ҚазАқпарат-Анонс: Мамырдың 21-і мен 23-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: Мамырдың 21-і мен 23-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

Мамырдың 21-інде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Петерборда өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Мамырдың 20-23-і күндері аралығында Министр Ақылбек Күрішбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарын жасайды. Министр егіс науқаны жұмыстарымен және облыстардың элеваторларын аралап шығады.

Мамырдың 21-інде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «2010 жылы іске қосылатын индустриялық нысандардың ағымдағы жағдайы» деген тақырыпқа арналған брифинг болады.

ҚОҒАМ

Мамырдың 21-інде Кеден одағы елдері үкімет басшыларының кеңесі өтеді, онда Кеден одағын қалыптастыру және оны шілденің 1-інен толық көлемінде іске қосудың өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін базалық келісімдер қаралады.

Мамырдың 23-і мен 26-сы аралығында Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүл Қазақстанға сапар жасайды. Сапар шеңберінде Абдолла Гүл мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Түрік президенті Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездеседі. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Одан кейін Абдолла Гүл Түркістан қаласына барып, сондағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің оқытушылар мен студенттік құрамымен кездеседі деп күтілуде.

Мамырдың 26-29-ы аралығында Астанада «KADEX-2010» («Kazakhstan Defense Exposition») Қару-жарақ, әскери техника мен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесі өтеді. Оған Қарулы Күштерге қажет отандық және шетелдік әскери және арнайы өнімдер шығаратын шетелдік кәсіпорындар қатысқалы отыр.


ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Бейжіңде мамырдың 20-22-і аралығында 20-шы мерейтойлық Ғаламдық әйелдер саммиті өтуде. Қазақстанның атынан саммитке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған делегация қатысуда.

СПОРТ

Астанада мамырдың 20-23-і күндері таеквондодан (WTF) XIX Азия чемпионаты және таеквондо-пумседен (техникаларды көрсету) І Азия чемпионаты өтуде.

Мамырдың 23-і мен 31-і аралығында елордада ҚР Спорт және туризм министрлігі, Азия Бокс конфедерациясы және Қазақстан Бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпонаты өтеді. Турнирге 20-дан астам елдің былғары қолғап шеберлері шақырылған. Шаршы алаңдағы 11 салмақ санатындағы бәсекелер ASBC ережелеріне сәйкес әрі Азия Бокс конфедерациясының техникалық ресми тұлғаларының қадағалауымен өтеді.

Мамырдың 24-інде сағат 16.00-де чемпионаттың ашылу салтанаты болады, ал сағат 17.00-ден бәсекелер басталады. Мамырдың 27-сінде - ширек финал, 29-ында - жартылай финал, 30-ында - финалдық бәсекелер өтеді.

Мамырдың 23-і күні қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Виталий Демьяненко Мәскеуде РАВА чемпионы атағын қорғау үшін австралиялық Сэмюэл Коломбанмен жекпе-жек өткізеді.

АСТАНА

Мамырдың 21-інде «Думан» қонақүйінде «Аймақтардарды орнықты дамытудың қажетті шарты ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Мамырдың 21-інде Жоғарғы сотта «Мәмілегерлік процедуралар институтын (медиация) енгізудің өзекті мәселелері» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Мамырдың 21-інде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде профессор, заң ғылымдарының докторы А.Х.Хаджиевтің атындағы аудиторияның ашылу рәсімі болады.

Мамырдың 21-інде «Рэдиссон» отелінде «Назарбаев феномені: еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үрдістердің дамуындағы тұлғалық фактор» деген тақырыпқа арналған Еуразиялық сараптамалық форум өтеді.

Мамырдың 21-інде Ұлттық академиялық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясына арналған баспасөз мәслихаты болады.

Мамырдың 21-і күні Ұлттық академиялық кітапханада танымал журналист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Еркін Қыдырдың «Отырар» кітап-альбомының таныстырылымы өтеді.

Мамырдың 22-сінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Күлтегін - 2010» мерекелік онкүндігін қорытындылауға арналған гала-концерт өтеді.

Мамырдың 22-сінде сағат 11.00-де Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Уақыттың әмірі жүрмейтін естелік» атты фотокөрме ашылады. Бұл көрме Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс мұрагерлері» акциясын қорытындылайды.

АЛМАТЫ

Мамырдың 20-25-і аралығында Алматыда «Қазақстандық өнер апталығы» халықаралық көрме-конкурсы өтеді. Аталған шара аясында фотоөнер, кескіндеме, мүсін, қолданбалы өнер, сурет салалары бойынша конкурстар, шеберлік сыныптары мен семинарлар, «дөңгелек үстел» мәжілістері өтеді.

Мамырдың 21-інде «Мирас» халықаралық мектебінде Адам құқықтары жөніндегі Жастар конференциясы болады.

Мамырдың 21-інде Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Оқыту мен тәрбиелеудің сапасы және нәтижелігі» деген тақырыпта халықаралық конференция болады.

Мамырдың 21-інде Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Қазіргі заманғы тарихи ғылымның проблемалары: жаңа бағыттар мен көзқарастар» деген тақырыпта «Бекмаханов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы болады.

Мамырдың 21-інде Ұлттық кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Қоңырқожа Қожықов - қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Мамырдың 21-інде Алматы Ішкі істер департаментінде мектептердегі полиция инспекторларының жазғы каникул кезіндегі жұмыстарына арналған «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Мамырдың 21-інде Орталық саябақта «Айналайын арулар, темекі тартпаңыздар!» атты қалалық акция өтеді.

Мамырдың 21-22-сі күндері «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік құрылыстың тәжірибесі және әлеуметтік-саяси жаңарудың болашағы» деген тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Мамырдың 24-де Алматыдағы Республика сарайының жөндеуге жабылуы қарсаңында маусымдағы соңғы концерт өтеді.

Алматыда мамырдың 23-і күні Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті театр және кино актері, режиссер Төлеубек Аралбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған бенефисі өтеді.

АЙМАҚТАР

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

Батыс Қазақстан облысында сәуірдің 20-сы мен мамырдың 20-сы аралығында құқықтық білім және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған айлық өткізілмек.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Мамырдың 20-сында Өскеменде сәулетшілердің халықаралық конкурсы басталады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

МАМЫРДЫҢ 21-І, ЖҰМА

Дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму мақсатындағы мәдени әралуандылық күні.

2002-нші жылғы желтоқсанның 20-сында «Мәдениет және даму» қарарымен мамырдың 21-ін Дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму мақсатында мәдени әралуандылық күні деп жариялауға қаулы қабылдады.

Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994-інші жылғы сәуірдің 29-ында қосылды. Есте қалар күнің мақсаты-қоғам мәдениетінің әртүрлі құндылығы мен маңыздылығына ақпарат беруі және әртүрлі мерекелік шаралар өткізуіне көмектесу. Бұл күн мәдениет құндылығын терең тануға әлем халықтарының ынтымақтастығының дамуына мүмкіндік береді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007-нші жылғы желтоқсанның 17-сінде 2010-ыншы жылды Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы деп жариялады және осы жылы дінаралық және мәдениетаралық қарым-қатынастарға, бейбітшілік үшін өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа арналған тиісті шаралар ұйымдастыруды, соның ішінде жоғары деңгейдегі немесе азаматтық қоғаммен бірлескен бейресми интерактивті диалогтар өткізуге ұсыныс берді.

Жұмыссыздықтан қорғау күні.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.

ОҚИҒАЛАР

11 жыл бұрын (1999) ақын Мұхтар Шахановқа халықаралық «Руханият» сыйлығы берілді.

11 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу басталды.

5 жыл бұрын (2005) басылым беттерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жарық көрді.

3 жыл бұрын (2007) Павлодар облысындағы Успен ауданының орталығында Кеңес Одағының Батыры Максим Милевскийге ескерткіш орнатылды.

Максим Милевский (1923-2005) Успен ауданының Павловка ауылында дүниеге келген, соғыс басталғанда майданға өз еркімен аттанған. Соғыста Сталинградтан Берлинге дейінгі жорық жолдарынан өтіп, Қырым, Литва және Латвияны азат етуге қатысқан. Қазақстандық жауынгер ұрыстардағы ерлігі үшін Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Кенигсберг түбіндегі шайқаста ержүрек командирге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2004 жылы М.Милевский республика алдында сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.

1 жыл бұрын (2009) «Жеті жарғы» баспасынан екі тілде жазылған «Кеден ісі бойынша сұрақтар мен жауаптар» - «Вопросы и ответы по таможенному делу» атты кітап жарық көрді. Авторы - кеден қызметінің полковнигі Бекен Нұрахметов.

Кітапта оқырмандың үш жүздей сұрақтарына жауаптар берілген. Онда қазақстанның заң шеңберiндегі кеден iсi туралы ғана емес, сонымен бірге бiздің елде бекiтiлген халықаралық конвенциялар, басқа да мәлiметтер жинақталған.

ЕСІМДЕР

40 жыл бұрын (1970) «КазИнвестБанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, Ланкастер Груп Директорлар Кеңесінің мүшесі ДОСАЕВ Ерболат Асқарбекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетика институтын, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

«Іскер» шағын өндіріс мекемесінің менеджері, «Вега» шағын өндіріс директорының орынбасары, «Акцепт» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серітестігі директорының орынбасары, директоры, «Акцепт» корпорациясы» акционерлік қоғамының директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «ТұранӘлемБанкі» жабық акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары, «Алматы сауда-қаржы банкі» жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасы Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан халықтық жинақтаушы банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақойл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополиядарды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы министрі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан.

МАМЫРДЫҢ 22-І, СЕНБІ

Халықаралық биологиялық әралуандық күні.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы 30 желтоқсанда 22 мамырды Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.

Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандықты сақтау және бірқалыпты пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспары жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңдарда қолданылатын терминдерді «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының әскери қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2007) Бөкей хандығының тарихы туралы Қожантай Қасеновтің «Нарын» атты кітабы жарық көрді.

Роман-дилогия екі бөлімнен тұрады, оның біріншісі «Жәңгір хан» аталса, екіншісі -«Нарын». Орыс тілінде жарық көрген кітапта Бөкей хандығындағы тарихи оқиғалар автор көзімен суреттелген. Кітапта Жәңгір ханнан бастап осы өлкенің Құрманғазы, Дәулеткерей, Салық Бабажанов, Ғұбайдолла Жәңгіров, Шәңгерей Бөкеев сынды ірі тұлғалары жөнінде баяндалады.

Қожантай Касенов - танымал ғалым, профессор, медицина ғылымдарының докторы, медицина маманы болғанымен, өзі туып өскен өңірдің өткені туралы барынша зерттеген.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан-Британ техникалық университетінде (КБТУ) әлемдегі тұңғыш рет технологияны өңдейтін, программамен қамтамасыз ететін және консалтингтік қызметтерiнің жетекші халықаралық серіктестігі (IPS) «Invensys Process Systems» инновациялық виртуалды технологияны ұсынды.

«Immersive Virtual Reality Process» жаңа өнiм қайта өңдейтiн өнеркәсiп саласындағы энергетика, химия, мұнай, газ тағы да басқа маман-инженерлер мен стажерлерді дайындауға жасалған. Қолданушылар стереоскопиялық құлаққаптар және дулыға арқылы зауытты басқару процесстерiн үйренедi және нақты бизнес тәжiрибесінде пайда болатын кез келген ахуалдарды шеше алады.

1 жыл бұрын (2009) Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде КазРЕНА қауымдастығының бас директоры Борис Жапаров «Республикалық жоғары оқу орындары аралығында таралған электронды кітапхана» (РЖТЭК) ұсынды. Жоғарғы оқу орындарында электронды кітапхана енгізу оқу материалдарының санын үлкейтеді, білім және ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын жоғарлатады, отандық және шетел кітапханалар, ақпараттық орталықтар мен ұйымдар арасындағы электрондық қорларды айырбастауға мүмкіндік береді. Оның қорларына Science Directтiң арнайы жасалған программалық платформасы мен Scopus-тың электрондық анықтамасы арқылы кіруге болады.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925-1994) жазушы, аудармашы МЕРКУЛОВ Олег Борисович дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ресей Федерациясының Брянск қаласында туған. Санкт-Петербор шет тілдер институтын бітірген.

«Казахстанская правда» газетінің аудармашысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі комитетінің аға редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы орыс редакциясының әдеби кеңесшісі қызметтерін атқарған.

«Ради тебя», «На двух берегах» романдары мен «Комбат Ардатов» повесінің авторы. Р.Райттың «Протяжная песня темнокожего» повесін, Дж. Б.Пристилдің «Герой - чудотворец» романын басқа да көптеген ағылшын жазушыларының әңгімелерін орыс тіліне аударған.

1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 23-І, ЖЕКСЕНБІ

Әзірбайжанның Экология және табиғи қорлар министрлігі қызметкерлерінің күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің Қаулысымен 2007 жылғы 16-шы мамырда жыл сайын атап өтіледі.

Ямайкада еңбек күні. Алғашқы рет 1939 жылы атап өтілген. Бұл күні Ямайка тұрғындары қоғам игілігі үшін тегін еңбек етуді дәстүрге айналдырған.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2000) Минскіде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы мемлекеттері басшыларының саммиті өтті, онда Кеден одағына қатысушы елдердің жетекшілері интеграциялық үдірістерді одан әрі дамытудың өзекті бағыттарын белгіледі. Мемлекет басшылары «1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Шартқа қатысушы мемлекеттердің 2000-2004 жылдардағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы», «Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы ұлттық заңнамаларын үйлестіру барысы» туралы құжаттарды бекітті.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы және Еуразия экономикалық бірлестіктің ықпалдастық комитеті хашылығының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Еуразия экономикалық бірлестіктің хатшылығымен және екі аймақтық комиссиясы аралығындағы ынтымақтастықты күшейтуге және Мыңжылдық даму мақсатына қолдау көрсетуге бағытталған.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда бірінші мамандандырылған құзға өрмелейтін «Skala» орталығының тұсау кесер рәсімі өтті. Кешен қаланың әдемi және экологиялық таза аудандарының бiрі - Үлкен Алматы шатқалында салынған.

Үш қабатты ғимараттың астынғы қабатындағы үлкен боулдринг залында екі түсіп тұратын сталактика және әр түрлі карниздер орналасқан. Осы жерде биіктігі 15 метрлік ғимараттың барлық қабаттарынан өтетін, өрмелеушілерді кешеннің кез-келген қабаттынан бақылауға болатын негізгі қабырға орналасқан.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925-2008) американдық генетик және биохимик, философия ғылымдарының докторы ДЖОШУА Ледерберг дүниеге келді.

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында туған. Колубия, Йель университеттерін бітірген.

Висконсинский университетінің, Медицина мектебінің профессоры, Калифорния және Стенфорд университеттерінің молекулалық медицина зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері генетикалық мәселелерді зерттеуге арналған. Бактерияның генетикалық рекомбинациясының механизмін ашқан.

Физиология және медицина саласындағы микроорганизмдердің генетикасын зерттегені үшін Нобель сыйлығы тағайындалған.