, азап шегіп, аса ауыр моральдік соққыға ұшырады. Кеңес өкіметінің жазалау органдарының қудалауында ұзақ жылдар болғанына қарамастан ол адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандық ұстанымын, ғалымдық, ұстаздық іс-әрекетін кір шалдырмай сақтай білді. Ол 1955 жылы наурыздың 7-інде КСРО Бас прокурорының қаулысымен түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, 1957 жылы қарашаның 26-ында толық ақталды. Ғалым өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен институтында ұстаздық етті. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыттары - ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері.

115жыл бұрын (1896-1943) Қазақстандағы азамат соғысына, социалистік құрылыс ісіне белсене қатысқан партия, кеңес қайраткері АЛМАНОВ Баймен Алманұлы дүниеге келді.

Ырғыз қаласындағы екі класстық орыс-қазақ училищесін, Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген. Ырғыз өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқаны және 1917 жылғы уақытша үкіметке қарсы үгіт жүргізгені үшін жер аударылған. 1918-1920 жылдары қызыл партизандар отряды командирлерінің бірі, Қарабұтақ депутаттары кеңесінің және РК /б/П Ырғыз уездік комитетінің төрағасы, Ырғыз уезі төтенше комиссиясының және ревкомының төрағасы, Қазақ АКСР кеңестерінің I-ІІ-ші съездерінде Орталық Атқару Комитеті хатшысы болып сайланды. 1922-1923 жылдары Адай ревкомының төрағасы ретінде Қазақстан шекарасын межелеуге белсене қатысты. 1925-1926 жылдары Қазақ акционерлік сауда қоғамы басқармасының төрағасы, 1927-1931 жылдары БК /б/П Алматы облыстық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақ өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы, 1931-1938 жылдары Қазақ педагогика институтының және Ұлт мәдениеті ғылыми-зертттеу институтының директоры, Қазақ КСР Ғылым комитетінің және Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1937-1938 жылдары Кеңестік зобалаңның құрбандары қатарында сотталып, 1943 жылы түрмеде қайтыс болды. Ырғыз ауылындағы бір көшеге оның есімі беріліп, Қызылжар ауылында мүсіні орнатылды.

100 жыл бұрын (1911-1955) - қазақтың халық ақыны, көркем аударма өнерінің үздік шебері АМАНЖОЛОВ Қасым Рахымжанұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Семейдегі бастауыш мектеп-интернатында оқып, Семей мал-дәрігерлік техникумын бітірген.

1930 жылы Алматыдағы «Леніншіл жас» газетінде, Оралдағы «Екпенді құрылыс» газетінде жұмыс істеген. Алғашқы өлеңдерін Семейде жазған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. 1936-1941 жылдары Қ.Аманжолов Алматыға барып, «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызметтер атқарған. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. 1939-1941 жылдары шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксіб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға», «Туған ел» атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шыққан. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялаған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, жауға қарсы қолындағы қаруымен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз музыка», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазады. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Ақын өлімі туралы аңыз», «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді. А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийлердің шығармаларына аудармалар жасаған. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділдә Тәжібаев «Социалистік Қазақстан» газетінде «Дауылды жырлар» деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің «Полтава» поэмасын аударады. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары «Таңдамалы шығармалар» жинағы басылып шықты. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі «Өзім туралы»толғауын аяқтаған. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қасым Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілген.

ҚАҢТАРДЫҢ 6-Ы, БЕЙСЕНБІ

Ямайкада марундар күні. Бұл мереке капитан Куджоенiң туған күнiнде атап өтедi. Капитан Куджое марун болды. Марундар - бұл Британдық колонияға қарсы азаттық үшін күрескерлер.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Түрлі-түсті суретті «Фото. Телерадио» республикалық журналының бірінші саны жарық көрді. Басылым Қазақстанның мемлекеттік саясаты, телерадио хабарлары мен киноның өзіндік ерекшеліктері, мәдениет саласындағы оқиғалар және тағы басқа салалардағы жаңалықтарға әуес оқырмандарға арналған.

Журналдың редакциялық алқасында - Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев және Ақселеу Сейдімбек сынды мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Журнал қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр. Оның құрылтайшылары «Makhat-studio» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Интеллектуал» клубы. Басылымның мақсаты - «кино мен телевизия, радио мен фото өнері саласын көпшілікке таныту» болып табылады.

1 жыл бұрын (2010) Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Журналистер клубы құрылды.

Клубтың құрамына жергілікті телерадокомпаниялардың, радио мен газеттердің өкілдері кірді. Олар - этносаралық қатынастар тақырыптарын зерттейтін, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы қоғамды хабардар етіп отыратын тілшілер.

1 жыл бұрын (2010) «Қазпошта» акционерлік қоғамы 2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды.

Төрт бояулы офсетті баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі Данияр Мұхамеджанов.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1931) қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері ӨТЕҒАЛИЕВ Исхак дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Астрахань балық өнеркәсібі мен шаруашылық техникалық институтын (қазіргі Астрахань мемлекеттік техникалық университет) бітірген.

1951-1954 жылдары - Волга-Каспий мемлекеттік балық тресті теңіз балықшылық базасының сейнер колоннасының бастығы, аулау құрал-сайман цехы шеберінің көмекшісі. 1959-1962 жылдары - Гурьев ауылдық халық шаруашылығы балық басқармасының бөлім бастығы, бас инженері. 1962-1965 жылдары - «Каспийбалық» балық өнеркәсібі Гурьев өлкелік-өндіріс басқармасының бастығы. 1965-1980 жылдары - Қазақ КСР Балық шаруашылығының министрі. 1980-1994 жылдары - Қазақ бассейіндеріндегі Балық қорын ұдайы өндіру және балықшылықты реттеу, күзету басқармасының бастығы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетінің бас маманы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-9-ші шақырылымдарының депутаты. «Годы и дороги» кітабының авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

65 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасының саяси және қоғам қайраткері ВОРОТЫНЦЕВА Галина Валентиновна дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Якутск қаласында туған. Костром педагогика институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1977 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Маңғышлақ облыстық комитетінің хатшысы. 1977-1978 жылдары - Бейнеу аудандық партия комитетінің хатшысы. 1978-1980 жылдары - Шевченко қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1980-1982 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1982-1987 жылдары - Маңғышлақ облыстық Халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1988 жылдары - Маңғышлақ облыстық «Білім» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары. 1988-1991 жылдары - Алматы қаласы Мәскеу аудандық партия комитеті бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары. 1991-1992 жылдары - «Алматы-Турист» орталығының директоры. 1992-1993 жылдары - «Агрогамма» ғылыми-өндірістік кәсіпорын менеджері. 1993-1994 жылдары - «КАТЭП» ҰАҚ-ының жетекші маманы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бастығы. 1995-1996 жылдары - ТМД-ға қатысушы елдермен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитеті бөлімінің бастығы. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің консультанты. 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағатының аға маманы. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағаты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2003 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Мұнайшы» қоғамдық қорының мүшесі, «Нефтяная энциклопедия Казахстана» кітабының екінші рет шығаруына атсалысқан.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 7-І, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Аталған заңмен сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, музыкасын Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді. Мемлекеттік Әнұранды тік тұрып, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып айтатын боламыз.

2010 жылы 15 желтоқсанда Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық «Менің Қазақстаным» әнінің авторлары - сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовке берілді.

ЕСІМДЕР

105 жыл бұрын (1906-1989) қоғам және саяси қайраткер ШАХШИН Мұсатай дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Алматы малдәрігерлік институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1928-1929 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болған. 1929-1937 жылдары - Қарқаралы аймақтық қаржы бөлімінің салық инспекторы, Абыралы, Зайсан, Бесқарағай аудандық қаржы бөлімдерінің меңгерушісі. 1937-1938 жылдары - Павлодар облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі. 1938-1939 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық конторы басқарушысының орынбасары. 1938-1942 жылдары - қазақ КСР Халық Коммисарлар Кеңесі жанындағы Өнеркәсіптік құрылыс материалдары бас басқармасының бастығы. 1942-1943 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Өнеркәсіп жөніндегі хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Мал шаруашылығы жөніндегі хатшысы. 1943-1944 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшысы. 1945-1948 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Мал шаруашылығы жөніндегі хатшысының орынбасары. 1948-1951 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1952-1954 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1954-1961 жылдары - Көкшетау облыстық Кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1961 жылдан зейнеткерлікке шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-3 шақырылымының депутаты. «Еңбек Қызыл Ту» , «1-дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен мараптталған.

100 жыл бұрын (1911-2000) қоғам қайраткері ВОРОНЕНКОВ Юрий Петрович дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласында туған. Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген.

1937-1941 жылдары - «Гипроцветмет» мекемесінің инженері, аға инженері, жобаның бас инженері сектор бастығының орынбасары. 1941-1946 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1947 жылдары - главный инженер «Гипроцветмет», «Гипроредмет» мекемелерінің бас инженері. 1947-1951 жылдары - Қырғыз кен байыту комбинатының инженері. 1951-1952 жылдары - Зырян кен басқармасының директоры. 1952-1959 жылдары - Зырян қорғасын комбинатының директоры. 1959-1963 жылдары - Шығыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы. 1963-1965 жылдары - Қазақ Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы. 1965-1980 жылдары - КСРО Түсті металлургия министрінің орынбасары. 1980 жылдан зейнет демалысына шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6 шақырылымының депутаты.

Ленин, Қазан революциясы, Қызыл Жұлдыз, 1-2-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері, КСРО чемпионы, техника ғылымдарының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі МҰСАБАЕВ Талғат Амангелдіұлы дүниеге келді. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары облыстарының, қалаларының, аудандарының Құрметті азаматы.

Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітірген. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-ші ұшқышы, командирі, 1989 жылы Ульяновск қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженер-техник кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ші ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-ші ұшқышы болды. 1990 жылы Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кіріскен. 1991 жылы оған «Ғарышкер-сынақшы» санаты берілген. 1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми-зерттеулердің 2-ші бағдарламасын орындады. 25-ші негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 жылы қаңтардың 29-ы мен тамыздың 25-і аралығында «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Бұл сапар барысында ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 3-ші бағдарламасы орындалды. 2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-ы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарды. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 4-ші бағдарламасы орындалды. 2003-2005 жылдары - Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі. 2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры. 2007жылдың 11 ақпаннан 11 сәуірге дейін Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 11 сәуірінен - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметін атқарады.

1-ші дәрежелі Барыс, Отан, Халықтар достығы, Австрияның «Күміс Қыран», Ресейдің «1 дәрежелі Ұлы Петр» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 8-І, СЕНБІ

Грециядағы Гинайкратия. Грецияда қаңтардың 8-ін мағынасы біздің 8-і наурыздағы мерекемізге ұқсайтын күн деп айтуға болады. Бұл күні әйелдердің Гинайкратия фестивалі өтедi. Әйелдер жанұядағы үй машақаттарынан босап, демалыс орындарында көңіл көтереді. Осы уақытта күйеулері үй шаруаларымен шұғылданады.

Тайландта балалар күні. 1-і маусым күні атап өтетін Халықаралық балалар күнiнен айырмашылығы, Тайландта осы оқиғаны қаңтардың екiншi сенбiсiнде атап өтеді.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2008) Шымкенттік «Шикула және компания» баспасы балалар үшін қазақ тілін өлең арқылы үйрену әдістемесіне негізделген бастаманы қолға алып отыр. Жаңа жыл қарсаңында баспагерлер қазақ тілін үйренетін балалар үшін екі жаңа кітап басып шығарды. Ақын Ольга Исерқұлова құрастырған жаңа кітаптар өлең тілінде жазылған тілашар іспетті. Өлең жолдарының көмегімен балалар жаңа сөздерді оңай жаттай алады, дейді автор. Кітап суреттермен безендірілген. Алғашқы екі кітапта «Бау» және Бақша» тақырыптары қамтылып отыр.

3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасында Парламент Сенатында «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының таныстырылымы болды.

«Атамекен» одағы» болашақта бизнес бастамаларының барлығының да жүзеге асуын қамтамасыз етіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін мол мүмкіндіктер жасайтын болады. Сондай-ақ елімізде шығарылатын тауарлардың сыртқы нарыққа шығып, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына сәтті кірігуін қамтамасыз етеді.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты директорының кеңесшісі ДЕГІТАЕВА Людмила Дәулетқызы дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Волгоград облысында туған. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген. 1963-1968 жылдары - Орал облысы Жәнібек аудандық кітапхананың, ауылдық кітапхананың меңгерушісі. 1979-1981 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, 1981-1987 жылдары - Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, Әуезов аудандық партия комитеті бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Алматы қалалық Мәдениет басқармасының бастығы. 1987-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, саяси ұйымдастырушысы, консультанты. 1991-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты секторының аға референті, меңгерушісі, кадр саясаты бөлімінің бас сарапшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жеке мұрағаты және кітапханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1997-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде. 15 томнан тұратын деректі жинақтар мен анықтамалық-ақпараттық басылымдарды шығаруға белсене қатысушы, жинақтап құрастырушысы және жауапты хатшысы болған.

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері»,» «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл», Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, БЛКЖО ОК-нің Құрмет белгісімен, БЛКЖО ОК және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеттерінің, Алматы қаласы Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 9-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Мемлекеттiк мереке - Серб Республикасының күнi. 1992 жылғы қаңтардың 9-да Босния мен Герцеговинаның Серб Республикасы жарияланды.

1992 жылдың сәуірдің 5-де Босния мен Герцеговина Югославиядан тәуелсіздігін жариялаған соң, Босния мен Герцеговинаның Серб Республикасы 1992 жылғы сәуiрдің 7-де Босния мен Герцеговинадан бөлiнетіні туралы және Югославияның құрамында қалатыны туралы жария етті. 1992 жылғы тамыздың 12-нен бастап республика Серб Республикасы деп аталатын болды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Теміртау қаласының тұрғыны, педагог-зейнеткер Мария Хилова өз жанұясының тарихы, Сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы қысымшылықтарды өлеңде сипаттаған. Автор өлеңдерін қарапайым және кәсіби емес деп санайды, бірақ оларда өмір шындығы жазылған. Бұл шығарманы ол өз анасына арнаған. М.Хилованың өлеңдері Ресейде «Возвращение» атты Мәскеу тарихи-әдеби қоғамның қолдауымен «Поэзия узников ГУЛАГа» атты кітапқа кірді. Жинақ «Россия. ХХ век. Документы» международного фонда «Демократия» топтамасына кірді. Кітапқа ату жазасына кесілген ақындардың шығармалары, кеңес заманы кезіндегі түрмелермен, лагерлерде шығарылған өлеңдер кірді.

3 жыл бұрын (2008) Астанада салық мәселелері бойынша қызмет көрсететін Call-орталық ашылды. Қаржы министрлігінің ғимаратында орналасқан Салық комитетінің Call-орталығы жұртшылықты салық мәселелерімен таныстыруда, сондай-ақ салық заңнамаларының нормаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында ашылып отыр. Бүгінгі таңда кез-келген жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер 58-09-09 телефонына қоңырау шалып, Салық комитетінің мамандарынан өзіне қажетті көмек ала алады.

3 жыл бұрын (2008) Париж маңындағы Ножан-сюр-Марн қаласында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіш тақта ашылды.

Мемориалдық тақтада Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық мазмұны жазылған. Қалалық мұражай басшылығының пікірінше, бұл мемориалдық тақта мұражайдың басты жәдігерлерінің бірі болады.

Мұстафа Шоқай 1889 жылғы желтоқсанның 25-інде Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист.

3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы «Өнер» баспасынан белгілі қылқалам шебері, суретші Жеңіс Кәкенұлының шығармаларын топтастырған альбом жарыққа шықты.

14 баспа табақ туынды «Қазіргі заман суретшілерінің шығармалары» топтамасымен жарық көрген.

Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков бұл жинаққа жазған алғысөзінде суретшінің шығармашылығына жан-жақты тоқталған. Көркем бейнеленген альбомда суретшінің қаламынан шыққан жүзден астам туындылары жарияланып отыр. Оның ішінде майлы бояумен салынған шығармалар, қарындашпен бейнелеген және компьютерге салынған еңбектері бар. Суретші өз шығармаларында көбіне-көп таулы өңірлерді және желмен жарысқан сәйгүліктерді бейнелейді. Ол сурет өнерінің әр қырына қалам тербеген. Оның портрет, натюрморт, абстрактылы шығармалары өте көп, адам жанының ішкі иірімдері бірқатар натюрморттарда көрініс тапқан.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы көліктік, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік бақылауды және өсімдіктер карантинін бақылауды жүзеге асыру бойынша функцияларды кеден органдарына беру арқылы мемлекеттік шекарадан тауарларды және көлік құралдарын алып өту кезінде автомобилдердің өту пункттерінде интеграцияланған бақылауды енгізуге бағытталған

«Кеден ісі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Павлодар облыстық сотының төрағасы Ермек Серікбаевтың www.pavlodarsot.kz ресми сайтында жеке блогы ашылды.

Е.Серікбаевтың жеке блогы - павлодарлық заң қызметкерлерінің электрондық диалогын нығайтуға жасалған тағы бір қадам. Ол тікелей араласу, пікір және шынайы ақпарат алмасу үшін құрылды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі серіктестігінің бас директоры, экономика ғылымдарының кандидаты МАҚАШЕВ Нұрпейіс Мақашұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Исатай ауданында туған. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген.

1972-1979 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің шебері, бас инженері, ҮҚК-інің бастығы. 1979-1984 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы. 1984-1985 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1985-1987 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің басқарушысы, облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы. 1987-1990 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс», «Ембімұнайқұрылыс» трестерінің бастығы. 1990-1992 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитетінің, Халық депутаттары қалалық кеңесінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - Гурьев қалалық әкімшілігінің басшысы. 1993-1999 жылдары - «Магденли-халықаралық тасымал» фирмасының, «АТМА-Әуежай Атырау және тасымал» акционерлік қоғамынының бас үлестірушісі. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ президенттерінің кеңесшісі. 2002-2004 жылдары - «Ембімұнайгаз» ААҚ-ының президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ» «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, С.Радонежскийдің 1-ші дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.