ҚОҒАМ
3 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
10 наурызда ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы өз жұмысын бастайды.
17 наурызда Қазақстан еңбекшілерінің форумы өтеді.
АСТАНА
9 наурызда «Гранд Парк Есіл» қонақүйінде «Сайлау процесіндегі саяси технологиялар: тәжірибе, мониторинг және бақылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.
Астанада 14-15 наурызда «Қазақстан мен ТМД елдеріндегі исламдық қор нарығының дамуы» деген тақырыппен ІІ қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясы өтеді
АЛМАТЫ
9 наурызда Ұлттық банктің орталық кеңсесінде баспасөз мәслихаты өтеді.
9 наурызда Қазақстандық баспасөз клубында Саясаттанушылардың І Еуразиялық конгресін өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
9 наурызда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтеді.
Алматыда 11 наурызда Қазақстан Республикасындағы Бірінші Ұлттық ғылыми-технологиялық форсайтқа арналған конференция өтеді
АЙМАҚ
ОРАЛ
Оралда 8-13 наурызда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары болады
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
НАУРЫЗДЫҢ 9-Ы, СӘРСЕНБІ
Халықаралық ди-джей күні. Халықаралық ди-джей күні - бұл тек ресми мейрам ғана емес, сонымен қатар маңызды қайырымдылық оқиға, ол 2002 жылдан бастап халықаралық клубты өнеркәсіптің атынан өткізіледі. Жыл сайын наурыздың 9-ында Ди-джей күнінің қарсаңында дүниежүзі бойынша балалар үйіне көмек атты қайырымдылық акциясы өтеді.
Ливанда мұғалімдер күні.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2001) Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті. Кездесулер барысында қазақстандық және ресейлiк шекарашылар созылымдығы 1896,5 шақырым жерді алып жатқан ресейлiк Астрахан, Волгоград, Саратов және Орынбор облыстарының мемлекеттiк шекарадан өту туралы жобалары топографиялық картаға келiсiп енгізілді.
5 жыл бұрын (2006) Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды. Бұл - облыстың түпкіріне-түпкіріне сапарға аттанатындар үшін қаладағы үшінші автовокзал.
Шығыс Қазақстан аймағында автобустар қатынасы 63 бағытта үзіліссіз қатынайды. Жаңа автовокзалдың ашылуы сервистік қызметтің кеңейтіле түсуіне және жолаушыларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
1 жыл бұрын (2010) Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС полиэтилен құбырларын шығарды.
Құбыр өнімінің басты жетістігі - оның экологиялық тазалығы десек, төзімділігі, жеңілдігі, сондай-ақ қолданысқа икемділігі бағасын арттырып тұр«Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС шығаратын құбырлар негізінен «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының уран өндірісіне пайдаланылады. Уран металы жинақталатын шикізат жер астынан 600-700 метр тереңдіктен сілті қышқылының ерітіндісін жіберу арқылы алынатындығын ескерсек, оған деген төзімділік сапасына айрықша мән беріледі. «Кең-Дала KZ», «Бәйкен-U», «Аппақ», «Семізбай», «Қаратау» ЖШС аталмыш мекеменің сенімді серіктестіктеріне айналды.
Мекеме Германияның белгілі «Краусс Мафай» компаниясының тәсілін қолданады. Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1931-1978) тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор БОЛАТОВ Жамалбек дүниеге келді.
Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1954-1956 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы. 1956-1976 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының (1961 жылға дейін Тіл және әдебиет институты) ғылыми қызметкері. 1976-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мәселелеріне арналған. Ол «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері», «Қазақ диалектологиясы», «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» авторларының бірі.
70 жыл бұрын (1941-1992) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері КӨПБАЕВ Сейділда Даулетбақұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Қарасай ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).
1964-1966 жылдары - орта мектептің мұғалімі. 1966-1969 жылдары - БЛКЖО Алматы облыстық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1969-1971 жылдары - БЛКЖО Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1971-1972 жылдары - оқушыларды кәсіпке бейімдеу жөніндегі республикалық әдістемелік кабинетінің әдіскері. 1972-1975 жылдары - Қазақ КСР ағарту министрінің көмекшісі. 1975-1978 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1978-1989 жылдары - Алматы облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқарушы комитеті халыққа білім беру басқармасы бастығы. 1989-1990 жылдары - Қазақ педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1990 жылы - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің кеңесшісі. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Президент Аппаратының діни ұйымдармен байланыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапаталған.
НАУРЫЗДЫҢ 10-Ы, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық бүйрек күні. Бүкіләлемдік Бүйрек Күні ISN (International Society of Nephrology, Халықаралық нефрологиялық қоғам) және IFKF (International Federation of Kidney Foundations, Бүйрек қорлары халықаралық федерациясы) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
ОҚИҒАЛАР
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысының ресми сайтында «Бизнесті Президенттік қорғау» деген арнайы бөлім ашылды.
Сайттың бұл бөлімі Қазақстан кәсіпкерлерінің олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші, бақылаушы және құқық қорғау органдары тарапынан қысымшылықтың нақты көріністері бойынша Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.
Президенттік сайттың осы бөліміне түскен әрбір осындай хабарлама бойынша Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексерулер жүргізіледі.
1 жыл бұрын (2010) Астанада «Бүгінгі отаншылдық: жеңістің мерейтойына» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Қазақстанның ақпараттық саясаты институты шығарып отырған оқу-әдістемелік құралын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Ләйлә Ахметова бастаған шығармашылық топ құрастырған.
Кітапта 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты эксклюзивті материалдар, қазіргі күнгі отаншылдық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары, соғыс барысына қазіргі заманғы көзқарас берілген. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақстанға басшылық жасаған Николай Скворцов пен Жұмабай Шаяхметов туралы материалдар да қоса жарияланып отыр. Алғашқы бөлімде мамырдың 9-ын мерекелеуге орай БАҚ-тарда жарияланған мақалалар топтастырылса, соңғы бөлімде отаншылдық тақырыбын қамтыған мақалдар, қанатты сөздер қамтылған.
Соғыс жылдары 26 миллионнан астам кеңес азаматы қаза тапқан. Неміс басқыншылары 1710 қала мен қала типтес елді мекенді, 70 мыңнан астам ауылды, 98 мыңнан астам ұжымшарды, 1786 кеңшарды, 6 миллионнан астам ғимаратты жермен-жексен етіп, 32 мыңнан астам кәсіпорынды қиратқан. Жалпы Кеңес Одағы 30 пайыздан астам ұлттық байлығынан айырылған.
1 жыл бұрын (2010) Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығының қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың (1922-2011) осыдан 60 жылдай бұрын майданнан жазылған бірегей хатын тапты.
Мұрағаттан хабарлағандай, өлеңмен жазылған хат «Майданнан жазылған хаттар» құжаттар топтамасынан табылып отыр. «Бірегей және құнды хатты біздің жерлесіміз, жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов 1944 жылы Беларус майданында шайқасып жүрген жылдары Жарма аудандық газетіндегі әріптестеріне жолдаған. Өлеңмен жазылған хатын ол «Біз Берлинге барамыз!» деп атаған.
Аудандық газет қызметкерлері сақтауға тапсырған бұл құнды мұра кеңес дәуірінің тұсында ұзақ жылдар бойы Жарма аудандық мұрағатында сақталып келген, кейіннен ол Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығына келіп түскен.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Елшілігі Душанбеде Тәжікстанның Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Тәжікстанның мәдени және әдеби байланыстарына арналған «Памир» журналының таныстырылымы өтті.
Жиналған қауымның назарына Қазақстанның танымал ақын-жазушыларының туындыларының үзінділері, өлеңдері мен көркемсөздері таныстырылды.
Тұсаукесер рәсімінде Тәжікстанның шығармашылық ұйымының орындауындағы әдеби және музыкалық шығармалар шырқалды, және Қазақстанның мәдениеті туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-2004) Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші АСАНБАЕВ Ерік Мағзұмұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым және техника жөніндегі меммлекеттік комитеті жанындағы Халық шаруашылығын басқару институтын, Мәскеу қаржы инстититуының аспирантурасын бітірген.
1958-1959 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің экономисі. 1959-1960 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1960-1963 жылдары - Мәскеу қаржы инстититуының аспиранты. 1964-1967 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтік ғылыми-зерттеу экономикалық институтының бөлім меңгерушісі. 1967-1973 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің бөлім бастығы. 1973-1975 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрінің орынбасары. 1975-1979 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары. 1979-1983 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті сауда, жоспарлау және қаржы органдары бөлімінің, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. 1983-1986 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі іс басқарушысының орынбасары. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ғылым және оқу орындары бөлімінің, экономика бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті інің хатшысы - Әлеуметтік-эконмикалық даму мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1991-1996 жылдары - Қазақ КСР-інің вице-президенті. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2000 жылдан зейнет демалысына шыққан.
«Құрмет белгісі», «Отан», екінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 11-І, ЖҰМА
Литва тәуелсіздігінің қайта құрылған күні. 1918 жылғы ақпанның 16-да Литваның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1939 жылғы тамыздың 23-де қол қойылған Молотов-Риббентроп келісіміне сәйкес, Литва Германияның құзыретіне өтті. 1939 жылғы қыркүйектің 28-де бұл келісім өзгертіліп Германия Литваны Кеңес Одағына берді. 1990 жылғы наурыздың 11-де Литваның Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын қайта құру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-де орнатылды.
Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді.
2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов.
15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты.
3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (ҚазЭУ) еліміздегі жоғары оқу орындары арасында тұңғыш интернет- видеозал ашылды. Бұл жобаның арқасында ҚазЭУ әлемнің жетекші оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейтін болды. Интернет- видеозал Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында алғаш ашылып отыр.
Жоба университет жанында жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығын қаржыландырушы - Жапонияның Халықаралық әріптестік агенттігінің қолдауымен ашылып отыр. Интернет - видеозал ғаламдық тор арқылы конференциялар, семинарлар өткізіп, оқу орнының студенттері мен оқытушыларын шет елдік әріптестермен байланысқа шығаруға мүмкіндік береді. Университет мамандары оқу орнының күнделікті өміріне ең үздік ақпараттық-коммуникациялық технологияның еніп, қашықтықтан оқыту мен білім алмасудың инновациялық технологиясының даму мүмкіндігі туғанын айтады.
3 жыл бұрын (2008) Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Нұртай Әбіқаев Мәскеуде Ресейдің Теннис федерациясының президенті Шәміл Тарпищевке екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. «Екі елдің арасында спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін» марапаттау туралы Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры НҰРЖАНОВ Берікболат Насекенович дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында туған. Ленинград кеңес саудасы институтын, Орал кооперативтік техникумын бітірген.
1988-2000 жылдары - «Казмясмолторга» жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, «Аяқ киім» базасының директоры, «Газсауда» АҚ-ның президенті, Батыс Қазақстан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, «Ұлар» жинақтау қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің менеджері қызметтерін атқарған.
2001 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
50 жыл бұрын (1961) Астана қаласы сотының судьясы БАЛЫҚОВ Даулен Жұмалыұлы дүниеге келді.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1983-1989 жылдары - Қарағанды областық прокуратурасында стажер, тергеуші, аға тергеуші. 1989-1991 жылдары - Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі. 1991-1992 жылдары - Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі. 1992-1993 жылдары - «Қарағанды Тұрғынүй» №3 Қарағанды кірпіш зауытының заңгері. 1993-1994 жылдары - Кеңес халқының аудандық сотының халықтық соты. 1994-1997 жылдары - Қарағанды қалалық сотының судьясы. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысы заң басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы. 2002-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық іс жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2006-2009 жылдары - Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
2009 жылдан - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
35 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының жетекшісі, Бірінші санатты кеңесші, Халықаралық қатынастар саласының маманы НҰРТІЛЕУОВ Мұрат Әбуғалиұлы дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі хатшылығының жетекшісі. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппараты жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен және медальмен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 12-І, СЕНБІ
Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.
Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Алматыда «Bolashak. org» және «Алаш - ұлт патриоттар жалғасы» басылымдарының тұсаукесері өтті. «Болашақ» республикалық қозғалысының қолдауымен шығарылған басылымдардың мақсаты - жастардың рухани-этикалық мәселелерге назарын аудару, оларды еркін ойлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұлар - студенттер мен жастардың оқуын, өзекті мәселелерін, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін зерттеуге арналған басылымдар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып, республика аумағына таралады.
1 жыл бұрын (2010) Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Германияның Саксония және Саксония-Ангаоль федеральдық жерлеріне таралатын болады.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы CD нұсқадағы күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Альбомға ансамбльдің орындауындағы барлық музыкалар енген. «Бүгінде «Тұран» ансамблі тек Қазақстанда ғане емес, шет елдерде де еңбегімен мойындалып, танылды. Қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындай білетін жас ұжым дәстүрлі мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп келед
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, соның ішінде оған стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді жүктей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі етіп қайта құру жолымен;
4) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі етіп қайта құру жолымен;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл сласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен;
6) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен бұқаралық ақпарат саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1 жыл бұрын (2010) Отандық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында наурыздың 11-інде Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.
Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелдерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) Әскери қайраткер, генерал-майор ОРЫНБЕКОВ Мүбәрак Орынбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Кемерово әскери байланыс училищесін, Әскери байланыс академиясын бітірген.
1967-1992 жылдары - радиостанция взводының командирі, техникалық бөлім батальоны командирінің орынбасары, жеке байланыс батальонының командирі, КСРО Азаматтық қорғаныс Жоғары орталық офицерлер курсының оқытушысы, аға оқытушысы, бастығының орынбасары, цикл бастығы. 1992 жылы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар басқармасы пункт бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының байланыс жөніндегі көмекшісі - Байланыс бөлімінің бастығы. 1992-1997 жылдары - байланыс әскерлерінің бастығы. 1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы байланыс әскерлерінің бастығы - Байланыс басқармасының бастығы. 2003-2006 жылдары - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің әскери атташесі. 2007 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», ІІІ дәрежелі «За службу родине» медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы ТОТЫБАЙ-ТЕГІ Ерхан Нұханұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Іле ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1982-1991 жылдары - Талғар ауданаралық прокуратурасының стажері, Ұйғыр аудандық прокурорының көмекшісі, Талғар ауданаралық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі, Іле аудандық прокурорының орынбасары. 1991-1996 жылдары - Алматы қаласының Ленин аудандық сотының судьясы. 1996-2005 жылдары - Медеу аудандық сотының төрағасы. 2005-2008 жылдары - Түркісіб аудандық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың ақпан айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Сот жүйесінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 13-І, ЖЕКСЕНБІ
Гренаданың Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979). Гренада - Кариб теңізінің оңтүстік-шығысындағы аралды мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын. Басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Елизавета ІІ. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2001) Алматыда, Қазақ сәулет-құрылыс академиясының студенттер жатақханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш тақта орнатылды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1986 жылдың күзінде жолдамамен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі. АСҚИ-дің бірінші жатақханасында тұрған Қайрат бірінші курс студенті болғанына қарамастан институтың қоғамдық өміріне белсене аралысып кетті. Сол кезде-ақ жас комсомолдар жасағының командирі, студенттер кәсіптік бюросының (профбюро) мүшесі болды. 1986 жылы 17-18-желтоқсанда Брежнев алаңындағы бейбіт шеруге қатысты. Сол үшін Қайрат шеруге шыққан достарымен бірге тұтқындалып, "18-желтоқсанда Мир (қазіргі Достық даң.) және Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап, Савицкийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады" деген айып тағылып, достарымен бірге сотты болады. Тергеу жұмыстары алты айға созылып, соңында болған сотта Қайратпен бірге болғандар 4 жылға, 15 жылға бас бостандықтарынан айырылады. Ал Қайратқа жабылған жала ауыр болып, алғашында ату жазасына кесілді. Кейіннен шетелдіктер ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қарсылықтарынан сескенгендей болған сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, оның жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазамен ауыстырды.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 ж. конвенцияны (№185 конвенция) қайта қарайтын Конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) Астана қалалық ардагерлер кеңесінің маманы, еңбек ардагері ДҮЙСЕНОВ Есболат Қасымұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Бұланды ауданыда туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Целиноград ауылшаруашылығы институты жанындағы жетекшілік курсын бітірген.
Еңбек жолын 1963 жылы Целиноград облысы Бұланды ауданы «Заветы Ильича» кеңшарында механизаторлықтан бастаған. 1970-1979 жылдары - Бұланды аудандық Макин арнайы ірі қара мал бордақылауға мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бас зоотехнигі. 1979-1981 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі. 1981-1991 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 1991-1997 жылдары - Целиноград облысы Сілеті аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығы. 1997-2009 жылдары - Бұланды ауданындағы «Суворовский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Атбара ауданындағы «Сарыбас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Целиноград ауданыдағы «Оразақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылы зейнеткерлікке шығып, Астана қалалық ардагерлер ұйымының маманы қызметін атқарады.
«За трудовое отличие», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Ақмола облыстық партия комитетінің, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) ТМД-нің Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті елшісі, 1-ші санатты кеңесші АЙДАРОВ Наурыз Ғұбайдоллаұлы дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1978-1982 жылдары - Алматы қаласы БЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1982-1984 жылдары - Қазақстан Республикасы «Еңбек» ерікті спорттық қоғамының бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1985-1989 жылдары - әскер, авиация және флотқа жәрдемдесу ерікті қоғамы Фрунзе аудандық комитетінің төрағасы. 1990-1993 жылдары - мектеп-интернатының директоры. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр басқармасы бастығының орынбасары, бірінші хатшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшысы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Белорусиядағы елшілігінің кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаменті директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр және бақылау департаментінің директоры, директордың орынбасары. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі. 2006-2009 жылдары - жаңа шақырту және қауіп-қатерге қарсы әрекет және қауіпсіздік саласының ынтымақтастық жөніндегі департаменті директорының орынбасары, ТМД атқарушы хатшысының - атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың наурыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Степная дипломатия одевается во фрак», «Дипломатический календарь. Министерство иностранных дел Республики Казахстан-10 лет», «Гамарджоба, Сакартвело (Грузия глазами казахского дипломата)», «Посольская грамота» атты кітаптарының авторы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және БҰҰ «За миротворческую деятельность» медалімен марапатталған.
40 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары ҚАБДРАХМАНОВ Бейбітхан Оразханұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау процесін автоматтандыру және басқару жүйесін толық жетілдіру Ғылыми-зерттеу институтының технигі. 1989-1991 жылдары - әскерде болды. 1991-1993 жылдары - Алматы қаласындағы «Ведомства и Советы Со Ltd» ЖШС-нің өкілі. 1993-1995 жылдары - «Казконтракт» АҚ-ның жүргізуші маманы. 1995-1996 жылдары - «Ертіс» фирмасының бас маманы. 1996-1999 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ-ның менеджері, бөлім бастығы. 1999-2001 жылдары - Алматы қаласындағы «ПНПЗ-CCL» ЖАҚ-ның өкілділігінің бөлім бастығы, директоры. 2001-2003 жылдары - «Қазмұнайөнім» ААҚ-ның қаржы директоры. 2003-2006 жылдары - Астана қаласының «Квартирное бюро» АҚ-ның директоры. 2007-2009 жылдары - Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматыжер» МКК-ның директоры қызметтерін атқарған.
2009 жылдың желтоқсан айынан бастап - қазіргі қызметінде.