АҚОРДА
Наурыздың 12-сінде Елбасы Н.Назарбаев облыс әкімдерімен кездесу өткізеді.
Наурыздың 12-сінде Ақордада Мемлекеттік хатшы -сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың қатысуымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісі болады.
ҮКІМЕТ
Наурыздың 12-сінде Индустрия және сауда министрлігінде вице-министр Н.Раевтың қатысуымен цементке деген қажеттілікті анықтау жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі болады.
СПОРТ
Наурыздың 14-і мен 19-ы аралығында Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина ұлттық құрамаларының қатысуымен бокстан халықаралық турнир өтеді,
АСТАНА
Наурыздың 10-мен 28-і аралығында Астана қаласындағы қазіргі заман өнері мұражайында Германияның Қазақстандағы жылы ауқымында Қазақстан-Неміс Университеті Қазақстандағы алғашқы «Су және Энергия: өзің үшін Н2О және Ватт әлемін аш!» жылжымалы көрмесін ұсынады.
Наурыздың 12-сінде сағат 19.00-де Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденттік мәдениет орталығында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы, тарихшы, саяхатшы-географ Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Кең даланың кемеңгері» атты әдеби-шығармашылық кеш өтеді.
Наурыздың 12-сінде «Сарыарқа» сауда орталығының Кинопаркінде режиссер Картин Пештің қатысуымен «Яблоко, от Эдемских садов до Г.М.П.» деректі фильмінің таныстырылымы болады.
Наурыздың 12-сінде Украинаның Қазақстандағы Елшілігінде «Т. Шевченко және Қазақстан» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Бұл шара Т.Шевченконың 196 жылдығына орайластырылған.
Наурыздың 12-сінде Тәуелсіздік сарайында «ҚР адами капиталды дамыту: ығыттар мен шешімдер» деген тақырыпта халықаралық конференция болады.
Наурыздың 12-сінде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағас Д.Ерғожин азаматтарды қабылдайды.
Астанада наурыздың 13-і күні "Бұрқасын-2010» шаңғы жарысы өтеді. Оны Астана қаласының әкімдігінің туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
АЛМАТЫ
Наурыздың 12-сінде Орталық мемлекеттік мұражайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған «Қазақстан - біздің Отанымыз» атты акция болады.
Наурыздың 12-сінде Еңбекпен қамту басармасында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті коммуналдық қызметтің өзекті проблемаларын талқылау үшін мүгедектер қоғамымен кездесу өткізеді.
Наурыздың 12-сінде КИМЭП оқу орнында кәсіптік және техникалық оқу орындары арасындағы республикалық конкурсқа арналған баспасөз мәслихаты болады.
АЙМАҚ
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 12-сі аралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиялымен бірлесе отырып, партия филиалының ғимаратында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізуде..
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ақпанның 23-і мен наурыздың 23-і аралығында Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
НАУРЫЗДЫҢ 12-СІ, ЖҰМА
Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.
Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Пекинге Қытай Халық Республикасындағы бұрынғы қолбасшысы генерал-полковник Хасен Ибрагим, СУАР ҚХР халықтық өкілдер жиналысының төрағасы Асхат Керімбай, Қытай әскерiнiң халық-азаттық өндiрiстiк-құрылыс корпусының СУАР-ғы пәтерге орналастырылған жетекшiлерi, Іле Қазақ автономды облысы, Алтай өлкесі, Тарбағатай және Синьцзянның басқа аудандары, қазақ көркем өнер зиялыларының өкiлдерi және қазақстандық дипломаттар шақырылды.
5 жыл бұрын (2005) Таразда «Корейцы Жамбылской области: люди конкретных дел» атты жинақ жарық көрді. Жинаққа көп жылдар бойы өлкенiң дамуына өздерінің үлестерін қосқан кәрiс диаспораларының 143 өкiлдерi туралы мәлiметтер енген. Олар - ғалымдар, бiлiм, денсаулық сақтау, өнеркәсiп кәсiпорындарының, ауыл шаруашылық, мәдениет, өнер қызметкерлерi. Жинақтың редакторы - Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигi, педагогикалық ғылымдардың кандидаты, Тараз мемлекеттiк университетiнiң профессоры Анатолий Пак.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кеңсесінде қазақстандық омбудсмені жаңа www.ombudsman.kz веб-сайтының таныстырылымы болып өтті.
Сайт Еуропалық Кеңес қолдауымен құрылған, үш тілде және бес бөлімнен тұрады.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-1993) суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері АНТОНЮК Михаил Яковлевич дүниеге келді.
Украинада туған. Львов мемлекеттік декоративтік-қолданбалы өнер институтын бітірген.
Қазақстан Суретшілер одағының Ақмола облысындағы бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі. Осы бөлімшені 14 жыл бойы басқарған.
М.Антонюктің туындылары қанық бояуымен ерекшеленеді. Яғни, оның суреттерінің мазмұны үйлесімді, ойдың анықтығы басым. Көптеген монументтік ескерткіштердің авторы. Бірнеше Халықаралық көрмелерге қатысқан.
75 жыл бұрын (1935) астроном, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ОМАРОВ Төкен Бегалыұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1958 жылдан Астрофизикалық институты (В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты) аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта аталған институт жұлдызды динамика, космология және есептеу астрофизикасы зертханасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері аспан механикасына, жұлдыздар динамикасына және космологияға арналған.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 13-І, СЕНБІ
Гренаданың Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979). Гренада - Кариб теңізінің оңтүстік-шығысындағы аралды мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын. Басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Елизавета ІІ. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Сәкен Сейфуллин (1894-1938) «Қызыл сұңқарлар» атта пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы көтерілісшілердің батырлық күресін бейнелейтін қазақтың кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма.
10 жыл бұрын (2000) «Қара және түстi металлдардың екiншi қайтара нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы шықты.
7 жыл бұрын (2003) «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы құрылды. Компания 19 машина жасау кәсіпорыны мен салалық институттарды біріктіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ы, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ-ы, «Мұнаймаш» АҚ-ы, «Тыныс» АҚ-ы, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ы, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ-ы, «Металлист» АҚ-ы, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда республика орнитологиялық аумақтарының анықтамалығы жарық көрді.
Кітапқа Қазақстандағы құстарды сақтап қалуға арналған маңызды аумағының 5 пайызды 121 ауқымды жері енген.
1 жыл бұрын (2009) Семейде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған Бақытжан Жұмаділовтің «Полигон» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Автордың ұсынған «Полигон» романы - Адамның талпынысын және оның кеңістіктегі рөлін сезіну. Полигон - бұл бірнеше ұрпақтардың тағдырын өзгерткен Семей ядролық полигоны ғана емес. Автордың ойынша, адамдар арасындағы әлеуметтік және саяси қарым-қатынастар, жаһандық жылыну, экологиялық апаттар, жаңа әлемдік реттік құру, халықтардың қоныс аударуы - бұл да полигон немесе тәжірибелік өріс.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-2006) қазақ композиторы БАЗАРБАЕВ Теміржан дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Қазақстан Композиторлар одағының Ертістегі бөлімшесінің төрағасы, А.Төлеубаева атындағы Семей музыка колледжінің оқытушысы және музыка теориясы бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Композитордың халық арасына кең тараған «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Ауылым» әндерімен қатар «Ботагөз», «Жетісу» симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арналған концерті, ұлттық аспаптар оркестріне арналған «Отан таңы», «Қалың елім, қазағым» поэмалары, камералық-аспаптық, эстрадалық шығармалары, спектакльдерге жазған музыкалық шығармалары бар.
70 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ИБРАГИМОВ Сатыбалды Тілемісұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
«Казхром» Трансұлттық компаниясы президенті қызметін атқарған, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы төралқасының мүшесі, ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдан - Парламент Мәжілісінің депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
НАУРЫЗДЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІ
Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні. Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні «Өзен,Су және Өмірді қорғау» атты ұранмен «Халықаралық өзендер желісі» американдық қоғамдық ұйымының бастауымен дүниежүзінде наурыздың 14-інде аталып өтеді.
20 ғасырда бөгеттер техникалық прогресстің бірден-бір символына айналды, бірақта олардың пайда болу уақыты одан да алыс: ол көне Мысырда және Месопотамида және де адамдар мекен еткен аймақтарда жер мен тастан салынған. 1853 жылы ғана бөгеттердің салу құрылысының конструктивті негіздерін француз инженері Де Сазилли теориялық түрде дәлелдеген. 1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған Бірінші халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның шешімімен наурыздың 14-тін Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіп, жыл сайын атап өтілетін болды.
Халықаралық Пи санының мейрамы (бұл халықаралық мейрам 22 шілдеде де аталып өтіледі). Пи саны - шеңбер ұзындығынның байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. Пи-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар.
ОҚИҒАЛАР
30 жыл бұрын (1980) «Қазақстан пионері» газеті және «Партийная жизнь Казахстана» атты журналы «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталды.
5 жыл бұрын (2005) Ресейдің Түмен қаласында наурыздың 14-сі мен 22-сі аралығында Қазақ өнерінің күндері өтті. Облыстық ұлттар үйінде бір апта ішінде түмендіктер қазақ мәдениетімен және тұрмыс тіршілігімен танысты, қазақстандық кинематографистерінің фильмдерiн көрді және ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Сонымен бiрге, бұл күндері әр түрлi жарыстар, қолданбалы өнердiң көрмесi, тұрмысқа қажет заттармен, фотокөрмелер ұйымдастырылды.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Джон Ордвэй Атырауда американ мәдениетінің орталығын ашты. Бұл американдық түрдегі кiшкентай кiтапхана пайдаланушыларға АҚШ-тың тарихы, географиясы, саясаты, табиғаты, мәдениеті мен білімі туралы видеомәлімет, американдық энциклопедиялар, сөздіктер, деректі және көркем фильмдер, көптеген басқа анықтама материалдарын, кітаптар ұсынады.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда зерттеушi, мәдениеттанушы Серiкбол Қондыбайдың рухына арналған алғашқы рет «Қондыбай оқулары» болып өтті.
Серікбол Қондыбай (1968-2004) - мәдениеттану, тарих, лингвистика және мифология саласында өзінің жаңа тұжырымдамаларын енгізген ғалым. Оның өзіндік көзқарастары «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе», 4 томдық «Арғы қазақ мифологиясы», «Қазақ даласы және герман тәңірлері» және «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» сынды онға жуық кітаптарында орын алған. Сондай-ақ 90-нан астам ғылыми мақаланың авторы.
«Қондыбай оқуларында» Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Мұрат Әуезов, тарихшылар, философтар, мәдениеттанушылар Едіге Тұрсынов, Таласбек Әсемқұлов, Қанат Қабдырахманов, Зира Наурызбаева және басқа да қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеушілер сөз сөйледі.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-1992) журналист, аудармашы ЖАНТИКИН Мифтах Қуанышқалиұлы дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған. Уфа жаяу әскер училищесін, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Ұлы Отан соғысы жылдары 4-оқу бригадасының 138-мергендер полкінің құрамында Украина, Молдова, Польша жерлерін азат етуге қатысқан.
«Жаңа жол» аудандық газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» («Орал өңірі») газетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінде, Алматы облыстық «Үгітші блокноты» журналының редакциясында, Қазақ мемлекеттік баспасында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде, Қазақ радиосында, Қазақ КСР үкіметі қаулылары жинағының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Жауынгерлік даңқ» кітабының авторы. П.Мальковтің «Москва Кремлі комендантының жазбалары», Ф.Селивановтың «Панфиловшыларын» қазақ тіліне аударған.
3-дәрежелі Даңқ, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1935) прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты ЫСҚАҚ Қалихан дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемлекеттік кино жанындағы режиссерлер мен сценаристердің жоғары курсын бітірген.
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгрессі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында бөлім меңгерушісі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының үшінші шығармашылық бірлестігінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесші, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе», «Қоңыр күз еді» повестер жинағы, «Березовая роща», «Кедры высокие» жинақтары, «Тұйық», «Қара орма», «Ақсу - Жер жаннаты» романдары, «Жарық дүние» пьесалар жинағы жарық көрген.
Оның «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней - Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатажж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Революция сарбазы», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Апатай», «Жәке-жәкетай», «Сайқының тұқымдары» атты жиырмаға жуық пьесасы республикалық, облыстық драма театрларының репертуарларына енді.
Бүкілодақтық экранға шыққан «Ұшы-қиырсыз жол», «Саршатамыз», «Охран бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» атты толықметражды фильмдердің сценарийларын жазған.
Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген.
Аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, И.Тургеневтің, А.Куприннің, И.Буниннің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларын қазақшалаған.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы Катон Қарағай ауданының Құрметті азаматы.