ҚазАқпарат-Анонс: қазанның 21-і мен 25-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: қазанның 21-і мен 25-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ЕЛБАСЫ

Қазанның 21-24-і аралығында   Елбасы Н.Назарбаевтың Түркия Республикасына  ресми  сапары    өтеді.

ҮКІМЕТ

Қазанның  21-де   Білім және   ғылым министрлігінде  «Инновациялық даму  және    білім мен ғылым саласындағы  серпінділікті   қамтамасыз  етудің   тетіктері»  деген тақырыпта «дөңгелек  үстел»  отырысы  өтеді.

Қазанның  21-де  Энергетика  және минералдық   ресурстар  министрлігінде   Қазақстанның    алғашқы    жел атласының таныстырылымы  өтеді.

Қазанның  22-де   Астана қаласында экономика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторлары Бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өтеді. Келіссөздерде қазақстан тарапын Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, ал жапон делегациясын Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хироюки Исигэ басқарады.

ПАРЛАМЕНТ

Қазанның 21-де   Парламент Мәжілісінің  жалпы  отырысы  болады. 

  

ТМД

Қазанның  20-21-де  Минскіде ТМД Атқарушы комитетінде Достастықтың  Гидрометеорология  жөнінлдегі мемлекетаралық кеңесінің ХХІ сессиясы  өтуде.

ҚОҒАМ

Қазанның 19-21-і аралығында Венада Қазақстан Республикасының  2010 жылда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуге дайындық шеңберінде келешек төрағалықты орын алуы мүмкін қатерлермен, халықаралық үйлестіру тетіктері, әдістер және процедуралармен, сонымен қатар, тапсырмаларды тиімді орындауды ұйымдастыру талаптарымен таныстыру мақсатында консультациялар жоспарлануда.

Қазанның 22-23-де  Қазақстан Республикасында жыл сайын қазанның 24-де атап өтілетін Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне орай салтанатты іс-шаралар жоспарлануда. Атап айтқанда, қазанның 23-де  СІМ-де мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус және Қазақстанда тіркелген БҰҰ жүйесі ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Ал Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде 2000 жылы БҰҰ Саммитінде қабылданған Мыңжылдық Даму Мақсатына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

АСТАНА

Қазанның 6-23-і аралығында Парижде ЮНЕСКО Бас Конференциясының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі 35-ші сессиясы өтеді. Аталған конференцияға ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссия төрағасы, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов бастаған Қазақстан делегациясы қатысады.

Қазанның  21-де  М.Горький атындағы  Орыс  драмалық театрында  В.Илюхиннің  «Волшебные яблоки» ертегісінің премьерасы   болады.

Қазанның 20-21-де Астанада    Тәуелсіздік сарайында  Қазақстан  кардиологтарының  ІІІ  ұлттық  конгресі  және   Кардиологтардың І Еуразиялық  конгресі  өтеді.

Қазанның   21-де  Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде БҰҰ-ның күніне орай «Қазақстанның дамуының мыңжылдық мақсаттары: мәселелері мен болашағы» атты «дөңгелек үстел» өтеді.

Қазанның   21-де  «Дипломат»  қонақүйінде     Қазақстан  Республикасы мен   Еуропалық Одақтың арасында   адам  құқықтары   жөніндегі      диалог өтеді.

Қазанның   21-де  Астана  қаласы  Ішкі істер  департаментінде     «Департамент бөлімдерінің  жеке  құрамының    арасындағы   сыбайлас жемқорлықпен  күресудің   тиімді  жолы  мен әдістері»  деген тақырыпта семинар өтеді.

Қазанның   21-де    Қаржы полициясы агенттігінде апталық  брифинг   болады.

Қазанның  22-23-де Конгресс-холда   КТК  ойыны  республикалық лигасының жартылай финалдық   кездесуі  өтеді.

Қазанның  22-23-де Л.Гумилев атындағы   Еуразия Ұлттық университетінде  Астана  қаласының және   жалпы  заманауи қазақстандық   қоғамның    өзекті     проблемаларына арналған   ғылыми-тәжірибелік конференция  өтеді.   Бұл шараны Қазақстан  жастарының медиаодағы мен  Астана қаласының ішкі саясат басқармасы  ұйымдастырып  отыр.

Қазанның  22-де   Астана қаласында экономика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторлары Бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өтеді. Келіссөздерде қазақстан тарапын Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, ал жапон делегациясын Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хироюки Исигэ басқарады.

АЛМАТЫ

Қазанның   1-31-і аралығында Алматыда   Қарт  адамдар  және  мүгедектерге қамқорлық  көрсету айлығы өтуде.

Қазанның 21-де Ұлттық  баспасөз  клубында    «Қыз Жібек»    халық эпосының    500   жылдық  мерейтойын     халықаралық   тарихи күнбізгеге  енгізу  туралы ЮНЕСКО  шешіміне   арналған   баспасөз мәслихаты болады.

Қазанның  21-де Бас почтамтта    мемлекеттік  құнды қағаздардың сатылымы  өтеді.

Қазанның 21-де  «ҚазЖол»  қонақүйінде «Апаттарға үн қату  жөніндегі  халықаралық  нормалар  және  олардың Орталық  Азиядағы қолданысы»  деген   тақырыпта  семинар   және  баспасөз мәслихаты   өтеді.

Қазанның  24-де «Көктөбенің»  етегінде    Климатты қорғау күніне арналған   Жастар  маршы  өтеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. МЕРЕКЕЛЕР.

21 ҚАЗАН, СӘРСЕНБІ

Әулие Маргарита Клитероу күні (іскер әйелдердің қолдаушысы).

1566-1586 жылдары өмір сүрген, англикандық шіркеу дәстүрінде тәрбие алған ол йорктік бай қасапшы Джон Клитероуға тұрмысқа шығады, сөйте тұра католиктік дінге ден қояды. Күйеуі қайтыс болған соң бүкіл шаруашылықты өзі жүргізіп, қаладағы белгілі көпестердің біріне айналады. Оны католиктік дін қызметшілеріне жасырын баспана беріп және өзінің үйінде католик дініне сиынуға рұқсат еткені үшін бірнеше мәрте тұтқынға алады.

Соңғы рет ол 1586 жылы тұтқындалып, өз діндестерін атап беруден бас тартқаны үшін өлім жазасына кесіледі. 1586 жылғы 25 наурызда Маргарита Клитероу дарға асылады. 1970 жылы Павел VI папа оны әулиелер қатарына қосып, іле-шала (өзінің іскер белсенділігіне байланысты болса керек) іскер әйелдердің қолдаушысына айналады.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2004) Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерімен кездесті.

  

5 жыл бұрын (2004) Павлодар облысы әкімшілігінде «Қазақпарат» ҰК» АҚ-ы тың және тыңайған жерлерді игерудің 50-жылдығына арнап басып шығарған «Тың жер: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі болды. Басылымның бетінде алғаш рет қазақстандық тың игерушілердің деректі айғақтары, фототүсірімдер мен материалдар орын алған.

5 жыл бұрын (2004) Семей «Роза» ЖШС-гі әлемдегі ең үлкен байпақ жасап шығарды. Оның өлшемі - 106, қонышының биіктігі 178 сантиметр және салмағы 16,5 кг.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1899-1983) кеңес режиссері, КСРО халық артисі РОШАЛЬ Григорий Львович дүниеге келді.

Смоленск губерниясының Новозыбков қаласында туған.

В.Мейерхольдтың Мемлекеттік Жоғары Режиссерлар шеберханасында оқыған.

1918-1919 жылдары - Украин және Қырым халық ағарту комитетінің қызметкері. 1919-1921 жылдары - Әзірбайжан халых ағарту комитетінің нұсқаушысы, Железноводск балалар қалашығының көркемөнер және тәрбие бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1925-1931 жылдары - Мемлекеттік киноның 3-ші фабрикасының режиссері, «Белгоскино» киностудиясының режиссері, «Межрабпомфильм» бүкілукраиндық фотокино басқармасының режиссері. 1931-1947 жылдары - «Мосфильм» киностудиясының режиссері. 1947-1954 жылдары «Ленфильм» киностудиясының режиссері қызметін атқарған.

85 жыл бұрын(1924-1995) молдавия кескіндемешісі, Молдавия КСР-нің халық суретшісі, МКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер академиясының корреспондент мүшесі ГРИГОРАШЕНКО Леонид Павлович дүниеге келді.

Украинаның Котовск қаласында туған.

Кескіндеме және сурет студиясын, Кишинев көркем сурет училищесін бітірген.

Тарихи картиналар салумен, станокпен және кітаптарға кескіндемелер жасаумен айналысқан. 1951-1965 жылдары - МКСР Суретшілер одағының төрағасы.

Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.

Кишинев қаласының құрметті азаматы. 

22 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ

Дағыстанның Мемлекеттік мейрамы - Ақ тырналар мерекесі. Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен, поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде.

Ресей жарнама қызметкерлерінің күні. Барлық жарнамашылар, осы саладағы нарық пен қоғаммен жұмыс (PR) жүйесіндегі қызметкерлер мейрамы.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (1999) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Мәдениет селосында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені ашылды. Салынған кешен Қазақ халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi - мешiт қосады. Кешеннің сәулетшілері Б.Ыбыраев пен С.Ағытаев.

5 жыл бұрын (2004) Сауд Арабиясы астанасы Әр-Рияд қаласында «Нәзір Төреқұлов - КСРО-ның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі өкілетті төрағасы» атты кітабы жарық көрді. Кітап араб тілінде жазылған, оған Н.Төреқұловтың күнделігі мен хаттары енген. Нәзір Төреқұлов - 1928-1932 жылдары КСРО-ның Сауд Арабиясындағы дипломатиялық агент және бас консул, 1932-1936 жылдары сол елдегі Кеңес Одағының Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. Оның хаттары мен күнделіктерін оқи отырып Н.Төреқұловтың өз қызметінің мәнін жақсы меңгерген көрнекті қайраткер екенін түсінуге болады.

5 жыл бұрын (2004) Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да «Под грифом «Совершенно секретно» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті. Авторы - зауыттың бұрынғы бас директоры, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының корреспондент мүшесі Владимир Ефремов. Кітапта КСРО Қарулы Күштеріне зымыран кешендерін шығарып келген және жасырын болып келген бұрынғы ірі одақтық өнеркәсіп зауытының салыну тарихы мен жұмыс істеу барысы баяндалған.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1924) әйгілі қазақ жазушысы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі НҰРПЕЙІСОВ Әбдіжәміл Кәрімұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Мәскеудегі М.Горкий атындағы әдебиет институтын бітірген. 1962-1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. 1992-2000 жылдары Қазақ ПЕН-клубының президенті қызметін атқарған. 2000 жылдан «Таң-Шолпан» журналы редакторлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрген. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілген. «Курляндия» романын кейіннен өңделіп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жарияланған. «Қан мен тер» трилогиясы және «Сең», «Соңғы парыз» романдары дүни ежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» трилогиясы орыс, француз, испан, чех, румын және түрік тілдеріне аударылған. Осы роман бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуарынан тұрақты орын алып, экранға шығарылған. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау» (кейіннен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шыққан. 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрген. А.Чеховтың, М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1974 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достойнство», 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанған.

Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен, РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

23 ҚАЗАН, ЖҰМА

Венгрияның Мемлекеттік мейрамы - Республика күні. Революцияның және азаттық жолындағы күрес басталған (1956), Венгр Республикасы жарияланған күн. Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (1999) Прагада Президент Н. Назарбаев Чехия Президенті В. Гавелмен кездесті. Мемлекет басшылары көкейкесті халықаралық мәселелер мен жемісті де екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты дамыту және кеңейте түсу мәселелерін талқылады.

5 жыл бұрын (2004) Астанадағы «Арсенал» сауда-сауықтыру кешенінде «Меломан» компаниясы «Арсенал» жаңа заман кинотеатрын ашты.

1 жыл бұрын (2008) қазанның 23-нен 26-сына дейін Бакуде «Достастық елдерінің қаржылық нарығы: даму және ықпалдасу» тақырыбындағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Халқаралық банк конференциясы өтті.

Бұл шараға ТМД елдеріүкіметтерінің және министрліктерінің өкілдері, аймақтағы мемлекеттердің ұлттық және де басқа банктерінің басшылары қатысты.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1924) театр суретшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі ПАК Константин Ефремович дүниеге келген.

Хабаровск өлкесінің Благославение селосында туған. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.

Ж.Мольердің «Скупой», В.Шекспирдің «Отеллло», М.Әуезовтің «Қаракөз», Ш.Айтматовтың «Материнское поле», Хан Дисаның «Проделки Ким Сандара», Тхай Ден Чуннің «Южнее 38-й паралели» спектаклдеріндегі костюмдердің,  сахнаны безендірулердің әр түрлі эскиздерін жасаған.

80 жыл бұрын (1929) ғалым, геологиялық-минерологиялық ғылымдарының докторы, профессор, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық гидрогеология қауымдастығының мүшесі МҰХАМЕДЖАНОВ Серік дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жарқайың ауылында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының аспирантурасын бітірген.

Қазақстан Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1965-1972 жылдары - Гидрогеология мен инженерлік геология институтының сектор меңгерушісі, Қазақ политехникалық институты гидрогеологиялық факультетінің деканы. 1984-1990 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Гидрогеология мен гидрофизика институтының директоры. 1990 жылдан - Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры. 1992 жылдан - «Ыстық су» ғылыми-өндірістік қауымдастығының президенті.

Негізгі ғылыми еңбектері платформалық-тауарлық және Орталық Қазақстанның гидрогеологиялық кен аймағында артезиан бассейндері түзілуінің заңдылықтарын зерттеуге арналған. Шідерті өзені бассейнінің жер асты суларының қалыптасу заңдылықтарын зерттеді, оның ғылыми ізденістерінің нәтижесінде осы өзен аңғары арқылы Ертіс-Қарағанды каналы салынды. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жүргізген гидрогеологиялық зерттеулерінің нәтижесінде артезиан суларының орналасу, таралу, қалыптасу заңдылықтарын ресурстар қоры туралы мәліметтер алынды. Жер асты суларын, оның ішінде артезиан суларын пайдаланудың ғылыми-тәжірибелік ұсынысын жасап, өндіріске енгізді.

350-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, 14 ғылым кандидатын даярлаған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

24 ҚАЗАН, СЕНБІ

Замбия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік жариялаған күні (1964). Замбия - Орталық Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Конго Демократиялық Республикасымен, Танзаниямен, шығысында Малавимен, оңтүстік-шығысында Мозамбикпен, оңтүстігінде Зимбабве, Ботсвана, Намибиямен, батысында Анголамен шектеседі. Астанасы - Лусака қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Мемлекеттік құрылымы - республика. Ақша бірлігі - квача.

Қарусыздану апталығы. Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі мен Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының шешімімен қазанның 24-і мен 31-і аралығында жыл сайын атап өтіледі.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні. 1955 жылғы ақпанның 12-інде КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.

1960 жылғы қазанның 24-інде М.Янгель құрастырған Р-16 атты жаңа құрылықаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармаймен жабдықталған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге рұқсатсыз қосылып кеткен. Осының нәтижесінде өрттен және жанармайдан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың ішінде артиллерияның бас маршалы М.Неделин, полигоннан сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташев бар. Бүгінде олардың есімдері Байқоңыр қаласындағы көшелерге берілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. 1945 жылы 51 мемлекет қол қойған және бекіткен БҰҰ Жарғысы күшіне енді. Бүгінде БҰҰ-ға 192 мемлекет кіреді. АҚШ осы ұйым бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. БҰҰ құрлығымыздың көптеген аймақтарындағы бейбітшілікті сақтау және қалпына келтіруге жәрдемдеседі.

Бүкіләлемдік даму мақсатындағы ақпарат күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен даму мәселелеріне және оларды шешудегі халықаралық қарым-қатынастарды күшейту қажеттілігіне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару мақсатымен атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2006) Қарағандыда «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігінде қазақстандық өнер қайраткерлері мен табиғат қорғау белсенділерінің «Киіксіз далалық жер - келінсіз той тәріздес» жобасы аясында «Бөкен туралы сага» мультфильмі және «Қазақстан даласының кереметтері» оқу құралының тұсау кесері болып өтті. Экологтардың мәліметі бойынша қазақ даласында жиырма жыл бұрын бір жарым миллион киік өмір сүрген болатын, ал 2005 жылы бар әлемде олардың саны небары 55 мыңды құраған.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1924-1993) Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі МЫРЗАТАЕВА Мәриям Нұғыманқызы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарақамыс ауылында туған.

Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтын бітірген.

1948-1953 жылдары - Есіл ауданы Еңбек орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1953-1955 жылдары - М.Жұмабаев атындағы ауданы Еңбекшіқазақ мектебінің мұғалімі. 1955-1982 жылдары 2-қазақ мектеп-интернатының мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстанның ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

35 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы НҰРАШЕВ Тимур Бекболатұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан. На занимаемой должности - с 2006 года.

25 ҚАЗАН, ЖЕКСЕНБІ

Қазақстанда Республика күні. Біздің еліміз үшін бұл күн өте ерекше. Бұл күні егеменді еліміздің декларациясы қабылданған.

Әйелдердің бейбітшілік үшін күрес халықаралық күні. Халықаралық әйелдердің демократиялық федерациясы шешімімен қарусыздану апталығы (қазанның 24-31-і) шеңберінде 1980 жылдан бастап атап өткізіледі.

Ресей Федерациясы кеденшілерінің күні. РФ Президентінің 1995 жылғы тамыздың 4-дегі Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

31 жыл бұрын (1978) Тараз қаласының Абай мен Киров көшелері қиылысында көрнекті ғалым Константин Иванович Скрябинге (1878-1972) ескерткіш ашылып, оның 1907-1911 жылдар аралығында тұрған үйіне мемориалдық тақта қойылды. Ғалым бұрынғы Әулие Атада өзінің гельминттер туралы ғылыми ізденістерін бастап, сол тақырыптағы алғашқы еңбектерін жариялаған болатын.

15 жыл бұрын (1994) 25-нен 31-ші қазан аралығында Қазақстанда Үнді әдебиеті күндері болып өтті.

5 жыл бұрын (2004) 25-26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне ресми сапары болды.

ЕСІМДЕР

  

85 жыл бұрын (1924) Қазақ КСР-нің және КСРО-ның баскетболдан еңбек сіңірген жаттықтырушысы ТУНДА Николай Николаевич дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

1945-1956 жылдары еліміздің чемпионаттарына қатысқан. 1950-1974 жылдары Алматы «Динамо», «Университет» қыздар командаларының жаттықтырушысы болған. Қазақстан бойынша КСРО Спорт комитетінің мемлекеттік жаттықтырушысы және Қазақстан Республикасы баскетбол федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы.

60 жыл бұрын (1949) ақын, журналист СОЛОВЬЕВ Александр дүниеге келді.

Ресейдің Иркутск қаласында туған.

ҚазМУ (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. «Дружная ребята» газетінде, «Жалын» баспасында, «Простор» журналында қызметтер атқарған.

«Баспалдақтар», «Туыстардың келбеті», «Тұрақтылық» атты жыр жинақтарының авторы.

50 жыл бұрын (1959) бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ туризм және спорт академиясының құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ҚОНАҚБАЕВ Серік Керімбекұлы дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған.

Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты, Халықаралық Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін бітірген.

Жаттықтырушысы - Ю.Цхай. 1979-1981 жылдары - Еуропа чемпионы. Әлем кубогының иегері, 1980 жылғы Москвадағы Олимпиадалық ойындар финалисі. 1982 жылы - әлем чемпионы, 1979-1980 жылдары және 1984 жылы - КСРО чемпионы. 2 мәрте Я.Полус атындағы «Золотой пояс» жүлдесін жеңіп алған, КСРО-АҚШ құрама командалары арасындағы ойындарда 6 рет жеңімпаз атанған. 1978 жылы Болгарияда, 1979 жылы Югославияда, 1982 жылы Финляндияда өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 1982 жылы Австриялық «Фольксштиме» газетінің жүлдегері. 1990 жылдан - кәсіпқой бокс федерациясының президенті, Қырғызстан, Түркмения, Өзбекстан кәсіпқой бокс клубтарын біріктіру, Орта Азиялық бокс қауымдастығын құру бастамашысы. 1995 жылдың наурызында Пекин қаласында құрамындағы 9 елдің қатарына Қазақстанның кәсіпқой бокс қауымдастығы да кіретін ПАБ - Пан-Азиялық бокс қауымдастығы құрылды. Қонақбаев ПАБ чемпионатын өткізетін комиссия төрағасы болып атқару комитетінің мүшесі құрамына енген. 1995 жылдан Шымкент қаласында Қонақбаев жүлдесіне Халықаралық турнир өтуде.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.