ҮКІМЕТ
Наурыздың 10-ында Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысы өтеді
Наурыздың 10-ында Ішкі істер министрлігінде апталық брифинг өтеді.
Наурыздың 10-ында BNews.kz порталында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландыру саясаты» тақырыбында оnline-конференция өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Наурыздың 10-ында ҚР Парламенті Сенатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» ҚР Заңының таныстырылымы өтеді.
Наурыздың 10-ында ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Наурыздың 10-ында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді
Наурыздың 19-ы күні Мәжілісте «Қазақ тілі - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
Наурыздың 10-ында Алматыда Rixos мейманханасында қазақстандық қаржы форумы өтеді.
Наурыздың 10-ында ҚР Ұлттық банкінде баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Наурыздың 10-ында Ресейдің РИА Новости халықаралық ақпарат агенттігінде «ТМД елдерінің телерадиоұйымдарындағы Мемлекетаралық ақпараттық пулдің бір жылғы жұмысы» деген тақырыпта Мәскеу-Минск-Алматы-Душанбе-Бішкек бейнекөпірі өтеді
СПОРТ
Наурыздың 14-і мен 19-ы аралығында Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина ұлттық құрамаларының қатысуымен бокстан халықаралық турнир өтеді,
АСТАНА
Наурыздың 10-ында «Бәйтерек» медиа-орталығында «Патриотизм бүгінде: Жеңіс мерекесі алдында» атты оқу-әдістемелік құралдың таныстырылымы өтеді.
Наурыздың 10-ы күні Астана қаласының сол жағалауында орналасқан «Көрме» ЕХРО орталығында сағат 17:00-де «Елбесік» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Елбесік» аруы» байқауы өтеді.
Наурыздың 10-мен 28-і аралығында Астана қаласындағы қазіргі заман өнері мұражайында Германияның Қазақстандағы жылы ауқымында Қазақстан-Неміс Университеті Қазақстандағы алғашқы «Су және Энергия: өзің үшін Н2О және Ватт әлемін аш!» жылжымалы көрмесін ұсынады.
АЛМАТЫ
Наурыз айының 8-10-ы аралығында Алматыда математикадан XXII Азиялық-Тынық мұхиттық және IX «Жібек жолы» олимпиадасы өтуде.
Наурыздың 10-ында «Қазақстандағы малдардың ауруларына диагоз қоюға арналған препараттар өндірісі» атты баспасөз туры өтеді.
Наурыздың 10-ында «Алтын қарғалы» курорты қонақүйінде «Үкіметтік емес ұйымдар үшін франчайзинг негіздері» атты семинар-тренинг өтеді.
Наурыздың 10-ында ҚР Ұлттық кітапханасында «Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанның зеттеулерінде» атты «дөңгелек үстел өтеді.
Наурыздың 10-ында Орталық көрме залында суретші Рашид құлбатыровтың жеке көрмесі өтеді.
АЙМАҚ
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 12-сі аралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиялымен бірлесе отырып, партия филиалының ғимаратында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізуде..
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Ақпанның 23-і мен наурыздың 23-і аралығында Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
НАУРЫЗДЫҢ 10-Ы, СӘРСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Иожеф Желенцевті қабылдады. Әңгіме барысында екі жақтың экономика мен сауда барысын дамыту жөніндегі келісімдер сөз болды.
5 жыл бұрын (2005) Петропавлда халықаралық мамандандырылған «Агротехнологии. Зерно и корма - 2005» атты көрме өтті. Қазақстаннан, Ресейден және алыс шет елдерінен келген 30-дан астам фирмалар элеватор технологиясы мен жаңа жабдықтарды, астық қоймаларын, диірменді, астық индустриясының және құрама жем индустриясының, ауыл шаруашылық техникасын және бақтың құрал саймандарын ұсынатын өз жобаларын көрсетті.
Халықаралық көрменің ұйымдастырушылары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі, Қазақстанның фермерлер одағы, Петропавл қаласының «Бастау» Экспо-орталығы және Ресейдің Новосібір қаласының «Алекс» компаниясы.
5 жыл бұрын (2005) Қарағанды қаласындағы Фестивальный көшесіне Қазақ ССР құрметті кеншісі Оразалы Шәкіровтың есімі берілді.
Кеңес одағы кезеңінде Оразалы Шәкіров (1930-2002) он жылдай Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар қаласында Павел Васильевтің үй-мұражайы қуғын-сүргінге ұшыраған ақынға арналған «Страшный суд» атты кітабын бандероль арқылы Ұлы Новгородтан алды. Оның авторы Александр Ионов еуразиялық әдебиетші шығармашылығынына құмартып, өз қаласында Васильев поэзиясын насихаттайтын әуесқойлар клубын құрды.
Павел Васильев (1909-1937) - ақын, жазушы. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған. Алғашқы өлеңдерін 1926-1927 жылдары Владивосток газеттерінде жариялады. 1936 жылы КСРО экрандарында Павел Васильев басты кейіпкердегі - «тыңшы», «диверсант» және «халық жауы» болған «Партиялық билет» атты фильмі шыққан. 1937 жылы шілденің 15-інде «террорлық топқа» қатысы бар деген айып тағылып атылуға бұйырылды.
Павел Васильев өмірімен және шығармашылығымен екі мәдениет пен екі халықты - қазақ пен орысты ұштастыра білді.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының бас ғылыми қызметкері, өнертапқыш, техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері СУХАРНИКОВ Юрий Иванович дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Сібір металлургия институтын бітірген.
Негізгі ғылыми еңбектері түсті және қара металлургия мәселелеріне арналған. Сухарников фосфор мен комплексті легирлеуші қорытпаларды бірге алудың жаңа технологиясын тауып, оны металлургия өнеркәсібіне енгізген. Легирлеуші металлдар мен фосфордың бірге тотықсыздануының кинетикасы мен механизімін, сондай-ақ темір фосфориттерінің термиялық диссоциациясын анықтайтын физика-химиялық заңдылықтарды жинақтап, оларды теориялық тұрғыдан қорытты.
285 ғылыми еңбектің, 2 монографияның, 50 авторлық куәліктің және өнертабыстардың иесі. Оның жетекшілігімен 4 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.
Қазақстан қолданбалы экология, өмір қауіпсіздігі және тұрақты даму академиясының нақты мүшесі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі.
65 жыл бұрын (1945) актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі ТАСТАНБЕКОВ Құман Нұрмағанұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актеры. Оның алғаш ойнаған рөлі - «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Махамбет», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді», «Махаббат жаңғырығы», «Ағама арналған қалыңдық», «Қараша қаздар қайтқанда», «Провинциялық хикая», «Алаң шеті», «Өрнек» фильмдеріне түсті.
Театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов «Ана - Жер-ана» мен «Ақ кемесі»), Әлібек, Нарша, Абыз, (М.Әуезов «Айман - Шолпан», «Қарагөз», «Еңлік - Кебек»), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»), Жан (О.Бөкеев «Құлыным менің»), Айдар (М.Әуезов пен Л.Соболев «Абай»), Маздақ (М.Шаханов «Сенім патшалығы»), Орест (Л.Дюрко «Электра, сүйіктім менің»), Флоридор (Ф.Эрве «Түлкі Бикеш»), Фархад (Назым Хикмет «Фархад - Шырын») секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.
«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері.
НАУРЫЗДЫҢ 11-І, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық бүйрек күні. Бүкіләлемдік Бүйрек Күні ISN (International Society of Nephrology, Халықаралық нефрологиялық қоғам) және IFKF (International Federation of Kidney Foundations, Бүйрек қорлары халықаралық федерациясы) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
Литва тәуелсіздігінің қайта құрылған күні. 1918 жылғы ақпанның 16-да Литваның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1939 жылғы тамыздың 23-де қол қойылған Молотов-Риббентроп келісіміне сәйкес, Литва Германияның құзыретіне өтті. 1939 жылғы қыркүйектің 28-де бұл келісім өзгертіліп Германия Литваны Кеңес Одағына берді. 1990 жылғы наурыздың 11-де Литваның Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын қайта құру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-де орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі ұйымдастырылды. Оның алғашқы құрамына академик Айтмұхамед Абдулин, Ебіней Бөкетов, Борис Суворов және т.б. ғалымдар кірді.
5 жыл бұрын (2005) Прагада Орталық және Қазақстан Республикасының Шығыс Еуропа елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сағынбек Тұрсыновқа «Франца Кафки атындағы үлкен алтын медаль» Халықаралық сыйлықты табыс ету рәсімі салтанатты түрде өтті. Онда Чехияның мемлекеттік қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, чех астанасының қоғам өкілдері және көптеген журналистер қатысты.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Ғайсағали Сейтак ақынның «Шығу тегі және шежіре» атты шығармалар жинағы жарық көрді.
Ғайсағали Сейтақ - танымал ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Батыс Қазақстан облысындағы Қазақпарат агенттігінің тілшісі.
Жинаққа ақынның таңдаулы шығармалары кірді. «Ел мен ер» атты бірінші бөлімінде туған жер мен жерлестеріне, отандық тарихтың танымал тұлғаларына, оның әр кезеңдеріне арналған шығармалары бар. Кітап беттерінде ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері ерекше орын алды. Ал, екінші бөлімі «Көз бен сөз» деп аталады, оның ішіне адамдар арасындағы рухани қарым-қатынас туралы, асыл сезімнің құдыретті күші туралы ойлар кірді. Жинақтың «Аударма» деген бөліміне басқа халықтар жазушылары шығармаларының аудармалары кірді.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Катар Мемлекетінің «Тәуелсіздік» ордені табыс етілді. Бұл шетелдік мемлекеттер басшыларына берілетін ең жоғары награда.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) Парламент Мәжілісінің депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі МИЛЮТИН Александр Александрович дүниеге келді.
Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.
«Казпромтехмонтаж» басқармасының шебері, прорабы, «Зергер» АҚ өндіріс бойынша директор орынбасары, вице-президенті, Семей ет консерві комбинатының вице-президенті қызметтерін атқарған. 1999-2007 жылдары - II және ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет бойынша комитетінің мүшесі.
35 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы ӘБДИ Нұрлан Әбітқанұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, Евразия гуманитарлық институтын бітірген.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қостанай облыстық басқармасының бастығы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың 21 ақпанынан.
НАУРЫЗДЫҢ 12-І, ЖҰМА
Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.
Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Пекинге Қытай Халық Республикасындағы бұрынғы қолбасшысы генерал-полковник Хасен Ибрагим, СУАР ҚХР халықтық өкілдер жиналысының төрағасы Асхат Керімбай, Қытай әскерiнiң халық-азаттық өндiрiстiк-құрылыс корпусының СУАР-ғы пәтерге орналастырылған жетекшiлерi, Іле Қазақ автономды облысы, Алтай өлкесі, Тарбағатай және Синьцзянның басқа аудандары, қазақ көркем өнер зиялыларының өкiлдерi және қазақстандық дипломаттар шақырылды.
5 жыл бұрын (2005) Таразда «Корейцы Жамбылской области: люди конкретных дел» атты жинақ жарық көрді. Жинаққа көп жылдар бойы өлкенiң дамуына өздерінің үлестерін қосқан кәрiс диаспораларының 143 өкiлдерi туралы мәлiметтер енген. Олар - ғалымдар, бiлiм, денсаулық сақтау, өнеркәсiп кәсiпорындарының, ауыл шаруашылық, мәдениет, өнер қызметкерлерi. Жинақтың редакторы - Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигi, педагогикалық ғылымдардың кандидаты, Тараз мемлекеттiк университетiнiң профессоры Анатолий Пак.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кеңсесінде қазақстандық омбудсмені жаңа www.ombudsman.kz веб-сайтының таныстырылымы болып өтті.
Сайт Еуропалық Кеңес қолдауымен құрылған, үш тілде және бес бөлімнен тұрады.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-1993) суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері АНТОНЮК Михаил Яковлевич дүниеге келді.
Украинада туған. Львов мемлекеттік декоративтік-қолданбалы өнер институтын бітірген.
Қазақстан Суретшілер одағының Ақмола облысындағы бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі. Осы бөлімшені 14 жыл бойы басқарған.
М.Антонюктің туындылары қанық бояуымен ерекшеленеді. Яғни, оның суреттерінің мазмұны үйлесімді, ойдың анықтығы басым. Көптеген монументтік ескерткіштердің авторы. Бірнеше Халықаралық көрмелерге қатысқан.
75 жыл бұрын (1935) астроном, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ОМАРОВ Төкен Бегалыұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1958 жылдан Астрофизикалық институты (В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты) аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта аталған институт жұлдызды динамика, космология және есептеу астрофизикасы зертханасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері аспан механикасына, жұлдыздар динамикасына және космологияға арналған.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 13-І, СЕНБІ
Гренаданың Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979). Гренада - Кариб теңізінің оңтүстік-шығысындағы аралды мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын. Басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Елизавета ІІ. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Сәкен Сейфуллин (1894-1938) «Қызыл сұңқарлар» атта пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы көтерілісшілердің батырлық күресін бейнелейтін қазақтың кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма.
10 жыл бұрын (2000) «Қара және түстi металлдардың екiншi қайтара нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы шықты.
7 жыл бұрын (2003) «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы құрылды. Компания 19 машина жасау кәсіпорыны мен салалық институттарды біріктіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ы, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ-ы, «Мұнаймаш» АҚ-ы, «Тыныс» АҚ-ы, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ы, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ-ы, «Металлист» АҚ-ы, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда республика орнитологиялық аумақтарының анықтамалығы жарық көрді.
Кітапқа Қазақстандағы құстарды сақтап қалуға арналған маңызды аумағының 5 пайызды 121 ауқымды жері енген.
1 жыл бұрын (2009) Семейде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған Бақытжан Жұмаділовтің «Полигон» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Автордың ұсынған «Полигон» романы - Адамның талпынысын және оның кеңістіктегі рөлін сезіну. Полигон - бұл бірнеше ұрпақтардың тағдырын өзгерткен Семей ядролық полигоны ғана емес. Автордың ойынша, адамдар арасындағы әлеуметтік және саяси қарым-қатынастар, жаһандық жылыну, экологиялық апаттар, жаңа әлемдік реттік құру, халықтардың қоныс аударуы - бұл да полигон немесе тәжірибелік өріс.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-2006) қазақ композиторы БАЗАРБАЕВ Теміржан дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Қазақстан Композиторлар одағының Ертістегі бөлімшесінің төрағасы, А.Төлеубаева атындағы Семей музыка колледжінің оқытушысы және музыка теориясы бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Композитордың халық арасына кең тараған «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Ауылым» әндерімен қатар «Ботагөз», «Жетісу» симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арналған концерті, ұлттық аспаптар оркестріне арналған «Отан таңы», «Қалың елім, қазағым» поэмалары, камералық-аспаптық, эстрадалық шығармалары, спектакльдерге жазған музыкалық шығармалары бар.
70 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ИБРАГИМОВ Сатыбалды Тілемісұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
«Казхром» Трансұлттық компаниясы президенті қызметін атқарған, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы төралқасының мүшесі, ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдан - Парламент Мәжілісінің депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІ
Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні. Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні «Өзен,Су және Өмірді қорғау» атты ұранмен «Халықаралық өзендер желісі» американдық қоғамдық ұйымының бастауымен дүниежүзінде наурыздың 14-інде аталып өтеді.
20 ғасырда бөгеттер техникалық прогресстің бірден-бір символына айналды, бірақта олардың пайда болу уақыты одан да алыс: ол көне Мысырда және Месопотамида және де адамдар мекен еткен аймақтарда жер мен тастан салынған. 1853 жылы ғана бөгеттердің салу құрылысының конструктивті негіздерін француз инженері Де Сазилли теориялық түрде дәлелдеген. 1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған Бірінші халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның шешімімен наурыздың 14-тін Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіп, жыл сайын атап өтілетін болды.
Халықаралық Пи санының мейрамы (бұл халықаралық мейрам 22 шілдеде де аталып өтіледі). Пи саны - шеңбер ұзындығынның байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. Пи-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар.
ОҚИҒАЛАР
30 жыл бұрын (1980) «Қазақстан пионері» газеті және «Партийная жизнь Казахстана» атты журналы «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталды.
5 жыл бұрын (2005) Ресейдің Түмен қаласында наурыздың 14-сі мен 22-сі аралығында Қазақ өнерінің күндері өтті. Облыстық ұлттар үйінде бір апта ішінде түмендіктер қазақ мәдениетімен және тұрмыс тіршілігімен танысты, қазақстандық кинематографистерінің фильмдерiн көрді және ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Сонымен бiрге, бұл күндері әр түрлi жарыстар, қолданбалы өнердiң көрмесi, тұрмысқа қажет заттармен, фотокөрмелер ұйымдастырылды.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Джон Ордвэй Атырауда американ мәдениетінің орталығын ашты. Бұл американдық түрдегі кiшкентай кiтапхана пайдаланушыларға АҚШ-тың тарихы, географиясы, саясаты, табиғаты, мәдениеті мен білімі туралы видеомәлімет, американдық энциклопедиялар, сөздіктер, деректі және көркем фильмдер, көптеген басқа анықтама материалдарын, кітаптар ұсынады.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда зерттеушi, мәдениеттанушы Серiкбол Қондыбайдың рухына арналған алғашқы рет «Қондыбай оқулары» болып өтті.
Серікбол Қондыбай (1968-2004) - мәдениеттану, тарих, лингвистика және мифология саласында өзінің жаңа тұжырымдамаларын енгізген ғалым. Оның өзіндік көзқарастары «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе», 4 томдық «Арғы қазақ мифологиясы», «Қазақ даласы және герман тәңірлері» және «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» сынды онға жуық кітаптарында орын алған. Сондай-ақ 90-нан астам ғылыми мақаланың авторы.
«Қондыбай оқуларында» Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Мұрат Әуезов, тарихшылар, философтар, мәдениеттанушылар Едіге Тұрсынов, Таласбек Әсемқұлов, Қанат Қабдырахманов, Зира Наурызбаева және басқа да қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеушілер сөз сөйледі.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-1992) журналист, аудармашы ЖАНТИКИН Мифтах Қуанышқалиұлы дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған. Уфа жаяу әскер училищесін, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Ұлы Отан соғысы жылдары 4-оқу бригадасының 138-мергендер полкінің құрамында Украина, Молдова, Польша жерлерін азат етуге қатысқан.
«Жаңа жол» аудандық газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» («Орал өңірі») газетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінде, Алматы облыстық «Үгітші блокноты» журналының редакциясында, Қазақ мемлекеттік баспасында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде, Қазақ радиосында, Қазақ КСР үкіметі қаулылары жинағының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Жауынгерлік даңқ» кітабының авторы. П.Мальковтің «Москва Кремлі комендантының жазбалары», Ф.Селивановтың «Панфиловшыларын» қазақ тіліне аударған.
3-дәрежелі Даңқ, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1935) прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты ЫСҚАҚ Қалихан дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемлекеттік кино жанындағы режиссерлер мен сценаристердің жоғары курсын бітірген.
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгрессі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында бөлім меңгерушісі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының үшінші шығармашылық бірлестігінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесші, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе», «Қоңыр күз еді» повестер жинағы, «Березовая роща», «Кедры высокие» жинақтары, «Тұйық», «Қара орма», «Ақсу - Жер жаннаты» романдары, «Жарық дүние» пьесалар жинағы жарық көрген.
Оның «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней - Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатажж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Революция сарбазы», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Апатай», «Жәке-жәкетай», «Сайқының тұқымдары» атты жиырмаға жуық пьесасы республикалық, облыстық драма театрларының репертуарларына енді.
Бүкілодақтық экранға шыққан «Ұшы-қиырсыз жол», «Саршатамыз», «Охран бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» атты толықметражды фильмдердің сценарийларын жазған.
Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген.
Аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, И.Тургеневтің, А.Куприннің, И.Буниннің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларын қазақшалаған.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы Катон Қарағай ауданының Құрметті азаматы.