ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 30-ы мен мамырдың 3-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 30-ы мен мамырдың 3-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ Сәуірдің 30-ында Үкімет отырысы өтеді.Сәуірдің 30-ында Сыртқы істер министрлігінде министр М.Тәжин Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевпен кездеседі. Сәуірдің 30-ында Тәуелсіздік сарайында Премьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен Президент жанындағы Сәулет кеңесінің отырысы өтеді. ПАРЛАМЕНТСәуірдің 27-сі мен 30-ы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспарында аздаған өзгерістер бар. Мамыр мейрамына байланысты жұмыс аптасы төрт күн болады. Дүйсенбі, сәуірдің 27-сі күні Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобында өлім жазасына қатысты заң жобасы қаралса, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жұмыс тобында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы талқыға салынады. Сейсенбі, бейсенбі күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.Бейсенбі, сәуірдің 30-ы күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 11-і аралығында «Жастардың кадрлық резерві» атты жобаның байқауы өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жиырма тоғыз жасқа дейінгі отандық және шетелдік оқу орнын бітірген жас мамандар мен ЖОО-ның соңғы курс студенттері қатыса алады. Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 16-сы аралығында Қытайдағы қазақтар шоғырлана қоныстанған 4 қала, 14 ауданда Қазақстан мен Қытай қазақтары айтыс өнерінің саңлақтары «Жекпе-жек» айтысын өткізбек.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМСәуірдің 28-30-ы күндері ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчичтің Қазақстанға сапары өтеді.Сәуірдің 29-30-ында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевтың Қазақстанға ресми сапары болады. Сапар барысында екі мемлекет арасында 2003 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шартқа сәйкес құрылған Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы өткізіледі. Сәуірдің 30-ында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ж.Даненовтың төрағалығымен Жан-жақты мерзімдік шолу (ЖМШ) бойынша консультациялық кездесу өткізу жоспарланып отыр. Бұл кездесуге БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады. АСТАНАСәуірдің 30-ында «Думан» қонақүйінде KazEhergy үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді. Сәуірдің 30-ында «Рэдиссон САС» қонақүйінде «Қазақстанның мұнай-газ саласына әлеуметтік инвестициялар» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Сәуірдің 30-ында Президенттік мәдениет орталығында қолөнершілердің «Шебер» І республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Сәуірдің 30-ында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі және «ӘКК туралы» ҚР Заңының жобасы» тақыбырына арналған кеңес өтеді.Елордада ағымдағы жылғы мамырдың 1-інен бастап «Астанаэнергиятарату» ЖШС электр энергиясына тарифтерді 1 кВт/сағатқа 5,62 теңгеден қосымша құн салығын қоса есептегенде 6,04 теңгеге дейін өсірмек.АЛМАТЫ Сәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтуде.Сәуірдің 30-ында Оқушылар сарайында «Жас жол инспекторлары» жалпықалалық слеті өтеді. Сәуірдің 30-ында Ғ.Мүсірепов атындағы мұражайда «Мүсірепов оқулары» өтеді. АЙМАҚАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫСәуірдің 26-сы мен 29-ы аралығында Халықаралық астрономия күніне арналған «Астрон-2009» екінші аймақтық астрономиялық конференциясы өтеді. Облыстық білім және мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылған конференцияға Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 8-10-шы сынып оқушылары қатысады. Конференцияның басты мақсаты ?мектеп оқушыларының астрономия мен ғарыш саласына қызығушылығын ояту. Үш күн ішінде оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғайды, Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болады, жиынның құрметті қонағы - ғарыш техникасының еңбек сіңірген сынаушысы, профессор, генерал-майор В.Т.Довганьмен, астрономия мамандарымен кездеседі.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫМамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді. БАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРСӘУІРДІҢ 30-Ы, БЕЙСЕНБІВьетнамда жеңіс күні. 1975 жылы Оңтүстік Вьетнамның басты қаласы Сайгон азат етілді. Бұл соғыстың аяқталуына және оңтүстік пен солтүстіктің бірігуіне жол ашты.Швеция Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Корольдің туған күні (1946). Швеция ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Скандинавия түбегінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай 1600 шақырымға, шығыстан батысқа 400 шақырымға созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі мен шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңтүстік-батыс жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Сонымен қатар Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары да осы мемлекетке қарайды. Астанасы ? Стокгольм қаласы. Мемлекеттік тілі ? швед тілі. Ақша бірлігі ? швед кронасы. Швеция ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Заң шығарушы жоғарғы органы бір палаталы парламент ? Риксдаг. Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды. Нидерланды Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Королева күні. Нидерланды ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Бейресми атауы ? Голландия. Солтүстігінен және батысынан Солтүстік теңіз қоршап жатыр. Оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Германиямен шектеседі. Сонымен қатар батыс Фриз аралдары да осы корольдіктің құрамына кіреді. Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Амстердам қаласы. Бірақ король резиденциясы, парламенті, үкіметі және дипломатиялық өкілдіктері Гаага қаласында орналасқан. Мемлекеттік тілі ? нидерланд тілі. Ақша бірлігі ? еуро. Нидерланды ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Министрлер Кабинеті. Заң шығарушы жоғарғы органы екі палаталы парламент ? Бас штат. Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 10-ында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР91 жыл бұрын (1918) Ташкентте өткен Түркістан кеңестерінің V төтенше аймақтық съезінде РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.70 жыл бұрын (1939) Нью-Йоркта Бүкіләлемдік өндірістік көрме ашылды. Осы көрменің ашылуын көрсетумен АҚШ-та тұрақты түрде телехабарлар тарату басталды.4 жыл бұрын (2005) корейлік Юнг Сеук Парк (Оңтүстік Корея) жаяу Солтүстік полюсқа жетті.ЕСІМДЕР30 жыл бұрын (1979) шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық гроссмейстер, Жасөспірімдер арасында шахматтан Әлем чемпионы, Қазақстан жастар Конгресінің мүшесі САДУАҚАСОВ Дәрмен Қанатұлы дүниеге келді. Астана қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Жаттықтырушысы ? Асанов Болат. Ол 1998 жылы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. 1999-2004 жылдары Қазақстанның ерлер арасында үш дүркін чемпионы болды. 2004 жылдың тамызында Копенгаген (Дания) қаласында шахматтан өткен халықаралық турнирде алтын жүлдені жеңіп алды. 2007 жылдан Карнеги Меллон (АҚШ) университетінде оқиды. «Құрмет» орденімен марапатталған.