Мәселен, бақ азаматтарға жануарларды үйлеріне алуды ұсынады. Осылайша оның азығына кететін шығынды хайуанды үйіне алғандар өтейді. Жануарларды күту үшін еріктілер шақыртылады. Сондай-ақ, 1937 жылы ашылған алматылық хайуанаттар бағы жаңа логотипі мен мекемені қалпына келтіру жоспарымен таныстырды. ҚазАқпарат Сіздердің назарларыңызға хайуанаттар бағының өмірінен сыр шертетін суреттерді ұсынады. \
11:37, 10 Сәуір 2014
«ҚазАқпарат» ХАА ФОТОРЕПОРТАЖЫ: Алматылық хайуанаттар бағы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық хайуанаттар бағы кезекті маусымның басталуымен жаңашылдықтарын жария етті. Бұл - мекемеге келушілердің санын арттырып, табысты ұлғайту үшін жасалған шаралар.