деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап көрсеткеніндей, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі отандық көмір өндірісінің болашақта 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын 2015 жылға арналған негізгі даму бағыттары белгіленген. Бұл жоспар бойынша, елдегі көмір саласын жаңа өндірістік деңгейге шығару көзделіп отыр.
«Егер біз 2009 жылы 94 млн. тонна көмір шығарсақ, 2015 жылға қарай біз 134 млн. тонна көмір өндіріледі деп жоспарлаудамыз. 2020 жылға қарай 150 млн. тоннаға тарта көмір өндіріледі деп межеленуде», деп атап көрсетті ол.
Осы аралықта бұл салаға 3,5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылады.
Бүгінгі күні көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие, республикамыздың жер қойнауында бүкіләлемдік қор көлемінің 4 пайызы жинақталған. Елде «қара алтын» шығаратын 33 компания бар. Көмір өнеркәсібі ел электр энергиясының 80 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.