ҮКІМЕТ
Сәуірдің 16-сында Білім және ғылым министрлігінде «Грозный қаласындағы ҚР Президенті Н.Назарбаев атындағы мектеп» деген тақырыпта брифинг өтеді.
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
Сәуірдің 16-сында ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демократиялық саясат Ұлттық комиссиясының отырысы өтеді.
Сәуірдің 16-сында ҚР Бас прокуратурасында құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Сәуірдің 16-сында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде елорда кәсіпорындарының инвестициялық міндеттемелерін орындау жөніндегі есептері тыңдалады.
Сәуірдің 16-сында Астана қаласы прокуратурасында прокурорлық тексерістердің нәтижелері және заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі қабылданған шаралар жөнінде брифинг өтеді.
Сәуірдің 16-сында Алматы ауданының әкімдігінде «Айнұр» ПИК үлгісінде БҰҰ Даму бағдарламасын енгізу жобасына арналған кеңес өтеді.
СПОРТ
Сәуірдің 18-де футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады.
АСТАНА
Сәуірдің 16-сында Астанада «Риксос» қонақүйінде «Қазақстандағы ЭКО-ның 15 жылдығы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық мерейтойлық конференциясы өтеді.
Сәуірдің 16-сында Астанадағы медициналық академияда стоматологиядағы жаңа технологиялар мәселесіне арналған халықаралық конференция өтеді.
Сәуірдің 16-сында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің 14-отырысы өтеді.
Сәуірдің 16-сында «ҚазТрансГаз» АҚ қызметінің 10 жыолдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сәуірдің 16-сында Ұлттық баспасөз клубында мұсылман әйелдерге арналған «SalNur» журналының алғашқы санының шығуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
Сәуірдің 16-сында Бейбітшілік пен келісім сарайында Орынбай Дүйсеннің жеке концерті өтеді.
Сәуірдің 16-17-сінде Астана Медициналық университетінде І халықаралық конференция және стоматология көрмесі өтеді.
Сәуірдің 16-18-і аралығында Конгресс-Холлда Жас орындаушылардың ХІХ «Жас қанат» республикалық конкурсы өтеді.
Сәуірдің 17-сінде шығыс биінің «Астана жұлдызы-2010» фестивалі өтеді.
АЛМАТЫ
Сәуірдің 16-сында Алматы облысының Іле ауданына баспасөз туры өтеді.
Сәуірдің 16-сында Ғарыштық зерттеулер институтында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаевтың қатысуымен семинар өтеді.
Сәуірдің 16-сында Д.Қонаев мұражайында дөңгелек үстел өтеді.
Сәуірдің 16-сында Алматы қаласы тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерін қорғау проблемаларына арналған дөңгелек үстел өтеді.
Сәуірдің 16-сында Абай атындағы ҰПУ-де Абай сыйлығына педагог мамандықтары таңдаулы студенттерінің республикалық конкурсы өтеді.
Сәуірдің 16-сында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып» атты акция өтеді.
Сәуірдің 16-сында «Родина» кинотеатрында «DIDAR-2010» жастар кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.
Сәуірдің 16-сында Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында «Қырғызстандағы төңкеріс: себептері мен зардаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Сәуірдің 16-сында Қазақ Ұлттық техникалық университетінде 7-ші халықаралық мұнай-газ форумына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сәуірдің 16-сында Алматыда зейнетақы итөлеу жөніндегі мемлекетттік орталықтың салатанатты ашылуы өтеді.
Сәуірдің 16-сында «Спартак» стадинонда «Әз Наурыз Абай ауылында» атты наурыз мерекесі өтеді.
Сәуірдің 16-сында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде интеллектуалдық клубтың 5 жылдығына арналған шара өтеді.
Сәуірдің 16-17-сі аралығында Алматыда «DIDAR» кинофестивалі ұйымдастырылмақ.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Сәуірдің 10-ы мен мамырдың 10-ы аралығында Орал қаласында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы өткізіледі .
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
СӘУІРДІҢ 16-Ы, ЖҰМА
Болгарияда Конституция күні. Сәуірдің 16-да Болгарияда Заңгер күнін және Бірінші Болгар конституциясының мерекесі атап өтіледі (1879 жылы елдiң Бiрiншi Ұлы Халық жиналысында қабылданған Тырнов Конституциясы).
Арменияда полиция қызметкерлерінің күні. 2001 жылдан «Полиция туралы» заңы қабылданған күннен бастап атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
92 жыл бұрын (1918) Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды. Газет Әлібек Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автоколік қозғалысы Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарулы күштерді бірігіп қолдану Келісімін ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы тауарларды автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасы аумағынан транзиттік қозғалыс Келісімін ратификациялау туралы» Заңдарына қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың бекітілгеніне 15-жыл толуына байланысты Кубаның Қазақстандағы Елшісі Тересита Капоте Камачо Қазақстанның жазушысы Роллан Сейсенбаевты латын-американ әдебиетін насихаттаудағы қосқан үлесі үшін «Достық» орденімен марапаттады.
1 жыл бұрын (2009) Пекиндегі Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайдың Олимпиада комитетінің жоғарғы сыйлығын марапаттау рәсімі болып өтті.
Қытайдың Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң құрмет белгісі 2008 жылдың тамызында бекітілген және олимпиадалық қозғалыстың дамуына, спорт пен салауатты өмiр салтына өз үлестерін қосқаны үшін берiледi.
ЕСІМДЕР
135 жыл бұрын (1875-1933) немістің ботанигі және генетигі БАУР Эрвин дүниеге келді.
Гейдельбергтің, Фрайбургтің, Страсбургтің және Киляның университеттерінде медициналық білім алды.
Берлин университетіндегі алғашқы зерттеуші-генетик. Баур 1911 жылы Берлиннің Жоғары ауыл шаруашылық мектебінің профессоры, ал 1914 жылы генетика Институтының профессоры қызметтерін атқарды.
Еңбектерінің негізгі бағыты өсімдіктердің гибридтеріне, генетика жағынан гибридтердің түр-түрін алуға, өсімдіктердің өсу факторын, өсімдік түрлерін зерттеуге арналған.
Генетиканың (факториальды) талдау қағидаларын және арыстан жұтқыншығы өсімдігінің әр түрлі формадағы мутациясын жасады және бұл өсімдіктің генетикасын көп жылдар бойы зерттеген.
60 жыл бұрын (1950) агроном, экология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облыстық «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы КИСТ Виктор Эдуардович дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды кәсіптік-техникалық училищесін, Целиноград ауылшаруашылық институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті). 1969-1984 жылдары - «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігі траспорттық тиеу мекемесінің электрдәнекерлеушісі,электромеханигі. 1984-1991 жылдары - Қарағанды облыстық өсімдіктерді қорғау станциясының агрономы. 1991-1993 жылдары - Қарағанды облыстық табиғатты қорғау комитеті бөлімінің аға агрономы, «Фито-Эко» қорының директоры. 1993-2003 жылдары - «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламет Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - «Видергебурт» неміс ұлттық - мәдени орталығының төрағасы қызметін атқарады. «Молодежь и наркотики» (бірігіп шығарған, 2002ж.), «Организованная преступность и коррупция в Казахстане» (бірігіп шығарған, 2003 ж.) атты еңбектердің авторы.
ІІ дәрежелі Достық орденімен және медальдармен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 17-І, СЕНБІ
Өртке қарсы қызмет күні. 1918 жылғы сәуірдің 17-де Кеңес республикасы «Өртке қарсы күрес мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» Заңға қол қойды. Бұрынғы Кеңес одағының кейбір республикаларында өртке қарсы қызметті ұйымдастыру күні ретінде атап өту қабылданған. Бұл кәсіби мереке Қазақстанда да атап өтіледі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдар өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік істің ажырамас бөлігі болып саналады.
Бүкіләлемдік гемофиллия күні. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясы бастамасымен 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік гемофиллия күні жыл сайын аталып өтеді.
Сәуірдің 17-де Дүниежүзілік Гемофиллия Федерациясының негізін қалаушы Френк Шнайбель дүниеге келді.
Бұл күнді атап өту мақсаты қалың қоғамның назарын қан ұйығышының бұзылуынан азап шегіп жүргендерге қарай бұру.
Сирия Араб Республикасының Ұлттық мейрамы -Эвакуация күні. Сирия ресми түрде тәуелсiз республика болып 1941 жылғы қыркүйектің 20-ында жарияланған. Іс жүзiнде, шекарасынан шетел әскерлерін шығаруы аяқталған кезде, 1946 жылғы сәуiрдің 17-нен кейін тәуелсіздігін алды.
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 27-інде орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
110 жыл бұрын (1900) «Қайта жанданған акционерлік тау өндірістік қоғамына» Екібастұз қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Мыс қорыту зауыты жетекшілік етті. Бұл қоғам Ресей Қаржы министрлігінің қолдауымен 1898 жылы құрылған болатын. Ұйымдастырушысы павлодарлық саудагер И.А.Деров жолдасқа қоғамның жарты акциясы тиісті еді.
80 жыл бұрын (1930) Қазақстанда кезекті халық комиссары және республика прокуроры болып Боран Айтмағамбетов (1901-1938) тағайындалды. Бұл лауазымда ол 2 жылдай жұмыс істеп, репрессия жылдары жазаға ұшыраған.
3 жыл бұрын (2007) ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовтың (1924-1990) «Қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық-творчестволық байланыстары» кітабының таныстырылымы болды.
Бұл туынды қаламгердің өмірінің соңғы жылдарында жазған зерттеуі, қорғап үлгермеген докторлық диссертациясы болып табылады. Мұнда қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық байланысының шығу тегі мен даму жолдарының бірлігі тарихи тұрғыдан қарастырылады. Жазушының шығармашылығы 1950 жылдары басталды. Қазақ мультипликациясына зор үлес қосып, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» аннимациялық фильмінің сценарийін жазған.
1000 данамен шыққан кітапты баспаға даярлаған ақынның қызы Айгүл. Еңбекті репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры жарыққа шығарды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хайнань» провинциясының құрметті азаматы» атағына ие болды. (Қытай Халық Республикасы).
1 жыл бұрын (2009) Астанада Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және «ТеңізШевройл» ЖШС Қазақстанда кедендік рәсімдеудің ілкі жобасын іске асыру бойынша меморандум қабылдады.
Кедендік рәсімдеудің электрондық жүйесі басқарудың жоғарғы халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және осы салада Қазақстанды үздіктердің қатарына қосуға мүмкіндік береді.
1 жыл бұрын (2009) Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Бекет Ата» имандылық-тағылым жинағының тұсаукесері өтті. Кітаптың құрастырушысы - Атырау қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Ислам қажы Мырзабекұлы.
740 беттік кітап 9 бөлімнен тұрады. Олар - Бекет ата Мырзағұлұлының (1750-1813) өмірбаяны, оның атындағы мешіттер мен оның қалдырған мұралары, ата туралы жазылған ғылыми-тарихи зерттеулер, Бекет Атаны ұлықтау мақсатында өткен іс-шаралар, сондай-ақ сұхбаттар мен ой-пікірлер топтамасы.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1935-2003) театр суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СЕМИЗОРОВ Владимир Степанович дүниеге келді.
Ресейдің Луганск қаласында туған. Луганск көркемсурет училищесін, Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының суретші-қоюшы, бас суретшісі қызметтерін атқарған.
Осы театр сахнасында қойылған П.Чайковскийдің «Аққу көлі», А.Хачатурянның «Спартак» балеттеріне, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсына, сондай-ақ К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры сахнасына шығарылған П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсына айшықты да сәнді эскиздерін жасады.
«Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Бас прокурордың орынбасары СЕКІШЕВ Асқар Асанханұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Сарань қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2009 жылдан.
СӘУІРДІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.
Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту туралы» және «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.
5 жыл бұрын (2005) қазақстандық эколог Қайша Атаханова алғашқы рет қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үшін халықаралық Голдман сыйлығының иегері атанды.
Қайша Атаханова - төмен және орташарадиоактивті қалдықтарды басқа мемлекеттерден Қазақстанға әкеліп келуіне наразылық науқанын ұйымдастырған. Ол - биолог, радиактивті сәулелердің зардаптарын зерттейтін маман, Қарағандыдағы экологиялық орталықтың негізін қалаушысы және жетекшісі.
Экологиялық Голдман сыйлығын 1990 жылы қоғам қайраткері Ричард Голдманмен және оның жұбайы Родо бекіткен.
Сыйлықты жыл сайын Африка, Азия, Еуропа, Аралдар және Аралдардағы мемлекеттер, Солтүстік Америка, және Оңтүстік және Орталық Америкадағы аймақтардағы ғылыми-өндірістік бірлестіктің белсенділеріне береді. 15 жыл ішінде Голдман сыйлығын 65 елдің 107 табиғат қорғаушылары алған. Экологиялық сыйлықтың иегерлерін, бүкіләлемдік желі ұсынған экологиялық ұйымдар және жеке тұлғаларды халықаралық қазылар алқасы сайлайды.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда алғашқы рет Орталық Азияда, Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге Азия мен Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды бақылайтын «Белгісіз уақыт алдыңғы толқын арқылы» атты тұсау кесер рәсімі өтті.
Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО БҰҰ) дайындаған бақылаудың тұсау кесер рәсімі бір уақытта әлемнің жиырма қаласында өтті. Құжат 2006 жылғы Азия мен Тынық мұхит аймағындағы әсерлі әлеуметтік-экономикалық өсуді бақылады. Бақылаудың ерекше бір бөлімі жыныстық кемсіту мәселесіне арналған.
1 жыл бұрын (2009) елордада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жаңа парламенттік аллея салынды. Олар белгіленген орынға 155 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950) экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразия» ХЭА-нің академигі, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ЕРЖАНОВ Мұхтар Салтайұлы дүниеге келді
Қостанай облысы Таранов ауданында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.
1967-1972 жылдары - «1 мамыр» тігін фабрикасының аға бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары. 1972-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, аға оқытушысы, декан орынбасары. 1983-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институты қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі. 1985-1988 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік статистика комитетінің салааралық біліктілікті жетілдіру институтының директоры. 1988-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқарма академиясының докторанты. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы монополиялық саясат бойынша мемкомитеттің қаржы және есеп басқармасының бастығы. 1993-1996 жылдары - «Артур Андерсен» ЖАҚ бас директорының орынбасары. 1996-2005 жылдары - бас директоры, 2006-2008 жылдары - «Ержанов и К» аудиторлық компаниясының президенті. 1993-2008 жылдары - «Тұран» университетінің кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасы аудиторлық Палатасының вице-президенті, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері - «Тұран» университетінің профессоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры қызметін атқарады.