ҮКІМЕТ
Сәуірдің 26-сында сағат 10.00-да Ішкі істер министрлігінде «Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жағдайы туралы» деген тақырыпта Үкімет сағатының көшпелі мәжілісі өтеді. Министр Серік Баймағанбетов баяндама жасайды.
Сәуірдің 26-сында сағат 12.00-де Үкіметте селекторлық кеңес өтеді.
Сәуірдің 26-сында сағат 15.30-да Сыртқы істер министрлігінде апталық брифинг болады.
Сәуірдің 26-сында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Жеңістің 65 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған еңбек, қорғаныс, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары қатысады.
Сәуірдің 27-сінде сағат 17.00-де Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.Исекешевтің төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Сәуірдің 28-інде мәскеу уақыты бойынша сағат 21.10-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс М-05М» жүк кемесі ұшырылады.
ӘЛЕМ
Сәуірдің 21-і мен 27-сі аралығында Висбаденде ((Гессен федералдық жері) шығысеуропалық киноның халықаралық «Go East» («Шығысқа қарай алға») фестивалі өтуде.
Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 4-і аралығында Әзірбайжан астанасы - Бакуде мектеп оқушыларының химия пәнінен Менделеев олимпиадасы өтеді.
Сәуірдің 28-і мен 30-ы аралығында Венада ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің IV Вена экономикалық форумы өтеді.
Мамырдың 1-і мен қазанның 30-ы аралығында Шанхайда «ЭКСПО-2010» халықаралық көрмесі өтеді. Оған 50 халықаралық ұйым қатысады.
ҚОҒАМ
Сәуірдің 15-інен мамырдың 15-іне дейін елімізде «Балалар - біздің болашағымыз» акциясы өтуде.
Сәуірдің 9-ынан мамырдың 9-ына дейін елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» акциясы өтуде.
Сәуірдің 23-і мен 30-ы аралығында Қазақстанда «Игілікті іс - әр күн сайын» ұранымен Ізгілік апталығы өтуде.
СПОРТ
Сәуірдің 15-і мен мамырдың 15-і аралығында Қазақстанда «Балалар - біздің болашағымыз» атты акция өтуде.
Сәуірдің 9-ы мен мамырдың 9-ы аралығында Қазақстанда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» атты акция өтуде.
Сәуірдің 23-і мен 30-ы аралығында Қазақстанда «Әр күн сайын - бір ізгі іс» деген ұранмен Ізгілік апталығы өтуде.
Сәуірдің 26-сында елордадағы «Астана-Арена» стадионында жасөспірімдер арасында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Кубогы» ІІІ халықаралық турнирі өтеді.
Сәуірдің 26-сында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында халықаралық санаттағы спорт шебері А.Гавриловты еске алуға арналған жүзуден Қазақстан біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі болады.
Мамырдың 1-і мен 9-ында қазақстандықтар үш күннен демалады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, Қазақстанда демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады. Яғни, биыл қазақстандықтар мамырдың 1-,2-,3-і және 8-,9-,10-ы күндері демалатын болады.
СПОРТ
Сәуірдің 21-30-ы аралығында Көкшетауда қыздар командалары арасында баскетболдан ҚР XVIII чемпионатының жартылай финалдық және финалдық ойындары өтуде.
Сәуірдің 25-30-ы аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі үшін футболдан дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. Бұл шараны Қазақстанның Футбол федерациясы мен «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отыр.
Сәуірдің 25-і мен мамырдың 2-сі аралығында Бакуде жастар арасында бокстан XVI Әлем чемпионаты өтуде.
Сәуірдің 28-і мен мамырдың 3-і аралығында Бангкокте жастар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді.
АСТАНА
Сәуірдің 26-сында Ұлттық академиялық кітапханада «Отанға айналған жер» атты кітаптың таныстырылымы өтеді. Кітап авторы - Мәжіліс жепутаты Олег Дымов.
Сәуірдің 26-сында №3 орта мектепте Б.Момышұлыны еске алуға арналған кітаптың таныстырылымы болады.
Сәуірдің 26-сында «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде қалалық және аудандық жастар мәслихаттары депутаттарының лауазымдарына салтанатты кірісулеріне арналған инаугурация рәсімі болады.
Сәуірдің 26-27-сінде «Көрме» орталығында ТМД елдері мұғалімдерінің І съезді өтеді.
Сәуірдің 27-29-ында Астанада Жастар форумы өтеді.
АЛМАТЫ
Сәуірдің 26-сында Тұңғыш Президент қорында «Аяла» және «Дара» қайырымдылық қорлары А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиологирургиялық бөліміне тартулар жасайды.
Сәуірдің 26-сында Республикалық Кітап мұражайында кітам көрмесі ашылады.
Сәуірдің 26-сы мен мамырдың 1-і аралығында Алматыда «Жобаларды тәжірибелік басқару» деген тақырыпта семинар өтеді.
Сәуірдің 27-28-інде Алматыда Еуразиялық медиа-форумның ІХ конференциясы өтеді.
Сәуірдің 28-інде Ақсай-2 ықшамауданындағы №2 балалар үйінде «Алматының апортын жандандырайық!» деп аталатын көктемгі қайырымдылық акциясы өтеді.
Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 20-сы аралығында Мемлекеттік мұражайда Германияның Қазақстандағы жылының аясында «Алтын дала» көрмесі өтеді.
АЙМАҚТАР
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Сәуірдің 26-сында Ақтөбеде Әлия Молдағаұлованы еске алуға арналған кеш болады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сәуірдің 15-і мен 29-ы аралығында Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада Германияның Қазақстандағы жылы ауқымында «Қазіргі Германия» көрмесі өтуде.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Сәуірдің 26-сы мен мамырдың 8-і аралығында Инновациялық Еуразиялық университеттің Ғылыми кітапханасында Германияның Қазақстандағы жылының аясында «Су және энергия: өзің үшін Н2О және Ватт әлемін аш!» атты көрме өтеді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сәуірдің 26-сында Шымкенттегі облыстық драмалық театрда анимациялық киноның «Алтын жебе»
ІІ фестивалі өтеді.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
СӘУІРДІҢ 26-Ы, ДҮЙСЕНБІ
ЮНИСЕФ Білім саласындағы әрекеттерінің жаһандық аптасы (сәуірдің 26-30 аралығында).
Халықаралық зияткерлік меншік күні. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас ассамблеясы 2000-ыншы жылғы қыркүйектегі мәжілісінде осы мерекені бекіту туралы шешім қабылдады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні адамның күнделікті өмірінде және қоғамды жетілдіруде инновациялардың маңызын атап өтуге мүмкіндік береді. Патенттердің, тауар белгілерінің, автор құқығы мен еншілес құқықтардың шығармашылық пен білім нәтижелері ретінде экономикалық және мәдени дамуға жәрдем жасайтын қуатты құралдар.
Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылғы сәуірдің 26-ында Чернобыль атом электр стансысында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-індегі қаулысына сәйкес атап өтіледі.
2005 жылғы тамыздың 26-ында Қазан қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесінде Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың 20 жылдығына байланысты және халықаралық қоғамдастықтың назарын радиациялық қауіпсіздік мәселесіне аудару мақсатында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықтары мен әлемдік қауымдастыққа үндеу» қабылданды.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бірінші рет «Алтын алқа» белгісін табыс етті.
«Алтын алқа» - 1993 жылы бекітілген орден. Көп балалы аналарға беріледі.
10 жыл бұрын (2000) Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит ашылды. Басқосуға әлемнің 37 елінен 500-дей саяси басшылар, жетекші бизнесшілер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумның төралқасын Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекет пен үкімет басшылары құрады. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан президенттері, Әзірбайжанның Премьер-Министрі сөз сөйледі. Мемлекеттер жетекшілері Еуразия өңірін дамыту мәселелерін, оның мүмкіндіктері мен проблемаларын, өңірдің инвестициялар үшін тартымдылығы мен оның әлемдік аренада атқаратын рөлін талқылады.
10 жыл бұрын (2000) Атырауда халық ақыны Фариза Оңғарсынованың мерей тойына арналған мерекелік шара өтті.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Чернобыль атом электр станциясындағы апат қалдықтарын жойған қазақстандық жауынгерлердің ерен еңбегіне арналған граниттен жасалған ескерткіш тақта орнатылды.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1935) қытай актрисасы ЛИНЪЮЙ (ФЭНГЭН) Жуань дүниеге келді.
Шанхай (ҚХР) қаласында туған.
Жуань бастапқысында Mingxing Film Studio киностудиясында жұмыс iстедi, содан соң Lianhua Film Company студиясына ауысып кетті.
Оның «Пекин туралы еске алу» фильміндегі алғашқы рөлі үлкен жетістікке жеткізді, көп ұзамай Жуань студияның бастапқы актерлері тізімі қатарында болды.
Ол түскен танымал фильмдер: «Махаббат және парыз», «Қазіргі заманғы үш әйел», «Кішкентай ойыншықтар», «Құдай ана».
СӘУІРДІҢ 27-І, СЕЙСЕНБІ
Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 1994 жылы бұл елде алғаш рет жалпыхалықтық демократиялық сайлау болып өтті.
Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 5-інде орнатылды.
Одақтық Югославия Республикасының Ұлттық мейрамы - Одақтық Югославия Республикасының күні (1992). Одақтық Югославия Республикасы Еуропаның оңтүстігіндегі мемлекет. Ресми тілі - сербия-хорватиялық тілі. Астанасы - Белград. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - 2 палаталы одақ (Азаматтар вечесі және Мемлекет вечесі).
Қазақстан Республикасы мен Одақтық Югославия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылдың 10 желтоқсанында орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Алматыда елдегі алғашқы бес жұлдызды «Рахат-Палас» мейманханасы құрылысының аяқталуы салтанатты түрде атап өтілді. Жаңа мейманхана кешенінде жоғары дәрежелі қонақ үйде болуға тиісті мейрамхана, дүкендер, бизнес орталығы, конференция залдары, арнайы клубтарға арналған бөлмелер, жабық жүзу бассейні бар.
10 жыл бұрын (2000) Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы Бағдарламасын (СПЕКА) таныстыру рәсімі болды. Оған Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (ЕЭК), сондай-ақ БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит өңіріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының (ЭСКАТО) делегациялары қатысты. Президент Н. Назарбаев бастамашысы болған бұл іс-шараның басты мақсаты - Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық даму қарқынын және Еуропа мен Азияның экономикасына кірігуін жеделдету мақсатында олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайта беру. Бағдарламаны таныстыру рәсімінде ұйымдастыру кезеңінің қорытындысы шығарылып, таяудағы жылдары оны іске асырудың нақтылы іс-шаралары белгіленді. Басқосуға қатысқандар СПЕКА, ЕЭК және ЭСКАТО-ға қатысушы елдерге Бірлескен мәлімдеме қабылдап, сонымен Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне ықыластылық қуатталды.
3 жыл бұрын (2007) Есеп комитетінің төрағасы мен Польшаның Жоғарғы бақылау палатасының президенті ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.
Келісімде аналитика, методологиялық ақпарат саласында қаржылық бақылау бойынша екі елдің мамандарының тәжірибе алмасуы және кәсіби оқыту мәселелері қамтылған.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда қазақстанның танымал ғалымы, экономика ғылымдарының докторы Арыстан Есентүгеловтің «Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы: нарықтық реформалардың тарихы» атты жаңа кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Кітапта социалистік жүйенің, КСРО құлдырауының өте маңызды себептері ашылған, нарықтық экономикаға өткен кезең туралы ашып айтылған. Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңі және ұлттық валютаны енгізген жағдайлары жазылған.
ЕСІМДЕР
135 жыл бұрын (1875-1962) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері БЕЗСОНОВ Андрей Иванович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Нижний Новгород қаласында туған. Санкт-Петербор университетін бітірген.
1938-1951 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Топырақтану институтының Қазақ филиалының сектор меңгерушісі, Қазақстан Ғылым Академиясы Топырақтану институты директорның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Негізгі еңбектері топырақтану мәселелеріне арналған. Орталық Қазақстан, Ертіс аймағы, Сырдария, Тянь-Шань, Алтай аймақтарының топырақ жамылғысын зерттеуге қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы бір шың мен мұздық Андрей Безсонов есімімен аталады.
55 жыл бұрын (1955) философия ғылымының кандидаты, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ОМАРОВ Жанай Сейітжанұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
1980-1986 жылдары - Қазақ политехникалық институтының оқытушысы, аға оқытушы, доцент. 1986-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институты кафедрасының меңгерушісі. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Білім беру министрлігі қоғамдық ғылымдарды оқыту бас басқармасының бастығы. 1991-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1993-1998 жылдары - «Трейдинг Сервис» компаниясының бас директоры, «Емшан» акционерлік қоғамының бас директоры. 1998-1999 жылдары - Алматы қалалық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, Жұртшылықпен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 2004-2007 жылдары - «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті. 2007-2008 жылдары -«Kazakhstan today» агенттігі» ЖШС баспа үйінің бас директоры, «Мы выбираем Караван - Караван выбирает нас» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Аталған қызметінде - 2008 жылдың қыркүйек айынан.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 28-І, СӘРСЕНБІ
Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен өткізіледі. ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен. Ал, Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (ИСО) стандарттарын енгізу арқылы осындай кездейсоқ жайттардың алдын алуға болады.
Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні. Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі.
Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады. 2001 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
140 жыл бұрын (1870) Ташкент қаласында қазақ баспасөзінің тұңғышы - «Түркістан уәлаяты газеті» жарыққа шықты. Газет «Түркістан ведомостарына» қосымша ретінде айына екі рет екі тілде шығып тұрды.
10 жыл бұрын (2000) Алматы қаласында Түркия киносының күндері өтті.
5 жыл бұрын (2005) Президент Н.А.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Халық Қаһарманы, Ұлы отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсеновтың Кеңсайдағы зиратына ескерткіш орнатылды.
Қасым Қайсенов (1918-2006) - партизандар қозғалысының көрнекті ұйымдастырушысы, В.Чапаев атындағы дивизия отрядтарын басқарған, Украинаның, Молдованың, Румынияның, Чехословакияның жерінде көптеген операцияларды өткізді.
Ұлы Отан соғысының І дәрежелі, Богдан Хмельницкийдің, «Еңбек Ері», «Халык каһарманы» ордендерімен, КСРО-ның 25 медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазақ әдебиетіндегі партизан соғысы тақырыбының негізін қалаушы қаламгер «Жас партизан», «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында», «Партизан шайқастары» сынды әңгімелер, очерктер мен повестер жазып қалдырған.
1 жыл бұрын (2009) Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Орталықтың міндеті жерлесіміз Шер-ағаның шығармашылық мұраларын зерттеу және насихаттау болып отыр. Шерхан Мұртаза қазақ жазушыларының ішінде бірінші болып саясат және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894-1938) туралы роман жазды.
1 жыл бұрын (2009) Қызылорда облысының Шиелі ауданында өндірістік қуаттылығы жылына 750 тонна уранды жер астынан шайып шығаратын жаңа «Иркөл» кенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Атом энергетикасы саласындағы қазақстан мен қытай ынтымақтастығының аясындағы өндіріске енгізілген бірінші кен болып табылады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Медеу аудандық салық басқармасының бастығы, салық қызметінің 3-рангілі мемлекеттік кеңесшісі, «Салық қызметінің үздігі», Үкімет салық қызметінің 3-рангілі мүшесі, «Қазақстан Республикасы Салық Консультанттары Палатасы» қоғамдық ұйымының мүшесі КІРТАЕВ Бақытжан Мұхамеджанұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті), «Тұран» университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясы заңды тұлғаларға салық салу басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитеті есеп-талдау басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Аталған қызметінде - 2008 жылдың мамыр айынан.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) Ақтөбе облысы бойынша кеденді бақылау департаментінің бастығы КОЧУБЕЙ Александр Петрович дүниеге келді.
Ақмола облысы Ерейментау ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Целина аймақтық кеденінде, Ақмола облысы бойынша бас кедендік бақылау басқармасында, «Астана-жаңа қала» кеденінде, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің кеденді бақылау комитетінде инспекторлық және жетекшілік қызметтер атқарған. Аталған қызметінде - 2010 жылдың қаңтар айынан.
«Кеден органдарындағы озат қызметі үшін» 2-ші және 3-ші дәрежедегі төс белгілерімен, «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісімен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 29-Ы, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық би күні. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап, француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай атап өтіледі.
Халықаралық би күні - «барлық биді» бірге біріктіруіне қызмет етеді, өнердің осы түрінде мейрам жасау керек және оның саяси, мәдениетті және этникалық шекараны қиып өтетін мүмкіндігі бар, адамдарды достық пен бейбітшілік үшін қосу, би тілінде - сөйлесуге мүмкіндік беру.
ОҚИҒАЛАР
70 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасының премьерасы қойылды.
18 жыл бұрын (1992) Алматыда түрік елшілігі салтанатпен ашылды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі ақын Дүйсенбек Нақыповтың «Ре уақыты» атты поэмалар жинағы мен «Желдің көлеңкесі» атты романының таныстырылымы өтті.
Ақынның «Ре уақыты» атты жинағына 2001-2008 жылдары жазылған он жеті поэмасы мен екі эсселер топтамасы кірген. Ал «Желдің көлеңкесі» атты романында Алматы қаласындағы адамдардың тағдыры баяндалады.
1 жыл бұрын (2009) Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясында «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру жобасы бекітілді.
Құрметті атақ елорданың әлеуметтік саласын, ғылым және білім, экономикасын дамытудағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға да беріледі. Аталмыш дәрежені беру мәслихат сессиясының шешімімен жүзеге асырылады. Астана қаласының әкімі құрмет атағын беру туралы ұсынымды сессия мәслихатының қарауына жібереді. Осындай атаққа, құрметке ие болған тұлғаға елорда әкімі мен мәслихат хатшысы қол қойған «Құрмет дипломы» және арнайы куәлік тапсырылады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-1995) жазушы САРҒАСҚАЕВ Сансызбай дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Жамбыл облысының Қордай ауданында туған.
«Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторы, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
«Достар» атты әңгімелер мен повестер жинағының, «Бір отрядта», «Сәуленің жаңа достары», «Көңілді балалар», «Біз бір көшеденбіз», «Биіктен биікке» кітаптарының, «Мұғалима», «Сұлутөр» балалар романының авторы. Бірнеше шығармасы орыс тіліне аударылған.
45 жыл бұрын (1965) Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі ТОҚЖАНОВ Марат Лұқпанұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2008 жылдан.
СӘУІРДІҢ 30-Ы, ЖҰМА
Швеция Корольдігінің ұлттық мейрамы - Корольдің туған күні (1946). Швеция Корольдігі Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Астанасы - Стокгольм қаласы. Басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - король. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент (риксдаг). Ресми тілі - швед тілі. Ақша бірлігі - швед кронасы.
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.
Нидерланды Корольдігінің ұлттық мейрамы - Королева күні. Нидерланды - Батыс Еуропадағы мемлекет. Нидерландының солтүстік және батыс бөлігі Солтүстік теңіздің жағалауында орналасқан. Ресми тілі - нидерланд тілі. Басқару формасы - конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы - екі палатадан тұратын Бас Штаттар. Астанасы - Амстердам қаласы. Ақша бірлігі - евро.
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 10-ында орнатылды. Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі - Мурзамадиева Майнюра Саветовна. Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі - Франс Потойт.
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын (1945) Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Болгарлардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының 100 жылдығына орай Павлодар облысының Ақтоғай ауылындағы Жеңіс саябағында Достық аллеясы отырғызылды.
Столыпин реформасы жылдары болгарлар Ақтоғай ауданында бірнеше село құрған болатын. Өткен ғасырда қазақтың қонақжай жері болгар диаспорасының бірнеше буын өкілдеріне отан болып отыр. Достық аллеясына алғашқы көшеттерді көнекөз қариялар, ардагерлер және облыстық болгар ұлттық мәдени орталығының белсенділері отырғызды.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентіндегі орталық саябаққа облысқа танымал тұлға, ауданның шаруашылық саласын қалыптастырып, дамытуға еңбек сіңірген басшы Қыдырбай Жүсіповтың есімі берілді.
Қыдырбай Жүсіпов (1933-1994) жетпісінші жылдары Шетпе ауылының коммуналдық-шаруашылық жұмыстарына басшылық етіп, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан ауылды өркендетуге үлес қосқан азамат.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1998) кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі ЫСМАЙЫЛОВ Әубәкір дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.
«Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газеті мен Петропавл қаласындағы өлкетану мұражайының суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі әрі режиссеры қызметтерін атқарған.
Ұлттық кескіндеме өнерінің реалистік бағытындағы суретші, стилі халық шеберлері туындаларымен астасып жатады. «Көртоғай», «Хантәңіріндегі жайлау», «Шалкөде алабы» атты шығармалардың авторы.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.