«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі «Астана қалай бой көтерді» арнайы фото жобасын дайындады. Жоба үшін мыңнан астам суреттер іріктелді, оның ішінен агенттіктің фото тілшілері Александр Павский, Мұхтар Холдорбеков, Виктор Федюниннің эксклюзивті 400-ден астам түсірілімдері сайтқа орналастырылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік архивтің фото материалдары пайдаланылды.
Бұл жоба әрі қарай жалғасын тауып, оқырмандар сайттан міндетті түрде жаңа және тарихи фотосуреттер тамашалайтын болады. Жаңа астананың арқасында Қазақстан әлемге танылып, «Астана» сөзі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қатар аталып келеді.
Астана - Президент қанатының астына алған, күллі қазақстандықтардың арманы орындалатын орын. Жаңа астананы салу экономиканы және басқа да салаларды дамыту үшін локомотивке айналды. Мұнда еңбек етіп, бай-қуатты өмір сүргісі келетіндер мен жалынды жастардың күмәнсіз жүзеге асатын жасампаз мақсаттары туып, іске аспақ. Осылардың барлығы біздің фото жобамыздан көрініс табады.