09:35, 21 Мамыр 2009
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 21-і мен 24-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 21-і мен 24-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
АҚОРДАМамырдың 21-інде Ақордада Елбасы Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Премьер-Министрі В.Путинмен кездеседі. ҮКІМЕТМамырдың 21-інде Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының Премьер-Министрі В.Путинмен кездеседі. Мамырдың 21-інде «Рэдиссон» отелінде К.Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан-Беларус бизнес-форумы өтеді. Мамырдың 21-інде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Жаңа инновациялық кәсіпорындарды сыртқы қаржыландырудың әдістері» тақырыбына арналған халықаралық конференциясы өтеді. ПАРЛАМЕНТМамырдың 18-і және мамырдың 22-сі күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген. Онда заң жобаларының дайындығы жөніндегі мәселелер қаралады.Мамырдың 21-і, бейсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырыс залында шетелдік саясаткерлер мен парламентшілердің қатысуымен «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММамырдың 21-інде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапары өтеді. Ресей Үкіметі Төрағасының сапары барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген тармақтарының жүзеге асыру барысы, отын- энергетикалық кешен, оның ішінде атом энергетикасы саласындағы мәселелер, «Байқоңыр кешенінің құқықтық келісімдік базасын жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа да көкейкесті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.Мамырдың 23-25-і күндері Дамаск қаласында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 36-шы жұмыс конференциясы өтеді. Оның жұмысына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қатысады. Мамырдың 22-сі күні Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтеді.Мамырдың 18-і мен 20-сы аралығында Афиныда ЕҚЫҰ «Көші-қонды басқару және ЕҚЫҰ аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясаттағы оның рөлі» атты 17-ші экономикалық-экологиялық форумының 2-ші бөлігі өтуде. Форумның күн тәртібіне заңды және заңсыз көші-қон мәселелері, көші-қонның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясаттағы рөлі мен байланысы, көші -қонды басқару саласындағы серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері және көші-қонның басқа да сипаттары еніп отыр. Конференция жұмысына қазақстандық делегация да қатысуда.ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.АСТАНАМамырдың 21-інде Астанада «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтедіМамырдың 21-інде «Думан» қонақүйінде «Неврологиядағы инновациялық диагностикалау және емдеу технологиялары» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Мамырдың 21-інде Астана әкімінің орынбасары С.Хорошунның қатысуымен елордадағы құрылыстары аяқталмаған үлестік құрылыстардың мәселелеріне арналған көшпелі кеңес болады. Мамырдың 21-інде №27 мектептің стадионында Ұлыбритания Елшісінің қатысуымен Олимпиадалық резерв мектебі тәрбиеленушілерінің арасында ойын болады. Мамырдың 21-інде «Интерконтиненталь» қонақүйінде ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесінің бірлескен отырысы болады.
АЛМАТЫ Мамырдың 20-22-сі аралығында Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында X халықаралық «POWER-KAZINDUSTRY-2009» энергетикалық өндірістік көрмесі өтеді. Көрме ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, KEGOC компаниясы, Алматы әкімдігі мен энергетика саласындағы компаниялардың қолдауымен өтеді.Мамырдың 21-інде Алматыда Дүниежүзілік сауда ұйымының бірқатар келісімдері бойынша, дәлірек айтқанда қорғау, демпингке қарсы және ДСҰ аясындағы субсидиялар мен өтемақы шараларын қолдану мәселелеріне арналған семинар өтедіМамырдың 21-інде Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Қазақстанның тарих ғылымы: өзекті проблемалар, жетістіктер мен кемел келешегі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Мамырдың 21-інде Республика сарайында «Ислам ?иман, өнерім - өмірім» шарасы өтеді. Мамырдың 21-інде Ғ.Мүсірепов атындағы жас көрермендер театрында «Жетісу дауысы» балалар фестивалі өтеді. Мамырдың 24-26 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне араб ақыны, «Поэтикалық шығармашылықты қолдау қоры» директорлар кеңесінің төрағасы, куәйттік кәсіпкер Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин арнайы сапармен келеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРМАМЫРДЫҢ 21-І, БЕЙСЕНБІДүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні.
Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994 жылғы сәуірдің 29-да қосылды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 мыңнан астам сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде екеуі ? Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Аталмыш тізімде әлемнің 120 елінде орналасқан мыңға жуық ескерткіштер бар. Халықаралық жұмыссыздықтан қорғау күні. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.Халықаралық ғарыш күні. 1998 жылы ақпанда американдық ғарышкер Эндрю Томас «Мир» орбиталық стансысы бортында жариялаған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР69 жыл бұрын (1940) қазіргі академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды. 43 жыл бұрын (1966) Қазақ академиялық опера және балет театрында «Ақ қанат» балетінің премьерасы болды. Балет үш актіден және үш көріністен тұрады. Балеттің сценарийін жазған ? Ә.Мәмбетов, композиторы ? Ғ.Жұбанова, балетмейстрі ? Д.Әбдіров, суретшісі ? В.Мамонтов, дирижері ? Т.Османов. Басты партияларды Ф.Жолымбетова мен А.Асылмұратов орындады. Балеттің екінші нұсқасы да 1967 жылы маусымның 27-інде осы театрдың сахнасында қойылды. 1970 жылы «Ақ қанат» балетінің музыкасы үшін композитор Ғазиза Жұбановаға Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.10 жыл бұрын (1999) ақын Мұхтар Шахановқа халықаралық «Руханият» сыйлығы берілді.10 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу басталды.5 жыл бұрын (2004) Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бірінші рет Халықаралық органдық музыкалар фестивалі өтті.3 жыл бұрын (2006) Сара Алпысқызы «Асыл жүрек» халықаралық қайырымдылық сыйлығына ие болды. Беделді халықаралық қайырымдылық сыйлығын тапсыру рәсімі «Россия» бас концерт залында өтті. Бұл шараны атақты итальян актері Софи Лорен ашты. Сондай-ақ Орнелла Мути, Джессика Ланг және Стивен Сигал сияқты белгілі актерлер кештің арнайы қонағы болды.105 жыл бұрын (1904) Халықаралық футбол федерациясы ? ФИФА құрылды. Федерация құру туралы келісімге Франция, Бельгия, Дания, Голландия, Испания, Швеция, Швейцария елдерінің өкілдері қол қойды. 2 күннен кейін ФИФА-ның алғашқы конгресі ашылып, федерацияның тұңғыш президенті болып француздық Робер Герен сайланды.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) Қазақстанның халық ақыны ӘБІЛ Қонысбай дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1977-1980 жылдары ? Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы. 1980-1985 жылдары ? «Лениншіл жас (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары ? «Арқалық арайы» газетінің редакторы. 1991-1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Астана қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Ә.Қонысбай ? белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, 3-ші республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген. Айтыстары «Мәңгілік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен...» ұжымдық жинақтарына енген.
«Астана» медалімен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 22-СІ, ЖҰМАХалықаралық биологиялық әралуандық күні. 2000 жылдың 30-шы желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 22-ші мамырды Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның қабылданған күні, Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады. Бұған дейін бұл атаулы күн желтоқсанның 29-да аталып өтілетін. Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 161 тұқымдасқа және 1120 туысқа жататын 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін ? эндемиктер. Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған аңдардың 40, құстың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 3, балықтың 16 түрі бар.
Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандық балансын пайдалану және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспары мен ұлттық стратегиясы жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.Йемен Республикасының Ұлттық мейрамы ? Ұлт күні. Осыдан 19 жыл бұрын (1990) Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасы ерікті түрде қосылды. Йемен Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен шығысында Сауд Арабстанымен және Оманмен, батысы Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 16-ы провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Сана қаласы. Ресми тілі ? араб тілі. Ақша бірлігі ? йемендік реал. 1991 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент пен Вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады. Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент (801 депутаттан тұрады).
Қазақстан Республикасы мен Йемен Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы желтоқсанның 29-да орнатылды. Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға кірді. 10 жыл бұрын (1999) Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы Атансор көлінің маңынан жаңа темір кені көздері табылды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде апаттар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Мәліметтер базасы туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) этнограф, археолог, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері ШАЛЕКЕНОВ Уахит Хамзаұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы Этнография институтының аспирантурасын бітірген. Өзбек КСР Ғылым академиясы Қарақалпақ бөлімшесінің сектор меңгерушісі, Шымкент мемлекеттік мәдениет институтының кафедра меңгерушісі болған. 1973 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады.
У.Шалекеновтің 200-ден астам ғылыми еңбегі, оқу құралдары мен типтік бағдарламалары жарық көрген. Ол кезінде Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмыстарына қатысып, ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясын басқарды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері түріктердің ортағасырлық қалалық мәдениеті мен жазба ескерткіштері, қазақ халқының этнологиясына арналған. Ол Шу өзені бойындағы ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында археологиялық оқу базасын құрды.
«Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі ЖҰМАБАЕВ Айдар Әбілмәжінұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. А.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Қазақ теледидарының редакторы, Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы қызметтерін атқарған. 1993-1995 жылдары ? «Таң» телекомпаниясының бас редакторы. 1995-1997 жылдары ? «Акбар» халықаралық журналистика орталығының президенті. 1997-2000 жылдары ? «НТК» телекомпаниясының бас директоры. 2000 жылдан ? Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының президенті. 2003 жылдан «Мир» халықаралық телерадио компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры ызметін атқарған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.150 жыл бұрын (1859-1930) атақты Шерлок Холмс образын сомдаған жазушы ДОЙЛ Конан Артур дүниеге келді.
МАМЫРДЫҢ 23-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР73 жыл бұрын (1936) Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Оркестр «Адай», «Серпер», «Көбік шашқан», «Қос алқа», «Қызыл бидай» күйлерін нақышына келтіре орындады.15 жыл бұрын (1994) Ташкентте екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримовтың қатысуымен Қазақстанның Өзбекстандағы күндерінің ашылу салтанаты болды. Осы шара шеңберінде қазақстандықтардың «Ғылым, жаңа технологиялар және айырбас» атты көрмесі көрсетілді.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» Жарлығы шықты. 9 жыл бұрын (2000) Еуропарламент өкілдері «Қазақстан Республикасы ? Еуропа Одағы» бағдарламасы шеңберінде парламенттік әріптестік комитетінің алғашқы мәжілісін өткізді.4 жыл бұрын (2005) ұлтымыздың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалынды. Жоба ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Құс жолы» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен отандық «Қазкоммерцбанкі» және халықаралық «АБМ Глобал Сервис» корпорациясының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асты. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған бұл жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы сандық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен бір мезетте таныса алады.3 жыл бұрын (2006) Орал қаласында «Сардар» кемесі суға түсірілді. Бұл ? Қазақстан шекара қызметінің тапсырысымен құрастырылып жатқан «Барыс» тобындағы алғашқы катер, әрі елде бұрын-соңды мұндай үлкен кеме шығарылмаған. Атырау теңізіндегі ел шекарасын күзететін кеме экипажының құрамында жиырма бір адам бар. «Сардар» - бұрын осы «Зенит» зауытында құрастырылған «Бүркіт» кемелерінен төрт есе қуатты. Жаңа кеменің ұзындығы 41 метрге жетсе, ені ? 7,5 метр. Су сыйымдылығы 210 тонналық «Сардардың» жылдамдығы да жоғары ? 28 узел (1 теңіз узелі 1,862 шақырымға тең), сонымен бірге ол жеті баллдық дауылға төтеп бере алады.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924-2003) қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Герман Археология институтының корреспондент-мүшесі АҚЫШЕВ Кемел дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1950-1955 жылдары ? Қазақ Ғылым академиясының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1955-1990 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1991 жылдан Ә.Марғұлан атындағы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған.
К.Ақышев 1954 жылдан бастап Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларын ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін зерттеген. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениетін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелерін анықтады. Ғалым ? көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.
Оның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 14 монографиясы бар.
«Парасат» орденімен марапатталған. 85 жыл бұрын (1924) кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі ПЛЮХИН Константин Иванович дүниеге келді.
Ресейдің Қорған облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Қылқалам шеберінің «Алғашқы танап», «Селеулі дала сыры», «Көктем дабылы», «Соколов-Сарыбай комбинаты», «Кезекті тапсырма», «Алғашқы балқыма», «Қостанайдың астықты алқабы» атты картиналары, «К.Дөненбаева», тағы басқа портреттер бейнеленген кескіндемелік еңбектері бар.
«Қызыл жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 24-І, ЖЕКСЕНБІСлавян жазуы мен мәдениеті күні.
Еуропалық Саябақтардың күні. Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған. Аталмыш еуропалық ұйым Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақты біріктіреді. Ең алғашқы рет 1999 жылы өткізілген бұл күн енді бүкіл Еуропада жыл сайын мамырдың 24-інде мерекеленеді. Халықаралық қорықтар күні. Халықаралық табиғатты қорғау одағының бастамасымен жыл сайын атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР76 жыл бұрын (1933) «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды. 1964 жылы баспа атауы «Жазушы» болып өзгерді.15 жыл бұрын (1994) Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге қол қойды.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды. 3 жыл бұрын (2006) қазақстандық мұнайдың алғашқы үлесі Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнайдың Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілуі - қазақстан-қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы. Құны 700 миллион доллар, өткізу мүмкіндігі 20 миллион тонналық 962 шақырым құбырдың құрылысы 2004 жылдың қыркүйек айында басталып, 2005 жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын. Онымен қатар, Қытай аумағында 252 шақырымдық Алашаңқай-Душаньцзы құбыры да төселіп біткен еді. 3 жыл бұрын (2006) Алматыда құрылысы жүріп жатқан «Алмалы» метро стансасында немістің танымал «Херренкнехт» фирмасы жасаған жер қазушы механизм кешені іске қосылды. Айына 250-300 метр жер қаза алатын жаңа құрылғы бұрынғы техникаға қарағанда 3 есе өнімді.2 жыл бұрын (2007) Градец Кралове қаласындағы Конгресс-орталықта Қазақстан Республикасының Чехиядағы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті.
Консулдық округ Чех Республикасының Краловоградецк және Пардубицск өлкелерін қамтиды.190 жыл бұрын (1819) «Саванна» атты бумен жүретін алғашқы кеме (Америкада жасалған) 25 күннің ішінде Атлант мұхитын жүзіп өтті.165 жыл бұрын (1844) ақпарат техникасының дамуында жаңа дәуір басталды. Американдық өнертапқыш Сэмюэл Морзе өзі жасап шығарған аппараттың көмегімен Вашингтоннан Балтиморға алғашқы телеграмма жіберді.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НИКИТИН Игорь Федорович дүниеге келді.
Ресейдің Мәскеу қаласында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. 1946-1976 жылдары Қазақстан ғылым академиясы Геология ғылымдары институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геология, стратиграфия және палеонтология салаларын зерттеуге арналған. Ол Қазақстанның бірнеше орта масштабты мемлекеттік геологиялық карталарын жасаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Медалдарьмен марапатталған.85 жыл бұрын (1924-1974) Даңқ орденінің толық иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері ТАСТАНДИЕВ Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1942 жылы тамызда әскер қатарына алынған. Ол 1-ші және 2-ші Балтық бойы, 4-ші Украин майданының құрамында елді неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан. Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін 3-ші дәрежелі, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін 2-ші дәрежелі, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Т.Тастандиевтің майдандағы ерлігі орыс жазушысы К.Симоновтың «Шел солдат» деректі фильмінде біршама ашылып көрсетілген. Жергілікті қаламгер Ә.Айтоқов ол туралы кітап жазған. Соғыстан кейінгі жырлары Т.Тастандиев өз ауылында халық шаруашылығы саласында еңбек етіп, 1953-1974 жылдары Ақтөбе аудандық кеңесінің төрағасы болды.