Президентің ел, халық игілігі үшін атқарған жұмыстарын насихаттауға белсене қатысқан азаматтарға берілетін Алғыс хатты Мұхтар Холдарбековке бүгін агенттік басшысы Асқар Умаров салтанатты жағдайда табыс етті.
Сонымен қатар, шара барысында «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының кеңесшісі Қанат Тоқабаевқа ҚР Ақпарат және қоғамды даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Дәл осындай төсбелгімен агенттіктің Алматыдағы фототілшісі Александр Павский де марапатталды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат саласын дамытуға қосқаны үлесі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы үйлестіру-анықтама қызметінің жетекшісі Жанар Бужумоваға берілді.