«Қазақстан-2050» Стратегиясы нақты мерзімдерді көрсете отырып анық мақсаттарды белгілейді - Сингапур мемлекеттік басқару жоғары мектебінің профессоры Э. Арарал

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Ли Куан Ю атындағы Сингапурдың мемлекеттік басқару жоғары мектебінің профессоры Эдуардо Арарал Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сараптамалық пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері маған қатты әсер етті. Тіпті 15 жылдың ішінде-ақ саясат, құқық, экономика, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздік салаларындағы ауқымды, терең әрі қарқынды реформалар жүргізді, мұндай жетістікпен қазіргі заман тарихында аз ғана елдер мақтана алады.

Жалпы алғанда, Стратегия әлемге көзқарас тұжырымдасының батылдылығымен, экономиканың саясат алдындағы бірінші кезектілігі қағидатының дәлелділігімен, сондай-ақ, Парламенттің рөлін жоғарылату және жергілікті әкімдерді сайлау арқылы ары қарай саяси либерализация жүргізу, білім жүйесіндегі айқын әрі анық модернизация стратегиясымен, шетелдік сараптаманы тарту үлгісінде халықаралық тәжірибе қолдануға дайындылығымен ерекше болып табылады. Сенімді даму бағдарламасы ретінде Стратегия нақты мерзімдерді көрсете отырып анық мақсаттарды белгілейді және Қазақстанның болашақ ішкі және сыртқы қауіп-қатерлеріне шынайы көзқарас болып табылады.

Жолдауды жүзеге асыру жолдары мен қаржылық аспект оны іске сәтті асыру үшін өте маңызды. Дүниежүзілік Банк пен Азиялық Даму Банкі сияқты халықаралық кредиттік ұйымдардың жоспарды орындаудағы рөлдері қандай? Қазақстанда қалыптасқан үкіметтік механизмді және міндеттерді атқаруға жоғары талаптарды еске ала отырып, мүмкін Азиялық Даму Банкі мен Дүниежүзілік Банкінің қолдауларын тарту қажет шығар. Қазақстан аталған агенттіктерден халықаралық сараптама, қаржыландыру, жобаларды дамыту, жүзеге асыру мен мониторинг және сараптаманы тапсыру үдерісі секілді өз пайдасын шығара алады. Іс-қимыл салаларын анықтау үшін Қазақстан Үкіметі мен аталмыш агенттіктер арасында стратегиялық диалог өткізуді жөн деп санаймын.

Бұл Жолдауды егжей-тегжейлі талдау мақсатында Қазақстанның саяси қайраткерлеріне өз алдына бірқатар маңызды сұрақтар қоюды ұсынар едім:

- Қазақстанға Малайзия, Индонезия және Тайланд елдері түскен орта табыс қақпанына ілікпеуді қалай қамтамасыз етуге болады?

- Қазақстан өнеркәсіптік қайта құру мен экономикалық әртараптандыру салаларында Сингапур, Малайзия және Оңтүстік Корея елдерінен қандай пайдалы тәжірибе алуы мүмкін?

- Қазақстан жоғары және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін ЭЫДҰ елдерінің саяси іргетасты нығайту тәжірибесінен нені үйрене алады?

Кез келген жоспардағы сияқты, оны жүзеге асыру ең басты мәселе болып табылады. Бұл саяси жетекшілік, әкімшілік мүмкіншіліктер, бизнес топ және азаматтық қоғамның қатысуы секілді белгілі бір әлеуеттерді қамтамасыз етуді талап ететін ұзақ мерзімді жоспар. Аталған жағдайларды қамтамасыз етудің ең тез жолы - ол шетелдік мемлекеттердің өз ұлттық бағдарламаларын іске асыру тәжірибелерін зерттеу. Бұл Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын сәтті жүзеге асырудың кепілі деп санаймын»,- дейді профессор.