ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 8-і мен 14-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 8-і мен 14-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

АҚОРДАМаусымның 8-інде Ақордада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен кеңес өтеді.ҮКІМЕТМаусымның 8-інде Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Литва Республикасының Сыртқы істер министрімен кездеседі. Маусымның 8-інде Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінде апталық брифингтер өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Маусымның 1-інен бастап тамыздың 15-іне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылдайды. Ескерту: 2009 жылғы маусымның 1-і мен 30-ы аралығында Алматы қаласында тек өз бетімен ынта білдірген үміткерлердің құжаттары қабылданады. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды. Қазақстан және әлем ЕурАзЭҚ елдеріне Дағдарысқа қарсы қор көмегін құрушы құрылтайшы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары маусымның 9-ында Қор құру туралы келісімге және қорды әкімшілендіру туралы Еуразия даму банкімен келісімге қол қояды.Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті құны жоғары қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту жөніндегі шаралар ауқымында Миланда (Италия) маусымның 10-ы мен 13-і аралығында өтетін «TUTTOFOOD 2009» халықаралық тағам және сусын өнімдері көрмесіне Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.Маусымның 12-сінде Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің ұйытқы болуымен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «Қазақстан мен Қырғызстан: экономикалық дағдарысты еңсерудің өзара тәжірибесі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. СПОРТ Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде маусымның 10-ында Киевте - Украинамен кездеседі. Маусымның 7-16-ы күндері Қытайдың Жухай қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Дамир Буданбеков жаттықтыратын ел құрамасы соңғы оқу- жаттығу жиынын қазір Гуанжу қаласында өткізіп жатыр. Команда бастығы Қайрат Манашовтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға қазақстандық боксшылар толық құрамда қатысады. Онда ел намысын қорғау - Біржан Жақыпов (48 кг), Олжас Сәттібаев (51 кг), Міржан Рақымжанов (54 кг), Мақсат Оспанов (57 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Омар Тәшенев (64 кг), Серік Сәпиев (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (75кг), Данияр Елеусінов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычкоға ( 91 кг) сеніп тапсырылып отыр.АСТАНАМаусымның 8-інде Астана әкімі И.Тасмағамбетов «Эдем» тұрғын үй кешеніне қоныс тепкен Астана қаласының Халықты еңбекпен қамту орталығының жаңа жайымен танысады. Маусымның 10-да «Мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі жұмыстың жай-күйі: проблемалық мәселелер, шешу жолдары» атты республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтеді.АЛМАТЫ Маусымның 8-інде «Халықаралық серіктестіктегі - Бизнес білім беру сапасын көтеру ықпалы» атты халықаралық конференция өтеді. Аталған шара Халықаралық Бизнес Академиясы мен (ХБА) Коммерция Жоғары Мектебі (НЕС, Франция) арасындағы ынтымақтастықтың онжылдығына арналған.Маусымның 8-інде «Астана» қонақүйінде Қазақстан-Тайвань бизнес-форумы өтеді. Маусымның 8-інде Ұлттық баспасөз клубында «Тарихи-мәдени мұралардың өркениеттер диалогындағы рөлі» тақыбырына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Маусымның 9-10-ы күндері «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтедіАЙМАҚШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНМаусымның 10-ынан бастап Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясының бағасы өседі. Маусымның бірінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаментінен бағаны бір киловатт-сағатқа 5,493 теңгеге дейін көтеруге (қосымша құн салығын қосқанда 6 теңге 15 тиын) қорытынды алды. «Шығысэнерготрейд» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бағаны көтеруге электр энергиясын сатып алуға шығындардың ұлғаюы, жабдықтау шығындарының өсуі негіз болды. --------------------------------------------------------------------------------------------------МАУСЫМНЫҢ 8-І, ДҮЙСЕНБІБүкіләлемдік мұхиттар күні. Мереке 1992 жылы Рио де Жанейрода өткен жоғары деңгейдегі Халықаралық саммитте қабылданған. Дегенмен бұл мерекені әлі күнге дейін БҰҰ бекіткен жоқ, бірақ Халықаралық мұхитқа еш қатысы жоқ елдер де атап өтеді. Егер бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымымен ресми түрде қабылданса, адамзат барлық адамдар күшімен табиғатты жақсырақ күйінде сақтап қалуға мүмкіндік алады. Мұхиттың флорасы мен фаунасына қамқорлық көрсету оның көптеген мекендеушілерінің жойылып кетуінің алдын алу болып табылады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) патша үкіметінің «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы» жарлығымен Көкшетау округі құрылды.17 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды.11 жыл бұрын (1998) Астанада «Интерконтиненталь» қонақ үйі алғашқы меймандарды қабылдауға әзір болды.11 жыл бұрын (1998) Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткішінің ашылу рәсімі болды. Ескерткіш авторы мүсінші ? Мұрат Мансұров. 11 жыл бұрын (1998) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен, жаңа астанада «Шеврон», «Тексако» және «Аджип» компаниялары салған әлемдік стандартқа сай жанар-жағар май стансаларының ашылу салтанаты өтті.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын иеленді.8 жыл бұрын (2001) Астанада бірінші қазіргі заманғы өнер галереясының ашылу салтанаты өтті.6 жыл бұрын (2003) Халықаралық «Астана ? 2003» атты тұңғыш қазақ әндерінің конкурсы өтті.185 жыл бұрын (1824) Канаданың Квебек қаласының тұрғыны Ноа Кашинг кір жуатын машинаға патент алды.140 жыл бұрын (1869) Чикаголық Айвз Макгаффни әлемдегі алғашқы шаңсорғышты жасап шығарды. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде ременьмен қозғалатын желдеткішке жалғанған тұтқа орнатылған болатын. Бүгінгі таңда үй шаруашылығына аса қажетті жабдықтың біріне айналған шаңсорғыштың бастапқы құны 25 АҚШ долларын құрады.ЕСІМДЕР40 жыл бұрын (1969) Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры ТӨЛЕҒАЛИЕВА Ажар Ғинаятоллақызы дүниеге келді. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1994-1999 жылдары ? Ақтау қалалық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі. 1999-2001 жылдары ? Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2001-2005 жылдары ? Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. МАУСЫМНЫҢ 9-Ы, СЕЙСЕНБІХалықаралық достар күні. Барлық уақытта барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да «шынайы достықты» өте сирек деп санаған, ал кемелденген кезін өткен уақытқа жатқызады. Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР100 жыл бұрын (1909) патша үкіметі «Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарындағы қоныстандыруға, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік қажеттіліктерге Мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі туралы нұсқау» жасады.16 жыл бұрын (1993) Алматыдағы Достық үйінде Каспий теңізі айдынының Қазақстанға қарасты табанында геологиялық барлау бағдарламасы жөнінде Халықаралық мұнай компаниялары консорциумы құрылды. Оның құрамына Қазақстан, Италия, АҚШ, Норвегия, Нидерланды, Англия мұнай компаниялары кірді.16 жыл бұрын (1993) Алматыда, Кино үйінде «Төле би» деректі фильмінің премьерасы өтті.14 жыл бұрын (1995) Халықаралық «Дидар - Қазақстан» журналының бірінші нөмірі жарық көрді.11 жыл бұрын (1998) Астанада «Отан қорғаушыларға» арналған болашақ ескерткіштің орнына белгітас орнатылды.11 жыл бұрын (1998) Астанада Қырғыстан Республикасының Елшілігі ашылды.7 жыл бұрын (2002) Астанада Венгрияның мәдени күндері өтті.6 жыл бұрын (2003) Астанада Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының отырысы өтті.75 жыл бұрын (1934) Уолт Дисней қиялынан туған Дональд Дак деген үйрек экранға шықты. Дональд ? бұл үйректің дауысын дыбыстаған актердің шын есімі.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры КАЛЕНБАЕВА Меруерт Қабыкенқызы дүниеге келді. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1961-1979 жылдары Қазақ халық аспаптар оркестрі құрамында концертмейстер болды. 1966 жылдан консерваторияның оқытушысы. Ол Қазақстан өнер шеберлері құрамымен Венгрияда, Польшада, Германияда, Францияда, Жапонияда және Португалияда өткен Кеңес Одағының мәдени күндеріне қатысқан. КСРО Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 70 жыл бұрын (1939) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының академигі, Тараз қаласының құрметті азаматы ЖОШЫБАЕВ Сейітхан дүниеге келді. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1970-1984 жылдары ? Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі. 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. Қазіргі уақытта Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқарады. С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. 1 ғылым докторын, 9 ғылым кандидатын дайындап шығарған. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолияның, Венгрияның, Германияның, Үндістанның, АҚШ-тың, Англияның, Канаданың, Польшаның, Чехияның, тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды. Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.65 жыл бұрын (1944) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі КОРОБКОВ Александр Иванович дүниеге келді. Ресейдің Алтай өлкесінде туған. Ташкент көркемсурет училищесін бітірген. Қылқалам шебері республикалық, облыстық және қалалық көптеген көрмелерге қатысқан. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайда А.Коробковтың жеке көрмесі өтті. Оның «Үйлену тойы», «Алтай адамдары», «Үлбі құрылысы», «Менің көршім» сияқты 150-ден астам туындылары бар. 235 жыл бұрын (1774-1856) австриялық шығысты зерттеуші және елші ГАММЕР-ПУРГШТАЛЬ Иозеф дүниеге келді. Ол 1847-1849 жылдары Вена Ғылым академиясының президенті болған. Оның әлемге кең тараған 10 томдық «Осман империясының тарихы» атты еңбегі Алтын орда тарихына, оның ішкі, сыртқы саясатына арналған. Олардың ішінде, әсіресе, «Алтын орданың тарихы» атты кітабында Орта Азия халықтары тарихына қатысты мәліметтер көп. Бұл кітапта Дешті Қыпшақ еліне байланысты сол дәуірдегі Жошы ұлысының ішкі, сыртқы өмірі, басқа елмен қатынасы туралы көптеген деректер бар. МАУСЫМНЫҢ 10-Ы, СӘРСЕНБІПортугалия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Португалия күні (1580). Қазақстан Республикасы мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 19-да орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР275 жыл бұрын (1734) Ресей патшайымы Анна Иоанновна Әбілқайырға грамота жіберіп, Ор өзенінің жоғарғы ағысына қала салуға рұқсат берді. Онда: «Біз өзіміздің қоластымыздағы халықтардың тыныштығын сақтап, екі жаққа да тиімді коммерциялық жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Ор өзенінің Жайыққа құярлығындағы мекенге қала салуды ұйғардық», - делінген.75 жыл бұрын (1934) Алматыда халық өнері өкілдерінің бірінші бүкіл қазақстандық слеті басталды. Маусымның 15-іне дейін созылған слетке Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді ақындар қатысты.40 жыл бұрын (1969) Қазақстандағы Жалаңашкөл, Тасты маңайындағы (бұрынғы Семей облысы) кеңес-қытай шекарасында қарулы қақтығыс болды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.11 жыл бұрын (1998) Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Маусымның 10-ы 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.8 жыл бұрын (2000) Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы ашылды.6 жыл бұрын (2003) Астана ? Бурабай бағытында жаңа «Оқжетпес» электрпоезі қатынай бастады.4 жыл бұрын (2005) Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ ұлттық музыка академиясында орган залының ашылу салтанаты өтті. 4 жыл бұрын (2005) Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар саябағы ашылды. 4 жыл бұрын (2005) Астанада бес жұлдызды «Риксос Президент Отель Астана» қонақ үйі ашылды. Не бары 9 айдың ішінде салынып біткен аталмыш ғимарат Rixos Group халықаралық қонақ үйлер желісі мен Түркияның Sembol İnşaat компаниясының Қазақстанның Елордасындағы алғашқы ірі жобаларының бірі. Қонақ үй астананың жаңа әкімшілік орталығында халықаралық әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан. 4 жыл бұрын (2005) Астанада жаңа ашылған студенттер бағы мен Ислам орталығының алдында екі субұрқақ кешені ашылды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ШАКЕЕВ Нұрғазы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып бастап, осы басылымда ұзақ жылдар бойы бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Бірнеше жыл бойы «Мектеп» баспасының, сатиралық «Ара-Шмель» журналының, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы және осы комитеттің алқа мүшесі, «Қазақ совет энциклопедиясының» жауапты хатшысы, «Кітап жаршысы» газетінің бас редакторы болды. Қаламгердің очерктері 1965 жылы «Менің таныстарым» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. Көркем әдебиет, баспасөз мәселелеріне, тіл мәдениетіне арналған әдеби сын, проблемалық мақалалары «Журналист және өмір», «Тіл мәдениеті және баспасөз» кітаптарында жарияланды. Көркем аударма саласында Н.Гогольдің, И.Тургеневтің, Н.Тихоновтың шығармаларын, армян жазушысы Нар-Достың, венгр жазушысы Т.Деридің, болгар жазушысы С.Продевтің, үнді жазушысы К.Чандрдың әңгіме-повестерін, молдован жазушысы А.Лупанның «Таң сәрі» романын, Н.Лесковтың таңдамалы шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 65 жыл бұрын (1944) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі АРАЛБАЕВ Жоламан Аралбайұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ақжайық ауданының Будрин орта мектебінде мұғалім, Орал қаласында суретші болған. Бірнеше рет көрмелерге қатысқан. «Исатай-Махамбет», «Қонақ күту», «Ауылдағы үйлену тойы», «Таң», «Қалыңдық», тағы басқа да белгілі туындылардың авторы. 60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, экономика ғылымының кандидаты ҚАЛМЫРЗАЕВ Сарыбай Сұлтанұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген. Қазақ КСР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің департамент директоры қызметтерін атқарған. 1997-1998 және 1999-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 1998-1999 жылдары ? Жамбыл облысының әкімі. 2002-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2003-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 2004-2008 жылдары ? Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 11-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР415 жыл бұрын (1594) Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды. Патша үкіметі Көшім ханмен қақтығысып қала берген соң, тағы да өзіне одақтас іздей бастады. Ол одақтас Ресеймен вассалдық қатынасқа түскен қазақ жері ғана бола алатын еді. Бұл кезде Қазақстанға Бұқар хандығы қауіп төндіре бастаған болатын. Сондықтан да бұл одақтастық екі жаққа да тиімді еді.91 жыл бұрын (1918) «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.18 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды.8 жыл бұрын (2001) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордадағы жаңа нысандар: Есіл өзені үстімен өтетін автомобиль көпірінде, «Мастер» құрылыс материалдар орталығында, Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалында болды.7 жыл бұрын (2002) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданын Ғабит Мүсірепов атымен атау туралы Жарлыққа қол қойды.5 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939-2000) кинооператор, кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі БАЙҰЗАҚОВ Алмас Хасенұлы дүниеге келді. Ол «Советтік Қазақстан» киножурналы үшін 100-ден аса сюжет, 20-дан аса фильм түсірді. Олардың көпшілігі бүкілодақтық кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағасын алды. Кинопублицистиканың озық үлгісі болып табылатын өзінің көптеген хроникалық-деректі фильмдеріне елінің тарихы мен еліне елеулі азаматтардың ғұмырын арқау етті. А.Байұзақов «Сәкен Сейфуллин. Өмірі мен өнері», Л.Мирзоян туралы «Партия мен халыққа жау болған жоқ», чекист С.Жақыпов туралы «№ 0239-шы істің парақтары» атты фильмдер түсірді.70 жыл бұрын (1939) медицина ғылымының докторы, професссор ОМАРОВ Тарих дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Ол Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Ғалымның 200-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. 145 жыл бұрын (1864-1949) неміс композиторы әрі дирижері, Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі, опера және симфония дирижерлерінің көрнекті өкілдерінің бірі ШТРАУС Рихард дүниеге келді. Ол Ф.Лист пен Г.Берлиоздың бағдарламалық симфонизмі дәстүрін, Р.Вагнердің оркестрлік тәсілін одан ары дамытты. Оның симфониялық шығармалары бейнелі музыка тілімен әрі өткір бейнелеу тәсілімен ерекшеленеді. Штраус ? 14 операның, 4 симфонияның, 6 бағдарламалық симфониялық поэманың, концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, хор, әндердің авторы. МАУСЫМНЫҢ 12-СІ, ЖҰМАДүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсылық күні. 2002 жылғы маусымның 3-20-ы аралығында өткізілген Халықаралық Еңбек Ұйымы сессиясының Бас конференциясы шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.Ресей Федерациясының Мемлекеттік мейрамы ? Ресей күні (1990). 17 жыл бұрын (1990) РКФСР халық депутаттары съезі Ресей Федерациясының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 21-де орнатылды. Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Жақсыбеков Әділбек. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Бочарников Михаил Николаевич.Филиппин Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1898). Тынық мұхитының батыс бөлігінде Малай архипелагының бөлігі болып табылатын Филиппин аралдарында орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Сибуян (Целебеский), шығысында Филиппин, батысында Оңтүстік Қытай теңізімен шектеседі. Мемлекет 7100-ден астам аралда қоныс тепкен. Олардың ірілері Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро, Лейте, Себу, Бохоль, Масбате аралдары, қалғандарының аумағы шағын. Әкімшілік жағынан 74 провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Манила қаласы. Ресми тілі ? пилипино және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі ? филиппин песосы. Елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы Сенат және Өкілдер палатасынан тұратын екі палаталы парламент ? Конгресс. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 25-де орнатылды. Филиппин Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Эрнесто Вильярика Льямас.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР155 жыл бұрын (1854) Сібір қырғыздарының (қазақтар) аймағы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірді. Қазақстанда 1867-1868 жылдары жүргізілген реформалардан кейін таратылды.145 жыл бұрын (1864) орыс әскерлері Түркістанды алды. Осы ұрыс кезінде полковник Н.Веревкиннің бұйрығымен қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі атқыланып, кешеннің қабырғалары едәуір зақымданды. 123 жыл бұрын (1886) «Түркістан өлкесін басқару туралы» ереже шықты.85 жыл бұрын (1924) РК(б)П Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы қабылдады. Өлке халықтарының тілегін ескере келіп, Түрікмен мен Өзбек КСР-лері құрылды. Түркістанның қазақтары тұратын аудандарын Қырғыз (Қазақ) АКСР-мен біріктіру, РКФСР құрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбек КСР-нің құрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп табылды.75 жыл бұрын (1934) Қазақстан жазушыларының 1-ші съезі басталды.52 жыл бұрын (1957) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Екібастұзкөмір елді-мекенінің аты Екібастұз қаласы болып өзгерді. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.9 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың ескерткіші ашылды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-2001) жазушы, аудармашы, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚОЖАБЕК Байұзақ Рахымұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1947-1949 жылдары ? «Коммунист» журналының қызметкері. 1949-1967 жылдары ? Қазақ КСР Теледидар және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің тілшісі, редакторы, Әдебиет-драматургия редакциясының бас редакторы, Қазақ теледидарының бас редакторы, коментаторы, «Қазақфильм» киностудиясының аға ғылыми редакторы. 1967-1968 жылдары ? Қазақ КСР-інің Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы. 1968-1989 жылдары ? Қазақ кеңес энциклопедиясының редакция меңгерушісі. 1992-2001 жылдары жеке меншік «Ататек» баспасының директоры қызметін атқарған. Қаламгердің «Тарихи таным», «Қазақия», «Мұхаммед Хайдар Дулати», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында М.Кальманның «Бестерц қорғаны» романын, Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазбасын», С.Куриловтың «Тундрада кездесеміз» повесін, У.Теккерейдің «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» романын, Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасын» қазақ тіліне тәржімалаған. 70 жыл бұрын (1939) суретші, Қазақстан Суретшілер және Журналистер одақтарының мүшесі ӨТЕМІСОВ Саламат дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Алматы қаласындағы суретшілер училищесін бітірген. 1963-1968 жылдары Чапаев селосында орыс мектебінде мұғалім болды. 1971-1975 жылдары Шымкент мәдениет институтында, Алматы политехникалық институтының архитектуралық факультетінде қызметтер атқарған. 1980-1986 жылдары Атырау қаласындағы Батыс Қазақстан аймақтық Суретшілер одағын басқарды. Алғашқы жеке көрмесі 1982 жылы Будапешт қаласында ашылды. Оның «Шаңырақ», «ХХ ғасыр», «Дала әуені», «Еділдің бойы ен тоғай», «Махамбет ақын және қолбасшы», «Нарынқұм» атты туындылары жоғары бағаланды. Өтемісовтің жұмыстары шет елдердің көркемсурет көрмелеріне қойылды. 50 жыл бұрын (1959) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ӘБДІКЕРОВ Рысқали Қалиақбарұлы дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, БЛКЖО Орталық комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Алматы саясаттану және басқару институтын, Жезқазған агротехникалық колледжін бітірген. Қазақстан Жастар одағы Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, Ағадыр аудандық атқару комитеті төрағасының, әкімдігі басшысының, әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары ? Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2006-2007 жылдары ? Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары ? Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.45 жыл бұрын (1964) Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі ҚАРАСАЕВ Бағдат Иванұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, «Алакөл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 2001-2002 жылдары ? «TSC-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық директоры, «Тау-Самал Ltd.» компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2002-2004 жылдары ? «Қайыңды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Алматы облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді. Медальмен марапатталған.85 жыл бұрын (1924) Американың мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 41-ші президенті БУШ Джордж (үлкені) дүниеге келді. Ол мұнай бизнесінің мүддесін білдіруші өкіл ретінде өзінің саяси мансабын республикалық партиядан бастады. Буш ішкі саясатта ? нашақорлықпен күресуге, жаңа американдық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта ? халықаралық қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. Буш президент болған кезеңде АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін танып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы алғаш рет екі мемлекет арасында сауда жөніндегі келісімге, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. МАУСЫМНЫҢ 13-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) Орынборда қазақ ғалымдарының 1-ші съезі басталды. Маусымның 18-не дейін дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетика және жанар-жағармай ресурстары министрлігінің негізінде Мұнай және газ өндірісі министрлігі құрылды. 1997 жылы наурыздың 4-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен министрлік таратылып, іс жүргізу және мүлкін басқару өкілеттігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берілді.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен энергетик, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шафик Шөкинге «Халық қаһарманы» атағы берілді.13 жыл бұрын (1996) Ислам даму банкі президенті Ахмед Мұхаммед Әли бастаған делегация ресми сапармен Қазақстанға келді. 11 жыл бұрын (1998) Германияда Қазақстанның мәдени күндері басталды.8 жыл бұрын (2001) Алматыда I республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) кино ісін ұйымдастырушы, кинематография саласының үздігі, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі БОШАЕВ Ізет дүниеге келді. Ол 1959 жылдан бастап, зейнет демалысына шыққанға дейін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының кино ісін ұйымдастырды. Ұлттық кино саласының «Қыз Жібек», «Артымызда Москва», «Атаманның ақыры», «Қан мен тер» сияқты жоғары деңгейдегі фильмдерінің директоры болды.65 жыл бұрын (1944) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі СЕЙІТОВ Нәсіпқали дүниеге келді. Атырау облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Геология ғылымдары институтының аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, жетекші ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған. 1996-2000 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті елтану және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі қызметін атарған. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан бастап істейді. Ғалымның 120-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері БЕКБОСЫНОВ Сабыржан Мәдиұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы құрылыс техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы облысы Іле аудандық прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратураның аға тергеушісі, аудан прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992-1996 жылдары ? Алматы облысы Қаскелең ауданының прокуроры. 1996-1997 жылдары ? Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім бастығы. 1998-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі. 1999-2003 жылдары ? Астана қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Төлем қабілеті жоқ борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады. «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІҚан донорларының дүниежүзілік күні. 2005 жылғы мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылдады.Америка байрағы күні. 1777 жылы Құрлықаралық конгресс Американың барлық тәуелсіз штаттарының ресми туы ретінде жұлдызды-жолақты байрақты бекітті. Америка байрағы күні 19 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аталып өтілгенімен, тек 1949 жылы Президент Трумэн Конгресс актісіне қол қойғаннан кейін ресми мерекелер күнтізбесіне кірді.Күйініш пен сүйініш күні (Литва). 1941 жылдың дәл осы күні Литва халқын Сібірге жер аудару басталды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Алматыда, Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды.12 жыл бұрын (1997) Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.9 жыл бұрын (2000) Түркістанда Қожа Ахмед Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің ірге тасы қаланды.ЕСІМДЕР65 жыл бұрын (1944) «Алматы» ұлттық холдингтік компаниясының президенті, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның құрметті инженері, БҰҰ Бас Кеңесі мәртебесі жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, академияның Алматы бөлімшесінің вице-президенті, Қазақтың сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, қамқоршылар кеңесінің мүшесі ЕРМЕГИЯЕВ Амангелді Дінұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Алматыоблауырқұрылыс» тресінің аға прорабы, бас инженері, басқарушысы, Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары ? «Алматықұрылыс» құрылыс бірлестігінің бастығы. 1990-1993 жылдары ? КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы құрылыс бойынша бас аумақтық басқарманың бастығы ? Қазақ КСР Министрі, «Алматықұрылыс» концернінің президенті. Қазіргі қызметінде 1993 жылдан бастап істейді. «Халықтар достығы» орденімен, «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымшылық және демеушілік қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен, «Академик И.Юзвишин» алтын медалімен, БҰҰ Генералдық консультативтік статусындағы Халықаралық ақпарат академиясының «Дүниежүзінің ақпаратшылары тандаулысы - 2002» Халықаралық конкурсы жүлдесінің алтын медалімен марапатталған.50 жыл бұрын (1959) «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» акционерлік қоғамы бас директорының құрылыс жөніндегі бірінші орынбасары ШАЙДАРОВ Сергей Николаевич дүниеге келді. Башқұртстанда туған. Уфа мұнай институтын бітірген. 1988-1997 жылдары ? КСРО «Норильскгазөнеркәсіп» өндірістік бірлестігі желілік пайдалану қызметінің бастығы, құрылыс ағынының бас инженері. 1997-2003 жылдары ? «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ департаментінің менеджері, бас менеджері, Сапа және техникалық саясат департаментінің директоры. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, директоры қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.