ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 25-і мен 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 25-і мен 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

Қаңтардың 25-інде Үкімет үйінде кезекті селекторлық кеңес өтеді.

Қаңтардың 25-інде Сыртқы істер министрлігінде апталық брифинг өтеді.

Қаңтардың 25-інде Президенттік мәдениет орталығында Мәдениет және ақпарат министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕҚЫҰ

Қаңтардың 26-да ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Брюссельде өтетін министрлер деңгейіндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы-Еуропалық одақ бірлескен мәжілісінің жұмысына қатысады .

ПАРЛАМЕНТ

Қаңтардың 25-інде Парламент Мәжілісінде «Үкімет сағаты» өтеді.

СПОРТ

Қаңтардың 29-31 күндері Ресейдің Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен "Иван Ярыгинді" еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді. Бұл шараға жарыс қожайындарынан басқа, Қазақстан, Украина, Моңғолия және тағы басқа елдердің балуандары қатыспақ.

АСТАНА

Қаңтар айында Президенттік мәдениет орталығының «Қазақ әлемі» залында, сондай-ақ И. Тасмағамбетовтың жеке коллекциясының көрмесі өтеді.

Қаңтардың 20-27-сі аралығында Астана қаласындағы Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының әкімдері 2009 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беруде.

Қаңтардың 25-26-сында Астанада ҚР Үкіметі өкілдерінің және шетелдік инвесторлардың қатысуымен Исламдық қаржыландыру бойынша форум өтеді.

Қаңтардың 27-сінде Президенттік мәдениет орталығында ҚР Халық суретшісі Гүлфайруз Исмаилованың мерейтойлық көрмесінің ашылу рәсімі болады.

АЛМАТЫ

Қаңтардың 25-інде Қазақстандық баспасөз клубында Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің қазақстандық Қауымдастықтың баспасөз мәслихаты өтеді.

Қаңтардың 25-інде Алматы қаласындағы Тарих мұражайында НКВД-КГБ лагерьлерінің (ГУЛАГ) жабылуының 50 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

ҚАҢТАРДЫҢ 25-І, ДҮЙСЕНБІ

Әскери-теңіз флоты штурманы күні. 1997 жылдың қаңтардың 25-інде Ресей флоты штурман қызметiнiң негiзделген күнiне орай атап өтедi.

Студенттер күні (Татьяна күні). Дәл Татьяна күні, 1755 жылы қаңтардың 12-інде Елизавета Петровна патшайым «Мәскеу университетін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Қаңтардың 25-і ресми түрде университет күні болды. Содан бастап әулие Татиана студенттердің қамқоршысы болып саналады. «Татиана» есімі грек тілінен аударғанда «жасаушы» деген мағынаны білдіреді.

ОҚИҒАЛАР

44 жыл бұрын (1966) Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, халықтық билер «Назерке» ансамблі, жастар ансамблі және тағы да басқа ансамблдер кірді. Филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері К.Қожақов, Ж.Рақымова, С.Таудаева жұмыс атқарады.

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Экономиканың тұрақтануы мен нарықтық қайта құрылу мерзіміне Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

18 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнату туралы хаттамаға қол қойылды

1 жыл бұрын (2008) Бүкіләлемдік кедендік ұйымның бас хатшысы Мишель Дане халықаралық кеден бiрлестiгiнiң қызметiне, Қазақстанмен өзара бірлестігін дамыту және күшейтуіне қосқан үлкен үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Брюсселде, Бүкіләлемдік кеден ұйымының штаб-пәтерінде Халықаралық кеден күнін тойлау шеңберінде өтті. Мерекелік шарада Бүкіләлемдік кедендік ұйымның хатшы қызметкерлері, Брюсселде тіркелген дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың кеден әкімшілігінің өкілдері қатысты. Мишел Данеге Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік сыйлығын Қазақстанның Брюсселдегі Төтенше Өкілетті Елшісі Константин Жигалов тапсырды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1900-1976) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ГЛОЗМАН Осип Сергеевич дүниеге келді.

Литваның Вильнюс қаласында туған.

Саратов университетін бітірген.

1946 жылдан Алматыда Казақ медициналық институтының (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) патофизиология кафедрасын, Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының (Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) патофизиология зертханасын басқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері гематология, жалпы патология, патология-физиология мәселелеріне арналған. Глозман жедел өтетін токсикоздарды емдеу әдістерін тапты. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

75 жыл бұрын (1935-1998) еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО және Ресейдің мұзда сырғанаудан еңбек сіңірген жаттықтырушысы ЖУК Станислав Алексеевич дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Ульяновск қаласында туған.

1958-1960 жылдар аралығында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Олимпиада ойындары мен Әлем, Еуропа біріншіліктерінде С.Жуктың тәрбиеленушілері бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, 138 рет марапатталып, 67 алтын, 36 күміс, 35 қола медальдарға ие болған.

ҚАҢТАРДЫҢ 26-СЫ, СЕЙСЕНБІ

Кеден қызметкерлерінің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мың адам тойлайды. Өйткені, кеден қызметінде осынша қызметкер бар. 1950 жылғы желтоқсанның 15-інде Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияның негізінде Бүкілдүниежүзілік кеден ұйымы (WCO) құрылды. Бүгінде ұйымға 162 мемлекет мүше.

Үндістан Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні (1950).

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1993) Алматы қаласында Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің ассамблеясы өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы конгреске келген Жапон-Ресей сауда қауымдастығының президенті, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстар жапон қауымдастығының тұрақты мүшесі Тэцуо Сатоны қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан-Жапон сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

5 жыл бұрын (2005) Алматыда екі жақты кәсіпкерлік форумда қала әкімшілігі мен Корея кіші және орта кәсіпкерлігі федерациясының арасындағы Өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

5 жыл бұрын (2005) Павлодарлық соғыс және еңбек ардагерлерінің «Павлодарлықтар ерлігі халық жадында» («Подвиг павлодарцев в памяти народной») атты кітабы жарық көрді.

Бұл жинақта ардагерлердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бастан кешкен ауыр азаптарын бейнелеген әңгімелер мен естеліктері суреттелген.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына республиканың еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау үздігі Изатима Жекенованың есімін тағайындау рәсімі салтанатты түрде өтті.

И.Жекенова - қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бас дәрігері болып 30 жыл қызмет атқарды. Үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1890-1950) кеңес радиохимигі, КСРО ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО-да алғашқы радиохимиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері ХЛОПИН Виталий Григорьевич дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Пермь қаласында туған.

Гёттинген және Петербор университеттерін бітірген.

Ресей Ғылым академиясының Радиологиялық зертханаларында жұмыс істеген. Академик В.Вернадскиймен бірге Радий институтын құрып, осы институт директорының орынбасары, директоры болды. 1941-1945 жылдар аралығында КСРО Ғылым академиясы Химиялық ғылымдар бөлімінде академиктің орынбасары-хатшысы, 1942-1950 жылдары «Успехи химии» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.

КСРО-да Радий және гелий өнеркәсібін құрып, сәулеленген ураннан плутонийді бөлу бойынша алғашқы радиохимиялық технологияны жасау жұмыстарынының жетекшісі болған.

1950 жылы КСРО Министрлер Кеңесі В.Хлопин атындағы сыйлық тағайындады.

Екі рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1960) ресей журналисі, тележүргізуші, бірқатар танымал тележобалардың авторы ПАРФЕНОВ Леонид Геннадьевич дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Вологда облысында туған.

Жданов атындағы Санкт-Петербор университетін бітірген.

КСРО Мемлекеттік телерадио Орталық комитеті жастар бағдарламасы редакциясының арнайы тілшісі, «Мир и молодежь», «Пресс-клуб» бағдарламаларында, «Авторское телевидениеде» (ATV), «Телекомпания НТВ» АҚ-ның бас продюсері болған.

ОРТ телеканалында «Старые песни о главном» және «Старые песни о главном-2», «НТВ - Новогоднее телевидение» жаңа жылдық бағдарламалары сценарийлерінің, ATV-дағы «Намедни» бағдарламасының, ресей ақша купюраларының авторы.

1994 жылы «Ең әдемі жүргізуші» болып танылған.

Ресей Федерациясы Журналистер одағы сыйлығының иегері.

ҚАҢТАРДЫҢ 27-СІ, СӘРСЕНБІ

Ресей әскери даңқ күні - Ленинградтың қоршаудан босаған күні. 1944 жылы ленинградтықтар неміс-фашистердің 900 күндік қоршауына асқан ерлікпен төтеп берді. Жыр алыбы Жамбыл өзінің «Ленинградтық өрендерім» өлеңімен қоршаудағылардың рухын көтерді. Дәл осы күні Ленинград қаласы жаудан азат етілді.

Ұлтшылдықтың құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылғы қаңтардың 27-інде Освенцим лагерінің тұтқындарын босатқан күніне орай бірқатар елдерде аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1992) Өскемендегі мыс-қорғасын комбинатында салмағы 10,5 кг Қазақстанның тұңғыш алтын кесегі өндірілді.

15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Бүкілодақтық экономикалық форумға қатысты. Форум барысында болып өткен көптеген кездесулердің арасынан Елбасының Еуропаның бірнеше мемлекеті, Америка, Азия мемлекеттерінің басшыларымен және бірнеше ірі халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесуін атап өтуге болады. Әңгімелер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.

5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдары реттеу және қадағалау агенттiгi «Казначейство» бiрiншi ашық жарналы қаржы салу қорын тiркеді.

Оның басқару серiктестiгі «Сентрас Секьюритис».

Бұл қор бастапқы салымы 100 мың теңге болатын кіші номинальды құнға тең кең ауқымды инвесторларға қолайлы.

ЕСІМДЕР

210 жыл бұрын (1800-1880) Орта жүз руы Арғын тайпасының атақты биі, шешен CАҚҚҰЛАҚ БИ дүниеге келген.

Ақмола облысының Ерейментау ауданында туған.

Шын аты Сәбден, Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған. Жасынан зерделі де зерек өскен ол 12-13 жасынан әкесі Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерін ұштаған, ел билеу ісіне араласқан. Ол 16 жасында сол өңірде шешендік аты шыққан Байдалы бимен сайысқа түсіп, Байдалының «құлағың неткен сақ еді» деген сөзінен кейін «Саққұлақ» атанып кеткен.

Саққұлақ бидің «Саққұлақтың Шоқанға берген батасы», «Ақыл туралы», «Шоқанның Саққұлақ биге қойған сауалдарына берген жауабы», «Төрт нәрседен қашық қыл», «Мұсаның өліміне айтқаны», «Орман-тоғай жер сыны», «Жақсы қатын алсаңыз дүр-шекерді», «Қыз күнінде балаң-балаң», «Шоқанның қарындасына айтқаны», Шоқан қазасына орай «Бұл да бір ғалымның бірі еді-ау», «Шыңғысқа өз аузынан айтқан көңілі», «Батырдың басы орда қалар», «Байдалы биге айтқаны», «Ғылым туралы», «Мұсаға айтқаны», «Мүсетке айтқаны», тағы басқа көптеген шешендік сөздері бар.

Оның шешендік нақыл сөздерінен елдік пен ерлік, ғылым, білім, жақсылық пен жамандық туралы терең философиялық ой-түйіндерді байқауға болады.

Басқа би-шешендердей емес, Саққұлақ би өзі айтқан билік сөздері мен басқа билердің аталы сөздерін, бағалы ойларын үнемі қағазға түсіріп жүрген.

45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы дүниеге келді.

Оңтүстік-Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық атқару комитетінің экономисі, экономика басқармасының бастығы, экономика бөлімі меңгерушісі болып бастады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық ресурстарды бақылау жөніндегі агенттігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-министр кеңсесінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті бастығының орынбасары, әлеуметтік-экономикалық талдау департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік бюджет департаменті бастығының орынбасары, стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің бастығы, өңірлік саясат және бюджетаралық қатынас департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылғы 6 ақпанынан.

ҚАҢТАРДЫҢ 28-І, БЕЙСЕНБІ

Ядролық қаруға жұмыла қарсылық көрсетудің халықаралық күні. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды.

ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1993) ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.

5 жыл бұрын (2005) Алматыда ресейдің танымал жазушысы Николай Анастасьевтің қазақстандық «Өлке» баспасынан шыққан «Небо в чашечке цветка» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

Кітап қазақтың танымал прозашысы Әбдіжәміл Нұрпейсов шығармашылығына арналған. Н.Анастасьев әр түрлі халықтың әдебиетіне арналған 10-нан астам монографияның және 1000-нан астам мақаланың авторы. Соның ішінде «Феномен Набокова», «Творчества Эрнеста Хемингуэя», «Владелец Йокнапатофы», «Обновление традиции» және басқаларын атап өтуге болады.

1 жыл бұрын (2009) Павлодарда журналистика ардагері Юрий Ковхаевтің «Крушение мифов» атты кітабы жарық көрді.

Оның беттерінде автордың өз замандастары өміріндегі экономикалық, әлеуметтік және адамгершілігі мен өнегелілігі жақтарынан сыр шертетін көркемдік прозалары мен танымдық мақалалары орын алған.

Ю.Ковхаев - облыстағы танымал журналист, көптеген повестер мен әңгімелердің авторы.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1935-2007) Қазақстанның ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі АЙТАЛИЕВ Шмидт Мұсаұлы дүниеге келді.

Республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі.

Орал қаласында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясы математика және механика секторының кіші ғылыми қызметкері, Қазақстан ҒА Математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, Қазақстан ҒА Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі, Қазақстан ҒА Батыс бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан ҒА физика-математика бөлімшесінің академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамикалық кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген. Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9-10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмикалық орталығын анықтады. Сондай-ақ терең мұнайгаз оқпарын бұрғылау динамикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді.

«Сейсмонапряженное состояние подземных сооружений в анизотропном массиве», «Оптимальное проектирование подземных сооружений», «Динамика тоннелей и подземных трубопроводов», «Метод граничных интегральных уравнений в задачах динамики упругих многосвязных тел», «Механика прихвата бурильных колони в нефтегазовых скважинах» атты кітаптардың, 260-ден аса ғылыми басылымдардың авторы.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті сыйлығының иегері.

Екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1955) мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі ТҮСІПБЕКОВ Рашид Төлеутайұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984-1999 жылдары - Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасы, Қарағанды облысы сотының төрағасы. 1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың сәуірінен.

2 дәрежелі «Барыс» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 29-Ы, ЖҰМА

Молдовада прокуратура қызметкерлерiнiң күнi.

Украинада өрттен қорғау қызметкерлерiнiң күнi. Жыл сайын қаңтардың 29-ында аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.

3 жыл бұрын (2007) Румынияның Бая Маре қаласында қазақстан-румын бірлескен «Ромалтын» серіктестігінің тұсау кесер рәсімі өтті.

ЕСІМДЕР

150 жыл бұрын (1860-1904) орыс жазушысы ЧЕХОВ Антон Павлович дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Ростов облысы Таганрог қаласында туған.

Мәскеу университетін бітірген.

Әдеби жолын 19 ғасырдың 70-жылдары бастаған.

«Тоска», «Студент», «Человек в футляре», «Дама с собачкой», «Степь», «В овраге», «Дядя Ваня», «Чайка», «Вишневый сад», «Иванов», «Три сестры», «Крыжовник», «Палата №6», «Из сибири» атты әңгіме, повестердің, романдар, драматургиялық шығармалардың, очерктердің авторы.

Әңгіме, таңдамалы шығармалары қазақ тілінде бірнеше том болып басылып шыққан.

80 жыл бұрын (1930-1992) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі ЖАНДОСОВ Санжар Оразұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.

Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-і насихаттау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты. Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті. Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты.

«Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 30-Ы, СЕНБІ

Әзiрбайжанда кеден қызметкерлерiнiң күнi. 1997 жылғы қаңтардың 10-даӘзірбайжан Президентінің Жарлығымен бекітілген. Жыл сайын аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесі ТҮРКІСОЙ-дың XVII отырысына қатысушылармен кездесті. Кездесуде ұйым алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер талқыланды.

10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендерінің су шаруашылық құрылымдарын екі мемлекеттің тең пайдалануы туралы келісімін талқылады.

6 жыл бұрын (2004) Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге орнатылды. Мүсін авторы - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, доцент Азат Баярлин.

3 жыл бұрын (2007) Мәскеудің «Вече» баспасында шығысқазақстандық журналист, тарихшы-зерттеуші, облыстық «7 күн» газетінің бас редакторы Вадим Обуховтың «Схватка шести империй. Битва за Синьцзян» атты кітабы жарық көрді.

Жаңа кітап «ХХ ғасырдың әскери құпиялары» топтамасымен басылып шықты.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1900-1955) кеңес композиторы, Ресей халық әртісі ДУНАЕВСКИЙ Исаак Осипович дүниеге келді.

Украинаның Полтава облысында туған.

Харьков консерваториясын бітірген.

«И нашим, и вашим», «Женихи», «Ножи», «Золотая долина», «Соломенная шляпка», «Дороги к счастью», «Вольный ветер» оперетталардың, «Отдых фавна», «Мурзилка», «Невеста и автомат» балеттерінің, «Летите, голуби», «Вечер вальса», «Школьный вальс», «Молчание», «Не забывай» әндерінің және көптеген спектакльдерге, мультфильмдерге, кинофильмдерге арналған музыкалардың авторы.

Екі мәрте Сталиндік сыйлықтың иегері.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Оның есімімен Мәскеу, Липецк, Новосібір, Алматы қалаларындағы көшелер аталған.

65 жыл бұрын (1945-1990) қазақ ақыны ЖАҚЫПБАЕВ Жұматай Сағадиұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген.

Талдықорған облыстық газетінде, «Жалын» баспасында, «Жалын» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

Қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы суретке толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді. «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббат пен сұлулықты жырлады. Ақын дүние салғаннан кейін жарық көрген «Көктемгі хаттар» өлеңдер жинағы оқырман қауымының ілтипатына бөленді.

ҚАҢТАРДЫҢ 31-І, ЖЕКСЕНБІ

Бүкілдүниежүзілік алапес ауруымен ауыратын адамдарға көмек көрсету күні. 1954 жылдан қаңтардың соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

Үндістан тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Махатма Гандидің қаза тапқан күніне (1869-1948) орай атап өтіледі. Ол Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, «гандизм» деп аталатын ілімнің негізін қалаушы ретінде белгілі. Қаңтардың соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасы Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары барысында Берлин қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсау кесері болды.

Салтанатты шараға Бундестаг депутаттары, ГФР-дағы қазақ ұлт өкілдері, Қазақстанда бұрын өмір сүрген немiстер қатысты.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Ұлттық география атласы және «Қазақстан Республикасы» монографиясының тұсау кесер рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Институты дайындаған Қазақстан Республикасының Ұлттық географиялық атласы үш томнан тұрады. Жинаққа зерттеу институттары мен орталықтардың барлық ғылыми және ғылыми-тәжірибелік жұмыстары енгізілген. Онда еліміздің экологиялық қауiпсiздiк картасы алғаш рет жарияланған.

Атластың бiрiншi томы геологиялық құрылымдарға, бедерлер, минералды және су қорларына, ауа райы, флора мен фаунаға арналған, оған 118 карта енгізілген.

Атластың екінші томына еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және тұрғындары, әлеуметтiк салаға, ауыл шаруашылығы туралы ақпарат жинақталған. Облыстық орталықтар, сыртқы экономикалық байланыс, туристiк назар аударатын жерлер, тарихи және археологиялық ескерткiштер - бұның барлығы 116 картада көрсетілген.

Атластың үшінші томы елдің табиғи-шаруашылық жүйесiне және экологиялық ахуалына арналған, бұл томда 89 карта көрсетілген.

«Қазақстан Республикасы» монографиясы да үш бөлімнен тұрады: біріншісі - «Табиғат жағдайы және қорлардағы» литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера зерттелген. Кітаптің екінші бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағаннан кейін елдің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, ал үшінші том экологиялық қауiпсiздiк сұрақтарына арналған.

3 жыл бұрын (2007) Семейде танымал ақын және прозашы Николай Алексеевтің «Свет Незакатный» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапқа очерктер, қысқа әңгімелер енгізілген. Баспаның 7 тарауы автордың туған өлкесі Семейдің Ертіс жағалауына арналған.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1910-1988) қазақстандық геолог, металлогения саласының маманы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Социалистік Еңбек Ері СМИРНОВ Владимир Иванович дүниеге келді.

Ресейдің Мәскеу қаласында туған.

Мәскеу геологиялық-барлау институтын бітірген.

Негізгі ғылыми еңбектері терең қабаттағы кендерді іздеудің, барлаудың және қорын бағалаудың әдістерін зерттеу мен металлогения мәселелеріне арналған. Ол эндогендік факторлардың руда түзудегі мәнін, Орта Азия, Кавказ аймақтарында рудалы кендер қалыптасуы мен орналасуының аймақтық заңдылықтарын ашты.

Үш рет Ленин орденімен, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1965) экономика ғылымдарының кандидаты, Психология және менеджмент Халықаралық Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасы Тегеран қаласындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі РҮСТЕМОВ Нұрбах Тұрарұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.

Алматы шетел тілдері институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV-шақырылым депутаты. Қазақстан Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан.