ҚазАқпарат-Анонс: 23 қараша мен 28 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 23 қараша мен 28 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ЕЛБАСЫ

23 қараша күні Ақ Ордада ҚР Президентіне Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болады.

ҮКІМЕТ

23 қараша күні Әділет департаментінде «Астана қаласының халық арасында құқықтық насихат пен құқықтық мәдениетті арттыруды ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

23 қарашада «Астаналық» бизнес орталығында «ҚазАгроИнновация» АҚ Президенті Серік Кененбаевтың қатысуымен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі тұрақты дамуға арналған инновациялық платформа» атты он-лайн желісіндегі конференция өтеді.

23 қараша күні «Думан» қонақ үйінде индустриялды саясат саласындағы зерттеулердің нәтижесі мен 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтеді.

23 қарашада ҚР Сырқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Саммитіне арналған пошталық марканың тұсаукесері болады.

ПАРЛАМЕНТ

23 қараша күні Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, «ҚР-дағы зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

23 қарашада Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

23 қараша күні Мәжілісте орман шаруашылығы, жануарлар әлемі мен ерекше қорғалатын аумақтар мәселелері жөніндегі заң жобалары таныстырылады.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР

23 қарашада «Нұр Отан» ХДП-да «Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жағдайындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

12-27 қараша аралығында Гуанчжоу қаласында XVI жазғы Азиада ойындарын өтуде. Онда 393 спортшыдан тұратын Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша сайысқа түсті.

25 қараша күні Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үкімет басшыларының 9-шы кеңесі өтеді. Кеңеске ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао қатысады.

26 қарашада Киевтің Орталық офицерлер үйінде «Кино в погонах» атты алғашқы халықаралық фестиваль ашылады. Байқауға әскерилер, өрт сөндірушілер, полицейлер, барлаушылар, кеденшілер туралы еуропаның сегіз елі мен Қазақстан түсірген он көркем толық метражды фильмдер қатысады.

23 қараша күні Санкт-Петербор қаласында Жердегі жолбарыстарды сақтау мәселелері жөніндегі Халықаралық форум ашылады

23-24 қараша күндері ТМД Атқарушы комитетінде сарапшылар отырысы өтіп, жиын барысындаТәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесін құру мәселесі қаралады.

ЭКОНОМИКА

1 қарашадан бастап бастап Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобына ауысады.

АСТАНА

23 қараша күні «Бәйтерек» баспасөз орталығында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі Агенттігі өзара түсінісу жөніндегі Меморандумға қол қояды.

23 қарашада «БАҚ беттерінде есірткіге тәуелділік мәселелерінің құқықтық және әлеуметтік-психологиялық тұрғысынан жарық көру аспектілері» атты семинар-тренинг болады.

23 қараша күні Ұлттық Академиялық кітапханада «Ұлттық бірлік - жарқын болашақ кепілі» атты студенттік жастар конференциясы өтеді.

23 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында шетелдік ҮЕҰ және БАҚ-тармен өзара іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың салтанатты ашылуы болады.

23 қараша күні Астанада эстарадалық ән орындайтын балалар арасындағы «Жұлдыз» балалар байқауы өтеді.

23-27 қараша аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен елдегі үкіметтік емес сектордың қызметі көрініс табатын көрме өтеді.

АЛМАТЫ

15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтуде. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.

23 қараша күні Алматыдағы «Нұр Отан» ХДП-да Республикалық әлеуметтік-саяси плакаттар суреттер көрмесінің салтанаты ашылау болады.

23 қарашада Алматыда Чехия Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болады.

23 қараша күні Алматыда қазақ жазушысы, кинодраматург Дидар Амантайдың «Қарқаралы басында» атты кітабының жарыққа шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

23 қарашада Алматы қаласының әкімдігінде «Мемлекеттік органдар жұмысы - азаматтық қоғам көзімен» атты дөңгелек үстел өтеді.

23 қараша күні «Самғау» бірінші жыл сайынғы қоғамдық жүлдеге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

23-24 қараша күндері «Алатау» шипажайында азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының қорытындалырын талқыға салатын қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтеді.

ЕЛЕУЛІОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫКҮНДЕР. ЕСІМДЕР

ҚАРАШАНЫҢ 23-І, СЕЙСЕНБІ

Жол полициясы қызметкерлерінің күні

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жол тәртібін қамтамасыз ету қызметі 1992-нші жылғы қарашаның 23-інен өзінің жаңа қызметін бастады. Бұл күні ҚР Министрлер кабинеті Қазақстан Жол полициясын құру туралы Қаулыны бекітті. Бұл тек қарапайым атауын өзгерту ғана болып қойған жоқ, қызметтегі басым міндеттер де өзгерді. Қазіргі жол полицейлерінің міндеттері - қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар жолдарда кездесетін қылмыстық озбырлықтардан азаматтарды қорғау.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1995) Астанадағы Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды.

Астанадағы Мұрағатының қызметі мұрағат және құжаттар басқармасынан, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының мұрағаттарынан тұрады. Егер 2001 жылы елордалық мемлекеттік мұрағатта 23649 құжат сақталса, қазіргі уақытта 234803 бірлік есептеліп отыр. Сонымен қатар қорлардың да саны - қырықтан бес жүз жиырма үшке дейін жетті.

Ереже бойынша аудандық маңызы бар мекемелер бес жыл сайын құжаттарды тапсыру керек, ал қалалық маңызы бар мекемелер - он жыл сайын.

Астананың Мемлекеттік мұрағаты Ресейдің, Башқұртстанның мұрағаттарымен өзара әрекеттеседі. Мұрағатта - қазақтың тарихи қайраткері Мұстафа Шоқайдың хаттары сақтаулы. Мемлекеттік мұрағатта 1915 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілі» кітабы сақталып тұр.

Мұрағат қызметкерлері жарты жылда бір рет мұрағат жаршысын шығарады. Астананың он жылдығына бірнеше көркем жинақтар шығарылды. Мұрағат қызметкерлері қызықты әдебиет шығарады, және жетекші тарихшы-ғалымдармен қызметтеседі. Елордалық мемлекеттік мұрағатта №430-шы қор құрылған, онда Омбы, Новосібір, Екатеринбор, Уфа және Қазан қалаларынан табылған үш жүздей құжат сақталады.

5 жыл бұрын (2005) Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң орта және шағын бизнесті, бәсекеге қабілетті экспорттауға бағдарланған өндірісті, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлігін ресмилендіру процесін жандандыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.

3 жыл бұрын (2007) Павлодарда бұрыннан шығып келе жатқан қоғамдық-саяси газеттердің қатарын екі жаңа апталық басылым толықтырды. Қазақ тіліндегі «Шаһар» және орысша шығатын «Наша жизнь» газеттерінің алғашқы сандары жарық көрді.

Мемлекеттік тілде шығатын апталықты Павлодар әкімінің қолдауымен облыстық «Сарыарқа самалы» газеті шығаруда. Оның басым бағыттары - мемлекеттің тіл саясаты, қазақ тілінің дамуына жәрдемдесу, жас таланттарды қолдау.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Республикасының жоғарғы мемлекеттік наградасы «Алқалы үлкен крестпен» марапатталды. Елбасыға орденді Будапештте Венгрияның Президенті Ласло Шойом салтанатты жағдайда табыс етті.

Н. Назарбаевқа аталған орден Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы достық байланыстардың қалыптасып, даму ісіне қосқан зор үлесі үшін беріліп отыр. Венгрияның «Алқалы үлкен крест» орденімен мемлекет басшылары да марапаттала алады. Мемлекеттік наградалар туралы заңға сәйкес, Венгрияның Президенті лауазымы бойынша аталған орденнің кавалері болып табылады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Президенті Венгрия Басшысын екі елдің достық байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлкен үлесі үшін біздің еліміздің бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Венгрия Республикасына мемлекеттік сапары кезінде Будапештте бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Венгрия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевқа «Венгрия қыпшақтары одағының» Құрметті көсемі атағы берілді. Бұл диплом Будапештте Елбасының Венгрияға мемлекеттік сапары кезінде тапсырылды.

Бүгінде Венгрияда қазіргі Қазақстанның аумағынан шамамен 750 жыл бұрын көшкен қыпшақтардың 100 мыңға жуық ұрпағы тұрады.

1 жыл бұрын (2009) КСРО және Қазақ КСР-нің Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Шығыс Қазақстанның Құрметті азаматы атағы берілді.

Сол күні КСРО және Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Социалистік еңбек ері, КСРО сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың туған жері Семейде мерейтойлық концерт өтті.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1915-1967) тарих ғылымдарының докторы, профессор МАЛЫБАЕВ Өміржан дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы кеңес құрылысы институтын бітірген.

1937-1940 жылдары - КОКП орталық комитеті жанындағы марксизм- ленинизм институты Қазақ бөлімшесінің ғылыми қызметкері. 1940-1941 жылдары - Қазақ КСР үкіметі жанындағы КСРО Сыртқы істер халықтық комитеті өкілінің орынбасары. 1946-1967 жылдары - КОКП Орталық Комитеті жанындағы марксизм- ленинизм институты Қазақ бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері, Қарағанды тау-кен институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, Қазақ политехникалық институты кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - КОКП-ның Қазақстандағы көмір өндірісін дамыту мәселелеріне арналған. «Борьба КПСС за создание и развитие третьей угольной базы СССР» атты еңбегі жарық көрген.

Қызыл Жұлдыз, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

ҚАРАШАНЫҢ 24-І, СӘРСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Алматыда М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қаламгер Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір» музыкалық драмасының премьерасы болды.

Жаңа спектакльдің режиссері - Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев, қоюшы-суретшісі - М. Сапаров. Спектакльде Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың әндері пайдаланылған. Басты рольдерде Рахила Машурова, Бекжан Тұрысбек, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай және басқа да әртістер ойнады. «Қара кемпір» - сол әзіз де, азалы аналардың бірі, әрі бар аналардың жиынтық бейнесі. Қойылым бастан-аяқ Ана қарғысын адамзат қасіреті - сұм соғысқа қарсы қоя білумен ерекшеленеді. Мұндағы Ана - жарық күннің, жасампаздықтың символы, тіршіліктің өзегі.

3 жыл бұрын (2007) Ақтауда геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, геолого-минералогия ғылымдарының докторы, Лениндік сыйлықтың және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахмардан Есеновке ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара Қазақстанның, Маңғыстау өңірінің геология ғылымын дамытуға баға жетпес үлес қосқан ғалымның 80 жылдығына орайластырылған.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қытайдағы қазақ әдебиетінің классигі, белгілі саяси қайраткер, шыңжаңдық қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романының тұсаукесер рәсімі өтті.

Өмірінің 40 жылдай уақытын абақтыда өткізген жазушы бүгінде 85 жастан асып отыр. Алайда, қаламы қолынан түспей, қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлесін қосып келе жатқан қаламгер Қытай Халық Республикасында «саяси қылмыскер» атанған. Бүгінгі күні қазақ қоғамында Қажығұмар Шабданұлының шығармаларына деген сұраныс үлкен.

Бүгін қазақ мәдениетіндегі үлкен оқиғаның куәсі болып отырмыз. Көп томдық романның кіндігі түрмеде кесілді. Бұл - Шыңжаң қазағының жарты ғасырлық тарихын қамтитын, Қытайда өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының тағдырынан сыр шертетін эпопеялық шығарма. Кітаптарда 30-80 жылдар аралықтарындағы Қытай елінде болған оқиғалардың барлығы қамтылған. Тағы бір ерекшелігі, тергеушіге жауап ретінде «Мың бір түн» ертегі формасында жазылған», деді Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділ.

1 жыл бұрын (2009) Лондонда Қазақстан туралы алғашқы «Горилла Гайд или как выжить в джунглях бизнеса Казахстана» атты бизнес-анықтамалықтың таныстырылымы өтті.

Алғаш рет ағылшын тілінде шығарылып отырған іскерлік анықтамалықты британдық Стэйси Интернэшнл баспасы әзірледі. Оның таныстырылымы Лондон директорлар институтында болды.

Басылым авторларының бірі Майкл Фергюс - экономист және жазушы, ол бұған дейін де республика бойынша ақпарат беретін жалпы сипаттағы анықтамалықты шығарған болатын. Қазақстандық автор Виталий Кротовпен бірлесіп жазылған жаңа кітап біздің елмен іскерлік байланыстарды орнатуға мүдделі батыстық кәсіпкерлерге арналған.

Кітапта тарихқа қысқаша шолудан бастап, ұшақтар кестесіне дейін әртүрлі тақырып мол қамтылған.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы БЕГАЛИН Сапарғали Ысқақұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.

1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1960 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» деген атпен 1914 жылы «Айқап журналының» №9 санында басылды. Алғашқы кітабы «Қыран кегі» 1944 жылы жарыққа шықты. 1948 жылы басылған «Көксегеннің көргендері» повесі артынан орыс тіліне аударылған. 50-60 жылдары «Жас бұтақ», «Ермектің алмасы», «Бақыт», «Жеткіншектер», «Ананың күші», «Мектеп түлектері» әңгімелер жинақтары, өлеңдер мен поэмалар жинағы «Сырлы қайнар», «Цимлян теңізі», «Көтерілген тың» шыққан. Жазушы Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасауда көп жұмыс істеген, нәтижесі - «Шоқанның балалық шағы», «Шоқан асулары» повестері, «Замана белестері» романы жарық көрді. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды, өнер саңлақтары жөнінде, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне аударылған. С. Бегалин А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Д. Мамина-Сибиряктың, Н. Лесковтың және тағы басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Халықтар Достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

65 жыл бұрын (1945) «Қамқор» Жөндеу корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры ЛАВРИНЕНКО Юрий Иванович дүниеге келді.

Ақмола облысы Аршалы ауданында туған. В.Образцова атындағы Ленинград темір жол көлігі инженерлері институтын, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылым академиясын бітірген.

1968-1982 жылдары - Павлодар темір жол стансасының инженері, бас инженері, бастығының орынбасары, бастығы, Екібастұз темір жол стансасының бастығы, Целинный темір жолдары бөлімі бастығының орынбасары. 1982-1989 жылдары - Павлодар облыстық партия комитетінің сектор меңгерушісі, Павлодар қаласы Индустральный аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің партиялық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы - темір жол транспорты секторының меңгерушісі. 1989-1992 жылдары - Алматы темір жолдары бөлімінің бастығы. 1992-1994 жылдары -Павлодар облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті 2-ші шақырылымының Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан Азаматтық партиясы фракциясының мүшесі. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның бірінші вице-министрі. 2005-2006 жылдары- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның вице-министрі. 2006-2007 жылдары - управляющий директор Дирекции магистральной сети акционерного общества «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Магистралдық жүйелері Дирекциясының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап -қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, басқа да көптеген медальдармен марапатталған. «Құрметті теміржолшы», «Құрметті машина жасаушы» төс белгілерінің иегері.

ҚАРАШАНЫҢ 25-І, БЕЙСЕНБІ

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы қарашаның 25-сін 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу-тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл мәселе туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, барлық жерде көп айтылу керек.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Қарағандының мемлекеттік техникалық университетінде Жастар орталығы ашылды. Енді студенттердің мәдени-демалысының бәрі бір жерге шоғырландырылатын болып отыр. Орталықты салу жарты жылда аяқталды. Қаражатты оқу орны тауып берді. Студенттер құрылыс жұмыстарына қатысты.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласынның «Сырдария» шағынауданында орналасқан «Алтын ұя» балалар бақшасын ашты.

Мемлекет басшысы мұнда алдымен жаңадан салынған балалар мекенінің «Жұлдыз» және «Ботақан» деген екі тобын аралап көрді. Елбасы жаңа ғимаратқа жақсы баға берді. Бұл шынында да сәбилердің талапқа сай тәрбие мен тәлім алуына қолайлы етіп салынған. Бір мезгілде 320 бүлдіршінді қабылдай алатын оның көлемі де көңілді өсіреді.

Балдырғандар қонысын ашу салтанаты үстінде Елбасы оларға шағын автобусты сыйға тартты.

1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласынның «Сырдария» шағынауданында тұрғызылған 40 пәтерлік ипотекалық үйдің пайдалануға берілу салтанатына қатысты.

ЕСІМДЕР

125 жыл бұрын (1885-1935) қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог, Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі ДУЛАТҰЛЫ Міржақып дүниеге келді.

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. 1978 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 жылы Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барып, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петерборға барады. 1907 жылы Петерборда жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінен дәріс береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады. 1910 жылы Қазандағы Кәрімовтер баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. А.Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы - «Қазақ» газетінің негізін қалайды. Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған.. «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Кеңес үкіметі кезінде екі рет қуғын сүргінге ұшырап, тұтқындалған. 1935 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. 1988 жылы ақталған. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.

85 жыл бұрын (1925-1976) композитор, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі ЕСБАЕВ Әбілахат Ысмағұлұлы дүниеге келді.

Қостанай облысы Амангелді ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Могилев әскери училищесін, Алматы консерваториясының композиторлық факультетін (Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясы) бітірген.

«Туған ел» деп аталатын ең алғашқы туындысы 1942 жылы жарық көрген. 1953 жылдан Қазақ радиосының музыкалық редакторы болған. Оның шығармалары негізінен ән (ән, романс, хор, баллада) жанрына арналған. Оның «Аққуым», «Ақ сәуле», «Әлі есімде», «Батырбала Болатбек», «Бейбітшілік сақталады», «Жайық қызы», «Жастар мерекесі», «Жылқышы», «Қайдасыңдар, достарым», «Қыз қуу», «Маржан қыз», «Орамал», «Ортеке», «Сағыныш екен бала кез», «Шофер келді қырманға», «Ұстазым менің, ұстазым» және тағы басқа әндері халыққа кең тараған. Әйгілі сазгер сондай-ақ, С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда», Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» қойылымдарына және И.Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасы бойынша жасалған радиоқойылымға музыка жазған.

«Одағым бақыт ордасы» өлеңі үшін Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқаудың жеңімпазы атанған.

45 жыл бұрын (1965) балуан, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо, қазақша күрестерінен спорт шебері ВОЛОБУЕВ Сергей Валентинович (Әли Сұлтан) дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Атасу кентінде туған. 12 жасынан «Жас сұңқар» балалар жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресімен айналысқан. Самбо, дзюдо, қазақша күрестерінен 10 рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, 3 рет «Нар палуан атағын жеңіп алған. 1989-1991 жылдары - КСРО чемпионатының жеңімпазы, КСРО Халықтар достығы спартакиадасының чемпионы. 1991-1994 жылдары Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Әлем кубогінің иегері, Азия чемпионы болған. Жаттықтырушысы - Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық дәрежедегі жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі төреші Диқанбай Биткөзов. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңарқа аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде самбо, дзюдо күрестерінен аға жаттықтырушы қызметін атқарады.

ҚАРАШАНЫҢ 26-Ы, ЖҰМА

Халықаралық ақпарат күні

Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі.

ХАА - БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінде Бас консультативтік мәртебесі бар әлемдегі жалғыз академия. Әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген, бірнеше ірі қалаларда штаб-пәтері орналасқан. Ақпараттық қызмет саласына байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жасаумен айналысады.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күнгей мен көлеңке» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап Қазақстанның сыртқы саясат бағытының құрылу, даму және нығаюы тарихына арналған. Онда маңызды мәліметтердің, тарихи фактілердің құнды мәліметтері бар. Еңбек қазіргі заманның көрнекті саяси қайраткерлері - мемлекеттер және үкіметтер басшыларының, әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдерінің жоғары лауазымды тұлғалардың көлемді, әрі жарқын суреттер галереясы. Автор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты халықаралық қызметіне, оның Қазақстанның халықаралық ұстанымын нығайту және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы жайындағы қажырлы еңбегіне баса назар аударады. Біз еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарын айқын анықтадық. Бұл оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды факторға айналды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күнгей мен көлеңке» кітабының алғы сөзінде осылай делінген. «Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған Президент Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, біздің еліміз осындай қысқа мерзім ішінде ғасырға тең жолдан өтті. Шынтуайтында, көптеген саясаткерлер мүмкін емес дегенді шындыққа айналдырдық. Бәрінен бұрын, толыққанды мемлекет құрдық. Қазақстан «жолы болмаған мемлекеттердің» кебін кимеді. Елбасы басшылық еткен реформаторлар командасының күш-жігерімен біздің экономика қажетті тұрақтылыққа қол жеткізді. Қазақстан қысқа мерзімнің ішінде әлемнің барлық жетекші елдерімен тұрақты өзара қарым-қатынас құра білді», деп жазылған кітаптың алғы сөзінде.

3 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» (ССДО) АҚ-ның «Халықаралық саудада әкімшілік кедергілерді азайту» жобасы аясында Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамына (GTZ) консалтингтік қызмет көрсету жөнінде келісімге қол қойылды. Аталмыш келісім Қазақстан үшін әкімшілік кедергілерді азайту пайдасын зерттеуге бағытталған.

1 жыл бұрын (2009) белгілі қазақстандық актер, ақын Андрей Колесниковтың «На краешке земли» атты төртінші жинағы жарық көрді.

Ақын Андрей Колесников «Вчерашний день», «Звездная сирень» и «Сердцетворения Андрея Колесникова» атты еңбектерімен оқырмандарға танымал. Соңғы екі кітабы АҚШ Конгресінің кітапханасында сақтаулы.

1 жыл бұрын (2009) Минскіде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша екі елдің арасында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БР Денсаулық сақтау министрлігі арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасында өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялар туралы келісімге; Қазақстан Республикасы мен Беларус Республикасы арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен БР Қаржы министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға; Ақтөбе облысының әкімдігі мен Гродно облыстық атқарушы комитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Могилев облыстық атқарушы комитетінің арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай химия өнеркәсібі басқармасының бастығы ХАЙДАРҒАЛИЕВА Шолпан Ахметқызы дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Химия-металлургия институтында бастаған. 1992-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің ғалым-хатшысы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертизалар басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Ғылыми-техникалық және технологиялық экспертизалар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Мұнай химия өнеркәсібі басқармасының бастығы, қазіргі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мұнай химия өнеркәсібі басқармасының бастығы қызметін атқарады.

Көптеген халықаралық, республикалық ғылыми-техникалық конференцияларға қатысып, баяндама жасаған. 18-ден астам ғылыми публистикалық жарияланымдардың авторы.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Cенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, заң ғылымының кандидаты МҰХАМЕДЖАНОВ Бауыржан Әлімұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Мерке ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

1983-1990 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары - Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, секретариат меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы. Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. В 2005-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

«Парасат» орденімен, медальмен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ҚАРАШАНЫҢ 27-І, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Парижде Қазақстанның Халықаралық сот орындаушылары одағына (ХСОО) орайластырылған мүше ретінде кіру рәсімі өтті.

ХСОО - сот шешімдерін мәжбүрлеп орындатумен айналысатын кәсібилердің халықаралық бірлестігі. Одақ Еуродағының, Гаага конвенциясының, БҰҰ комитетінің мүшесі, оның қатарында әлемдегі 60-тан астам елдің өкілдері бар. Одақтың басты міндеті ? барлық елдердің сот орындаушылары арасында тәжірибе алмасу және кәсіби байланысты нығайту, сондай-ақ сот орындаушысы мәртебесінің мәнділігіне мемлекеттік органдардың назарын аудару.

3 жыл бұрын (2007) Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды.

Олардың біріншісі - «2008-2010 жылдарға арналған Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық мәні бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заң республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Екінші заңмен тауарларды импорттау үшін кеден рәсімдерін жеңілдететін Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетінің Қазақстан Республикасының аумағында болу шарттары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда жылу энергиясының орталық транзитті-бөлу нүктесі ашылды. Бұл нүкте Алматы қаласының 2005-2015 жылдарғы энергия кешенін дамыту негізінде ашылып отыр. Ол сонымен қатар бүгінгі күнннің талабына сай жұмыс істейтін болады. Ғимарат мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция арқылы салынды. Бұл жылу нүктесі қаладағы жылу энергиясын реттеумен қатар, «Орбита» қазандығының жұмысын жақсартып, қаланың оңтүстік бөлігін жылумен еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болады.

1 жыл бұрын (2009) Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын - 2015 жылғы Ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады. Бұл жөнінде ISESCO-тің бас директоры Абдель Азиз Ат-Туэйджри Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Тасымовтың кездесуінде хабарлаған. Кездесу Альянс топтарын цивилизациялаудың 3-ші жұмыстары аясында Рабат (Марокко) қаласында өткен.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1950) юрист-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Заң шығару институтының директоры БҰСЫРМАНОВ Жұмабек Дүйсешұлы дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1976-1978 және 1983-1992 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры. 1978-1983 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспиранты. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты саяси талдау бөлімінің кеңесшісі. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия хатшылығының хатшысы, меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы, Заң факультетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

80-нен астам ғылыми еңбегі бар.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 2009 жылғы «Ең үздік доцент» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төс белгісінің иегері.

55 жыл бұрын (1955) Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары ОСПАНБЕКОВ Қанатбек Жолдасбекұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

1978-1992 жылдары - Жезқазған қаласы облыстық ветеринарлық зертханасының меңгерушісі, «Победа» кеңшарының ветеринарлық учаскесінің меңгерушісі, бас зоотехнигі, «Советский» кеңшарының басқарма төрағасы. 1992-1993 жылдары - Төле би аудандық кеңесі Тұрақты комиссиясының төрағасы. 1993-2002 жылдары - Төле би аудандық ветеринарлық стансасының бастығы, аудан әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Төле би ауданы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдары - Бәйдібек ауданының әкімі. 2004-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл және су шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан.

45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары ӘКІМЖАНОВ Жандос Әбілханұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Қапшағай қаласында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын (Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы), «Тұран» университетін бітірген.

1989-1994 жылдары - Алматы қаласындағы «Казгипроводхоз» институтының инженері, 1994-2002 жылдары - Алматы қаласындағы «Азамат» ЖШС-нің Күрделі құрылым бөлімі бастығының орынбасары. 2002-2006 жылдары - Атырау облыстық коммунальдық меншік басқармасының бастығы, Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2006-2009 жылдары - Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың тамыз айынан бастап - қазіргі қызметінде.

ҚАРАШАНЫҢ 28-І, ЖЕКСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты.

Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады. Олардың екеуі де араб әріптерімен басылған. Мұражайдың кітап қоры павлодарлық танымал қаламгерлер Мұзафар Әлімбаевтың, Нұтфолла Шәкеновтың шығармаларымен, қуғын-сүргін жылдары Ертіс селосында тұрған Сібір жазушысы Ефим Пермитиннің төрт томдығымен, орыстың белгілі ақыны Марина Цветаеваның сіңлісі, өткен ғасырдың 50-інші жылдары Павлодарда тұрған жазушы Анастасия Цветаеваның авторлық қолтаңбасы бар «Естеліктер» кітабымен толықты. Мұражайға атақты әнші Суат Әбусейітовтың жеке заттары мен фотосуреттері келіп түсті. Биыл Варна қаласында (Болгария) өткен Халықаралық байқау-фестивалінің жүлдегері жас суретші Лилия Мельник мұражайдың балалар бөліміне көрмеде көрсетілген суреті мен фестивальдің буклетін тарту етті.

5 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа күріш зауыты іске қосылды. Зауыт техниканың соңғы жетістіктерімен - жетілдірілген құрал-жабдықтармен жарақтанған зауыт сағатына 15, тәулігіне 300 тонна күріш ақтап және қаптап шығара алады.

5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Ұлытау» тобының «Жұмыр қылыш» деп аталатын алғашқы жеке альбомының тұсаукесері өтті. Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйінің атымен аталған жаңа дискіге «Ұлытау» тобы болашақта бейнеклип те түсірмек. Мәскеудегі Владимир Осинскийдің студиясында жазылған альбомға 10 композициялық шығарма топтастырылған. Ол Еуропа мен ТМД елдеріне таратылды. Жалпы, «Ұлытау» алғашқы альбомдарын 2002 жылы «АБК» тобымен бірігіп шығарған болатын. Бас продюсері - Қыдырәлі Болман. Биыл топ мүшелері «Шешен және Ингушетия республикаларының еңбек сіңірген және халық әртісі» атақтарына ие болды. «Ұлытау» тобы 1998 жылы құрылды. Алғашқы концерттері 2001 жылы болды. 2002 жылы АБК тобымен бірлесіп алғашқы ән жинақтарын шығарды.

3 жыл бұрын (2007) С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтің бастамасымен шығарылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті үлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітаптың тең авторлары елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер болып табылады. Олардың ішінде Жансейіт Түймебаев, Игорь Рогов, Сергей Дьяченко және т.б.

3 жыл бұрын (2007) Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

3 жыл бұрын (2007) Президенттік мәдениет орталығында халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әбіш Кекілбаев туралы түсірілген «Ақ шағылда туған арман», «Парасат биігінде» атты деректі фильмдерінің тұсаукесер рәсімі болды.

Автор бұл деректі фильмдерде Ә.Кекілбаев өмірінің әр кезеңін бейнелей отырып, кейіпкер образын шынайылықпен сомдаған. «Ақ шағылда туған арман» деректі фильмі жазушы Әбіш Кекілбаев туралы баяндай отырып, оның шығармашылығына егжей-тегжейлі шолу жасалған. Ал екінші «Парасат биігінде» фильмінде Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері, көркемсөз шебері ретінде бейнеленген.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері НӘЖІМЕДЕНОВ Жұмекен Сабырұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.

1959-1965 жылдары - «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары - республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары - Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен - тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты романдарының авторы. 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ақынның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілген.

55 жыл бұрын (1955) Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі ЖИЕНҚҰЛОВ Оңдасын Елубайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген.

1977-1990 жылдары - «Жамбылауылқұрылыс» тресі Өндірістік монтаждау комбинатының инженері, аға прорабы, бас инженері. 1990-1994 жылдары - Мойынқұм аудандық «Агроқұрылыс» басқармасының төрағасы. 1994-1995 жылдары - Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы. 1995-1998 және 1999-2000 жылдары - «Мойынқұмагроқұрылыс» акционерлік қоғамының директоры. 2000-2007 жылдары - Мойынқұм ауданы әкімі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - қазіргі қызметінде «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен, облыс Әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

45 жыл бұрын (1965) балуан, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ХАМХОЕВ Әли Хамифұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Қарасай ауданында туған. 1982-1986 жылдары Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанған. Ол 1983 жылы өткен КСРО Халықтар достығы спартакиадасының күміс жүлдегері, 1984 жылы өткен Еуропа жастары арасындағы біріншіліктің чемпионы, 1986 жылы Мәскеуде өткен Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы болған. 2001-2006 жылдары Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы және вице-президенті болған. Қазіргі уақытта Ингуш ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары қызметін атқарады.