«Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтындардың кезегі қалыптасты. Оның айқас өткізетін датасы жақындаған сайын, ал Польша өкілдері АҚШ-қа ұшып шыға алмай жатқанда, жекпе-жек өткізгісі келетін 10 боксшыдан өтінім түсті. Олар қазақпен анағұрлым аз гонорарға айқас өткізуді ұсынды. Олар үшін бастысы, жекпе-жекке қол жеткізіп, ақша табу еді», - деді Анджей Василевски «Przegląd Sportowy»-ға.
Еске салайық, Головкин – Шеремета кездесуі 18 желтоқсан күні АҚШ-та, Голливудта өтеді.