деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық әкімдігінің іс-жоспарына және ұсынысына сәйкес өткізілген отырысқа Алматы қалалық әкімдігінің қызметкерлері, белгілі ғалымдар қатысты. Отырыс барысында философия ғылымдарының докторы, профессор Арман Балғынбаев «Қазақстан - 2030» Стратегиясының теориялық-методологиялық негізі» деген тақырыпта негізгі баяндама жасады. Белгілі ғалымның айтуынша, маңызды Стратегиялық бағдарлама қабылданған 12 жылда елімізде саяси-экономикалық үлкен өзгерістер орын алды.
«Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасы басты саяси бағдар бола білді. «Еуропаға жол», «3 тұғырлы тіл» сынды мемлекеттік бағдарламалардың жасалуы, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету сынды батыл қадамдар осы стартегиялық жобаның жүзеге асырылуы барысында дүниеге келді. Бағдарлама жүзеге асырылатын 2030 жылға дейін Қазақстан дамуы стратегияда көзделген мақсаттарға жетері сөзсіз», деді баяндамашы.