ҮКІМЕТ
Ақпанның 12-16-сы аралығында Швейцарияның Женева қаласында адам құқықтары саласындағы Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) Жұмыс тобының 7-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының есебі тыңдалады. Еліміздің делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастап барады.
Ақпанның 12-сінде Қаржы министрлігінде «Салық салу және кедендік ресімдеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Ақпанның 10-12-сі аралығында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглудың Астанаға ресми сапары күтілуде. Сапар бағдарламасында Түркиялық дипломатияның жетекшісі Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулері белгіленген.
ЕҚЫҰ
Ақпан айында ҚР Мемлекеттік хатшысы -сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Оңтүстік Кавказ елдеріне алғашқы сапары өтеді. Сапар барысында Қ.Саудабаев Әзірбайжан, Армения және Грузия елдерінде болады.
СПОРТ
Ақпанның 9-ы мен 13-і аралығында Жапонияда Қазақстан құрамасының қатысуымен шайбалы хоккейден «НАГАНО-2010» кубогының ойындары өтуде.
Атырауда ақпанның 9-16 күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының 4-ші тур ойындары өтуде.
Ақпанның 12-сінде «Арена-Астана» стадионында жас футболшылар арасында футболдан шешуші матч болады.
Ақпанның 12-28-і аралығында Ванкуверде ХХІ Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді. Олимпиада ойындарына Австралия, Австрия, Багам аралдары, Белорусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Гонконг, Грузия, Дания, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Кайман аралдары, Канада, Қытай, Солтүстік Корея, Латвия, Ливан, Литва, Лихтенштейн, Молдова, Монако, Моңғолия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Сенегал, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, ОңтүстікКорея, Ямайка, Жапония елдері қатысады.
Ақпанның 12-сі мен 16-сы аралығында Қарағандыда футзалдан 2009/2010 жылғы Қазақстанның ашық чемпионатының бесінші туры өтеді. Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, бұл біріншілікте Алматының «Қайрат» Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра», сондай-ақ Бішкектің «Әділет» және «АУБ» командалары өзара сынға түсетін болады.
Ақпанның 13-де қазақ боксшысы Қанат Кертенбаев Паназиялық боксшылар қауымдастығының (PABA) нұсқасы бойынша чемпион атағын қорғайды. Жерлесіміздің қарсыласы - грузиндік боксшы Бекой Саджая.
АСТАНА
Ақпанның 12-сінде «Бәйтерек» медиа-орталығында онкологиялық сырқатқа шалдыққан балалардың халықаралық күніне арналған баспасөз мәслихаты болады.
Ақпанның 12-сінде «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің 13-ші отырысы болады.
Ақпанның 12-сінде «Арена-Астана» стадионында Бразилияда оқуға аттанатын жас футболшылардың нақты тізімі жария етіледі.
Ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында Астанадағы Конгресс-холл сарайында «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» атты VII-ші қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Көрмеде Қазақстанның жоғары оқу орындары, шет елдерде білім алу туралы ақпараттар, сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдар, ағарту ісіне қажетті құрал-жабдықтар ұсынылатын болады. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ақысыз сынақтар жүргізіледі
АЛМАТЫ
Ақпанның 12-сінде Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде профессор, филология ғылымдарының докторы М.Барманқұловқа арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.
Ақпанның 12-сінде Алмалы аудандық әкімдігінде үш буын өкілдерінің: Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, ауған соғысы жауынгерлерінің, аудан жастары мен «тимуршыларының» кездесуі өтеді.
Ақпанның 12-сінде Қазақтың Қыздар педагогикалық институтында білім министрі Ж.Түймебаев үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесу өткізеді.
Ақпанның 12-сінде Тұңғыш Президент қорында «Тәуелсіз Қазақстан: мемлекеттің қалыптасуындағы Президент Н.Назарбаевтың ролі» деген тақырыпта басқосу болады.
АЙМАҚ
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 12-сі апралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиялымен бірлесе отырып, партия филиалының ғимаратында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
АҚПАННЫҢ 12-І, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Орталық бөлімшесіне номиналы 500 теңгелік екі коллекциялық күміс тиындары түсті. Тиынды «proof» сапасында дайындаған, тиражы - 4 мың дана.Тиынның бірінші бетінде баланы бесіке жатқызған әйелдің бейнесі келтірілген, ал екінші бетінде Алматы қаласының орталық мешіті. Коллекциялық тиынның салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61. Құны - 5 мың теңге. Тиындар 925 сапасындағы күмістен дайындалған. Шетінің үсті - кедір-бұдыр. Тиынның бірінші және екінші беттеріндегі жазуы мен суреті - бедерлі.
3 жыл бұрын (2007) Павлодарда айтыс өнерінің дамуына арналған «Өнердің алтын тәжі» атты кітап жарыққа шықты. Басылымның авторы павлодарлық журналшы Мұхамеджан Дәуренбек тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өңірлік айтыстар қалай дайындалып өткізілгені туралы баяндайды. М.Дәуренбек облысты аралап, айтыстарға қатысушыларды іріктей жүріп, көптеген ақындармен танысқан, жыр сайысына бірнеше рет қазылық жасаған.
1 жыл бұрын (2009) Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кресло-коляска шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыт «Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы» және немістің «Майра» фирмасы көмегімен елорда әкімшілігінің қолдауымен жұмыс істеді.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан-британ техникалық университетінде техникалық ғылымдар докторы, профессор Г.Хаиров атындағы дәрісхана ашылды.
Г.Хаиров (1946-2007) - қазақстанның көрнекті ғалымы, «Почетный разведчик недр СССР», «Қазақстан Республикасының кен орындарының бірінші ашушысы» және КСРО геология Министрлігі сыйлығының иегері.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1974) актер, Қазақстанның халық әртісі АТАХАНОВ Нұриддин Мұхаметқалиұлы дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Өскемен қаласында туған.
Соғыстан оралған соң Қарағанды, Қарқаралы, Семей, Павлодар театрларында актер, режиссер қызметтерін атқарған.
Театр сахналарында Абайдың (М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясы), Кебектің, Казанцевтың (М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарыны»), Қодар мен Қарабайдың, Науанның (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуы», «Ақан сері - Ақтотысы»), Тайманның (Ә.Тәжібаевтің «Майрасы»), Сырдақтың (Т.Ахтановтың «Саулесі»), Олжабай (Қ.Мұхаметхановтың «Комиссар Ғаббасовы»), Бекзадтың (Н.Хикметтің «Махаббат жайындағы аңызы») рөлдерін сомдаған. Ол музыкалық қойылымдарға да қатысты.
Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің «Айман - Шолпан» мен «Түнгі сарын», Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» пьесаларын, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларын қойған.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
70 жыл бұрын (1940) сатирик жазушы АХМЕТБЕКҰЛЫ Кәрібай дүниеге келді.
Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Республикалық «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақстан пионері» газеттерінің, Қазақ кеңес энциклопедиясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, кейінгі жылдары қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Қазақфильм» студиясының, «Жалын», «Қазақстан» баспаларының редакторы қызметтерін атқарған.
«Ақдала», «Ақдала» роман-дилогиясының, «Қасірет» романының, «Сый орамал», «Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние», «Седая степь», «Егіз қайық» повесть және әңгімелерінің авторы.
Ян Козактың «Қасиетті Михаил» романын, М.Юхманың «Ақ қайың әні» атты кітабын, «Якут ертегілерін» және В.Астафьевтің «Ұрлық», «Жанаргүл» повестерін қазақ тіліне аударған.
АҚПАННЫҢ 13-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
95 жыл бұрын (1915) Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.
5 жыл бұрын (2005) «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30-томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптің шығармашылық тобына қазақстанның ғалымдары, тарихшылары, жазушылары, журналисттері кірді.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтың (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.
К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнерінің факултетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент К.А.Мухитовтың домбра класын бітірді.
Ең танымал шығармалары «Ыхлас туралы поэмасы», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.
3 жыл бұрын (2007) қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) философия ғылымдарының докторы, профессор КУТАСОВА Ильфа Мазитовна дүниеге келді.
Ресей Федерациясында туған.
Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
КСРО Ғылым Академиясының шығыстану институтында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Мәскеу басқару мектебінің философия кафедрасының профессоры.
Франциядағы экзистенциализм философиясымен және «жаңа философияны» зерттеумен шұғылданады. Батыстың жаңа философиялық ойларымен таныстырады.
АҚПАННЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІ
Компьютершілер күні. 1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін мұраланған. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ономастикалық комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласы тиісінше Атырау қаласы мен Атырау облысы деп қайта аталды. Павлодар облысындағы Ермак ауданы Ақсу ауданы болды.
3 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысында «Қазақ зиялылары» атты қоғамдық бірлестігі құрылды. Жаңа ұйымды құрушы - облыстық қазақ драма театры. Ұйымның төрағасы - танымал ақын Ақүштап Бақтыгереева. Ұйым арнайы жоспармен студент жастарының өкілдеріне арнап әр түрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді.
3 жыл бұрын (2007) Ақмола облысының танымал ақын-айтыскер Арман Бердалиннің шығармаларының DVD дискісі шығарылды. «Арман айтыстары» жинағына автордың әр жылдары айтылған шығармалары кірді.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған үлкен гастрольдік сапары аясында Қостанайда жеке концертін берді. Нұржамал Үсенбаева тамаша опера әншісі ретінде әлемге кең танылған. Ерекше сопрано дауысты Н.Үсенбаеваны атақты театрлардың сахналары қашан да құшақ жая қарсы алады. Оның репертуарында Вердидің, Бизенің және Римский-Корсаковтың операларынан ариялар бар.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1945) заң ғылымдары докторы, профессор, Татарстан Республикасыныңеңбек сіңірген заңгері ТАРХАНОВ Ильдар Абдулхакұлы дүниеге келді.
Қазан қаласының тумасы.
Қазан мемлекеттік университетін бітірген.
Қазіргі уақытта сол жоғарғы оқу орнында заң факультетінің деканы және қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры.
И.Тархановтың ғылыми еңбектері қылмыстық құқық саласын қамтиды. Ол 38-ден аса ғылыми еңбектердің авторы.