ЕЛБАСЫ
Сәуірдің 11-і мен 14-і аралығында Елбасы Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары өтуде. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке қатысады, АҚШ Президенті Барак Обамамен келіссөз өткізеді.
ҮКІМЕТ
Сәуірдің 13-інде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
ПАРЛАМЕНТ
Сәуірдің 13-інде ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділет қалыптасу мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді
Сәуірдің 13-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
Сәуірдің 13-інде «Оn-line режиміндегі корпоративтік коммуникациялар» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді
Сәуірдің 13-інде Астана қаласы ІІД-інде апталық брифингі өтеді
Сәуірдің 13-інде ҚТЖ ұлттық компаниясының даму жөініндегі вице-президенті Е.А.Қизатовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді
Сәуірдің 13-інде «ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының наурыз айындағы қорытындыларына арналған брифинг өтеді
Сәуірдің 13-інде Қазақстандағы Иран елшілігінде «Ядролық қарусыздану» тақыбырында баспасөз мәслихаты өтеді
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Сәуірдің 12-13-інде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік проблемалары бойынша саммит өтеді. Оған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысады.
СПОРТ
Сәуірдің 5-і мен 14-і аралығында Шымкент қаласында қыздар арасында футболдан Қазақстан-2010 чемпионатының бірінші кезеңі өтуде.
Сәуірдің 18-де футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады.
АСТАНА
Сәуірдің 13-інде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында АҚШ Қаіупсіздік кеңесі жанындағы «Kissinger Associates»ғылыми-зерттеу оралығының аға директоры Тома Грэхем дәріс оқиды
Сәуірдің 14-інде «Думан» қонақүйінің мәжіліс залында қазақстандық «KazMeat» компаниясы мен американдық «Global beef» компаниясы арасындағы біріккен кәсіпорын құру туралы меморандумның нәтижелері жөнінде баспасөз-мәжілісі өтеді.
Сәуірдің 15-інде №1 мектеп-лицейде «Сіздердің жеңістеріңіз - біздің болашағымыз» атты ашық сабақ өтеді.
Сәуірдің 15-інде №46 мектепте Германияның Қазақстандағы жылы аясында немс тілінің фестивалі өтеді.
Сәуірдің 16-сында Бейбітшілік пен келісім сарайында Орынбай Дүйсеннің жеке концерті өтеді.
Сәуірдің 16-17-сінде Астана Медициналық университетінде І халықаралық конференция және стоматология көрмесі өтеді.
Сәуірдің 16-18-і аралығында Конгресс-Холлда Жас орындаушылардың ХІХ «Жас қанат» республикалық конкурсы өтеді.
Сәуірдің 17-сінде шығыс биінің «Астана жұлдызы-2010» фестивалі өтеді.
АЛМАТЫ
Сәуірдің 13-інде «Ақбұлақ» санаторийінде «Дағдарыс жағдайында аймақтық және салалық рыноктарда мемлекеттік реттеу» тақырыбында республикалық және аймақтық БАҚ журналистері үшін семинар өтеді
Сәуірдің 13-інде ҚР велоспорт федерациясында жаңа бас хатшының баспасөз мәслихаты өтеді
Сәуірдің 13-інде Қазақстандық баспасөз клубында «Азия 2010» даму перспективалары» тақырыбында Азиялық даму банкінің жыл сайынғы есебі таныстырылады.
Сәуірдің 13-інде Оқушылар сарайында «Менің дауысым - Отанға» республикалық жастар фестивалі өтеді.
Сәуірдің 16-17-сі аралығында Алматыда «DIDAR» кинофестивалі ұйымдастырылмақ.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Сәуірдің 10-ы мен мамырдың 10-ы аралығында Орал қаласында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы өткізіледі .
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
СӘУІРДІҢ 13-І, БЕЙСЕНБІ
Үндістанда Жаңа жылдың басы. Бұл күн үндістер жаңа жылдың басы деп белгiленген. Бірнеше мың жылдар бұрын үндістердің құдай анасы Ганга дәл осы күні аспаннан жерге түсті деп сенеді, сол үшін олар сәуірдің 13-де қасиетті Ганг өзенінің жағалауында суға түсу үшін жиналады.
ОҚИҒАЛАР
40 жыл бұрын (1970) Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшан тауық фабрикасы бірінші өнімін шығарды. Өндірістің 1972 жылғы жоспарлық қуаты 26 миллион жұмыртқа, 180 тонна тауық еті болды.
5 жыл бұрын (2005) Астанада Жапонияның Елшілігі ашылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда бірінші кәсіби ProPR.kz порталдың тұсау кесер рәсімі өтті. Портал PR-саласындағы ақпараттың әмбебап көзі және бiртұтас ақпараттық алаң болып табылады. Кез келген адам ProPR.kz-тың ынталы тобына кiруге және оның мазмұнына ықпал ете алады. Кәсiби PR-портал 2005 жылғы сәуірдің 14-інен өз жұмысын бастады.
3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі ұйымның Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектілерінде, сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Сапар Ысқақовқа Меценаттық халықаралық академиясының нақты мүшесінің мантиясын және төс белгісін, дипломын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Оны Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің Кеңесші-Өкілі Валерий Швец табыс етті.
Сапар Ысқақов Әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс атындағы қоғамдық қайырымдылық қордың президенті. Сирия мен Мысырдағы аталған тарихи тұлғалар жерленген мемориалдық кешенді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын өткізген.
1 жыл бұрын (2009) Семейдегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «Шәкәрімтану» және «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және Жаңа тарихи құжаттама орталығының қызметкерлері бірлесіп Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) жаңа фотосуретін тауып алды.
Фотосуретте Шәкәрім батыс жақтағы Шыңғыс тауының баурайында түскен.
Фотосурет Қазақ Автономды Кеңес Социалистiк Республикасының Семей губерниялық жер басқару Наркомземның арнайы комиссиясының 1924-1925 жыл ұйымдастырылған жұмыс туралы есеп берудің қосымшаларынан табылған. Бұл фотосурет мұрағат қызметінің қосымшаларында №37 тiркелген. Фотосуретте жазылған жазу: «№37 Шыңғыс жотасы. Өзеннің бас жағы. Алдыңғы жақта қазақтың ақыны және жазушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы». Жазушы Бақанас, Байқошқар өзендерінің бойымен саяхаттаған және онымен бірге әрдайым батыс жақтағы Шыңғыс тауларын қоса жүріп отырған.
Тарихи мәліметтер бойынша, Шәкәрім қажы экспедициялық топ мүшелеріне табиғи кілттердің орналасқан жерлерін, таудан аққан өзендерді қолдану мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріп отырған.
ЕСІМДЕР
135 жыл бұрын (1875-1954) топырақтану және география саласына еңбегі сіңген кеңес ғалымы, КСРО Ғылым Академиясының академигі ПРАСОЛОВ Леонид Иванович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінде туған. Петербор университетін бітірген.
1908-1918 жылдары Қазақстанға жіберілген ғылыми экспедицияларға басшылық етті. 1918-1925 жылдары - КСРО Ғылым академиясы жанындағы Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияда топырақтану бөлімшесінің қызметкері. 1926-1954 жылдары КСРО Ғылым академиясының Топырақ институтының ғылыми қызметкері, директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері топырақ классификациясы мәселелеріне арналған. Прасолов Дүниежүзі топырақ картасын жасаған.
КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 3 рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 14-І, СӘРСЕНБІ
Украинаның Ішкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автокөлік инспекциясының күнi.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) Алматы қаласындағы №162 қазақ орта мектебіне жазушы Сапар Байжанов (1930-1999) есімі берілді.
9 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғанға ауыстырылды.
5 жыл бұрын (2005) студенттердің І Жиналысында Қазақстан студенттерінің Альянсы құрылды.
Қозғалыстың басты мақсаты білім сапасын жоғарылатудағы мемлекетке қолдау көрсету, студенттердің құқығы мен қызығушылығын қорғау.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-1986) жазушы, филология ғылымының кандидаты МОЛДАҒАЛИЕВ Жайсаңбек дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген.
1968-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1973-1986 жылдары Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер институтында ғылыми аға қызметкер болған.
«Жүрек қазынасы», «Мамыражай жаз», «Сенің көркем атың», «Самал жел», «Туған жер көріністері» секілді шығармалар жинағының, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармаларына арналған мақалалар авторы. Коллективтендіру кезіндегі халықтың тұрмыс-ахуалы, халықтар достығы, еңбегі оның шығармаларынан көрініс тапты. «Алғашқы қоңырау», «Жарық кілті» романдарында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, 19 ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамының жағдайы сөз етілген. Қазақ тіліне Л.Н.Толстойдың, И.А.Буниннің кейбір әңгімелерін аударған.
Жазушының көптеген шығармалары ТМД халықтары тілдеріне аударылған.
55 жыл бұрын (1955-2006) жазушы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері ҚҰЛАХМЕТ Ғабиден дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудегі Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген.
«Жалын» баспасының редакторы, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте, Қазақ теледидарында, Қазақстан Жазушылар одағында, «Қазақ тілі» қоғамында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, «Қазақ жастары және бизнес» биресми орталығының бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Көзімнің қарасы», «Ақ бастау» жыр жинақтарының, «Үйірі жоқ көкжал» романының, «Көл түбіне кеткен ел», «Ұрпағың үзілмесін», «Ердің сыны», «Серінің соңғы сәлемі» кітаптарының авторы. Шығармалары орыс, поляк, моңғол, шешен, украин, беларусь тілдеріне аударылған.
СӘУІРДІҢ 15-І, БЕЙСЕНБІ
Ресейдiң радиоэлектронды күрестер бойынша маманының күнi. Бұл мереке 1904 жылдың 15 сәуірінде, орыс-жапон соғысы кезінде алғашқы рет жапон кемелерінің радиохабарламарын қасақана радиобөгеттермен бөгегені анықталған кезден бастау алады. Осы тарихи жайт Ресей Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күрестің қалыптасуының және дамуының бастаушысы болды.
Босния мен Герцеговина Республикасы әскері күні. 1992 жылдан бастап Республика әскерiнiң негiзi қаланған күнi атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
615 жыл бұрын (1395) Кавказдың Терек өзені бойындағы болған шайқаста Тоқтамыс ханның қолы Әмір Темір әскерінен жеңіліс тапты.
85 жыл бұрын (1925) Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңесінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсыновтың халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйледі.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылу салтанаты өтті.
1 жыл бұрын (2009) Ақтөбелік режиссер Серік Айжановтың «Өмір сүруге тыйым» картинасы ойнақы фильмдердің Бүкілресейлік «Вяткадағы кездесулер» 6-фестивалінде бас жүлдеге ие болды.
Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына Ресей, Украина және Балтық бойы елдерінің 42 аймағынан 70-тен астам фильм қатыстырылды. Бұл картинаның ерекшелігі, Василь Быковтың «Сотников» деген әңгімесінің желісімен Ақтөбе облысында түсірілген, ондағы рөлдердің барлығында әуесқой әртістер ойнайды. Фильмнің режиссері, сценарий авторы және операторы бір адам, «Патриот-Sinema» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Серік Айжанов. Қазылар алқасы қазақстандық жалғыз картинаны жоғары бағалап, оған кинофестивальдің бас жүлдесін - «Алтын лада» мүсіншесі мен бірінші дәрежелі диплом беруге бірауыздан шешім қабылдады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ДУБОВЕНКО Александр Григорьевич дүниеге келді.
Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.
«Лад» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2009 жылғы 12 мамырынан.
45 жыл бұрын (1965) театртанушы, өнертану кандидаты, Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі ЖУАСБЕК Еркін Тілеуқұлұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.
Алматы театр-көркемсурет институтын (Қазақ ұлттық өнер академиясы), Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген.
1988-1990 жылдары - Әдебиет және өнер институтының театр және кино бөлімінің кіші ғылыми қызметкері. 1992-1998 жылдары Алматы театр және кино институтының оқытушысы. 1996-1997 жылдары - Мәдениет комитетінің театр және кино бөлімінің бастығы. 1999-2001 жылдары - неміс театрының директоры. 2001-2008 жылдары Қазақ академиялық драма театрының директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарады.
СӘУІРДІҢ 16-Ы, ЖҰМА
Болгарияда Конституция күні. Сәуірдің 16-да Болгарияда Заңгер күнін және Бірінші Болгар конституциясының мерекесі атап өтіледі (1879 жылы елдiң Бiрiншi Ұлы Халық жиналысында қабылданған Тырнов Конституциясы).
Арменияда полиция қызметкерлерінің күні. 2001 жылдан «Полиция туралы» заңы қабылданған күннен бастап атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
92 жыл бұрын (1918) Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды. Газет Әлібек Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автоколік қозғалысы Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарулы күштерді бірігіп қолдану Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы тауарларды автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасы аумағынан транзиттік қозғалыс Келісімін ратификациялау туралы» Заңдарына қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың бекітілгеніне 15-жыл толуына байланысты Кубаның Қазақстандағы Елшісі Тересита Капоте Камачо Қазақстанның жазушысы Роллан Сейсенбаевты латын-американ әдебиетін насихаттаудағы қосқан үлесі үшін «Достық» орденімен марапаттады.
1 жыл бұрын (2009) Пекиндегі Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайдың Олимпиада комитетінің жоғарғы сыйлығын марапаттау рәсімі болып өтті.
Қытайдың Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң құрмет белгісі 2008 жылдың тамызында бекітілген және олимпиадалық қозғалыстың дамуына, спорт пен салауатты өмiр салтына өз үлестерін қосқаны үшін берiледi.
ЕСІМДЕР
135 жыл бұрын (1875-1933) немістің ботанигі және генетигі БАУР Эрвин дүниеге келді.
Гейдельбергтің, Фрайбургтің, Страсбургтің және Киляның университеттерінде медициналық білім алды.
Берлин университетіндегі алғашқы зерттеуші-генетик. Баур 1911 жылы Берлиннің Жоғары ауыл шаруашылық мектебінің профессоры, ал 1914 жылы генетика Институтының профессоры қызметтерін атқарды.
Еңбектерінің негізгі бағыты өсімдіктердің гибридтеріне, генетика жағынан гибридтердің түр-түрін алуға, өсімдіктердің өсу факторын, өсімдік түрлерін зерттеуге арналған.
Генетиканың (факториальды) талдау қағидаларын және арыстан жұтқыншығы өсімдігінің әр түрлі формадағы мутациясын жасады және бұл өсімдіктің генетикасын көп жылдар бойы зерттеген.
60 жыл бұрын (1950) агроном, экология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облыстық «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы КИСТ Виктор Эдуардович дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды кәсіптік-техникалық училищесін, Целиноград ауылшаруашылық институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті). 1969-1984 жылдары - «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігі траспорттық тиеу мекемесінің электрдәнекерлеушісі,электромеханигі. 1984-1991 жылдары - Қарағанды облыстық өсімдіктерді қорғау станциясының агрономы. 1991-1993 жылдары - Қарағанды облыстық табиғатты қорғау комитеті бөлімінің аға агрономы, «Фито-Эко» қорының директоры. 1993-2003 жылдары - «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламет Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы қызметін атқарады. «Молодежь и наркотики» (бірігіп шығарған, 2002ж.), «Организованная преступность и коррупция в Казахстане» (бірігіп шығарған, 2003 ж.) атты еңбектердің авторы.
ІІ дәрежелі Достық орденімен және медальдармен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 17-І, СЕНБІ
Өртке қарсы қызмет күні. 1918 жылғы сәуірдің 17-де Кеңес республикасы «Өртке қарсы күрес мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» Заңға қол қойды. Бұрынғы Кеңес одағының кейбір республикаларында өртке қарсы қызметті ұйымдастыру күні ретінде атап өту қабылданған. Бұл кәсіби мереке Қазақстанда да атап өтіледі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдар өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік істің ажырамас бөлігі болып саналады.
Бүкіләлемдік гемофиллия күні. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясы бастамасымен 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік гемофиллия күні жыл сайын аталып өтеді.
Сәуірдің 17-де Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясының негізін қалаушы Френк Шнайбель дүниеге келді.
Бұл күнді атап өту мақсаты қалың қоғамның назарын қан ұйығышының бұзылуынан азап шегіп жүргендерге қарай бұру.
Сирия Араб Республикасының Ұлттық мейрамы -Эвакуация күні. Сирия ресми түрде тәуелсiз республика болып 1941 жылғы қыркүйектің 20-ында жарияланған. Іс жүзiнде, шекарасынан шетел әскерлерін шығаруы аяқталған кезде, 1946 жылғы сәуiрдің 17-нен кейін тәуелсіздігін алды.
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 27-інде орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
110 жыл бұрын (1900) «Қайта жанданған акционерлік тау өндірістік қоғамына» Екібастұз қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Мыс қорыту зауыты жетекшілік етті. Бұл қоғам Ресей Қаржы министрлігінің қолдауымен 1898 жылы құрылған болатын. Ұйымдастырушысы павлодарлық саудагер И.А.Деров жолдасқа қоғамның жарты акциясы тиісті еді.
80 жыл бұрын (1930) Қазақстанда кезекті халық комиссары және республика прокуроры болып Боран Айтмағамбетов (1901-1938) тағайындалды. Бұл лауазымда ол 2 жылдай жұмыс істеп, репрессия жылдары жазаға ұшыраған.
3 жыл бұрын (2007) ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовтың (1924-1990) «Қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық-творчестволық байланыстары» кітабының таныстырылымы болды.
Бұл туынды қаламгердің өмірінің соңғы жылдарында жазған зерттеуі, қорғап үлгермеген докторлық диссертациясы болып табылады. Мұнда қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық байланысының шығу тегі мен даму жолдарының бірлігі тарихи тұрғыдан қарастырылады. Жазушының шығармашылығы 1950 жылдары басталды. Қазақ мультипликациясына зор үлес қосып, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» аннимациялық фильмінің сценарийін жазған.
1000 данамен шыққан кітапты баспаға даярлаған ақынның қызы Айгүл. Еңбекті репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры жарыққа шығарды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хайнань» провинциясының құрметті азаматы» атағына ие болды. (Қытай Халық Республикасы).
1 жыл бұрын (2009) Астанада Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және «ТеңізШевройл» ЖШС Қазақстанда кедендік рәсімдеудің ілкі жобасын іске асыру бойынша меморандум қабылдады.
Кедендік рәсімдеудің электрондық жүйесі басқарудың жоғарғы халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және осы салада Қазақстанды үздіктердің қатарына қосуға мүмкіндік береді.
1 жыл бұрын (2009) Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Бекет Ата» имандылық-тағылым жинағының тұсаукесері өтті. Кітаптың құрастырушысы - Атырау қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Ислам қажы Мырзабекұлы.
740 беттік кітап 9 бөлімнен тұрады. Олар - Бекет ата Мырзағұлұлының (1750-1813) өмірбаяны, оның атындағы мешіттер мен оның қалдырған мұралары, ата туралы жазылған ғылыми-тарихи зерттеулер, Бекет Атаны ұлықтау мақсатында өткен іс-шаралар, сондай-ақ сұхбаттар мен ой-пікірлер топтамасы.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-2003) театр суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СЕМИЗОРОВ Владимир Степанович дүниеге келді.
Ресейдің Луганск қаласында туған. Луганск көркемсурет училищесін, Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының суретші-қоюшы, бас суретшісі қызметтерін атқарған.
Осы театр сахнасында қойылған П.Чайковскийдің «Аққу көлі», А.Хачатурянның «Спартак» балеттеріне, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсына, сондай-ақ К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры сахнасына шығарылған П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсына айшықты да сәнді эскиздерін жасады.
«Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Бас прокурордың орынбасары СЕКІШЕВ Асқар Асанханұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Сарань қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2009 жылдан.
СӘУІРДІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.
Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту туралы» және «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.
5 жыл бұрын (2005) қазақстандық эколог Қайша Атаханова алғашқы рет қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үшін халықаралық Голдман сыйлығының иегері атанды.
Қайша Атаханова - төмен және орташарадиоактивті қалдықтарды басқа мемлекеттерден Қазақстанға әкеліп келуіне наразылық науқанын ұйымдастырған. Ол - биолог, радиактивті сәулелердің зардаптарын зерттейтін маман, Қарағандыдағы экологиялық орталықтың негізін қалаушысы және жетекшісі.
Экологиялық Голдман сыйлығын 1990 жылы қоғам қайраткері Ричард Голдманмен және оның жұбайы Родо бекіткен.
Сыйлықты жыл сайын Африка, Азия, Еуропа, Аралдар және Аралдардағы мемлекеттер, Солтүстік Америка, және Оңтүстік және Орталық Америкадағы аймақтардағы ғылыми-өндірістік бірлестіктің белсенділеріне береді. 15 жыл ішінде Голдман сыйлығын 65 елдің 107 табиғат қорғаушылары алған. Экологиялық сыйлықтың иегерлерін, бүкіләлемдік желі ұсынған экологиялық ұйымдар және жеке тұлғаларды халықаралық қазылар алқасы сайлайды.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда алғашқы рет Орталық Азияда, Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге Азия мен Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды бақылайтын «Белгісіз уақыт алдыңғы толқын арқылы» атты тұсау кесер рәсімі өтті.
Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО БҰҰ) дайындаған бақылаудың тұсау кесер рәсімі бір уақытта әлемнің жиырма қаласында өтті. Құжат 2006 жылғы Азия мен Тынық мұхит аймағындағы әсерлі әлеуметтік-экономикалық өсуді бақылады. Бақылаудың ерекше бір бөлімі жыныстық кемсіту мәселесіне арналған.
1 жыл бұрын (2009) елордада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жаңа парламенттік аллея салынды. Олар белгіленген орынға 155 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950) экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразия» ХЭА-нің академигі, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ЕРЖАНОВ Мұхтар Салтайұлы дүниеге келді
Қостанай облысы Таранов ауданында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.
1967-1972 жылдары - «1 мамыр» тігін фабрикасының аға бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары. 1972-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, аға оқытушысы, декан орынбасары. 1983-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институты қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі. 1985-1988 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік статистика комитетінің салааралық біліктілікті жетілдіру институтының директоры. 1988-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқарма академиясының докторанты. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы монополиялық саясат бойынша мемкомитеттің қаржы және есеп басқармасының бастығы. 1993-1996 жылдары - «Артур Андерсен» ЖАҚ бас директорының орынбасары. 1996-2005 жылдары - бас директоры, 2006-2008 жылдары - «Ержанов и К» аудиторлық компаниясының президенті. 1993-2008 жылдары - «Тұран» университетінің кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасы аудиторлық Палатасының вице-президенті, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері - «Тұран» университетінің профессоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры қызметін атқарады.