ҮКІМЕТ
Ақпанның 2-сінде «Қазғарыш» агенттігінде Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
Ақпанның 2-сінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
Ақпанның 3-інде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Еңбек және залықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
Ақпанның 4-інде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Алқа отырысында «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылдағы жұмысының қорытындылары және 2010 жылдағы басым міндеттер туралы» мәселелер қаралады.
Ақпанның 5-інде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Ақпанның 2-сінде Парламент Сенатында халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Ақпанның 2-сінде Парламент Мәжілісінде Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы болады.
Ақпанның 2-сінде Парламент Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов Финляндия елшісімен кездеседі.
Ақпанның 2-сінде Парламент Мәжілісінде «Электрондық ақша туралы» заң жобасы таныстырылады.
Ақпанның 2-сінде Мәжіліс спикері О.Мұхамеджанов елімізге іссапармен келген Германияның Сыртқы істер министрімен кездеседі.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Ақпанның 1-2-сінде Венада «Шекарадан өту орындарын лайықты басқару, жерүсті көліктер қауіпсіздігін нығайту және халықаралық авто және темір жол көлік қатынастар қауіпсіздігін арттыру» атты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші отырысы өтеді.
Ақпанның 3-інде Қазақстандағы Германия жылының салтанатты ашылу рәсіміне орай Федералды сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік министрі Корнелия Пипердің Астанаға жұмыс сапары күтілуде. Сапар барысында неміс дипломаты өзара тиімді ықпалдастықтың қазіргі ахуалы және келешегі жайлы пікір алмасу мақсатында еліміздің ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулері жоспарланған.
Ақпанның 4-5-інде Қазақстанға Норвегия корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнус ресми сапармен келмек. Сапар барысында ханзада еліміз басшылығымен бірқатар кездесулері орын алады деп күтілуде.
Ақпанның 2-4-і аралығында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевтың АҚШ-қа ресми сапары өтеді.
Ақпанның 5-інде Нью-Йоркте Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады. Оның барысында Қанат Саудабаев Кеңес мүшелерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезінде Қазақстан жоспарлаған жұмыс бағыттарынан хабардар етеді. Сондай-ақ сол күні отандық сыртқы істер ведомствосының жетекшісінің Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарлған.
АСТАНА
Ақпанның 2-сінде «Самұрық» кинотеатрында Сулы-сазды жерлердің дүниежүзілік күніне арналған фотокөрме ашылады.
Ақпанның 2-сінде Президенттік мәдениет орталығында Жеңістің 65 жылдығына орай Сталинград шайқасына қатысқан ардагерлермен кездесу болады.
Ақпанның 2-сінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде «ҚР әскери қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» жинағының таныстырылымы болады.
Ақпанның 3-інде елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Германияның Федералдық сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік министрі Корнелия Пипердің қатысуымен Германияның Қазақстандағы жылының ашылу салтанаты өтеді.
АЛМАТЫ
Ақпан айының 2-5-і аралығында Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында бильярд спорты бойынша ерлер және әйелдер арасында жаңа ойын маусымындағы бірінші ел чемпионаты өтеді.
Ақпанның 2-сінде Ұлттық кітапханада прозашы Алла Алтынованың «Роза ветров» кітабының таныстырылымы болады.
АЙМАҚ
Ақпанның 4-7-сі аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқу орнының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, экология және география кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Михаил Семенович Паниннің 70 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
2010 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА:
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Омбыда «Кедей сөзі» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің басты мақсаты қазақ жұмыскерлеріне революция заңдарын, қазақ ауылдарындағы Совет үкіметінің қалыптасуын түсіндіру және насихаттау болып табылады. Газетте С.Сәдуақасовтың, Мадиярдың (М.Дулатов) және т.б мақалалары жарияланған. 1921 жылғы наурыздың 14-інде Петропавл қаласына көшірілді де, сонда «Бостандық туы» атымен шыға бастады.
17 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-нің Ғарышты Зерттеу Агентствосы Қазақстан Республикасының Ұлттық Әуеғарыш Агентствосы болып өзгертілді. Байқоңырда «Космодром Байқоныр» ҰӘҒА басқармасы құрылды.
5 жыл бұрын (2005) «Семей-Невада» ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысы ЮНЕСКО-ның «Память мира» («Әлем жады») бүкіләлемдік регистріне енгізілді.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінде Тілдер комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тiл комитетi өз құзыреті шегінде iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндеттерi Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
АҚПАННЫҢ 2-СІ, СЕЙСЕНБІ
Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні. Ақпанның 2-інде Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні атап өтіледі. 1971 жылғы ақпанның 2-інде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылды. 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні жарияланды. Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады
Суыр күні (АҚШ) Христиандық Еуропадан келген АҚШ-та кеңінен танымал дәстүрлердің бірі. Еуропада ақпанның 2-сін Candlemas «Балауыздар күні» деп атаған. Ырымға сенсек, егер сол күні күн ашық болса, қыстың екінші жартысы суық болады деп болжаған.
Ресейдің әскери даңқ күні - Сталинград шайқасы. Кеңес әскерлерінің Сталинград шайқасында (1943) неміс-фашист әскерлерін талқандауы құрметіне белгіленген.
Әзірбайжан жастарының күні. 1996 жылғы ақпанның 2-інде Жастар және спорт министрлігінің бастамасымен, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы Президентінің Жарлығымен бірінші Әзірбайжан Жастарының Форумы өтті.
ОҚИҒАЛАР
97 жыл бұрын (1913) Орынборда араб әрпімен жазылған қазақ тіліндегі апталық ұлтаралық, қоғамдық-саяси, әдеби «Қазақ» газеті басылып шықты. Газетті шығарушылар - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов. Оның басты мақсаты Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясы зиялыларының ұлттық-либералды қызметін насихаттау болды. 1913 жылғы ақпанның 2-інен 1918 жылғы қыркүйектің 26-на дейін аралықта газеттің 264 нөмірі жарық көрді. Қаражат жазылушылардан және жарнама берушілерден алынды.
17 жыл бұрын (1993) Еуропа Одағы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
11 жыл бұрын (1999) «Астана» радиосы өзінің қызметін бастады.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық әуежайдың жаңа ғимаратын ашты. Ғимарат бес деңгейдегі жолаушылар үшін екі негізгі қабаттан және қазақтың киіз үйі тәрізді күмбез ішіндегі үш қабаттан тұрады. Олар алты телескоптық траптармен жабдықталған. Жаңа әуежайдың өткізу мүмкіндігі қауырт шақта тәулігіне 750 жолаушыға дейін болса, жүк терминалы тәулігіне 600 тоннаға дейін өткізе алады.
3 жыл бұрын (2007) Лондон қор биржасында «Қазақстанның банктік секторы» атты бірінші халықаралық конференция өтті. Оны беделді бизнес-басылым Financial Times ұйымдастырды. Конференция жұмысына Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ә.Сәйденов, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Е.Бахмутова, Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Алдамберген, Қазақстан қор биржасының президенті А.Жолдасбеков, сондай-ақ Қазақстан банктері мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1960) қазақстандық сәулетші БАРАГ Теодор Яковлевич дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Украинаның Винниц облысында туған.
Әзірбайжан индустриалды институтының сәулет факультетін бітірген.
Қарағандының бас сәулетшісі, Қазақстанның Тұрмыстық қамсыздандыру министрлігінде, Қазақстан Министрлер Кеңесі жанындағы қала құрылысы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Қарағанды қаласында Т.Бараг жобалары бойынша облыстық кітапхана, қалалық базар, аяқ киім тігін фабрикасы, теміржол вокзалы, тұрғын үйлер ғимараттары салынған.
70 жыл бұрын (1940) ғалым-әдебиеттанушы, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының кандидаты МАҒАУИН Мұхтар Мұқанұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған.
Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасы, «Жалын» журналы бас редакторларының орынбасары, Әдебиет институты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аға ғылыми қызметкері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, доценті, «Жазушы» баспасының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Кешқұрым» атты алғашқы әңгімесі 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған.
«Ақша қар», «Бір атаның балалары», «Қияндағы қыстау», «Көк кептер» повестер мен әңгімелер жинақтарының, «Көк мұнар», «Шақан шері» романдардың, «Аласапыран» роман-дилогияның, «Қобыз сарыны» атты монографияның, «Ғасырлар бедері», «Қазақ тарихының әліппесі» ғылыми-зерттеу еңбектерінің, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» оқулықтарының, хрестоматия және басқа да оқу құралдарының авторы. «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай заман-ай, заман-ай» ақын-жырау шығармалары жинақтарының антологиясын құрастырған. Көптеген шығармалары басқа елдердің тілдеріне аударылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
60 жыл бұрын (1950) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының бірінші орынбасары МИРОШНИКОВ Владимир Яковлевич дүниеге келді.
Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінде туған.
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
«Өзенмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының операторы, шебері, аға технологы, аудандық инженерлік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, қат қысымын ұстап тұру цехының, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы, бас инженер, басқарма бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1993-2001 жылдары - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бөлімі директорының бірінші орынбасары - бас инженері, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бірінші вице-президенті, бас инженері, басқарма төрағасы, бас технолог - бөлім бастығы, техникалық директоры. 2001-2004 жылдары - «Қарақұдықмұнай» бірлескен кәсіпорыны жоба менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде - 2004 жылдан.
АҚПАННЫҢ 3-І, СӘРСЕНБІ
Мандоро - Жапонияда шамдар мерекесі. Бұл күн Касуга храмында (Нара қаласы, Жапонияның ежелгі астанасы) көптеген шамдар жағылады. Бұл мереке көктемнің келуіне арналған.
Сэцубун - Жапонияда Жаңа жыл қарсаңы. Ақпанның 3-і немесе 4-і күні Жапонияда Сэцубун мерекесі тойланады (ескі күнтізбе бойынша Жаңа жыл қарсаңы). Сэцубун - жаңа жылдық ауысымның бастамасы. Мерекенің мақсаты - жын-перілерді қуу және зұлымдыққа жол бермеу. Сэцубун түнінде үйлерде Мамэ-маки («бұршақ шашу») салтанаты өтеді. Балалар кеселерге бұршақ салып, оларды әр бөлменің ішіне шаша жүріп, жын-перілерді қуатын дұғалар оқиды. Мерекенің соңында әрбір адам өзінің жасы нешеде болса, соншалықты бұршақ жейді. Бұл ырым жын-шайтандарды қуады және бүкіл жыл бойына денсаулықты сақтайды дегенді білдіреді.
ОҚИҒАЛАР
86 жыл бұрын (1924) «Тілші» газетінде қайраткер Абдолла Розыбакиевтің «Облыстық партия конференциясына» атты мақаласы жарияланды. Онда журналист Жетісу өңірі экономикасының жақсаруы сол өлкені орталықпен қосатын темір жол құрылысымен, Қытаймен сауда жасауды ұйымдастырумен, мал шаруашылығы мен диқаншылықты дамытумен байланысты екенін атап өтті.
85 жыл бұрын (1925) «Жас қайрат» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда Орынборда, кейін Қызылордада шыққан басылымның таралымы 2000 дананы құраған. «Соңғы жетінің ішінде» айдарында шет елдердегі, Кеңес одағындағы жаңалықтармен таныстырса, «Қазақстан жастары» бөлімінде жергілікті ұйым өмірін, жеке жастардың талап-тілектерін жариялап тұрған. «Тәні саудың - жаны сау» айдарымен дәрігерлік кеңестер, спорт жөніндегі материалдар беріп отырған. Қаржы тапшылығына байланысты басылым 1926 жылы қазанның 30-ында 57-ші саны жарық көргеннен кейін тоқтаған.
18 жыл бұрын (1992) Алматы қаласында АҚШ елшілігі ашылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан-Американ талдау және болжау институты құрылды. Мұндағы басты мақсат - Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты кеңейту. Институт еліміздің қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси жағдайына талдау жасаумен айналысады. Институтты шетелдік ұйымдар қаржыландырады.
3 жыл бұрын (2007) Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Виктор Ющенко Киевтің Тарас Шевченко атындағы Ұлттық опера және балет театрында өткен Украинадағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысты.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда қазақ киносының алғашқы коллекциялық жинағының таныстырылымы өтті. Оны «ТұранӘлем Банкінің» қолдауымен «Kazakh Cinema Distribution» компаниясы шығарған. Бұл жинаққа қазақ киносының әр кезеңде жарық көрген 30 фильмі топтастырылған. Олардың ішінде «Амангелді», «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Менің атым Қожа», «Сұлтан Бейбарыс», «Балкон» «Даладағы қуғын», «Алпамыс мектепке барады», «Игла», «Айналайын», «Кардиограмма», «Заманай», «Мәншүк туралы аңыз» және «Ботакөз» сияқты фильмдер бар.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар облысында «Қозыкеткен» ауылының 100-жылдық мерейтойына арналған кітап шықты.
Петр Шанцев өзінің кітабін «Село родное» деп атады, ол Қозыкеткен ауылын 35 жыл бойы басқарған. Басылым беттерінде өзінің және әріптестерінің басынан өткен оқиғалары орын алған. П.Шанцевтің кітабы ақсақалдардың әңгімелерімен, отбасылық мұрағаттан алынған мәліметтерінен тұрады, танымал жерлестерінің мерекедегі және жұмыс күндердегі суреттері де бар. Ауылдың жүзжылдық тарихы қоныс аударушылардан басталады, олар ақсақалдармен бірге соғыс кезіндегі қиыншылықтарды, 90-жылдардағы дағдарыста шаруашылықты бірге көтерді.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) Қарағанды облысы Саран қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бастығы СУХОРУКОВА Елена Алексеевна дүниеге келді.
Қарағанды облысы Саран қаласында туған.
Қарағанды политехникалық институтын (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.
Қарағанды облысы бойынша статистика басқармасының маманы, Саран қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың маусымнан.
АҚПАННЫҢ 4-І, БЕЙСЕНБІ
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.
Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан.
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының (бұрынғы Цейлон) Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ел 1948 жылы доминион құқында Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды.
Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) Францияның Тур қаласында өткен халықаралық кинофестивальда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Кек» фильмі бірінші орынға иеленсе, Сергей Әзімовтің «Өлі теңіз хроникасы» атты фильмі екінші жүлдеге ие болды.
18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.
17 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітап шықты. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының 10-жылдығына арналған ғылыми-заңды түсінік. Елдегі басты заңға ғылыми-заңды түсінік берген, танымал ғалым-заңгерлер Ғайрат Сапарғалиев, Мақсұт Нәрікбаев, Бауыржан Мұхамеджанов және басқалар.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде археология мен этнологияның ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Зерттеу орталығы тас, қола, темір, ортағасырлар археологиясы мен Қазақ этнологиясы сынды 5 бөлімнен тұрады. Бұнда У.Шалекенов, А.Төлеубаев, М.Елеуов, Ж.Таймағамбетов, Б.Қалшабаева, А.Тоқтабай сынды танымал ғалымдар жұмыс істейді.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1973) тарих ғылымдарының докторы, профессор КИМ Сын Хва дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Приморье өлкесінде туған.
Самарқан университетін, КОКП ОК-і жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері болған.
Негізгі ғылыми еңбектері Кеңестік корей халқының тарихы және Қазақстандағы Октябрь социалистік революциясының тарихына арналған.
«Құрмет Белгісі» орденімен және Корей Халық Демократиялық Республикасының 3 орденімен марапатталған.
70 жыл бұрын (1940) ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигі ҚҰЛҚЫБАЕВ Ғабдолла Әбдіқожаұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
Қарағанды медицина институтында ғылыми-педагогикалық қызметпен шұғылданған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кардиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Еңбек гигиенасы мен кәсіби ауруларды зерттейтін ұлттық ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты теориялық токсикология, өндірістік гигиена және медициналық экология мәселелеріне арналған. Фосформен улану потогенезінің негізгі механизмдерін алғаш анықтады. Құрамында әр түрлі антиаксиданттық витаминдер, амин қышқылдары, май қышқылы және тағамдық талшықтары бар тағамның (тамақтың) улануға қарсы модификация ықпал ететіндігін анықтады. Республикадағы гигиена-экология ғылыми-зерттеулер бағытының тұжырымдамасын жасады.
Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
АҚПАННЫҢ 5-І, ЖҰМА
Мексиканың мемлекеттік мерекесі - Конституция күні. Конституция диктаторлық режім құлағаннан кейін, 1917 жылы қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы сәуірдің 13-інде орнатылған.
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын(1945) Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды.
14 жыл бұрын (1996) Қазақстанның (КАТЕЛКО) телекоммуникация консорциумі құрылды.
9 жыл бұрын (2001) Алматыда «Сөзтаным» журналының алғашқы нөмірі шықты.
1 жыл бұрын (2009) Қарағандыда малдәрігерлік зертхана ашылды. Ол толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді. Заманауи жабдықтарымен жарақтанған жаңа зертхана аса қауіпті мал ауруларын қысқа мерзімде сынамадан өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда сондай-ақ азық-түлік өнімдері де тексеріледі. Бұл қазақстандағы осындай алтыншы зертхана.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) қазақ экономисі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі ЕЛБОСЫНОВ Сүният Құсайынұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған.
Мәскеу түсті металдар және алтын институтын, Орал политехникалық институтының аспирантурасын бітірген.
Оның 80-нен астам ғылыми еңбектері, соның ішінде 15 монографиясы, кітапшалары, оқу құралдары бар. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - түсті металлдар өндірісін интенсификациялаудың теориялары мен әдістемелері мәселесі.
70 жыл бұрын (1940-1997) жазушы ОЙШЫБАЕВ Бақтығұл дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
«Лениншіл жас» газетінде, одан кейін Тайпақ, Жымпиты (қазіргі Сырым) аудандық газеттерінде қызметтер атқарған. Оның алғашқы үш әңгімесі республика жас жазушыларының «Шұғыла» атты жинағына енген.
«Алыстан көрінген от», «Қимас күндер» атты әңгіме, хикаяттар кітаптарының авторы. Сондай-ақ көптеген очерктері жарық көрген.
Медальдармен марапатталған.
АҚПАННЫҢ 6-Ы, СЕНБІ
Халықаралық саамдар күні. Солтүстік Еуропаның байырғы халықтарының мейрамы - төрт елдің саамдары (Ресей, Норвегия, Швеция және Финляндия).
Халықаралық бармен күні (Қасиетті Аманда күні). Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі.
Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископбы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы болып табылады.
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес жеке қазақ әскери бригадасы құрылды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді әрі қарай жетілдіру мақсатында «Йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты жекелеген әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Шәкәрім және Алаш Орда» кітабінің тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл - тарих ғылымдарының докторы, университет ректоры Ерлан Сыдыковтың көпжылғы зерттеулері.
Кітап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің көмегімен шықты. Бұл кітапта алғаш рет Шәкәрім Құдайбердиевтің саяси қызметі көрсетілген. Шәкәрімнің Алаш Орда қозғалысына қатынасы туралы Кеңес Одағы дәуірі кезінде жасырын болатын. Қазақ халқының данышпан ұлы ақталғаннан кейін өмірінің осы қыры зерттелді.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) биология ғылымдарының докторы, профессор,Халықаралық Педагогикалық Білім беру Ғылымдары Академиясының, Халықаралық Акмеологиялық Ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры ПАНИН Михаил Семенович дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған.
Семей педагогикалық институтын бітірген.
Семей педагогикалық институты химия кафедрасының меңгерушісі, биология-химия факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, ректоры, «Семей» мемлекеттік университетінің, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2004 жылдан.
650-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, олардың арасында бес монография, жоғарғы мектеп проблемасы жөнінде 70 ғылыми-әдістемелік жұмысы бар. Сондай-ақ ол «Химиялық экология» пәні бойынша жоғарғы оқу орындары үшін алғашқы оқулық жазған ғалым. 2000 жылы оған Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасын дамытуға қосқан аса зор еңбегі үшін Мемлекеттік ғылыми стипендия берілген.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
Семей қаласының құрметті азаматы.
55 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі ҚАРПЫҚОВ Абай Сәдуақасұлыдүниеге келді.
Талдықорған облысында туған.
Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын, С.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген.
Тұңғыш қысқа метражды көркем фильмі республика жас кинематографистерінің «Бастау - 83» байқау конкурсында үздік шықты.
А.Қарпықов отандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сериалдарының продюссері болып табылады. Сондай-ақ, «Полторы штуки», «Влюбленная рыбка», «Воздушный поцелуй», «Дорога дорогой, дорогая», «Автобус в час пик», «Бахыт. Первая кровь», «Ясновидец Мажикен», «Тот, кто нежнее», «Фара» фильмдерін түсірген.
АҚПАННЫҢ 7-І, ЖЕКСЕНБІ
Гренаданың тәуелсіздік күні. 1974 жылы ақпанның 7-інде Британ достастығының құрамында Гренаданың тәуелсіздігі жарияланды.
Жапониядағы солтүстік аумақтар күні. Жапониядағы атаулы күндер қатарында осы күн ерекше орын алады. Өйткені, бұл ел ресейлік Кунашир, Итуруп, Шикотан аралдарын өзіне қайтару туралы мәселені күн тәртібінен түсірген емес.
ОҚИҒАЛАР
80 жыл бұрын (1930) Қазақстанның оңтүстігінде көтеріліс басталды. Қысқа мерзім ішінде Созақта жергілікті құқық қорғау органы қызметкерлері талқандалып, өкілдері мен белсенділері қаза тауып, 20-ға жуығы қамауға алынды. Көтерілісті ұйымдастырушы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланып, көмекшілері ретінде Әли Асадулла, бұрынғы милиция бөлім бастығы Бейсенбаев, Кужак, Д.Әтінбаев, К.Жолшиев, С.Шалымбетов, А.Дюганов, О.Оразбаев және Т.Аюбековтар тағайындалды. Олар «Кеңес үкіметі құрысын», «Хандық өкімет жасасын» және «Қазақ үкіметі жасасын» деген ұрандар тастады. Осы жағдай жөніндегі ақпараттан кейін үкімет Созақтың айналасын қоршауға алып, «коммунистер жасағынан» тұратын бірнеше қарулы жасақ әкеліп қойды. Көтерілісшілер Шолаққорғанға қарай шегінді, бірақ №6 ауылда Никитенконың жасағы оларды тоқтаты. 15-16 ақпанда көтерілісшілер ауданына Журавлев пен Логачев жасағы келіп жетті. 4 сағаттық ұрыс көтерілісшілердің жеңілуімен аяқталды. Хан Сұлтанбек өлтірілді, 200 жуық адам тұтқынға алынып, 400-ге жуық шаруа қайтыс болды.
10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Еуропаның жетекші газеттерінің журналистеріне сұхбат берді. Онда инвестициялық саясат, елдің қоғамдық-саяси жағдайы мен Астананың болашағы мәселелері жан-жақты қамтылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматы облысында талдықорғандықтар туралы, Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының, тарих пәнінің мұғалімі Андрей Березиннің «Изменчивый мир, или время собирать камни» атты кітабы жарық көрді. Кітап
«Соль земли, немесе Версии без грифа секретности» және «Времен связующая нить» атты екі бөлімнен тұрады. Кітаптың бірінші бөлімінде А.Березиннің аймақ газеттеріне шығатын тарихи-өмірбаяндық очерктері жиналған. Кітаптың екінші бөлімі Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясына арналған. Онда мектеп тарихының, мұғалімдері мен оқушылары туралы деректі очерктер жиналған. Кітап автордың өз қаражатына, тиражы 1000 дана болып шығарылды.
3 жыл бұрын (2007) Өскеменде композитор Бағдат Есдәулетованың «Жүрегім, ән сал» деген атпен шығармашылық кеші өтті. Оқырмандар алдында есеп беріп, осымен 14-ші жыл қатарынан шығармашылық кешін өткізіп отырған композитор кештен түскен қаражатын қайырымдылық мақсаттарға жұмсамақ. Б.Есдәулетова 50-ден астам әннің авторы. Композитор ұлы Абайдың, Серік Ғабдуллин, Ғалым Байбатыров, Анар Құсайынова, Ұлықбек Есдәулетов, Меруерт Сарынова сынды ақындардың өлеңдеріне ән жазған. Сондай-ақ, облыс орталығының 280 жылдығы құрметіне жазылған Өскемен қаласының әнұранының авторы.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915) қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі КЕЛЬМАН Вениамин Моисеевич дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
Украинада туған.
Киев Мемлекеттік университетін бітірген.
Оның негізгі ғылыми еңбектері электронды және иондық оптика мәселелеріне арналған. 29 жаңашыл өнертабысқа авторлық куәлігі бар. 1962-1987 жылдары зертхана меңгерушісі, 1987 жылдан - Қазақстан Ядролық физика институтының бас ғылыми қызметкері. 1992 жылдан АҚШ-та тұрады.
Екінші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және басқа да медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) грек-рим күресінен спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы ГРИМАЙЛО Василий Иванович дүниеге келді.
Қырғызстан Республикасында туған.
КСРО және Қарулы Күштері біріншіліктеріне бірнеше рет қатысқан. КСРО және Халықтар достығы біріншіліктерінің чемпионы болған. 1974 жылы Швецияда өткен Халықаралық турнирде екі дүркін жеңімпаз атанған.
Жаттықтырушысы - В.Псарев.