ҚазАқпарат-Анонс: 4 қараша мен 7 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 4 қараша мен 7 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

4 қараша күні Мемлекеттік басқару академиясында Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференция өтеді.

4 қарашада «Дипломат» қонақүйінде «Бюджет ашықтылығының индексі:бюджеттік мониторингті күшейту мен бюджеттік қатысуды арттыру» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

4 қараша күні ҚР Туризм және спорт министрлігінде Гуанчжоуда өтетін алдағы жазғы Азия ойындарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

4 қарашада Бүкіләлемдік банк өкілдігінде Бүкіләлемдік банк Халықаралық қаржы корпорациясымен бірлесіп жүргізген сегіз айдағы жұмыс қорытындыларын таныстырады.

4 қараша күні Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-австрия парламентаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2-ші отырысы өтеді.

4 қарашада Бас прокуратурада брифинг өтеді.

4 қараша күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Еуропалық Праламенттің социал-демократтар делегациясымен кездеседі.

4-5 қараша күндері Астанада қазақ-австрия бизнес форумы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

4 қараша күні Сенаттың жалпы отырысы өтеді.

4 қарашада Парламент Мәжілісінде Қазақстан Ресупбликасының «Қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендірілуі мен қылмыстық процесс барысында заңнама сақталуы кепілдігін күшейту жөніндегі ҚР заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы болады.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР

4 қараша күні Астанада «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы жемісті іс-қимыл жасау - Қазақстанның одан әрі нық дамуы мен экономикалық гүлденуінің басты шарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

24 қазан мен 2 қараша аралығында Подмосковьеде ТМД елдері, Грузия, Латвия, Литва және Эстонияның жас кинематографтарының арасында ІІІ Халықаралық киномектеп өтеді.

3-6 қараша аралығында Түркіменстанда Әзірбайжанның мәдени күндері өтеді.

1-5 қараша аралығында Алматы, Өскемен, Астана және Бішкек қалаларында «Қазақстандағы Германия жылы» аясында белгілі неміс жазушысы, журналист әрі сценарист Ани Тукерман әдеби оқулары өтеді.

ЭКОНОМИКА

1 қарашадан бастап Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобына ауысады.

ҚОҒАМ

1 қарашадан бастап Қазақстанда жұмыс берушілердің «Сенім-2010» байқауы басталады.

СПОРТ

1-7 қараша аралығында Қарағандыда 1993-1994 жылдар аралығындағы жастар арасында бокстан ҚР чемпионаты өтеді.

АСТАНА

4 қараша күні «Шабыт-2010» халықаралық байқауының бірінші күні басталады.

4 қарашада «Жас ұлан» республикалық мектебі өзінің 11 жылдығын атап өтеді.

1-4 қараша аралығында «Сұңқар» қонақүйінің мәжіліс залында БАҚ саласындағы халықаралық құқық жөнінде тренингтер өтеді.

1-6 қараша күндері ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесі өтеді.

АЛМАТЫ

15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтеді. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.

4 қарашада Алматыда жас жазушылар арасындағы «Алтын қалам» әдеби байқауының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

4 қараша күні Алматыдағы жетім балаларға арналған қайырымдылық концерті өтеді.

4 қарашада Алматыда Гетё атындағы институттың көрмесі ашылады.

АЙМАҚТАР

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

5-6 қараша күндері Павлодарда беларус өнерінің республикалық фестивалі өтеді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

1 қарашадан бастап Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл кентінде «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың ІІІ кезеңі басталады.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР

4 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының қызметкерлері кәсіпорынның 40 жылдығын өз әнұранымен атап өтті. Акционерлік қоғам жариялаған музыкалық байқаудың жүлдегері - павлодарлық сазгер әрі әнші Бақытжан Жұмаділдинов.

5 жыл бұрын (2005) Астанада «Қазғарыш» мектеп-лицейі ресми түрде ашылу рәсімі өтті, онда ғарыш ғылымдары тереңдетіліп оқылатын болады.

Ашылу рәсіміне тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, «Қазғарыш»ҰК» акционерлік қоғамының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің өкілдері қатысты.

5 жыл бұрын (2005) қазақтың белгілі ақыны Асқар Тоқмағамбетовтың 100-жылдық мерейтойына орайластырылған «Дейді екендер дейді екен» атты оның шығармалар жинағы жарық көрді.

Асқар Тоқмағамбетов орыс тіліндегі көтерілісшілер өлеңдерін қазақ тіліне алғашқы болып аударды. Ол ақындық жолының алғашқы кезеңінде Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазған. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т.б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.);

1 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Қазақстан Республикасының Президенті туралы кітаптың таныстырылымы болды.

Жинақтың таныстырылымы Талдықорғанда қала партия активінің қатысуымен әкімдіктің үлкен залында өтті. Жинақ авторлары - Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова, көркемсурет мектебі бастауыш партия ұйымының төрағасы Сейіт Ысқақов, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Серікқали Мырзатаев.

Жинақта Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі туралы айтылған және Қазақстанның әлемге танылған жетістіктері көрсетілген. Жинақта Нұрсұлтан Назарбаев туралы елдің және әлемнің көрнекті саясаткерлерінің, Парламент депутаттарының, ғалымдардың айтқан сөздері берілген.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1915) журналист, әдеби мұраларды жинаушы ДУЛАТОВА Гүлнар Міржақыпқызы дүниеге келді.

Орынбор қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет) бітірген.

1939-1987 жылдары - дәрігер-дерматолог қызметін атқарған.

Ол «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалар туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын, кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Дулатованың очерктер мен эсселері 1988 жылдан жариялана бастады. «Свет истины» («Шындық шырағы») кітабы 1995 жылы, 1999 жылы екі томдығы жарық көрді. Сондай-ақ, ол әкесінің «Оян қазақ!» (Алматы, 1989) кітабын, 2 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 1996, 1997), 5 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 2004) құрастырушыларының бірі.

35 жыл бұрын (1975) «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары ЖАНҒОРАЗОВ Борисбий Ибрагимұлы дүниеге келді. Астана қаласында туған. Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. 1999 жылы кәсіби еңбек жолын «Ernst&Young» аудиторлық компаниясында бастаған. 2004-2006 жылдары «Большой Четверки» (Big 4) компаниясында лауазымды қызметтер атқарып, «Grey Worldwide» агенттігінің қаржылық директоры болған. 2006-2008 жылдары - Қазына» тұрақты дамуқоры акционерлік қоғамының корпоративтік қаржылар департаментінің директоры, «Ұлттық инновациалық қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде Көптеген внечурлық компаниялардың Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі. 2010 жылдан Қазақстандағы KazVenture атты тікелей инвестициялар мен венчуралық капитал қауымдастығының президенті.

5 ҚАРАША, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2005) Семей қаласындағы «Весеняя» көшесіне қазақтың белгілі саяси қайраткері, «Алаш Орда» партиясы мүшелерінің бірі Райымжан Марсековтың есімі берілді. Дәл осы күні оған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Райымжан Марсековтың ұрпақтары мен туған-туыстары қатысты.

Райымжан Марсеков мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына өзінің елеулі үлесін қосқан. Ол алашорда қозғалысының белді жетекшілерінің бірі, белгілі заңгер болды, соты басқарды. Райымжан Марсеков қуғын-сүргін жылдары елді тастап Қытайға жер аударуға мәжбүр болды. Қазақтың саяси қайраткері ұрпақтарының айтуынша қаладағы көшелердің біріне Райымжан Марсековтың есімін беру үшін бірнеше жыл қажет болды. Қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссияның ұсыныстарын қолдады.

5 жыл бұрын (2005) «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігінде «Алыстағы әуен» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жинаққа 100-ден астам өлеңдер кірді, оларды Қытайда тұрып жатқан қазақ композиторлары жасаған. Оқырман жаңа кітаптан Таңжарық Жолдыұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріпжан Жанұзақұлы, Сұлтан Мәжитұлы сынды композиторлардың шығармаларын таба алады. Жинақтың авторы - 80-жастағы Мұхаммед Әбдіқадырұлы (танымал опера әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, коптеген Халықаралық сыйлықтардың лауреаты Майра Мұхаммедқызының әкесі), ол ҚХР Синцзянь-Ұйғыр автономды ауданында тұрады және көп жылдар бойы халық шығармашылығының туындыларын жинаиды және оларды зерттейді. Бұл оның жетінші кітабы. Бұрын оның күй, өлең және басқа да шығармалары жинақ болып шыққан, және оның ұлттық музыкалық аспаптардың тарихына арналған кітаптары жарық көрген.

3 жыл бұрын (2007) Дамаск қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сирия президенті Башар Асад келіссөздерінің қорытындысы бойынша екі жақты құжаттар топтамасына қол қойылды.

Атап айтқанда, білім және ғылым саласында үкіметаралық келісім жасалды. Қазақстан мен Сирия Сыртқы істер министрліктері арасында өзара саяси консультациялар туралы декларацияға қол қойылды.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сирияның Ауыл шаруашылығы және аграрлық реформалар министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Сонымен қатар, мемлекеттер елордалары - Астана мен Дамаск арасында серіктестік қарым-қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды.

1 жыл бұрын (2009) Орал қаласының электрондық картасы жасалды. Оның ресми атауы - мемлекеттік қала құрылысы кадастры.

Орал - мұндай картаға ие болған Астана мен Қарағандыдан кейінгі үшінші қала. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кадастры ақпараттық-құқықтық жүйесіне енетін картада қаланың бұрынғы және қазіргі аумағы, ғимараттары мен орындары, құрылысы мен инженерлік желілері туралы деректер бар. Оған ғимараттардан бастап электр желілері бағаналары, бағдаршамға дейін бәрі енгізілген. Ол түрлі өзгерістерге байланысты толықтырылып отыратын болады.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстан Республикасының ғалымы Берлин Иришевтің «Европаға жол. Евроодақ: интеграциялық моделінің тәжірибесі» атты жаңа кітабының тұсау кесері өтті. Кітапта ұлттық саясат (бюджеттік, қазыналық, әлеуметтік) және ұлт үстіндегі саясат (шақалық, бәсекелестік) арасындағы өзара қатынас жазылған. Бұл саясат түрлерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне, кітаптың жеке бөлімі арналған, онда толығымен Евроодақтың қызмет істеу ерекшеліктері баяндалған. Автордың болашақ әлемдік валюта жүйесінің көрінісі тұжырымдамалық болып табылады, долларлық қалыптан үш тағанға (евро, доллар, юань) және содан бірлестірілген әлем валютасына келуі, аймақтық жүйе мен ұлт үстіндегі валюта арқылы болып саналады.

Кітаптың бөлімі Евроодақ пен Орталық Азия арасындағы стратегиялық серіктестіктің қиындықтарын қарастыруға арналған. Аймақтағы интеграциялық модельдердің галактикасын қарастыра келіп, әліде олардың эмбриональдық қалыпта қалып тұрғанына, автор өз өкінішін білдіреді. Алайда автордың пікірінше бұл аймақ табиғат қорына бай болып келеді және нақты әлеует әлемдік геосаясатта маңызды субъект ретінде болуы әбден мүмкін. Көлемі 567 беттен тұратын жұмыс орнықты статистикалық және фактологикалық базасымен қамтылған: онда 70 астам кестелер, схемалар және диаграммалар бейнеленген. Кітапта бірқатар қойылымдылық сұрақтар кең ортада ғылыми таластарды және пікірсайыстарды шешуге қарастырылған.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1955) Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ректорының стратегиялық сұрақтары жөніндегі кеңесшісі БЕКМАҒАМБЕТОВ Ғалым Мадешұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Шет (бұрынғы Ағадыр) ауданында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1977-1979 жылдары - Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы болды. 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болған. 1981-1987 жылдары Көкшетау облыстық комсомол, партия органдарында басшылық қызметтер атқарды. 1987-1988 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. 1988-1992 жылдары - Көкшетау кооперативтік техникумы директорының орынбасары, Ақмола облыстық атқару комитетінің аға референті, Көкшетау қалалық атқару комитеті іс қағаздары секторының меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1992-1995 жылдары- Көкшетау қалалық әкімшілігі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі, «БАТТ» корпорациясының Көкшетау қаласындағы филиалының директоры. 1995-1997 жылдары - Көкшетау облыстық әкімшілігі аппаратының қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, Көкшетау облысы әкімінің ішкі саясаты және әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 1997-2003 жылдары - Көкшетау қалалық әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Ақмола облыстық әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және басқа медальдармен марапатталған.

ҚАРАШАНЫҢ 6-Ы, СЕНБІ

Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудан сақтаудың халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеяның 56-шы сессиясының шешімі бойынша 2001 жылғы қарашаның 6-ында (№A/RES/56/4 қарары) жыл сайын атап өтіледі. Бұл шешімді қабылдауда БҰҰ қарулы қақтығыстардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері ұзақ уақытқа дейін экожүйе мен табиғи ресурстарға зиянын тигізетінін негізге алды. БҰҰ Бас Ассамблеясы және де БҰҰ Мыңжылдық декларациясында жазылғандай қоршаған ортаны қорғау үшін шара қолдану қажеттігіне сүйенді.

Ерлердің дүниежүзілік күні

Вена магистраты, М.С.Горбачев қоры, БҰҰ-ның Венадағы бөлімі мен халықаралық «Мэдикэл Коннекшн» ұйымының бастамасымен 2000 жылдан бері қарашаның бірінші сенбісінде атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Мұражай ісінің ардагері және өлкетанушы Эрнест Соколкиннің «Павлодар көшелері» деп аталған кітабы жарық көрді.

Өзінің анықтамалық кітабы үшін материалдарды зерттеуші ондаған жылдар бойы жинаған екен. Кітап қала құрылысының осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы, о бастағы Коряковка казактар станицасының құрылыс жобасынан бастап, бүгінгі кезеңге дейінгі уақытын қамтиды. Кезінде құрылысы небәрі 30 көшеден тұратын Павлодарда бүгінде үш жүзден астам көше бар. Әр көшенің өз тарихы бар, олардың кейбіреуілерінің атаулары ел тарихындағы дәуірлік кезеңдерге байлансты өзгеріп отырған. Павлодардың негізгі көшесі 1920 жылдары Троцикийдің атына ие болса, кейіннен Дзержинский атындағы көше болып атын өзгерткен. Ал ол көше бүгінде Қазақстанның тұңғыш академигі, осы өлкенің түлегі Қаныш Сәтбаевтың атында.

3 жыл бұрын (2007) Астанадағы «Зерде» инновациялық орталығы әзірлеген қазақ тілі синонимдер сөздігінің электрондық нұсқасы таныстырылды. Электрондық сөздікке бүгінде қолданыстағы 20 мыңнан астам сөздің синонимдері топтастырылған.

3 жыл бұрын (2007) Каир қаласында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасында Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды.

Бұл құжаттың негізінде Қазақстан, XIII ғасырда салынған нысандардың бастысы және ортағасырлық сәулет өнерінің жауһар ескерткіші саналатын бұл мешітті қалпына келтіруге 4,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп отыр.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өрлеу» балет жас әртістерінің театры ашылды. Театр А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищенің 75 жылдығына орай ашылған.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан мен Италия арасында Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев және Италияның Сыртқы істер министрі Франко Фраттини қолдарын қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Н.Назарбаев: «Қазақстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас шын мәнінде стратегиялық болуы үшін біз бәрін жасайтын боламыз», деді.

Елбасы Қазақстан жас мемлекет ретінде осы жылдардың ішінде біздің өңірдегі Италияның негізгі экономикалық және саяси әріптесі болу үшін бәрін жасағанын, нәтижесінде көптеген дүниелерге қол жеткізілгенін атап көрсетті.

1 жыл бұрын (2009) Бакуде Әзірбайжанның Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Низами атындағы Әдебиет институтының ұйытқы болуымен, филология ғылымдарының докторы, профессор Айда Фейзуллаеваның авторлығымен қазақтың танымал ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов туралы кітап жарық көрді.

Автор, әлемдік тарихтағы түркілер ролінің зерттелуі мен анықталуы О.Сүлейменовтың есімімен тығыз байланысты екенін атап көрсетіп отыр. Автордың пікірінше, қазақ ғалымы Ресейдің түркологиялық ғылымында ұзақ жылдар бойы ең күрделі және ең түйінді парақтардың бірі болып келген шығыс әдебиеті мен орыс фольклорының арасындағы өзара байланысты іздеп тапты.

1 жыл бұрын (2009) Астанада саясаткер әйелдердің клубы ашылды.

Клубтың тұрақты мүшелері - Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер мен отбасы демографиялық саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері кірді.

1 жыл бұрын (2009) Қостанайда Тобыл өзенінен өтетін жаңа көпір салтанатты түрде ашылды.

Қысқа мерзімде салынып біткен көпірдің құрылысына 331 млн. қаржы жұмсалған. Жүретін жолдың ені - 11,5 метр, және екі жаяу жүріп өтетін жолдың ені - 1,5 метр. Көпірдің жақындау жолының ұзындығы - 710 метр. Көпірдің құрылысы енді Ресей Федерациясымен байланысып жатқан жолда жыл бойы тоқтаусыз транзиттік қозғалыспен қамтамасыз етеді.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1930-1994) инженер-гидротехник, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы ЖАНҒАРИН Әділбек Ізтілеуұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген.

1953-1956 жылдары - Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылық техникумында мұғалім, 1957-1962 жылдары - Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында кіші және аға ғылыми қызметкер. 1963-1967 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) «Теориялық механика» кафедрасының меңгерушісі, доценті. 1968-1991 жылдары - Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары - Алматы автомобиль жолдары институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми-өнертабыстық жұмыстары мелиорация, егін суару, ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру салаларында ағын суды және жер асты суларын тазалау, гидроциклондық әдіспен су көтеру технологияларына арналған. Ол жасаған қондырғылар 85 авторлық куәлікке ие болды. Бүкілодақтық, дүниежүзілік көрмелердің медальдарын алды. Оның басшылығымен 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты дайындалды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі гидравликалық ғылыми зертханаға Жанғариннің есімі берілген.

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

7 ҚАРАША, ЖЕКСЕНБІ

Ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығы

БҰҰ Бас Ассамблеясы Саяси комитетінің 1988 жылғы қарашаның 8-індегі 43-ші сессиясының бастамасы бойынша жыл сайын атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

65 жыл бұрын (1945) Алматыдағы Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық жасөспірімдер театрынның негізі қаланды.

Наталья Ильинична Сац - 1918 жылы әлемдегі алғашқы балалар театрын құрды. Содан кейін, бүкіләлем бойынша 60-тан астам театрларды құрды, соның ішінде Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры. Ол «халық жауының» әйелі болғандықтан айдалуға ұшырап Алматыға жер аударды. Оны опера және балет театрының режиссері етіп тағайындады. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда көптеген ұлы актер тұрды. Наталья Ильинична оларды балаларға арнап ұйымдастырылған кешке қатысуларын сұрады. Осыдан кейін ол балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы ұсынысымен хат жаза бастады. Бірақ жазылған хаттардың біріне Қазақстанның ОК КП (б) екінші хатшысы Шаяхметов Жұмабай үн қатты. 1944 жылғы қыркүйектің 6-ында Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы Жарлық шықты. Бір жылдан аса уақыттан кейін 1945 жылғы қарашаның 7-інде балалар мен жасөспірімдер театрдың алғашқы «Қызыл Телпек» атты спектакліне келді.

Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер театрының спектаклдерін Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген қайраткерлері Евгений Прасолов, Абрам Мадиевский және басқа да дарынды режиссерлер қойды. Актерлер - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Валерия Крымская, Татьяна Тарская, Сергей Печорин, Григорий Ефимов, Дмитрий Скирта, Виктор Ашанин, Ольга Коржева, тағы да Тахир Восилов, Владимир Крылов, Ирина Арнаутова және басқалары.

5 жыл бұрын (2005) Қостанайда «Здоровое поколение» атты жастар орталығы ашылды.

Орталық жасөспірімдер мен жастар арасындағы салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды, және балаларды үйрететін әр түрлі шаралар өткізеді. «Здоровое поколение» орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен құрылды.

5 жыл бұрын (2005) Мәскеудегі қоғамдық ұйымдар үйінде қазақстандық ғалым, Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Көмекұлы Құсайыновтың «Синявин қыраты мен батпағының құпиясы» кітабының таныстырылымы болды. Майдан Құсайынов - «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағының командирі. Оның басқаруындағы іздестірушілер 15 жыл бойы Ленинград облысының Киров ауданы аумағында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің, соның ішінде Ақмола облысынан аттанған боздақтардың жерленген орындарын және олардың есімдерін анықтауда қажырлы жұмыс жүргізіп келеді. Осы іздестіру жасағының 15 жылғы жұмысы туралы баяндайтын бұл кітап өткен жылы Астана қаласындағы «Сарыарқа» баспасынан шыққан болатын. Алғыссөзін белгілі жазушы Владимир Гундарев жазған. «Синявин қыраты мен батпағының құпиясы» автордың Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтар туралы кітабының алғашқысы. Ол осы тақырыпты одан әрі тереңдете зерттей бермек.

5 жыл бұрын (2005) Батыс Қазақстан облысының Қазталов-Жәнібек автожолының 51-ші шақырымында жаңа көпір ашылды. Аймақтық жол құрылысы бағдарламасы бойынша салынған көпірге 264 млн. теңге инвестиция жұмсалды. Мердігері «Асфа» ЖШС-і болды. Көпірдің іске қосылуы көлік қозғалысының тоқтап қалуын болдырмайды.

3 жыл бұрын (2007) Астанада мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын» оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесері болып өтті.

Жаңа толқын» оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесеріне тиісті министрліктер мен департаменттердің өкілдері, облыстық, қалалық тіл басқармалары мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары, сондай-ақ республиканың жетекші ғалым-тілшілері мен әдіскерлері қатысты. Аталған оқу-әдістемелік кешен мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған білім технологиясы жүйесіндегі жаңартылған үлгі болып табылады.

Сөздіктің электрондық нұсқасы негізгі оқулық, грамматикалық анықтама, оқулық сөздігінен және 3 CD-үнтаспасынан тұрады. Ол мемлекеттік тілді мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлерін оқытуға арналған.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925) ақын, жазушы, драматург ЗУЛФИКАРОВ Масимжан дүниеге келді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Алматыдағы Абдолла Розыбақиев атындағы ұйғыр мектебінінң директоры, Қазақстан Жазушылар одағынның кеңесшісі болып істеген. 1985 жылдан зейнет демалысына шыққан. Поэзия, проза, драматургия саласында еңбек етеді.

«Таң сырлары», «Коммунар», «Ризвангүл», «Бұралаң жолдар» дастандарының, «Күз өрнектері» өлең жинақтарының, «Өмір ағымы», «Самғау», «Сүйеспеншілік», «Тағдыр», «Жүрек тынысы», «Найзағай жарқылы», «Өмір ағымы» әңгімелер мен повесттерінің, «Лутпулла», «Жанар тау» (трилогия), «Вулкан» (орыс тілінде) романдарының, «Балалар ауыз әдебиеті» және «Ұлттық дәстүрлер» ғылыми жұмыстарының, «Садахат» бейнефильмінің авторы.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

75 жыл бұрын (1935-2004) Қазақстан Республикасының бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ӘБДІРАХМАНОВ Жаңалық Ниязұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.

1959-1961 жылдары - Қызылорда облысы Қарамақшы ауданындағы аурухана меңгерушісі. 1961-1964 жылдары - Қазақстан Өлкелік патология институтының аспиранты, 1964-1975 жылдары - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері. 1975-1990 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының доценті, кафедра меңгерушісі. 1990-2004 жылдары - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған.

Оның негізгі зерттеу жұмыстары рак ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне, радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілерді пайдалануға және организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған. Ол өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық бөлшек сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

55 жыл бұрын (1955) Генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары ЖҰМАҚАНОВ Владимир Зейноллаұлы дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Свердлов облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Ф.Э.Дзержинский атындағы Жоғары Қызыл Ту мектебін бітірген.

1977-1982 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіннің ғылыми қызметкері. 1982-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент бастығының орынбасары, комитет төрағасының кеңесшісі. 2001-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антитеррор департаментінің бастығы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап -қазіргі қызметінде.

ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, және төрт медальмен марапатталған.

50 жыл бұрын (1960) «Қазфосфат» ЖШС-інің бас директоры ЕСКЕНДІРОВ Мұқаш Зұлқарнайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын (қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген.

1982-1988 жылдары - Жаңажамбыл фосфор зауытының шебері, аға шебері, аға шебер-технологы, цех бастығы. 1988-1993 жылдары - «Нодфос» өндірістік бірлестігі партия комитетінің хатшысы, цех бастығы, бас директордың орынбасары. 1993-1994 жылдары- «Қаратау» сауда үйінің бас директоры. 1994-1996 жылдары - «Нодфос» АҚ бас директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары - «Арго» ЖШС-інің директоры. 1998-2005 жылдары - «Жамбыл нан компаниясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры, «Қазфосфат» ЖШС-інің атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2005жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

40 жыл бұрын (1970-2007) саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Еуразия социологтары қауымдастығының және Қазақстанның социологтары қауымдастығының толық мүшесі МАШАН Мейіржан Серікұлы дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын (қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің аспирантурасын бітірген.

1992-1993 жылдары - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтынның оқытушысы. 1993-1996 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің аспиранты. 1996-2001 жылдары - Қазақстан Даму институтының ғылыми қызметкері, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Қазақстан Даму институтының вице-президенті, бірінші вице-президенті. 2001-2003 жылдары - «Стратегия» талдау орталығының директоры, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 2003-2004 - жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.

100-ден астам ғылыми жұмыстардыңң, оның ішінде 20 монографияның, кітаптардың , оқу құралдары мен анықтамалардың авторы.