ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 31-і мен сәуірдің 5-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 31-і мен сәуірдің 5-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТНаурыздың 31-інде Үкімет үйінде Министрлер кабинетінің мәжілісі өтеді. Наурыздың 31-інде Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектер нарығындағы жағдай туралы» мәселеге арналған брифинг өтеді. ПАРЛАМЕНТНаурыздың 31-інде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысы өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Windrose авиакомпаниясы Киев-Астана-Киев жаңа рейсін ашатынын жариялады. Киевтен Астанаға және одан кері қарай ұшуды авиакомпания 2009 жылғы наурыздың 31-інде бастағалы отыр. Рейстер аптасына екі рет наурыздың 31-інен сейсенбі күндері және мамырдың 21-інен бейсенбі күндері жаңа Boeing 737-800 ұшақтарымен атқарылады, онда 174 орын бар. Алматыда 2009 жылдың көктемінде алғаш рет құстар туралы ән фестивалі өтеді. Оны Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясы ұйымдастырмақ. Дирекция директоры Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, бұл шара сәуірдің 1-і күні атап өтілетін Халықаралық құстар күніне орайластырылып отыр. СПОРТ Футболдан 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сәуірдің 2-сінде Алматыдағы Орталық стадионда Болгария құрамасымен кездеседі. Сәуірдің 4-і мен 5-і аралығында Санкт-Петерборда гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі аясында жарыс өтеді. Оған қазақстандық жеңіл атлеттер де қатысады.Алматыда сәуірдің 4-і мен 10-ы аралығында волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы «Плей-офф» ойындары өтеді. АСТАНАНаурыздың 31-інде Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді. Наурыздың 31-інде «Думан қонақүйінде «Дағдарыс жағдайында еңбек нарығында сұраныс көп кәсіптер бойынша жұмыссыз әйелдерді оқыту және олардың біліктіліктерін жетілдіру» әлеуметтік жобасын таныстыру» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Наурыздың 31-інде «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде брифинг өтеді. АЛМАТЫ Наурыздың 31-інде «Престиж» мектебінде Г.А.Умановпен сұхбат болады. Наурыздың 31-інде Ғалымдар үйінде «Улыбка в объективе» көрмесі ашылады. Сәуірдің 2-3-і күндері "Балалық шақты қорғау, жағдайы, стратегиясы, жүзеге асыру жолдары" атты орталықазиялық ғылыми-практикалық конференция өтедіСәуірдің 2-3-і күндері «Ұлық имам Әбу Ханифа және бүгінгі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Мәслихатқа әлемнің 10 елінен келген дінбасылар мен танымал теолог ғалымдар қатысады. Конференция кезінде Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті мен Шет тілдер және іскерлік мансап университетінде екі күн бойы әрқилы салалар бойынша түрлі секциялар ұйымдастырылмақ. Бұл алқалы жиын сәуірдің 4-інде Республика сарайындағы Мәуліт мерекесіне жалғасады деп жоспарланып отыр. Оған қатысушыларға діни басылымдар тегін таратылмақ.Сәуірдің 3-і күні Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтеді. АЙМАҚБАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған.Батыс Қазақстан облысында сәуірдің 4-інде көктемгі құс ату маусымы басталады. Аталмыш маусым екі аптаға, сәуірдің 18-іне дейін созылмақ. Батыс Қазақстан орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы Марат Оразғалиевтің айтуынша, жабайы үйректің тек аталығын атуға рұқсат етіледі. Онда да шектеу қойылған. Өңірде төрт мыңнан астам аңшы тіркелген. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР НАУРЫЗДЫҢ 31-І, СЕЙСЕНБІӘзірбайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні. Әзірбайжан Республикасы бұл күнді 1998 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде атап өтеді.Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады. Бүгінгі Мальта ? демократиялық республика. Астанасы ? Валетта, мемлекеттік тілі ? мальта тілі, бірақ ағылшын, итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Мальта ? тарихи, сәулет ескерткіштеріне, діни шіркеулерге бай ел. Табиғаты да тамаша. Ауасы таза. Осыған қызыққан туристер бұл елге ағылып жатады. Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 4-де орнатылды. Мальта Республикасының Қазақстандағы елшісі - Джозеф Кассара.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР5 жыл бұрын (2004) «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ы қосылып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ-ы құрылды.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, саясаттану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі БҰРХАНОВ Қамал Низамұлы дүниеге келді. Өзбекстанда туған. Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. 1977-1978 жылдары ? Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының ғылыми қызметкері. 1978-1979 жылдары ? Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аға лаборанты. 1979-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры, деканның орынбасары, тарих факультеті саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, философия және саясаттану факультетінің деканы, саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002-2004 жылдары ? Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы. 2004-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Бұрханов қазіргі заманғы Қазақстан тарихы мен саясаттану ғылымы бойынша республикадағы жетекші мамандардың бірі. 40-тан астам ғылыми жұмыстардың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы.55 жыл бұрын (1959) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі КӨБЕЕВ Еркін Қинаятұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2000 жылдары ? Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, доценті, заң факультетінің деканы, профессоры. 2000-2001 жылдары ? Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2001-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі, 2 монографиясы мен оқулығы жарық көрген. СӘУІР АЙЫНДА:50 жыл бұрын (1959) Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімі 62 конденсаторды шығарды.48 жыл бұрын (1961) әлеуметтің бастамасымен Әлемдік кеңестік қор құрылды. Бұл ? миллионға жуық адамның басын қосатын, тыныштық үшін күрескендер мен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға риясыз негізде материалдық жағынан көмек көрсететін, қайырымдылықты барынша қолдайтын халықтық бітімгершілік ұйым.10 жыл бұрын (1999) Анант Нарайян Хаирнар (Үндістан) күніне 4 сағат жұмыс істеп, 11 айда мақтадан биіктігі 2,28 метрлік Махатма Гандидің мүсінін жасап шықты. Химиялық қатайтқышқа малынған оның салмағы 20 кг құрады. СӘУІРДІҢ 1-І, СӘРСЕНБІХалықаралық құстар күні. 103 жыл бұрын (1906) құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу осы конвенцияның негізгі қағидаларына жатады. Бүгінгі таңда құс тұмауы вирусы әлемдегі ең қауіпті ауру түрі болып отыр. «Құс тұмауы» деген атпен белгілі ? құстардың инфекциялық ауруы адамға жұғатын кәдімгі тұмаудың «А» вирусы штамдарының бірінен туындайтын көрінеді. Ғалымдардың мәлім етуінше, бұл инфекцияға құстардың барлық түрі бейім. «Құс тұмауы» вирусының 15 түрінің ішінде, әсіресе H5N1 вирусы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Бұл - адамдар үшін қауіпті жоғары патогенді вирус. Сондай-ақ «құс тұмауының» H5 деген жаңа бір түрі анықталды.Күлкі күні. Күлкі күнін тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның 17-сінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең, Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянды. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің 1-іне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл-қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады. Иран Республикасының ұлттық мейрамы ? Республика күні. Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Түркия, Иракпен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шектеседі. Солтүстігінде ? Каспий теңізі, оңтүстігінде ? Парсы және Оман шығанақтары. Астанасы ? Теһран қаласы. Ресми тілі ? парсы тілі. Мемлекеттік діні ? ислам дінінің шиит тармағы. Ақша бірлігі ? риал. Елді президент басқарады және ол төрт жылға сайланып, Министрлер Кабинетін де басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы ? бір палаталы парламент. Иран 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978-1979 жылдары халықтың үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 жылғы ақпанның 11-інде болған революция нәтижесінде шаһ үкіметі құлап, сәуірдің 1-нен бастап бүкілхалықтық референдумның нәтижесі бойынша Аятолла Хомейни Иранды Ислам Республикаcы деп жариялады. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды. Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Рамих Мехманпараст. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР86 жыл бұрын (1923) «Ерік» деген атаумен қазіргі «Атырау» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашында таралымы 500 дана болған. Қазіргі атымен 1990 жылдан бастап шығады.21 жыл бұрын (1988) КОКП ОК-нің, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және КСРО Министрлер кеңесінің Алматыдағы Л.Брежнев атындағы алаңның атауын Жаңа алаң деп өзгерту туралы қаулысы жарық көрді.14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды.12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді.10 жыл бұрын (1999) Парижде қазақ ақыны Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты эпикалық поэмасының тұсаукесері өтті.5 жыл бұрын (2004) Астанада «Астана-Думан» сатира және юмор орталығының тұсаукесер рәсімі өтті.4 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды.3 жыл бұрын (2006) «Қазақмыс» корпорациясының жаңа тау-кен кәсіпорны Құсмұрын кенішінде кен өндіруді бастады. Ауыр руданың алғашқы жүздеген тоннасы Қарағайлы байыту фабрикасына жеткізілді. Құсмұрын кенішінің өндірістік қуаты жылына 1 миллион тонна кен өндіруге мүмкіндік береді.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) музыкатанушы, өнертану кандидаты ТЕМІРБЕКОВА Алма Зарапқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы консерваториясының музыка тарихы мен теориясы бөлімін, Қазақстан Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1957-1961 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы. 1961-1982 жылдары Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1982 жылдан Алматы консерваториясының музыка және фольклор кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ол Жетісу өлкесінің ән мәдениетін зерттеумен шұғылданды. Музыка өнері бойынша жазған ғылыми зерттеулері мерзімді басылымдарда және жинақтарда жарық көрді. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты САЛҒАРАҰЛЫ Қойшығара дүниеге келді. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадио комитетінің редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1994-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің хатшысы. 1996-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері болып істейді. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Ғалым Қытайда болған жылдары қазақ халқының тарихына қатысты қытай деректерін аударып, «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «Түріктер. Жыужандар», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптар жазған. 2001 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болып істейді. Медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) «Қазақ» газетінің бас редакторы және құрылтайшысы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы СӘРСЕКЕЕВ Қоғабай дүниеге келді. Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Ұлан», «Егемен Қазақстан» газеттерінің әдеби қызметкері, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы болған. 1986 жылдан «Жалын» баспасының бас редакторы, Республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Республикалық кітап таратушылар қауымдастығының президенті, «Сақ» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. Қаламгердің «Кілт», «Қараша қаздар» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Қызыл алау», «Заманақыр» романдары жарық көрген. «Қол мерген», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Сарбаздар», т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылған. 1999 жылы «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе Алаштың Ахметі ? Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы басылған. Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалімен марапатталған.200 жыл бұрын (1809-1852) ұлы орыс жазушысы, драматург, сыншы ГОГОЛЬ Николай Васильевич дүниеге келді. Ресейдің Полтава губерниясында туған. Нежин жоғары ғылымдар гимназиясын бітірген. 1834-1836 жылдары Санкт-Петербор университетінің жалпы тарих кафедрасында, «Современник» журналында қызмет атқарды. Гоголь жас кезінен-ақ әдебиет пен кескіндеме өнеріне ынта қойып, актерлікпен де айналысты. 1829 жылы В.Алов деген бүркеншек атпен «Ганц Кюхельгартен» идиллиясын жариялады. Гоголь есімін көпшілікке кеңінен танытқан «Диканка маңындағы хутор кештері», «Миргород», «Арабески», «Тарас Бульба» шығармалары болды. Қоғамдағы «кішкентай адамның» қорлыққа толы өмірі «Шинель» повесінде психологиялық тұрғыдан терең ашылған. 1836 жылы Санкт-Петербор театрында қойылған Гогольдің «Ревизор» комедиясы қоғамдық өмірдегі елеулі оқиғаға айналды. Ол сондай-ақ «Өлі жандар» поэмасын, «Үйлену», «Ойыншылар» атты комедияларын, басқа да драмалық шығармалар жазды. Жазушының діни-адамгершілік ұстанымын баяндайтын «Достарымен жазысқан хаттардың таңдаулы тұстары» деп аталатын кітабы В.Белинскийдің сынына ұшырады. Гогольдің драмалық шығармалары ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне аударылып, ұлттық театрымыз сахнасында сан мәрте қойылды. Сондай-ақ, жазушының қазақ тілінде «Шығармаларының» 6 томдығы, «Таңдамалыларының» 2 томдығы жарық көрді. СӘУІРДІҢ 2-СІ, БЕЙСЕНБІҚазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні (1993). Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштер құрамындағы Әскери-теңіз күштері құрылды.Халықаралық балаларға арналған кітап күні. 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.Ресей мен Беларус Республикасының халықтары бірлігі күні. 1997 жылдан бастап, екі ел президенттерінің Беларус және Ресей қауымдастығын құру туралы келісімге қол қою құрметіне орай атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес келтіру жөніндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты. ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ПРИХОДЬКО Владимир Петрович дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Ол Барселона, Атланта, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында төреші болған. СӘУІРДІҢ 3-І, ЖҰМАШтрих-кодтың дүниеге келген күні. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды.12 жыл бұрын (1997) Семей қаласындағы Ленинград көшесіне әнші Жәнібек Кәрменовтің есімі берілді.10 жыл бұрын (1999) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия ? біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жарық көрді.11 жыл бұрын (1998) АҚШ-тың Атланта қаласында әлемдегі үлкен коктейль балмұздақ пен көлемі 9480 литр газдалған судан жасалды.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды.ЕСІМДЕР40 жыл бұрын (1969) ақын, жазушы КАЛАУС Лейля Александровна дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және аспирантурасын бітірген. «Русскоязычная Азия» сайт-альманахында «Книголюб» газетінің бас редакторы болған. Қаламгердің «Ескі саяжай», «Стакандағы дауыл», «Күйеу жігіттер», «Қанды роман» прозалық кітаптары жарық көрген. СӘУІРДІҢ 4-І, СЕНБІМина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі.Веб-бағдарламашылар күні.Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы ? Дакар қаласы. Ресми тілі ? француз тілі. Ақша бірлігі ? Африка қаржы қауымдастығы франкі.Испаниядағы басклердің ұлттық мейрамы. Басклер ? Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері ? васкон, вардул, каристи тайпалары. Қытайда Цинмян мерекесі. Сәуірдің 4-і мен 6-сы аралығындағы бір күні аталып өтіледі. Ертеректе осы күні олар өздерінің ата-бабаларын еске түсірген. «Цинмян» мерекесін сонымен қатар «Тациндзе» деп те атайды. Ол алғашқы көк шықан кезде қыдыру күні деген мағына береді. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Алматыда ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды.15 жыл бұрын (1994) «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.15 жыл бұрын (1994) Корей Халықтық Демократиялық Республикасында «Сәуір көктемі» атты халықаралық фестиваль өтті. Онда «Отырар сазы» ансамблі (жетекшісі ? Нұрғиса Тілендиев) бірінші орын алды.13 жыл бұрын (1996) алғашқы Балқаш алтын құймасы алынды.12 жыл бұрын (1997) Жамбыл университетіне белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.3 жыл бұрын (2006) Мәскеудегі Чистопрудный бульварында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Абай ескерткіші ашылды. Абай ескерткіші Қазақстан халқының Мәскеу қаласына жасаған сыйлығы, жалпы құны 160 млн. 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіш жобасын қазақстандық мүсінші М.Әйнеков пен дизайнер Т.Сүлейменов басшылық жасаған авторлық топ өрнектеген.60 жыл бұрын (1949) Вашингтонда АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Норвегия, Португалия және Франция мемлекеттері Солтүстік Атлантикалық шартқа қол қойып, НАТО әскери-саяси блогы құрылды. 1952 жылы шартқа Грекия мен Түркия, 1955 жылы Германия Федеративтік Республикасы, 1982 жылы Испания, 1999 жылы Венгрия, Польша, Чехия қосылды. 2004 жылы Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония мемлекеттері НАТО-ға мүшелікке өтті. Барлық мүше мемлекеттердің елшілері деңгейіндегі өкілдерден тұратын Солтүстік Атлантикалық Кеңес (НАТО кеңесі) НАТО-ның жоғары саяси органы болып табылады. Жылына екі рет НАТО Бас хатшысының төрағалығымен кеңесі өтеді. НАТО кеңесінің штаб-пәтері Брюссель (Бельгия) қаласында орналасқан.ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1919-1988) физика-математика ғылымдарының докторы КАШКАРОВ Василий Петрович дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, проректоры, кафедра меңгерушісі, физика факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері газдардағы және сұйықтардағы масса және жылу алмасу процестерін зерттеуге арналған. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ӘЛІШЕВ Әлмәмбет дүниеге келді. Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Газет редакцияларында, аудандық партия комитетінде қызмет атқарған. 1992 жылдан Қазалы ауданды газетінің редакторы, баспа редакторы болып істеген. Қаламгердің өлең, әңгіме, очерктері 1957 жылддан бастап баспасөз беттерін көре бастаған. Оның «Ат тұяғын тай басар», «Бәйтеректің бұтағы» повестері, «Ел мен жер» романы, «Қаратау өрнектері» өлеңдер мен поэмалары, т.б. шығармалары жарық көрген. «Батыр болып тумайды» повесі латыш тіліне аударылған. «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) философия ғылымының кандидаты, доцент СӘРСЕНОВ Рашит Темірболатұлы дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын, қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, философия кафедрасының доценті, ғылыми-зерттеу бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1987-1992 жылдары ? Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің басқарма бастығы, министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрінің орынбасары. 1992-1998 жылдары ? «BSB» корпорациясының президенті, «Central Asia Petroleum» (Индонезия) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. 1998 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. «Құрмет» орденімен марапатталған.35 жыл бұрын (1974) боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы ЖИРОВ Василий Валерьевич дүниеге келді. Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушысы ? В.Апачинский. 1989-1991 жылдары жасөспірімдер арасында Республиканың, КСРО-ның чемпионы атанған. 1993-1995 жылдары Дүниежүзі біріншілігінің күміс (Берлин), қола (Будапешт), 12-ші Азия ойындарының (Хиросима) қола жүлдегері, Орталық Азия елдерінің бірінші ойындарының, Азия құрлығының жеңімпазы болды. 1996 жылы Атланта (АҚШ) қаласында өткен 26-ші Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. 26-ші Олимпиада ойындарында ең үздік боксшыға берілетін Бэлл Баркер кубогын жеңіп алды. 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 36-ында жеңіске жеткен, оның 30-ы нокаут. Василий Жиров ІВҒ версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы Әлем чемпионы. 2001 жылы Американың танымал басылымы «USA Today» «Балқаш барысы» атанған боксшыны барлық салмақ санаты бойынша ең үздік кәсіби боксшы деп атады. «Парасат» орденімен марапатталған. СӘУІРДІҢ 5-СІ, ЖЕКСЕНБІГеологтардың кәсіби мерекесі ? геолог күні. Бұрынғы Кеңес Одағының геологиялық және өндіруші ұйымдарында сәуірдің алғашқы жексенбісінде аталып өтіледі. Геологтармен қатар бұл атаулы күнді пайдалы қазбаларды іздеу және өндірумен айналысатын барлық мамандық иелері де өздерінің кәсіби мерекесі санайды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР139 жыл бұрын (1870) Маңғыстаудағы Иса-Досан көтерілісіне (Адай көтерілісі) қатысушылар Александровск фортына шабуыл жасап, форттың маяктарын өртеп жіберді. Бұл кезде көтерілісшілердің саны 10 мың адамға жеткен болатын.89 жыл бұрын (1920) Бурабай курорты ашылды.14 жыл бұрын (1995) баспасөзде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қылмыспен және жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық кеңес құру туралы Жарлығы жарық көрді.13 жыл бұрын (1996) Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінде жанармай-энергия және су ресурстарын пайдалану, Орталық Азия аумағында газ құбырларын салу және пайдалану туралы келісімге қол қойылды.12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мамырдың 31-ін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.12 жыл бұрын (1997) Орал қаласында Алашорда қайраткерлері Жанша мен Халел Досмұхамедовтерге мемориалдық тақта орнатылды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі академик Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай номиналы 20 теңгелік шақаны айналымға шығарды.3 жыл бұрын (2006) Алматыда «Халық қаһарманы», КСРО халық әртісі Роза Бағланованың шығармашылығына арналған «Ах, Самара-қалашық» атты деректі фильм түсірілді. Фильмнің таныстырылымы басты кейіпкердің қатысуымен сәуірдің 7-сі күні «Цезарь» кинотеатрында өтті. Р.Бағланованың қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі және оның әні мен үні ел-халқының құлағында, көз алдында. Әсіресе, аға ұрпақ оның майдан даласында, оқ пен оттың ортасында тұрып ән салғанын әрдайым еске алады. Демек, бұл ? Р.Бағланованың шығармашылығына деген құрметтен туған фильм. Картинада әншінің өміріне қатысты мұрағаттық материалдар мен тарихи бейнетаспалар пайдаланылған. Сондай-ақ мұнда оның өнердегі серіктестері Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Майя Плисецкаяның лебіздері таспаға басылған. Деректі фильм «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығының бастамасы бойынша «Қазақстандағы аты алтынмен жазылатын тұлғалар» сериясы негізінде түсірілген. «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығы «Алтын күйтабақ» шығарып, өнер мен мәдениетті өркендетуге қатысты бірқатар игі жобаларды қолға алып келеді.ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері БЕКМҰХАМБЕТОВ Ерсайын Сатыбалдыұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. 1957-1994 жылдары КСРО Авиация өнеркәсібі министрлігінің арнаулы кәсіпорындарында инженер, аға инженер, Қазақстанның Ядролық физика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық физика орталығы Атом энергиясы институтының зертхана меңгерушісі болып істейді. Ғалым ғарыштық ядролық-энергетикалық қондырғыдағы меншікті электр қуаты жоғары термоэмиссиялық түрлендіргіш реактордың жылу шығарушы элементтер жиынтығын зерттеудің және оларды сынақтан өткізудің жаңа ғылыми бағытын негіздеп, кешенді тәжірибелік база құрды. Реактордағы сәулелендірілген баяу балқитын металдардың шығу жұмысын өлшеудің аса дәл әдісін жасады. Жоғары температура кезінде жылу шығарушы элементтер жиынтығындағы масса тасымалдау және газ бөлініп шығу процестерінің заңдылығын анықтады. 65 жыл бұрын (1944) «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» АҚ Директорлар кеңесінің президенті, экономика ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі ҚОЖАҒАПАНОВ Тоқтархан Жұманұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Біліктілік арттыру институтын бітірген. Құрылысбанкі Қазақ республикалық кеңсесінің инженері, аға инженері, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 1991-1994 жылдары ? «Тұранбанкі» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары. 1994-1997 жылдары ? «Тұранбанкі» жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Бақылау кеңесінің төрағасы. 1997-1998 жылдары ? Алматы мемлекеттік университетінің профессоры. 1998-2001 жылдары ? Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, орынбасары. Қазіргі қызметінде 2001 жылдан бастап істейді. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.65 жыл бұрын (1944) еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, еркін күрестен Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы БҰҒЫБАЕВ Аманжол Күнболатұлы дүниеге келді. Алматы облысы Сарқанд ауданында туған. 1966-1973 жылдары КСРО-ның біріншілігіне жеті рет қатысып, КСРО-ның чемпионы, күміс және қола жүлделерін иеленген. 1996 жылдан еркін күрестен Қазақстан Республикасы құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің Төрайымы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі, Беларус Республикасының Парламентімен, АҚШ Конгресімен, Жапонияның Кеңесшілер Палатасымен, Израиль Мемлекеті Кнессетімен ынтымақтастық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті судьясы ЖОЛДАСБАЕВА Нұрлығайым Шалданқызы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1977-1979 жылдары ? Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. 1979-1995 жылдары ? Ақтау қалалық сотының халық судьясы, Атырау облыстық соты төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) заң ғылымының докторы, профессор ШӘКІРОВ Кәрімжан Нұрымұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1990-1993 жылдары ? Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 1993-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасы орынбасарының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сектор меңгерушісі. 1995-1997 жылдары ? Қазақ мемлекеттік заң университетінің кафедра меңгерушісі. 1997 жылдан «Әділет» жоғары құқық мектебі колледжінің директоры болған. Қазір Каспий қоғамдық университетінің оқытушысы. Бірнеше кітаптың, 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.115 жыл бұрын (1894-1971) саяси қайраткер, Кеңес Одағының Батыры, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ХРУЩЕВ Никита Сергеевич дүниеге келді. Ресейдің Курск губерниясында туған.Мәскеудің Өнеркәсіп академиясын бітірген. Ол билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта «жылымық» басталды, партиялық-мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттардың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Н.Хрущев КОКП-ның 20-шы съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан кейін іле-шала саяи қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді.1954 жылы алғашқы атом электр стансысы салынды. 1957 жылы Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті, ал КОКП-ның 22-ші съезінде елде кемелденген социализм орнады деген үстірт қортынды шығарылды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылды. 1956 жылы Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді. 1958 жылы тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды.